Альдибекова шолпан нурсапаевна



жүктеу 0,58 Mb.
бет2/3
Дата05.03.2018
өлшемі0,58 Mb.
#11686
1   2   3

Географиялық ұғымдар:

-табиғат туралы;

-көкжиек тұстарын бағдарлауға байланысты;

-жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне байланысты;

-табиғат құбылыстары жайындағы;

-табиғаттың жеке заттарына байланысты;

-тірі табиғат пен өлі табиғаттың байланысы;

-пайдалы қазбаларға байланысты;

-план мен масштабқа байланысты ұғымдар

-географиялық карта туралы;

-қазақстанның географиялық картадағы орынына байланысты;

-табиғат құбылыстарын зерделеуге байланысты;

-табиғатты зерделеуде қолданылатын құралдарға байланысты;

-табиғаттағы су айналымына байланысты;

-су қоймаларының түрлеріне байланысты;

-ауа райы туралы;

-климатқа байланысты;

Химиялық ұғымдар:

-табиғаттағы судың қасиеттері;

-судың құрамына байланысты;

-судың қасиетіне байланысты;

-ауаның құрамына байланысты;

-ауаның қасиетіне байланысты;

-топырақтың құрамына байланысты;

-топырақтың түрлеріне байланысты;

-топырақтың қасиетіне байланысты;

-пайдалы қазбалардың түрлері;

-пайдалы қазбалардың қасиеттеріне байланысты;



Бастауыш сыныпқа арналған географиялық білімдердің ұсынылып отырған жүйесінің мазмұнының жаңалығы логикалық-мазмұндық жайына сәйкес төменгі сынып оқушыларын пропедевтикалық даярлауда географиялық нысандарды, заттарды, құбылыстарды оқуда практикалық біліктіліктері мен білімдерін күшейтуде білім мен біліктіліктердің жетілдірілген мазмұнын меңгеруге бағытталып қана қоймай, сонымен қатар, осы танымның адам өміріндегі рөлін көре білуге бағытталады.

Бастауыш сыныптарда берілетін географиялық, химиялық білім мен білік оқушылардың білімді пайдалану шеберліктерін жетілдіруге арналған жүйесі мына мәселелерді шешеді:


  • оқушыларға географиялық, химиялық білімдер мен оны іс жүзіне қолдану шеберліктерін жетілдіру;

  • оқушының қоршаған дүниеде болатын құбылыстар мен нысандар туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру;

  • білімнің көрнекті қайталанбас көзі ретіндегі географиялық картаның түрлері мен түрлі табиғи заттардың қасиетін анықтау әдістерін меңгерту;

  • оқушыларды географиялық және химиялық терминдер мен атаулар тілін қолдануға жаттықтыру;

  • сарамандық жұмыстар атқаруға дағдыландыру;

  • қоршаған ортаға бақылаулар жүргізу, оның нәтижесін іс-әрекетте пайдалануға үйрету;

  • географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру арқылы ғылыми білім беру;

  • танымдық, қарым-қатынастық, ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Біздің зерттеуіміздің негізі бағыты ұғымдарды қалыптастыру болғандықтан, оның төмендегідей анықтамасына көңіл қоюмыз. Ұғым – шындықтағы заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және ерекше белгілерінің жиынтығы бойынша қорытындылайтын ой немесе ойлар желісі. Ұғымның белгісі ретінде заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен олардың арасындағы қарым-қатынастар алынады. Зерттеу барысында географиялық, химиялық ұғымдардың пайда болуы мен қалыптасуы және дамуы туралы мәселелерді қарастыру көзделіп отыр.

Ғылыми әдебиеттерге шолу жасай отырып, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастыру мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттердің тұтастығында құрылды. Мотивациялық компонент бастауыш сынып оқушыларының географиялық білімге қызығушылығымен сипатталады. Мазмұндық компонент географиялық, химиялық алғашқы білімдер көлемімен анықталады. Іс-әрекеттік компонент табиғат заттары мен құбылыстарын танып-білу бағытындағы құзыреттіліктер жиынтығын құрайды. Көрсетілген компоненттердің өзара байланыстылығы мен тұтастығын ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды.

(кесте №2)


Компоненттер

Өлшемдер

Көрсеткіштер

Мотивациялық

Бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық білімге қызығушылығы

  • табиғи жеке заттардың қасиетін білуге қызығушылығы;

  • табиғат құбылыстарының сырын білуге ұмтылысы;

  • меңгерген ұғымдарды қолданып, қортынды шығаруға ниеттенуі.

Мазмұнд

ық

Географиялық, химиялық бастапқы білімдер

-табиғи заттардың қасиеттері туралы білімі;

-табиғат құбылыстарының себеп-салдары туралы түсінігі;

-табиғат заттары мен құбылыстары туралы ұғымдардың болуы:


Іс-әрекеттік

Табиғат заттары мен құбылыстарын танып –білудегі іс-әрекеттері

  • табиғат заттары мен құбылыстарын бақылай білу құзыреттілігі;

  • табиғи заттармен (су, ауа, топырақ, т.б.) тәжірибе жасай білуі;

  • жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілері дұрыс оқи білуі;

  • пайдалы қазбалардың түрлерін бір-бірінен ажырату және қасиетін анықтай білуі.

Бастауыш сынып оқушыларының географиялық ұғымын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін құрастырып, оны педагогикалық эксперимент кезінде қолдануды көздедік. Философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлер негізінде және зерттеу тақырыбымыздың мақсатына қарай бастауыш сынып оқушыларында географиялық, химиялық ұғым қалыптсатырудың құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегідей тұрғыда берілді.




Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының «Дүниетану» пәні негізінде географиялық және химиялық ұғымдарын қолдану




-бастауыш сынып оқушыларының табиғат заттары мен құбылыстарының қасиеті мен себеп-салдарын білуге қызығушылығын арттыру;

-географиялық, химиялық ұғымдарды сезімдік-бейнелік қабылдауын дамыту;

-бастапқы географиялық, химиялық білімдерін қалыптастыру;

-табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, тәжірибе жасау, сарамандық құзыреттіліктер арқылы оқу іс-әрекетіне жаттықтыру.







-бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

-сабақ, топсаяхат және сыныптан тыс жұмыстардың байланысы;



-білім беру түрлерінің өзара кірігуі.




Мазмұндық

Географиялық, химиялық бастапқы білімдер






5-сурет – бастауыш сынып оқушыларында географиялық, химиялық ұғым қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі

Бастауыш сыныптарда меңгерілетін географиялық және химиялық ұғымдардың көрсеткіштері мен өлшемдерін үш деңгейде қарастырдық (жоғары, орта, төмен).



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау