Албаева Жанар Турсынгалиевна



жүктеу 0,97 Mb.
Дата19.11.2018
өлшемі0,97 Mb.
#21661

Матаева Зайра Токтарбеккызы

  • Химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • «Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы» кафедрасы
  • «Мұнай және газ химиясы» пәні
  • Мамандық: 5В072100- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
  • Курс көлемі – 3 кредит

ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  • «Мұнай және газ химиясы» курсын оқытудың мақсаты студенттерге мұнай, табиғи және ілеспе газдар, мұнайдың көмірсутекті құрамы, мұнайды өңдеу және талдау туралы мәліметтер беру, мұнай мен газдың химиялық және мұнайхимиялық өндірістер үшін энергия көзі болып табылатындығының мәнін көрсету.
    • Пәнді оқыту міндеттері
  • нақты практикалық міндеттерді шешу мақсатында студенттердің теориялық дайындықтарының негізін қалау;
  • студенттердің ғылыми түйсіктерін қалыптастыру, айталық, органикалық қосылыстардың құрылымы мен реакция жүру ортасындағы логикалық байланысты, сол қосылыстар және оларды алу жолдарын негіздеу;
  • қосылыстарды алғанда және идентификациялағанда студенттерді практикалық машықтануға баулу;
  • алған білімдерін күнделікті өмірде, өндірісте, табиғатты қорғау мәселелерін шешкенде қолдана білуге үйрету.

Пәннің қысқаша мазмұны:

  • «Мұнай және газ химиясы» пәні органикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша мамандарды кәсіптік дайындауға арналған. Бұл курсты меңгеру студенттерге мұнайдың шығу тегі, оның элементтік, фракциялық және топтық құрамы, мұнай және мұнай өнімдерінің жіктелуі мен физика-химиялық қасиеттері, мұнай құрамындағы әр түрлі көмірсутекті қосылыстар және т.б. ұғымдарды терең түсінуге, мұнай өңдеудің термиялық, термокаталитикалық және гидрогенизациялық процестерінің технологиясын жасауға қажет теориялық білім алуға, сонымен қатар инженерлік есептеулер жүргізуге мүмкіндік туғызады.

Пәнді оқыту барысында қарастырылатын тақырыптар:

  • Қазақстандағы мұнай өндірісінің дамуының қасқаша тарихы. Қазақстандағы мұнай және газ өңдеу зауыттары.
  • Мұнайдың шығу тегі. Бейорганикалық және органикалық гипотезалар. Соколованың космостық гипотезасы. Менделеевтің карбидтік гипотезасы. Кудрявцевтің магмалық гипотезасы. Мұнай шығудың шөгінді-миграциялы органикалық теориясы. Геологиялық және геохимиялық дәлелдемелер
  • Мұнайдың элементтік, фракциялық және топтық құрамы.
  • Мұнайлардың және мұнай өнімдерінің жіктелуі.
  • Мұнай және мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттері.
  • Мұнай құрамындағы алкандар, циклоалкандар, арендер мен гибридті, гетероатомды қосылыстар.
  • Мұнай мен газ құрамын зерттеу және компоненттерді бөлу әдістері.
  • Табиғи және ілеспе газдар.
  • Мұнай көмірсутектерін өңдеудің термиялық, термокаталитикалық және гидрогенизациялық процестері.

Жүргізілетін сабақ түрлері:

  • Дәріс – 30 сағат
  • Тәжірибелік сабақтар – 15 сағат
  • Аралық бақылау (саны) – 2
  • СӨЖ – 45 сағат
  • СОӨЖ – 45 сағат
  • СОӨЖ (офис) - 30 сағат
  • СОӨЖ (ауд.) - 15 сағат
  • Барлық дәрісханалық сағат – 60
  • Барлық дәрісханадан тыс сағат – 75
  • Еңбек көлемі – 135 сағат
  • Емтихан Ж, семестр 7

Пәнді оқу барысында студенттер:

  • Мұнайдың шығу тегі, оның элементтік, фракциялық және топтық құрамы, мұнай және мұнай өнімдерінің жіктелуі, физика-химиялық қасиеттері, мұнай құрамындағы әр түрлі қосылыстар, табиғи және ілеспе газдар, мұнай көмірсутектерін өңдеудің термиялық, термокаталитикалық және гидрогенизациялық процестері туралы теориялық дайындықтарының негізін қалайды, ғылыми түйсіктерін қалыптастырады, алған білімдерін күнделікті өмірде, өндірісте, технологиялық есептеулерде қолдана білуге үйренеді.

Ғылыми жетістіктері

  • Ғылыми дәреже: 02.00.15-«Катализ» мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидаты
  • Педагогикалық стажы – 10 жыл.
  • 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Мұнай және газ химиясы», «Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі», «Мұнай мен газды өңдеудің химиялық технологиясы», «Органикалық және мұнайхимиялық өндірістің технологиясы», 6М073900-«Мұнайхимиясы» мамандығы бойынша оқитын магистранттарға «Сұйытылған мұнай газдарын өңдеудің каталитикалық процестері», «Мұнайхимиясындағы катализаторлардың талғамдылығы мен стереоспецификалығы» пәндері бойынша дәрістер оқиды және тәжірибелік, зертханалық сабақтар жүргізеді.
  • Ғылыми еңбектері: 30 астам ғылыми еңбектердің, 12 оқу-әдістемелік кешеннің авторы.
  • Сабақ жүргізетін барлық пәндер мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілген. Магистранттарға арналған 2 силлабус әзірленді.
  • «Жеңіл бензин фракциясын алу мақсатында мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеудің технологиясын жасау» мемлекеттік бюджеттік инициативті бағдарламада жұмыс істеу.
  • Магистранттар мен студенттердің ҒЗЖ ұйымдастырады.
  • Конференцияларға баяндамалар жасайды.
  • Ғылыми қызығушылығы: «Ауыр мұнай қалдықтарын каталитикалық крекинглеу технологиясы».
  • Қоғамдық жұмыстары: кафедраның материалдық-техникалық базасына жауапты, кафедра мәжілістерінде хатшы, магистратура мен докторантура бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының техникалық хатшысы, кафедрада профорг.

Дипломдық жұмыстардың тақырыптары:

  • Көмірді экстракциялау процесіне еріткіштер табиғатының әсері
  • Көмірді каталитикалық гидрогендеу арқылы сұйық көмірсутек шикізатын алу

Магистерлік диссертациялардың тақырыптары:

  • Жетыбай мұнайының вакуум дистиллятын қазақстандық шикізаттардан жасалған композитті катализаторларда каталитикалық крекинглеу.
  • Қаражанбас мұнайының вакуум дистиллятын каталитикалық крекинглеу жағдайларының өнімдер шығымына әсерін зерттеу.
  • Мазутты каталитикалық крекинглеу процесінің оптималды жағдайларын таңдау.
  • Жетыбай мұнайының вакуум дистиллятын каталитикалық крекинглеу заңдылықтарына құрамында цеолит бар композиттерді белсендіру жағдайларының әсерін зерттеу.

Студенттерге қойылатын талаптар:

  • Тәртіптілік, ынталылық, адалдық, білімге құштарлық.
  • Курс бойынша үлгерімнің орташа балы - 80-95%.

жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау