Академик Ќ



жүктеу 1,64 Mb.
бет6/16
Дата19.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#20662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Сарыарка

Улутауский горный хребет, расположенный на расстоянии 12 км. на север от Карсакпайского медеплавильного завода, является одним из важнейших узловых центров в системе той обширной страны мелкосопочника, которая, протянувшись с юго-востока на северо-запад на тысячи километров, отделяет область Сибирской равнины от равнин Голодной степи и связывает систему Уральских гор с Алтаем. Эта область известна в литературе под названием «Киргизская горная страна», или возвышенность Арало-Иртышского водораздела, а у местного населения получила название «Сарыарка», что означает «желтая спина».

Последнее название метко, так как только эти возвышенности, создавая преграду для знойных южных ветров, обусловливают благоприятные для сельского хозяйства естественно-географические особенности Западно-Сибирской равнины.

Площадь, занимаемая Улутауским хребтом — не менее 200 км2. В направлениях на юг и на запад горы обрываются круто, имея величественный, причудливо изрезанный профиль. Относительные высоты отдельных вершин Улутауского хребта доходят до 750 м и более. Подъем на такие высоты, ввиду обилия крутых и обнаженных скал, подчас весьма труден. Горы в основном сложены из гранитов, что обусловливает обилие и высокие питьевые качества ключевых и грунтовых вод в их пределах.

От Улутауского горного хребта берут свое начало почти все значительные реки Центрального Казахстана, несущие свои воды как на юг, в пустыни Голодной степи (р. Кенгир), так и на север и северо-запад в бассейн р. Оби (р. Улькон и Бала Серсакан), или в бассейны больших бессточных озер Северо-Западного Казахстана (р. Кара- и Сары-Тургай, Жиланчик).

Воды этих рек в верхнем и среднем течениях пресные, изобилуют рыбой. Долины их покрыты густыми зарослями тальника, камыша и осоки. Иногда реки прорезывают горные хребты, образуя живописные ущелья. Долины рек, как и пониженные участки в пределах самих Улутауских гор, богаты наносным черноземом, обусловливающим наличие больших луговых массивов, с густым травяным покровом. В ущельях и долинах Улутауских гор растут в изобилии ягодные кустарники: смородина, ежевика и клубника. На склонах гор обычны заросли вереска, дикой акации и шиповника. Встречаются отдельные рощи березы и осины. Обилие цветов в долинах создает благоприятные условия для диких пчел, собирающих мед в расщелинах камней. Замкнутые котловинные озера, окаймляющие Улутауский хребет с. запада и северо-востока, обильны рыбой, населены летом огромным количеством пернатой дичи, в пределах самих Улутауских гор водится много лисиц, зайцев и волков.

Богатая природа Улутауских гор и выгодное местоположение сделали их в дооктябрьском прошлом объектом колонизаторства, которое встречало упорное сопротивление казахских трудящихся.

В период развернутой социалистической реконструкции всей экономики Союза, а вместе с ней и Казахстана, исключительное значение Улутауских гор определяется тем, что они опоясаны широким кольцом крупнейших месторождений минерального сырья: меди, железа, марганца, рудного золота, свинца и угля: в 80 км. на северо-запад от Улутау находится свинцово-золоторудный Кургасынский район, в 80-100 км. на запад - оригинальный по строению Болаттамский район с его миллионными запасами серного колчедана и угля, в 100 км на юго-восток - богатейший по меди Джезказганский район.

Производительность работающего ныне Карсакпайского завода, определяемая выплавкой 10 000 т черновой меди в год, является лишь первым робким началом. Развивающаяся крупная промышленность района требует теперь же проведения ряда широких мероприятий по реконструкции сельского хозяйства района и формирования темпов ее развития в соответствии с нуждами и запросами промышленности.

При этом богатая природа Улутауских гор должна быть использована в двух основных направлениях:



а) По линии создания в пределах Улутау и по долинам рек зернового и огородного хозяйства, мясомолочных ферм, в темпах и масштабах, позволяющих в первую очередь полностью обеспечить потребности рабочего населения возникающих в районе крупных промышленных гигантов;

б) По линии использования богатой природы Улутауских гор в качестве места отдыха и лечения для промышленных кадров предприятий. Параллельно с этим в районе Улутауских гор также возможно создание садоводства путем культивирования яблонь, ягодных кустов, а также организации пчеловодства. Создание зернового хозяйства и мясомолочных ферм возможно на основе осуществления широких мелиоративных мероприятий и одновременно с этим, организационно-хозяйственного укрепления колхозов, тем более что 63% всех хозяйств, района расположены сейчас в пределах Улутау. Огородное хозяйство, особенно на первых стадиях его развития, должно закладываться в совхозах, поскольку разведение огородных культур является новым для местного населения. Опыт Карсакпайского комбината, создавшего в пределах Улутау огородный совхоз, свидетельствует о наличии условий для рентабельного разведения здесь картофеля, свеклы, капусты и прочих огородных культур.

Организация места отдыха в Улутау тесно связана с созданием здесь образцового курорта-санатория. Уже сейчас, когда численность промышленных кадров работающего Карсакпайского комбината превышает 7500 чел. обеспечение непрерывной системы отпусков и отдыха в течение круглого года возможно только при условии создания в Улутауских горах образцово-оборудованного места отдыха для рабочих.

Эта потребность будет еще более расти с каждым годом по мере развертывания крупной промышленности в районе, в первую очередь на основе развития Большого Джезказгана, когда количество промышленных кадров будет достигать 40-50 тыс. чел.

При курорте-санатории в Улутау обязательно должна быть оборудована образцовая кумысолечебница, а также организовано свое садово-огородное хозяйство и пчеловодство, развитию которых в Улутау способствуют природные условия. Снабжение курорта-санатория мясомолочными продуктами может и должно производиться на основе взаимных договоров с соседними колхозами. Необходимо, чтобы курорт-санаторий в Улутау имел свой автотранспорт, независимый от Карсакпайского комбината, так как от организации быстрого и удобного сообщения между промышленными центрами и курортом, зависит в значительной мере и самый успех всего дела.

Организация образцового курорта-санатория в Улутау с широко развернутой при нем сетью культурно-просветительных и лечебных учреждений, помимо огромнейших выгод для промышленности, будет иметь не меньшее значение и для всего Карсакпайского района в целом, поскольку основные центры оседания местного казахского населения будут расположены именно в пределах Улутауских гор или ближайших окрестностей.
Секция 2

Әдебиет және фольклор

Литература и фольклор
Обаған

Сегіз қанат ақ орда іші толы адамдар, оң жақта төсек алдында маңғаз ақ бәйбіше құлаштап қымыз сапырады. Оның жанында тізелес үй иесі Шман ақсақал отыр. Ол орысша киінген, сүйікті тәрбиелі, ол ауыл ішіне көсемшіл, сөз сөйлеп шешен, ескі сөзге шебер жайматоп кең алқаның мандай ақсақалы. Біз, қонақтар, төрде отырмыз. Алдымызда кесе-кесе қара сабаның қымызы, әбден бөртіп шекеміз қызып алған, жүрек лепірген, көзге от ұрынған. Қонақтардың уақыт хоштығын табу үшін босаға жақта бір әйел ән салып жатыр: жасқа толған кексе әйел, әйтсе де даусының ырғағы, толқыны аса майда, нәзік заманында талай бозбалалардың жүрегін жалмағаны көрініп отыр... Сарынынан кейде өксу, зарлар, үмітсіздік мұндары кейде шықпаған құшыр, қанбаған құмарлықтың қызулы зығырлары сорғалайды.

Дауыс мың түрге құбылады, құлпырады, бытырайды. Көз алдыңа Сарыарқа, сайран жер, нулы ел, сары қымыз, саф һауа, сайын еркіндіктің ұшқындары елестейді. «Қызықты, қайран дәурендер! Өттің, кеттің, қайрылар күнің болар ма» деген сияқты жүрекке бір түрлі тәтті уайым, майда сағыныш түскендей, жіңішке нәзік дауыс бір мезгілде тіпті солқылдайды, зарлайды:

Жарың биік, Обаған, суың тәтті,

Үшбу хасірет жаныма жаман батты..

Тобыл өтіп Обаған келгенімде

Алшаң кер мен аягөз арам қатты,

деп тұрып өксиді, күңіренеді, көз алдыңа жапан далада жүрегін кернеген шерді қайда көмерін білмей сандалып жүрген жалғыз адам елестегендей... Шыдай алмай бұл ән не? деп сұраймын. Әнші әйел, Пұшық ақсақал жауап береді. «Бұл, «Обаған» деген қазақтың ескі әні, осы уақытта мүлде ұмытылып бара жатыр, біздін, бала кезімізде «Обағанды» білмейтін әнші жоқ болушы еді. Біраздан кейін бұл әннің қалай шыққанын да білмейсіндер ғой?» - дейді. Біз бір ауыздан «естігеніміз жоқ», дейміз. Ақсақал көзін төмен салып біраз отырды да, саусағымен сақалын тарап қойып, бірер рет даусын кенеп алып сөзге кіріседі.

«Обаған» дейтін өзен аты. Сол Обаған өзенінің кең алқап, терең сай, биік жарында бұрынғы заманда Өсіп дейтін мырза болған екен, Өсіп мырзаның байлығы алты ру алашқа жайылып, төрт түлік малы Обаған өзенінің кең түбектерін қайыстырады дейді. Өсіптің бала дегенде Ахық дейтін жалғыз ғана қызы болыпты. Ең дәулеттің арқасында өрім талдай бұралып өскен Ахық сүлуға Құдыкейкі Ахмет Жантуриннің офицер әкесі ғашық болады. Жаңа өспірім, сымбатты жас офиңер Жантуринге Ахықтың да көңілі бұрылады. Сөйтіп, екі ғашық өлі денеге рух беретін, іш елжіреп, жүрек өртенетін, тас балқытып, тау соғатын жалынды махаббаттың бірінші толқынына әбден шомады.

Бұлар жазды күні, сәуір түні, аңқыған гүл, майда ескен жел, сайраған бұлбұл, сарқыраған су етегінде махаббаттың жемістерін теріп жүргенде, Өсіп мырза қызы Ахықты Көкшетаудағы атақты Шыңғыстың баласы Сұлтанмахмұт деген адамға бермекші болады. Уағда байлайды, құда түседі, сөз бітеді. Екі ғашықтың күні қараң болады. Гүлі солады, мергеннің оғына ұшқан жолбарыстай, құмары қайнап, қаны тасыған Ахық сұлудың қыпша белі, нәзік құшағы қызу қойнына есі шығып, бойы еріп, төзімі билеп, ақылы жасыған ғашық Жантурин Өсіп мырзаға кісі салады. «Ахықты сүйгеніне берсе маған берсін, болмаса Сұлтанмахмұтпен жеңісіп біріміз аламыз?» дейді.

Жантуринге беруге Шыңғыспен байласқан уәдесін бұза алмай, Сұлтанмахмұтқа беруге қызының көз жасын қия алмай Өсіп мырза сандалады. Сөйтіп жүргенде, Жантуринді әскер бастығы ұлық Орынборға шақырып әкетеді. Орынборға барып ашық кеуделі, нұрлы бет, құбылмалы қала әйелдерімен жүріп, баяма ғашықтықпен әбден танысып алған соң, Жантуриннің көңілі басылады. Махаббаты суый бастайды, Ахық ұмыт болады. Жалғыз-ақ жас махаббаттың қызулы жалыны жарынан айрылып жаны күйген жаралы Ахықтың жүрегіне орнайды, тұтанады, жанады, рақымсыз тағдыр болмайды. Екі жылдан соң, Шыңғыстың баласы Сұлтан келіп, күйеушілеп жатып, ырым-жырымы біткен соң, Ахықты ұзатып алып кетеді. Сүйгенінен айрылып, қанаты қайрылған құстай ұшуға дәрмен жоқ, есіл-дерті асыл Жантурин болып күндіз күлкі, түнгі ұйқыдан айрылып, сорлы Ахықтың жүрегі қайғы шермен бітеді. Келешектен үміт күтіп, өткенмен өмір сүріп, Обаған жиегіндегі сылдыр аққан өзен жанында, жылмың қаққан жұлдыз астындағы Жантуринмен байласқан серт, айтысқан ант, қызулы құшақ, құшырлы сүйіс, құмарлы түндерін еске алып, Жантуриннің шығарып берген әуелгі өлеңдерін үнемі әндетіп айтып отырады екен. Келіншегінің не шаруа, не әзіл, не қалжыңмен ісі болмай, тырмысып, керіп сарнап отыруы Сұлтанмахмұтты ойға салады, қапаландырады. Сырын сұрап, шерін қозғаған Сұлтанға Ахық бір күні шынын айтады, жүрегін ақтарады. Төре тұқымы текті Сұлтан бұл іске намыс қылады, зығырданады, қаны қайнайды, сорлы Ахықты масқаралап, төркініне әкеп тастайды. Сонымен не сүйгені Жантуринге бара алмай, не берген күйеуі Сұлтанмахмұтта тұра алмай, екі ортада дал болып Ахық сұлу қалған өмірін өз үйінде арылмас қайғы, ашылмас шерде өткізген екен. Сол уақыттағы Ахықтың әндетіп шырқап көңілін басатын Қ. И. Сәтбаев әні осы «Обаған» екен. Мұның ішіндегі сөздерін сүйген досы Жантурин шығарып берсе керек, ол сөздері мынау:

Суың тәтті, Обаған, жарың биік,

Қасіретінді мен тарттым жаным күйіп.

Ғашық болған арқада бір бала едің,

Кете алмадым жолыңа жаным қиып.

Бір саласы Жайықтың Ешкіқуған,

Түнде тұрып қолынды шомылдырған.

Қайғысын еркемнің ұмытпайын

Уағда қылған жерінде үш күн тұрған.

Жарыңбиік, Обаған, суың тәтті,

Ұшбу қасірет жаныма жаман батты.

Тобыл өтіп, Обаған келгенімде

Алшаң кер мен аягөз арам қатты.

Дайым менің мінгенім торы жорға,

Жорғалатып шығамын биік қырға.

Кел, деген Орынборға әмір шықты,

Одағы ойлап тұрсам бізді сорға.

Мәңгілік сеніменен айырылған соң

Кетемін қапа болып Орынборға.

Жаудырап екі көзің телміресің,

Ілініп қаршығадай түскен торға,

Бүйтіп күйік болғанша саған, еркем,

Жығылып өлсем нетті қазған орға.



Тағы да аяғы бар еді, ұмытып қалсам керек. Ескі сөз есте тұра ма? деді де тоқтады ақсақал. Біз де үндемедік. Үйдегі адамдардың бәрінің басы төмен иілген, бәрі ойланған, шыбын ұшса естілерлік... сол минутте кімнің не ойлағанын қайдан білейін, өзімнің ойлағаным, Ахық сияқты зарлы қазақ әйелі біреу емес, мың, бастағы шашты сана да оларды сана, күйігі бірдей шығар. Өткен күндерде, қазіргі күндерде, қазіргі заманда көпшіліктің ішінде мұратына жете алмай, ішінен тынып, түнеріп жүрген талай үнсіз, тілсіз, мұнды, шерлі Ахықтар, Жантуриндер жүрген шығар. Бірақ олардың ішін ақтарып, түпкі сырын кім көрген, кім білген?.
Үлкен талант иесі

«Абай» романы бүкіл совет әдебиетінің ірі табыстарының бірі. Бұл тамаша романныің авторы Мұхтар Әуезов өзінің творчестволық өмір жолының көптеген жылдарын қазақтың дана ақыны Абай Құнанбаев, оның теөңірегіндегі адамдар және ұлы ақын өмір сүрген заман турасында бай материал жинап, зерттеп, әдеби қорытынды жасауға арнады. Қажымай, талмай еңбек етуінің арқасында, XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өмірі мен салтын жан-жақты қамтыған түбегейлі энциклопедиясы болып есептелінетін аса көркем роман «Абай» жарыққа шықты.

Бұл кітапта қазақ өміріндегі феодалдық құрылыстың аса бағалы мәліметтері бар. Билеп-төстеуші ат төбеліндей байлар мен феодалдардың қыспағында езілген еңбекші халық тұрмысының шын суреттері жасалған. Қалың бұқараның жер үшін, жайылым үшін бітіспес күресі, ел өмірінің және де басқа сан-сала тіршілігі романда шебер сипатталады.

Жазушы романда жағымсыз кейіпкерлер мен оған қарама-қарсы прогресшіл адамдардың образын есте қаларлықтай жарқырата суреттеп, қазақ елінің бұрынғы ауыр өмірін көз алдымызға елестетеді. Егер Абайдың әкесі аға сұлтан Құнанбай өзінің халыққа жасаған қаталдығымен зығырданынды қайнатса, Майбасар, Тәкежандар оқушыны жирендірсе, романның «болашақ буындары» деп атауға болатын бүкіл бір топ саңлақ кейіпкерлері қазақ халқының адал ұландары ретінде жадымызда қалады. Абайдың әжесі Зере, шешесі Ұлжан, шебер мүсінделген Тоғжан мен Әйгерім және Абайдың достары мен жақтаушылары Ербол, Базаралы, жатақ қарттар, ақындар халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын осындай кейіпкерлер есепті.

Романда XIX ғасырдағы Россия сипаты: қазақтың билеп-төстеушілерімен ауыз жаласқан патша чиновниктерінің Россиясы отаршыл Россия және еңбекші халықтың бақыты мен бостандығы үшін күрескен, жер аударылған революционерлердің Россиясы болғаны көркем суреттеледі.



Ұлы орыс әдебиеті өзінің ұлттық батыр революционерлеріне арналған көркем шығармаларға бай. Мұхтар Әуезовтің еңбегі осы тақырыпқа үндесіп, жаңа стильмен, өзіне тән ерекшелікпен бізге орыс революционерлерінің игі әрекетін қазақ өміріне байланыстыра әңгімелеп береді. Бұл әрекетті автор романда сондайлық ыстық сүйіспеншілікпен көрсетеді. Сол уақыттағы алдыңғы қатарлы талантты қазақтар, мысалы Абай, айдауда жүрген орыс революционерлерінің әсерімен орыс мәдениетінің мол айдынынан сусындап, орыстың ұлы ойшылдары, жазушы-ақындары мен танысқанын көреміз. Абай, Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты, Толстойды, Салтыков-Щедринді, Чернышевскийді оқиды. Осы оқығандарын қазақшаға аударып, достарына әңгімелегені, Абайдың өте шебер аударған «Татьянаның әні» ауылдан ауылға, рудан руға қалай тез тарағаны романда шындық тұрғыда сипатталған. Оқушы қауым орыс ұлтының дана өкілдерінен Абайдың алған әсерлі ойы қазақтың шексіз кең даласында тармағы мол тасбұлақтай болып аққанын сезінеді. Осы кітаптың бас кейіпкері Абайдың отыз жастан бастап, егде тартқан жасына дейін, оның творчестволы қалып күшінің гүлденуіне дейін бар ынтасымен бақылайды. Абайдың алып талантының қалыптасуы мен өсу жолының барлық кезеңін автор өте шебер суреттеген.

Романның тіл байлығы, шынында, таң қаларлық. Романдағы Абайдың өз тілі ықшамды, күшті, мәнерлі және кей жерлерде халық даналығының өлмейтін нақыл сөздері араласқан нағыз афоризм формасына айналады. Автор өзі туып-өскен қазақ даласының табиғатын зор талантпен төгілте суреттейді. Дала ажары, табиғат көркі кейіпкердің жан дүниесіне үндесе құбылып, кейде ашық аспан жадырай күліп, (Абайдың баласы туған аулына қайта оралғанда), кейде жел ызғырақтап, дала шаңытып (ру тартысы кезінде), кей түста күн суытып, бұлыңғырланып (Абайдың әкесімен тартысы кезінде), енді бірде көңілді шуақ жаз туғандай самал леп есіп (сүйіспеншілік, ақындық шабыты кезінде), көркем тіл домбыра сазындай төгіліп отырады.

Мұхтар өзінің «Абай» романымен үлкен көркем шығарма жазып қана қойған жоқ, сонымен бірге аса құнды ғылыми еңбек жасады. «Абай» романы ғылымның әр саласындағы мамандардың назарын ұзақ, жылдар бойы өзіне аударатыны аян. Қазақ халқының басынан кешірген дәуірін зерттейтін бірде бір тарихшы бұл кітапты оқымай қоймайды. Филолог ғалымдар мұнан қазақтың әдеби тілінің құрылуы мен қалыптасуы жөнінен бай материал табады. Этнограф ғалымдар бұл арқылы қазақ ұлтының ежелгі салт-сана, әдет-ғұрпына қанады. Экономист ғалымдар XIX ғасырдағы Қазақстанның мал шаруашылығы жөнінде, тап тартысы мен ру тартысы жөнінде, қысқасы, сол замандағы қазақ ұлтының бар тіршілігі турасында мол мағлұмат алады. Юрист ғалымдар қазақ даласында бел алған ежелгі ата дәстүрі, заң-жосығы жайында бай дерекке қанады.

Совет адамдары алға баса беруді, жаңа табыстар мен жеңістерге жете беруді ғана дәстүр етеді. Қалың оқушы қауым Мұқтарға, жасы алпысқа толған қуанышты тойы күні үзақ өмір тілеп, мұнан былай да халық игілігі үшін творчестволық зор жұмыстар істей беруіне тілектестік білдіреді. Және үлкен тілекке үлкен талант иесі жаңа көркем шығармаларымен жауап беретіндігіне кәміл сенеміз
Орайлас ойлар

«Абай» романы бүкіл совет әдебиетінің ірі табыстарының бірі. Бұл тамаша романның авторы Мұхтар Әуезов өзінің творчестволық өмір жолының көптеген жылдардың қазақтың дана ақыны Абай Құнанбаев, оның төңірегіндегі адамдар және ұлы ақын өмір сүрген заман турасында бай материал жинап, зерттеп, әдеби қорытынды жасауға арнады. Қажымай, талмай еңбек етуінің арқасында, XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өмірі мен салтын жан-жақты қамтыған түбегейлі энциклопедиясы болып есептелетін аса көркем роман «Абай» жарыққа шықты.
Секция 3

Ғылым және мәдениет

Наука и культура
Советтер одағының барлық ғылым, әдебиет, көркем өнер қайраткерлеріне, барлық ғылыми жұртшылық және басқа ұйымдары мен мекемелеріне үндеу

Қымбатты жолдастар!



Коммунистік қоғам орнатуды көздейтін ұлы міндетті ойдағыдай жүзеге асыру еңбекшілердің мәдениетін арттыру жұмысын үнемі және кеңінен жүргізіп отыруды, совет халқына коммунистік тәрбие беру жұмысын күшейтуді, капитализмнің адам санасындағы қалдықтарын толық жою жолында қажырлықпен күресуді талап етеді.

Жұмысшылармен, шаруалармен біте қайнасқан советтік социалистік, шын мәнінде халықтық интеллигенция еңбекші қалың бұқараға саяси және мәдени білім беру жолында қажырлылықпен жұмыс істеуді өзінің ең бірінші қасиетті міндеті деп есептейді.

Сталин жолдас алға қойған: жұмысшы табының мәдени-техникалық дәрежесін инженер-техник қызметкерлері дәрежесіне жеткізу міндеті, совет шаруаларының мәдениетін батыл күшейту міндеті совет елінің ғылым, мәдениет, көркем өнер қызметкерлерінен халқымыз арасында саяси және ғылыми білім тарату ісінде мұнан да күшті жігермен жұмыс істеуді талап етеді.

Біздің елдегідей қалың бұқара мәдениеттің табыстарына қолы жеткен ел дүние жүзінің еш жерінде жоқ. Большевиктер партиясы мен совет мемлекеті совет адамдарының саяси саналылығын, мәдениеттілігін арттыруға күнбе-күн қамқорлық көрсетіп келеді. Маркс-Энгельс, Ленин-Сталиннің жеңімпаз ұлы ғылымымен қаруланған совет білімпаздары, мәдениет қайраткерлері қолма қол қатыса отырын, халықарасына саяси және ғылыми білім тарату ісіне мүнан да зор көмек көрсете алады.

Ғылым, мәдениет, көркем өнер қызметкерлерінің күші, еңбекшілердің саяси және мәдени білімін арттыру жолындағы игілікті мақсатты көздейтін арнаулы қоғамға біріктірілсе, халықтың мәдениетін арттыру жұмысы мұнанда күшейтіледі.

Біз саяси және ғылыми білімді таратушы Бүкіл Одақтық қоғам құруды ұсынамыз. Бұл қоғамға, халықаралық саясат, совет экономикасы, гылымы, мәдениеті, әдебиеті, керкем өнері жонінде көпшілік арасында лекциялар оқу жолымен, сол сияқты лекциялардың стенограммаларын бастырын, тарату жолымен ғылыми және саяси білімді кеңінен насихаттау жұмысын ұйымдастыру міндеті жүктелуге тиіс. Біз совет ғылымы мен мәдениетінің барлық қайраткерлерін еңбекшілердің социалистік саналылығын арттыру жолында мұнан да күшті белсенділікпен жұмыс істеуге шақырамыз. Қоғамның мүшелері өздерінің көпшілік арасындағы лекцияларыңда Совет мемлекетінің сыртқы саясатын түсіндіруге жаңа соғыс және шапқыншылық өртін тұтандырушы қаскүнемдердің әрекетін батыл әшкерлеуге, буржуазиялық демократияның жалғандығын, өрісі тарлығын көрсетуге, қазіргі империалистік буржуазия және оның реформист итаршылары идеологиясының реакцияшылдық мәнін ашып көрсетуге тиіс. Лекцияларда совет елінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының капитализмнен артықшылығын, ССР Одағында халық шаруашылыгының табыстарын, совет ғылымының, әдебиеті мен көркем өнерінің табыстарын және совет халқы алдына қойылып отырған міндеттерді айқын көрсету керек. Біз социалистік Отанымыздың ұлылығын көрсетіп, совет адамдарын өздерінің советтік Отанын, қаһарман совет халқын мақтан ету сезімімен тәрбиелеуге, ССР Одағының кейбір азаматтарының қазіргі буржуазиялық мемлекет алдында бас июіне қарсы батыл күресуге тиіспіз. Марксистік-лениндік идеологияның ең маңызды мәселелерін түсіндіру, дүниеге материалистік көзқарасты насихаттау, қандайда болса ғылымға жат көзқарастарға, жат идеологияның адам санасындағы қалдықтарына қарсы күресу қоғам мүшелерінің міндеті. Көпшілік арасында лекциялар оқуға саяси және ғылыми білімінің неше алуан саласындағы көрнекті мамандарды ССР Одағы Ғылым академиясының және одақтас республикалардың ғылым академияларының, В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық Ауыл шаруашылық Ғылымдары академиясының, ССР Одағының Медициналық ғылымдар академиясының, РСҚСР Педагогика ғылымдары академиясының академиктерін және корреспондент мүшелерін, ғылыми зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлерін, ғылым докторлары мен профессорларды, жоғары дәрежелі оқу орындарының оқытушыларын, қоғам қайраткерлерін, жазушыларды, көркем өнер және мәдениет қайраткерлерін қатыстыру қолайлы.

Москвада, сол сияқты басқа қалаларда оқылатын таңдаулы лекциялардың стенограммаларын көптеп бастырып, халық арасына таратып отыру қажет.

Біз совет ғылымының, әдебиеті мен көркем өнерінің барлық қайраткерлерін біздің бұл бастамамызды қолдап, саяси және ғылыми білім таратушы Бүкілодақтық қоғам құруға және оның жұмысына белсеніп қатысуға шақырамыз.

Саяси және ғылыми білім таратушы Бүкілодақтық. қоғам құрып, бүкіл елімізде оның жұмысын мейлінше өрістете отырып, біз совет халқының мәдениетін күшейтетін, оған идеялық саяси-тәрбие беретін жаңа ғылым ордасын орнатамыз.

Әрдайым өз халқына қызмет етіп келген, өзінің творчествалық күштерін өз халқы арасынан алып келген совет ғылымы мен мәдениетінің барлық қайраткерлері біздің игілікті бастамамызды мейлінше қуаттап қарсы алатындығына, оны қолдайтындығына сенеміз.


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау