Альдибекова Шолпан Нурсапаевна Алматы-2021 Топсаяхатты білім беру түрі ретінде дәлелдеу. Топсаяхаттың оқушыларға ғылыми білім берудегі мәнін ашу. Бұл сабақ


Топсаяхаттың сабаққа ұқсастығын және айырмашылығын саралап жазу



жүктеу 0,5 Mb.
бет6/6
Дата07.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#37052
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
12-апта жаратылыстану

5. Топсаяхаттың сабаққа ұқсастығын және айырмашылығын саралап жазу


Топсаяхат

Сынып-сабақ

Айырмашылығы

Нақты мөлшерлі уақытпен шектелмейді

Сабақтың уақыты 45 мин

Оқушылардың құрамы сынып құрамынан өзгеше болуы мүмкін

Нақты оқушылар саны болады

Білім беру табиғи жағдайларда: орманда, көгалда, бақшада, су қоймасындар және т.б. өтеді

Білім беру сыныпта өтеді

Әр топсаяхатта белгілі бір маршрут болады және маршрут өзгеріп отырады

Тек мектеп қабырғасында болады

Ұқсастығы

Білім беру түрі

Білім беру түрі

Тақырып, мақсат, тапсырма болады

Тақырып, мақсат, тапсырма болады

Көрнекі құралдар қолданылады

Көрнекі құралдар қолданылады


6. Дүниетану пәні бойынша бір топсаяхаттың жоспарын жасау

Тақырыбы: Қыс келді

Міндеттер: Ерте қыстың табиғаты жайында ғылыми түсінік беру. Табиғатты бақылау, көру, тыңдау. өлі табиғат пен тірі табиғаттың байланысын айқындай түсу. Оқушыларды бұрын алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Табиғат күнтізбесімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Базалық білім: Табиғатта осы қыс мезгілінде болған өзгерістер (өсімдік, бунақденелер, құстар, аңдар тіршілігінің өзгерісі), өлі табиғат өзгерісінің тірі табиғатқа тигізетін әсері.

Тірек білім: Күнделікті бақылаулар нәтижесі, оқушылардың өмір тәжірибесі. Құралдары, ұйымдастырылуы, әдістері

Мұғалім топсаяхаттың кіріспе бөлімінде оның мақсатын, окушылардың атқаратын жұмыс түрлерін айтып түсіндіреді де, олардың көңілін аудару мақсатымен бір шумақ жұмбақ өлең оқиды:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.


Бұл қай жыл мезгілі? Неге олай ойлайсыңдар? Өлеңнің әр жолының мағынасын жеке талдау арқылы оқушылардың қыстың табиғатын бақылаулары керек екендігі ұғындырылады. Оқушылар табиғатты бақылап, онда болған өзгерістерді байқау керек деген тұжырымға келеді. Мұнан кейін мұғалім бақылау барысында әрбір құбылысқа саналы көзқараспен қарау үшін көктемнің өлең жолдарында айтылған бірнеше ерекшеліктеріне оқушылардың көңілін аударады.

Не себептен қар жауады? “ Үсті-басы ақ қырау, түсі суық” дегенді қалай түсінесіңдер? Дала қандай түске боялды? “Басқан жері сықырлап, келіп қалды” дегенді қалай түсінесіңдер? Осыдан кейін мұғалім оларды үш топқа бөліп, жеке-жеке тапсырма береді.



  • Бірінші топқа өлі табиғатта болған өзгерісті бақылау, оның тірі табиғатқа тигізетін әсері туралы ойлану;

  • Екінші топқа өсімдікке бақылау жүргізу, онда болған өзгерістің себебін анықтау;

  • Үшінші топқа жануарлар: (бунақденелілер, құстар, аңдар) бақылау жүргізу, олардың тіршілігіндегі өзгерістерді байқау, себебін анықтау тапсырылады.

Осы тапсырмаларды орындау үстінде оқушылар табиғатты бақылап, бір-бірімен пікір алысады, көздеріне түскен ерекше тартымды құбылыстарға көңіл аударады. Жекелеп берілген тапсырманы орындау оқушылар арасындағы (бір топпен екінші топтың) жарысқа айналады. Олар тез және нәтижелі жұмыс істеуге тырысады.

Бақылау нәтижесін әр топ жеке-жеке қорытады. өлі табиғатты бақылаған топ топырақ жылуын, ылғалын, күн көзінің қызуын, аспанның қалпын т.б. өлі табиғат ерекшеліктерін айтып, оның өсімдікке тигізетін пайдасына тоқталады (өсімдік қажеттілігін оқып келеді).

Ауа райын бақылағандары (аспанның қалпы, желдің бағыты т.б.) байқағандарын бақылау күнделігіне белгілеуге кіріседі. Келесі топтағы оқушылар өсімдік топтарының атын атап (шөп, бұта, ағаш), оларды көктемдегі қалпымен салыстырады, ағаштың жапырағынан айырылуын түсндіреді. Өсімдіктің топырақ арқылы қоректік заттар алатынын да естеріне түсіре (оқып кеткен) кетеді. Көздеріне түскен жануарларды қандай жерден көргендерін (жерде ме, ауада ма, шөп арасында ма т.б.), оның себебін және жануарлар тіршілігінің өзгеруіне күннің жылуының тигізген әсерін анықтау тірі табиғатты бақылаған оқушылардың бір тобының үлесіне тиеді.



Оқушылардың жауабын тыңдап, оны толықтыруға бүкіл сынып қатысады. Олардың ойлау қабілетін дамыту және алған білімдерін саналы меңгеру мен білімдерін жаңа жағдайда қолдану дәрежесін байқау мақсатымен “өсімдікті тап” ойыны ұйымдастырылады. өсімдікті ауызша жалпы сипаттау бойынша, не жапырағының пішіні, түсі арқылы оқушылар тез тауып, анықтауға жаттығады. Мұндай ойындар олардың эмоциялық жай-күйіне, білімінің тиянақталып, білікке айналуына әсерін тигізеді. өсімдік, жануар, жалпы алғанда табиғат жайында жұмбақтар айтып, оның шешуін іздету оқушылар дүниетанымын кеңейтуге, олардың ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау