Академик Ќ


Интеллигенцияның игілікті борышы



жүктеу 1,64 Mb.
бет7/16
Дата19.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#20662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Интеллигенцияның игілікті борышы

Совет интеллигенциясы бұқарамен тығыз байланыс жасай отырып, коммунистік мұраттарға шексіз беріле қызмет етуде, жаңаның бәрін сергек және қызу сезімталдықпен қабылдау ісінде әрдайым көзге түсіп келді және қазір де осы қасиетімен көзге түсуде. Ғалымның тапқыр ойын, композитордың, жазушының, суретшінің творчестволық ізденулерін қоғамдық игілікті мақсаттар жігерлендіріп отыр. Дүние жүзіндегі ең озат советтік ғылымның табыстарын еселей түсу, коммунизм құрылысшыларының күнделікті қаһармандық істерін көркем жарқын бейнелер арқылы суреттеу, замандастарымызды Отанымыздың даңқын арттыра түсу мақсатында жаңа істерге шақырып отыру біздің еңбегіміздің жоғары дәрежелі мазмұны мен міндеті нақ осында болып отыр.

Ғылыми және творчестволық интеллигенция жас ұрпақты өмірге, еңбекке даярлау, жас ұрпақтың дүние тану көзқарасын, мәдениетін, оның эстетикалық талғамдарын қалыптастыру ісінде аса зор роль атқара алады және атқаруға тиіс те деген ой міне осы ой республика мүгалімдерінің үшінші съезінің мінбесінен барынша пәрменді естілді. Ғалымдар, жазушылар, актерлер, музыканттар, суретшілер балаларды коммунистік рухта тәрбиелеу ісінде мектепке күнделікті көмек көрсете алады және көрсетуге тиіс те.

Жолдастар, біздің мектепке деген жолымыз мұның өзі әсемдіктің, сәулеттінің, ақылға сыйьмдының бәріне құштарлана ұмтылып отыратын балалардың ақыл-ойы мен жүрегіне бастайтын жол. Біз педагогтармен бірлесе отырып, кемеліне келе жетілген, тереңнен ойлайтын, өмір құбылыстарын талдай және қорыта білетін, өмір мен өнердегі асыл нәрселерді бағалап, оларға құмарта білетін жан-жақты дамыған адамды тәрбиелейтін боламыз.

Мектеп біздің алдымызға қызмет ету арнасын кең ашып отыр. Көпшілікке арналған ғылыми тақырыптарға лекциялар оқу, көркемөнерпаздар үйірмелеріне басшылық ету, тақырыптық кештер ұйымдастыруға көмек көрсету, ғылымның ең жаңа жетістіктерін, әдебиет пен өнердің таңдаулы шығармаларын насихаттау, жастарды шын мәнісіндегі әсемдікті үстірт және жалған көріністерден ажырата білуге үйрету міне осы жұмыстардан қызықты, бұдан игілікті не бар?

Сіздерге осы үндеуді жолдай отырып, біз қазірдің өзінде бастама істеліп, алғашқы қадамдар жасалғанын қанағаттанып атап өтеміз. Мысалы, Қазақ ССР Ғылым академиясының Геология ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының ұжымы Алматының № 40 және № 42 мектептеріне қамқорлық жасауда. Ғылыми қызметкерлер оқушылардың туған өлкенің шексіз байлықтарын тереңірек білуіне көмектесіп, балаларға тарту ретінде мектептің геология музейін әзірлеуде, бұл музейге республикамыздың пайдалы қазбаларының үлгілері қойылатын болады.

Қазақстан суретшілерінің одағы астанадағы № 14 мектепте бейнелеу өнерінің үйірмесін ұйымдастыруда және мектептің программасына байланысты лекциялар циклын белгілеп, пионерлер үйі жанынан бейнелеу студиясын ашуға, мектептердің сурет галереясын ұйымдастыруына жәрдем көрсетуге ұйғарып отыр. Композиторлар одағы мен Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерватория, № 12 және № 25 мектептермен, № 1 және № 2 мектеп-интернаттармен байланыс орнатты. Хор факультетінің студенттері осы мектептердің окушыларымен ән сабақтарын өткізуде. Консерваторияның оқытушылары оқып жүрген музыка теориясы жөніндегі лекциялар жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында зор сүйіспеншілікке ие болып отыр.

Балаларға өз білімдерімізді жомарттықпен бере отырып, біз сонымен бірге мектептен өзіміз де творчестволық жұмыстың жаңа қайнар көзін табамыз, адамның мінез-құлқын шындаушылардың, еліміздің болашағын, ұрпақтың тағдырын өз қолына алып отырғандардың ғажап еңбегін мүғалімдердің еңбегін мейлінше толық көріп білеміз.

Қазақ ғылым академиясы

Балалар, 1946 жылдың бірінші маусым күні қазақ халқының тарихынан ерекше орын алатын күн болып қалады. Бұл күні сүйікті астанамыз Алматы қаласында тұңғыш Қазақ Ғылым академиясы құрылды. Маусымның бірінен жетісіне дейін Қазақ Ғылым академиясының I құрылтай сессиясы болып өтті.

Ғылым академиясы дегеніміз не?



Біздің заманымызға дейінгі дәуірдің IV ғасырының соңғы кезінде ескі Грек елінде Платон деген атақты оқымысты болған. Оның түрлі ғылымдарды зерттеп дамытатын өз алдына мектебі болған, сол мектебін «академия» деп атаған. Содан бері «академия» деген сөз жер жүзіне тарап, ғылыми мекемелерді, кейбір жоғары дәрежелі оку орындарын «академия» деп атайтын болып кеткен. Бірте-бірте «академия» деген сөз кең ұғымға ие болды. Мәдениеті өсіп-өркендеген Европа елдерінің бірталайында ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда ғылымның барлық тарауларын қамтитын олардың басын қосып, дамуына жол сілтеп отыратын ғылым ордалары ғылым академиялары ашылды. Ресейде Ғылым академиясы бірінші Петр патшаның тұсында, 1725 жылы ұйымдастырылды.

Академияны басқаруға ғалымдардан президент, вице-президент (президенттің орынбасары) сайланады. Ғылым академиясының толық мүшелері, құрметті мүшелері, корреспондент мүшелері болады.

Совет өкіметі тұсында одақтық ұлт республикаларында да өз алдына академия, немесе академияның филиалдары (бөлімшелері) ұйымдастырылды. Соның бірі болып 1932 жылы Қазақстанда Одақтық Ғылым академиясының филиалы құрылды.



Ұлы орыс халқы, орыс ғалымдарының туысқандық көмегінің арқасында, Ғылым академиясының қазақ филиалы өзінің дара Ғылым академиясы болып құрылу мерекесіне зор табыстармен келді. Қазір Қазақ Ғылым академиясының 75 ғылым докторы мен профессоры, 188 ғылым кандидаты мен доценті, 187 аспиранты бар. Бұлардың көбі қазақ халқынан шыққан оқымыстылар.

Бұл, Ленин-Сталин партиясының ұлт саясатының табысы. Бұл қазақ халқының түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетінің шарықтап өскендігінің айқын белгісі. Ғылым академиясының Қазақ филиалының қазақ Ғылым академиясына айналдырылуы тек оның атын өзгерткендік емес. Бұл Қазақстанда ғылымның сапасы жағынан ерекше алға басқандығы. Балалар, бұл жаңа Академия болашақтағы ғылым иесі сендердің академияларың. Сендер ғылымға жан-тәндеріңмен беріліп, өздерінді ғылым адамы болуға бейімдей беруге тиіссіндер. Өлке байлығын тексерудегі, ауа райын бақылаудағы, түрлі модельдер жасаудағы, ән-күй үйренудегі сендердің ұшқыр ақылдарың ғылымға көп пайда келтіреді. Адам қандай ғылым, қандай өнердің болса да қайраткері болуы үшін, оған жастайынан бой ұрып, машықтануы тиіс.
М.О. Әуезовтің мәңгі есте қалдыру туралы

Аса көрнекті совет жазушысы, Лениндік және Сталиндік сыйлықтардың лауреаты, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, бейбітшілікті қорғаудың совет комитетінің мүшесі, СССР және Қазақстан совет жазушылар одағы президиумының мүшесі М.О.Әуезов Қазақ ССР Ғылым академиясы ұйымдасқан күннен бастап оның академигі болып келді. Ол академияның гуманитарлық ғылыми мекемелерін нығайтып, алға бастыруға барлық күші мен қабілетін жұмсады, келелі ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуға қолма-қол қатысты, жас ғылыми кадрларды үздіксіз тәрбиелеп өсіріп отырды. Ғылым академиямыздың әдебиет пен өнер жөніндегі жаңа ғылыми институтын ұйымдастыруға бастаушы болған және ұйымдастырған М.О.Әуезов еді. Сондықтан да, осы институтты академик жазушы М.О.Әуезовтің есімімен атау туралы және академия системасында әдеби-ескерткіш музей-үй ашу туралы өкіметтің шешімін Ғылым академиясы зор алғыс сезіммен қарсы алды.

Қазақ ССР Ғылым академиясының президиумы М.О.Әуезовтің совет әдебиеті мен мәдениетіне, республикада филология ғылымына сіңірген зор еңбегін атап көрсетіп, арнаулы қаулы қабылдады. М. О. Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтына совет заманының аса көрнекті жазушысы болған академик М.О.Әуезовтің өмірі мен творчествосы туралы тақырыпты белгілеп зерттеуді міндеттеді.

Қаулыда ұйымдастырылғалы отырған М. О. Әуезов атындағы музей-үй аса, көрнекті совет жазушысы М. О. Әуезовтің өмірі мен творчествосын кеңінен көрсетіп, насихаттауға және зерттеуге, оның дүние жүзіндегі көптеген халықтар тілдерінде басылып шыққан кітаптарын, сондай-ақ қолжазбаларын, өз мүліктерін, фотосуреттері мен басқа да материалдарды көрсетуге, оның басылмаған көркем және ғылыми еңбектерін халыққа мәлім етуге міндетті екені атап көрсетілді.

Ғылым академиясының президиумы таяу жылдарда жазушының шығармалар жинағын академиялық басып шығаруды жүзеге асыруға ұйғарды. Бұл үшін Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі С.Б.Бәйішев бастаған арнаулы комиссия құрылды. Комиссияның құрамына Қазақ ССР Ғылым академиясының академиктері А.Жұбанов, С.Қеңесбаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, академияның корреспондент мүшесі Е. Ысмайылов, М. О. Әуезов атындагы Әдебиет пен өнер институтының директоры М. Базарбаев, ғылым кандидаттары Е.В. Лизунова, Л.М. Әуезова енді.

Ғылым академиясы М. О. Әуезовті жақсы білген барлық адамдардаң өздерінде бар материалдар туралы (хаттар, рецензиялар, кітапқа немесе қолжазба жөніндегі пікірлер, сый ретіндегі жазулар, тағы басқалар) М.О.Әуезов атындагы әдебиет пен өнер институтына хабарлауды және мүмкіндігіне қарай олардың түп нұсқасын немесе көшірмесін М.О.Әуезовтің музей-үйіне табыс етуге арнап институтқа жіберуді өтінеді.
Совет ғылымының тамаша мерекесі

Совет елі ССР Одағы Ғылым академиясының 220 жылдық мерекесін өткізіп отыр. Ресей Ғылым академиясын алғаш ұйымдастырушы ұлы Петр патша болатын. Ол өз заманының ірі ғалымы, Париж Ғылым академиясының мүшесі болған еді.

Ұлы Петр жаңа ашылатын ғылым академиясының алдына, басқа мемлекеттердегі салт сияқты, ғылымды өркендету міндетін ғана қойған жоқ. Сонымен қатар, ол орыс халқынан ғылым кадрларын әзірлеп шығару міндетін де қойды. Осындай мемлекеттік мақсат тұрғысынан қарап Петр Ғылым академиясы жанынан гимназия, университет сияқты оқу орындарын ашуды ұйғарды.

Алғашқы академиктердін бәрі де шет мемлекеттерден шақырылды Петр оларды іріктеп алды. Ресей Ғылым академиясының алғашқы мүшелерінің арасынан кейін ғылым жөнінде даңқы жайылған Леонард Эйлер, Николай, Даниил Бернуллилер, Делиль сияқты адамдар шықты. Бұлар жаңа ашылған Ресей Ғылым академиясының беделін арттырды. Петрдің Батыс Европаның мәдениет дүниесімен байланысы күшті еді. Осының арқасында, ол 19 жасар Леонард Эйлердің ұлы математик болатынын танып, жас болса да, оны Ресейге академик етіп шақырды. Сол сияқты, Петр Ресей Ғылым академиясының мүшелігіне тандап шақырған ғалымдардың көбі жас еді. Мысалы, академик Даниил Бернулли 25 жаста, академик Гмелин 18 жаста болатын.

Петр Ғылым академиясының жемісті жұмыс істеуіне керекті жағдайларға да тиісті көңіл бөлді. Ол өзінің кітапханасы мен Ресейде тұңғыш рет жасаған музейін Академияның меншігіне берді. Бірақ, Петр Академияның ресми ашылуын өз көзімен көре алмай кетті. Академия 1725 жылы Петр өлгеннен кейін ашылды.



Ғылым академиясы алғашқы жылдары-ақ, математика, астрономия, механика ғылымдарының саласында күрделі жұмыстар істеді, зор жаңалықтар ашты, сонымен қатар, көптеген экспедициялар шығарып, Ресейдің елін жерін зерттеді. Ол кезде Ресей шала зерттелген «жұмбак дала» еді. Оның жер аумағы, мемлекеттік шекарасы туралы ешканда нақты мәлімет жоқ болатын. Академик Эйлердің басқаруымен тұнғыш рет Ресейдің географиялық бейнесі жазылды. Бұл сол кездегі белгілі білімпаздардың, сондай-ақ, Британия энциклопедиясының айту бойынша «неміс жерінің географиясына қарағанда, әлдеқайда дұрыс жасалған» еді.

Ресейдегі ғылыми-зерттеу орындары ұйымдастырған ғылыми экспедициялар жұмысының нәтижелері, көп реттерде, жержүзілік үшін бірден-бір зор табыс болып отырды. Бұл жөнінде біздің П.С. Паллас, Н.М.Пржевальский, В.Л.Комаров, В.А.Обручев сияқты көптеген ғалымдарымыз жүргізген экспедициялар жұмысының нәтижесін еске түсірсек, жеткілікті болады.



Петрдың ойынша, Ғылым академиясы ғылымды өркендету, елді, жерді зерттеу жұмыстарымен қатар орыстан жас ғылым кадрларын үнемі әзірлеп шығаруға тиісті еді. Ғылым академиясы бұл міндетті жүзеге асыруда көп киыншылық көрді. Бұл қиыншылықтар көбінесе Ғылым академиясының басшылық жұмысында алғашқы кезде немістердің отыруымен байланысты болды. Олар орыс жастарын гимназияда оқытпауға тырысты: «орыстардың көпшілігі, үлкен-кішісі болсын, ғылымға, ынталы, табанды емес» деген сылтауларды соқты. Осының салдарынан, Ғылым академиясының қатарында 8 жыл бойы орыс ғалымынан бірде-бір мүше болмады, ал Академия ұйымдасқаннан былайғы 30 жыл ішінде оның қатарында мүше болған орыс ғалымының (академик, корреспондент мүше) саны онға жетер-жетпес еді.

1742 жылы М. В. Ломоносов шет елдерде оқып, ғылыми жұмыс жүргізіп қайтады. Ол академияның мүше-корреспонденті болып тағайындалған соң, Академияның бір топ қызметкері Сенатқа ресми шағым берді. Онда «неміс басшылардың» Академиядағы түрлі жаман пиғылы көрсетілген еді: «Егерде немістерге жасалған жағдай орыстарға жасалған болса, орыстар немістердің алдында жалтақтамас еді, ендігі профессорлардың тең жартысы орыс болар еді» делінген.

Алайда, патша үкіметі сенатшыларының көпшілігі немістер болатын. Сондықтан олар бұл шағымға құлақ қойып, жағдайды түзеу түгіл, қайта шағым берушілердің өздерін қатты жазалады: олардың кейбіреулерін дүре соғу жазасына кесті де, кейбіреулерін Ресейдің шет-шалғай өлкелеріне жер аударды. Басқасы былай тұрсын, Ломоносовтың өзі немістер жөніндегі «бейбастақтығы» үшін жарты жылдай абақтыда отырды.

Ресей Ғылым академиясының алғашқы ұйымдастырылған кездегі өмірінен алынған бұл мысал, немістердің бастан-ақ Ғылым академиясына өз адамдарын қойып, оның жұмысын өздері билеп-төстемек болған арам ниетін көрсетеді. Немістердің бұл сықылды әрі топас, әрі үмітсіз ниет, жоспары жүзеге аспады, оны орыстың жас ғалымдары күл-талқан етті.

Ұлы Петр Ғылым академиясын ұйымдастырушы болса, орыстың бұқара халқынан шыққан ұлы ғалымы Михаил Васильевич Ломоносов оны кұрып, нығайтушы болды. М.В. Ломоносов балықшы шаруаның баласы еді. Ол Ғылым академиясы жанындағы гимназияға ең әуелі 1735 жылы келіп кірді. Оны өте жақсы бітіріп, 5 жыл бойы шет елде болды. Онда химия, физика, тау-кен, металлургия ғылымын үйренді. Ол 1742 жылы академияның мүше-корреспонденті болып белгіленді, ал, 1745 жылы академик болды.

Орыс ғылымы тұңғыш рет М.В. Ломоносов арқылы жеп -көлемде көріне бастады. М.В.Ломоносов әр алуан білімді зор ғалым еді. Ол әрі физика, химия, әрі металлургия, геология, әрі география тіл ғалымы еді. Ол: «Ресей жерінің астында түрлі тау-кен байлықтарының көп екеніне ешбір шүбә жоқ. Тек оны тауып алып, пайдалана білу керек» деген көрегендік пікірді айтқан еді. Арктика арқылы Америкаға баратын су жолын ойлап табушы да Ломоносов болды. Сонда, оның «көз алдында, ешбір қауіп-қатерден қаймықпай, ұшан теңіз үстінде кетіп бара жатқан орыс «Колумбысы» елестеген еді.

Ломоносовтың орыс тілі, орыс әдебиетін зерттеу жөніндегі еңбегі орасан зор. Ол орыс тілі грамматикасының негізін салушы; ол «орыс өлеңінің ережелері туралы» еңбекті жазушы; орыс поэзиясына жаңалық енгізуші, «үш түрлі стиль» туралы теорияны шығарушы. Орыстың халық сөздерін әдебиетте қолданудың көлемін кеңейтуде бұл теорияның зор мәні болды. М.В. Ломоносов орыс әдебиетіндегі алатын орнын Белинский былай сипаттады: «Біздің әдебиетіміз Ломоносовтан басталды. Ол орыс әдебиетінің атасы, тәрбиешісі болды. Ол орыс әдебиетінің ұлы Петрі болды».

Орыс халқы арасында ағарту жұмысын өркендетуде де Ломоносовтың еңбегі орасан зор. Ол Москваның мемлекеттік университетін ұйымдастырды, халықтан ғалымдар шығаруды арман етті.



Ломоносов ғылыми еңбекті өз ана тілінде жазған тұңғыш орыс ғалымы. Ол кезде білімпаздардың ғылыми еңбекті латын тілінде жазуы әдет болушы еді. Ломоносов бұл әдетті бұзып, ғылыми еңбектерін орыс тілінде жазды. Ломоносов орыс тілінің ғылыми, техника жөніндегі атауларын жасауда көп еңбек етті.

Ломоносов жұртты нақты ғылымның, теориялары мен заңдарын дәл зерттеу, дәл байқау мәліметтеріне сүйенетін ғылым жолында еңбек етуге шақырды. Ол үнемі «бос уақытын қысыр қиял, жалған қиысын табуға жұмсайтын, әдебиетті содан туатын қоқыр-соқырлармен толтыратын сыңар езу теорияшыларды» өлтіре сынады.

Нағыз орыс ғылымының негізін салушы М.В.Ломоносовтан кейін де орыс ғылымы мен орыс мәдениеті, патша өкіметінің керенаулығына кедергісіне қарамай, үнемі ілгері дамумен болды. Көптеген тамаша ғылым кемеңгерлерін шығарды. Сеченовтың, Менделеевтін, Павловтың,

Маррдың, Мечниковтың, Тимирязевтің, Ковалевскийдің, Докучаевтің, Карпинскийдің, Вернадскийдің тағы басқа көптеген үлы орыс ғалымдарының аты ғылым дүниесіне әбден мәлім және ғасырлар бойы ұмытылмайды.

Орыс ғылымы, орыс мәдениеті өзінің бүкіл адам баласының көлеміне құлаш сермеген бостандық, тендік, туысқандық жөніндегі армандары мен бұрын патша өкіметі езіп келген халықтар арасында ағарту жұмысының зор әсер етті; ол халықтардың маңдай алды адамдарының Европа мәдениетінің қазынасына жетуіне көмек көрсетті. Бұған өз халқының 19 ғасырдағы демократ-ағартушылары қазақтың тұңғыш ғалымы ресейлік императорлық географиялық қоғамның мүшесі, терең білімді этнограф күн шығысты зерттеуші, саяхатшы, географияшы болған, Қашқарды, Тянь-Шаньның солтүстік етегін, қазақ халқының тарихын, тұрмыс-салтын зерттеп, жер жүзілік ғылымға көп қазына қосқан Шоқан Уәлиханов және қазақ әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын, философ, демократ-ағартушы болған, қазақ арасында орыс мәдениетінің адамгершілік ойларын белсене насихаттаған Абай Құнанбаев айқын дәлел бола алады.

Біздің елдегі ғылым дамуының ұлы белесі Ресейде Социалистік Ұлы Октябрь революциясынан кейін, совет өкіметінің орнау кезі.

В.И. Лениннің данышпан нұсқауы бойынша, РСҚСР Халық Комиссарларының Советі 1918 жылы 12 сәуірде Ғылым академиясының құрылысы, жұмыс бағыты жөнінде қаулы шығарды. Бұл совет ғылымы үшін тарихи, қаулы болды.



ССР Одағы Ғылым академиясының жұмысында болған бұл ұлы өзгеріс оның ғылыми жұмысының қаулап өсуін де, ол жұмыстардың ғылымдық-тәжірибелік пайдалы болуын да қамтамасыз етті. Октябрь революциясынан бұрын Ғылым академиясының қол астында шын мәніндегі ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізетін бірде-бір институт жоқ еді, Академияда небәрі 200 шамалы кісі қызмет істеуші еді; қазір ССР Одағы Ғылым академиясы жер жүзіндегі ең ірі ғылыми мекеме болып отыр. Оның қол астында көптеген күрделі ғылыми-зерттеу институттары бар оларда мыңдаған ғылыми қызметкерлер істейді.

Советтер Одағы ғылымының маңызы өте-мөте Ұлы Отан соғысы жылдарында күшейді. Отан соғысы жылдарында совет ғалымдары елдің стратегиялық байлықтарын майданның қажетіне пайдалану, соғыс техникасының жаңа түрлерін ойлап шығару, ескісін ұстарту, өнеркәсіпті шығысқа көшіріп қондыру, оны жергілікті шикізаттармен жабдықтау жөніндегі күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстарының басы-қасында болып дамытып отырды, басқаша айтқанда, совет халқынын майданның қару-жарақ, оқ-дәрі, азық-түлік, құрал-жабдық жөніндегі қажетін орындаудағы көптеген, сан алуан жұмысына белсене араласып, меңгеріп, басқарысты.

Совет интелгенциясының Ұлы Отан соғысы кезіндегі аяусыз отаншыл еңбегін Советтер Одағы халықтарының сүйікті көсемі Сталин жолдас жоғары бағалады, ол өзінің 1944 жылғы 6 қарашадағы тарихи баяндамасында совет интеллигенциясының соғыс жылдарындағы еңбегін жауды женуге жұмсалған баға жетпес қазына деп көрсетті. Советтер Одағында соғыс жағдайының қиыншылығына қарамай, ғылымның мейлінше өркендегенінің айқын белгісі соғыс жылдарында бірсыпыра одақтас республикаларда Ғылым академияларының кұрылуы болды.



Ғылымның мұндай кең өркендегенін Қазақстан өмірінде де көруге болады. ССР Одағы Ғылым академиясының Қазақ филиалы өзінің құрылысы, ғылым мекемелерінің саны жағынан бір кезде шағын ғана филиал еді, қазір республиканың күшті ғылым орталығына айналды. Оның қол астында 16 ғылыми-зерттеу институты, ондаған сектор, орын бар, оларда мыңға жуық қызметкер істейді. Қазақ филиалындағы жоғары дәрежелі білімі, мамандығы бар ғылым қызметкерлері қазір 500-ден асады. Оның ішінде 54 кісі ғылым докторы, профессор, 140-тан астам кісі ғылым кандидаты, доцент. Соңғы төрт жылдың ішінде Қазақ филиалындағы докторлар мен профессорлардың саны 7 есе артты, кандидаттар мен доценттердің саны 5 есе артты. Ал, қазақтың ғылым қызметкерлерінің саны соғыстан бұрынғыға қарағанда 7 есе артты.

ССР Одағы Ғылым академиясы Қазақ филиалының бұлай қарыштап өсуі, Ұлы Отан соғысы кезіндегі бүкіл Советтер Одағындағы ғылымның ерекше өсуіне байланысты. Совет ғылымының орталықта болсын, ұлт республикаларында болсын, екпінді түрде дамуы, әсіресе, ССР Одағы Ғылым академиясының Президенті, Социалистік Еңбек Ері, атағы жер жүзіне мәлім, ірі мемлекет қайраткері, Сталиндік ұлы дәуірдегі ғылым басшысының барлық өзгешеліктері бойында бар академик Владимир Леонтьевич Комаровтың тыңбай істеген қызметінің, аталық қамқорлығының арқасында болып отыр.

Совет елі Ғылым академиясының 220 жылдық мерекесін әбден қуаттылық кемеліне келіп, толыққан кезде өткізгелі отыр. Советтер Одағындағы ғылым мерекесі, алға үмтылған бүкіл адам баласының қас жауы ғылымды заңнан тыс деп жариялаған герман фашизмі біржолата, толық талқандалған кезде өткізілгелі отыр. Совет ғылымының ендігі жерде дамуына даңгыл жол ашылды. Бірсыпыра басты салада совет ғылымы осы күні-ақ жер жүзінде бірінші орын алып отыр. Совет ғылымынын жақын арада қай салада болсын, жер жүзінде бірінші орын алатынына шүбә жоқ. Совет ғылымына жол сілтейтін темір қазығы ленинизм; негізгі ұраны совет ғылымының кемеңгері, құрметті академик, Советтер Одағы халықтарының сүйікті көсемі ұлы Сталиннің тарихи нұсқауына сәйкес, теория мен тәжірибені ұштастырып отыру болып табылады.
Көркейген қазақ халқының ғылымы мен мәдениеті

Ұлы Октябрь социалистік революциясынан бергі 28 жылдың ішінде қазақ халқы ұлы орыс халқының туысқандық көмегімен Ленин партиясының басшылығымен, өзінің тарихи дамуында үздік алға басты. Патша үкіметінің правосыз, мешеу отары болған Қазақстан өнеркәсібі күшті, ауыл шаруашылығы өркендеген Советтік Социалистік Республикаға айналды.



Қазақстанда Бүкілодақтық үшінші таскөмір ошағы Қарағанды көмір бассейні құрылды. Совет Одағы мен Европадағы ең үлкен өндіріс орындары Балқаш мыс заводы, Шымкент қорғасын заводы салынды, мұнай, түсті металл, сирек кездесетін металдар, алтын, ферросплав шығаратын ірі өнеркәсіп жаңадан құрылды. Совет өкіметі тұсында ашылған толып жатқан жоғары дәрежелі, орта дәрежелі мектептер, ғылыми-зерттеу институттары Қазақстанда ғылымның өркендеуіне жағдай туғызды. Республикамыздың шаруашылығы мен мәдениетін өркендетуге орасан зор еңбек сіңірген көптеген қазақ интеллигенциясы өсіп жетілді.

Көркейген қазақ халқы өз республикасының 25 жылдығында Совет Одағындағы халықтардың туысқандық одағы қатарынан көрнекті орын алды.

Капиталистік елдер жұртшылығының бірсыпырасы Орта Азия халықтарының, оның ішінде қазақ халқының да тарихы және мәдениеті жоқ деп ойлайтын. Бірақ мұндай пікірдің негізсіздігін анықтау үшін кейбір тарихи фактілерге көз жіберудің өзі жеткілікті.



Қазақстанның Тараз және басқа да ескілікті қалаларының орнын қазғанда, бұл қалаларда жоғары дәрежелі мәдениет, су құбырлары, жақсы моншалар, әр түрлі сәулетті үйлер болғаны анықталды. Бір кезде мәдениетті егін шаруашылығы болғанын сипаттайтын су құрылыс орындары Қазақстанның көп жерінде кездесе береді.

Батысқа қарай бет алған жорығында монғол шапқыншылары XII ғасырдың бас кезінде Қазақстанның бұрынғы халықтарының бұл жоғары дәрежелі мәдениетін талқандады.

Қазақстанда бұрын мыс, темір, қорғасын, қалайы кендерін шығарған жерлер көп кездеседі. Әр түрлі пайдалы өсімдіктерді қазақ халқы ежелден бері пайдаланып келген. Өз жеріндегі неше алуан шөптерді, суларды қазақ халқы мал шаруашылығы үшін шеберлікпен пайдаланып келгенін жұрттың бәрі жақсы біледі.

Қазақ халқының неше алуан және өте бай халық музыкасы бар. Қазақ халқы адамның махаббатын, ерлігін, неше түрлі жан сезімдерін бейнелейтін көп күйлер, әндер шығарған. Қазақ ауыз әдебиетінің байлығын да жұрт таныған. Өзінің ауыз әдебиетін, батырлар жырларын нешеме ғасыр бойына түгел сақтап келген қазақ халқының бұл жөнінде тендесі жоқ деуге болады. Терең сырлы, нәзік лебізді, бейнелерінің айқындығы жағынан қазақ халқының «Қозы Қөрпеш пен Баян сұлу» поэмасын дүние жүзіндегі осы тәрізді тандаулы поэмалармен қатар қоюға болады.

Бұл айтылғандардың бәрі қазақ халқының даңқты тарихы және терең тамырлы рухани мәдениеті болғанын сипаттайды.

XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқы Ресей қол астына қарады. Бұдан кейін қазақ даласы Ресей патшалығының отарына айналды. Қазақ халқының дамуына қарама-қарсы екі күш: патша өкіметінің реакцияшыл әскери-отарлау саясаты және адамгершілік, мәдениеттілік бағыт әсер етіп отырды. Бұл бағытты ұлы орыс халқының тандаулы адамдары, прогресшіл-демократ интеллигенциясы бастады. Патша әкімдерінің және жергілікті сұлтандардың қысымынан қазақ халқы кедейленіп, жанышталса, екінші жағынан, орыс халқының, озық ойлы интеллигенциясының әсерімен қазақ халқының таңдаулы адамдары ұлы орыс мәдениетімен жанасты. Қазақ халқының адал ұлдары тамаша географ және зерттеуші Шоқан Уәлихановтың, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың, атақты ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің және басқаларының өмірі мен ісі бұған айқын дәлел.

Барлық халықтардың бостандығын, тәуелсіздігін және туысқандығын жариялаған Ұлы Октябрь социалистік революциясы Совет Одағындағы халықтардың тарихи дамуында тамаша жаңа дәуірді бастады. Жаңа ғана құрылған совет өкіметі 1917 жылғы 16 қарашада «Ресей халықтары праволарының декларациясында» халықтардың дербес мемлекет құруға дейін өз алдына ел болу праволарын жариялады, ұлттық ардақтылық және шек қоюшылық атаулының бәрі жойылғанын жариялады. 1920 жылғы 4 қазанда советтердің бүкіл қазақстандық тұңғыш съезі Қазақстанның автономиясын жариялап, Қазақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасының Қонституциясын бекітті.

Содан бері 25 жыл тарихи аз уақыт өтті, бірақ бұл уақыттың ішінде қазақ халқы үздік алға басты. Патша өкіметінің мешеу отары болған, халқының аз проценті ғана сауатты болған Қазақстан енді күшті мәдениетті, жаппай сауатты республикаға айналды. Қазақстанда толып жатқан бастауыш және орта мектептер, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, мәдениет құрылысына керекті мамандар даярлайтын әртүрлі техникумдар ашылды.



Бұдан 25 жыл бұрын Қазақстанда бірде-бір жоғары мектеп болмаса, қазіргі уақытта республикамызда 22 жоғары мектеп, оның ішінде Қазақ Мемлекеттік университеті, Кен-металлургия институты, Медицина институты, Ауыл шаруашылық институты, Мал дәрігерлік-зоотехника институты, Мемлекеттік консерватория және басқалары бар.

Октябрь революциясына дейін, Қазақстанда бір ғана ғылыми-зерттеу мекемесі География қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің Семейдегі бөлімшесі болды. Оның өзінің де жұмыс өрісі өте тар болды, Алтай тауларын зерттеуден әрі аса алмады. Тек Ұлы Октябрь, социалистік революциясынан кейін ғана жергілікті жерлерде ғылым ордаларын құруға не керекті жағдайдың бәрі туғызылды, Азамат соғысы және шет ел басқыншыларына қарсы соғыс аяқталысымен Қазақстанда жержерде ғылыми-зерттеу мекемелері құрыла бастады. Олардың жұмысы жыл санап кең өріс ала берді. Қазіргі уақытта Қазақстанда еліміздің жаратылыс байлықтары мен мәдениетін қай жағынан болса да зерттеу жөнінде неше алуан күрделі жұмыстар атқарып отыратын толып жатқан ғылым мекемелері бар.

Бұл жұмыстың көлемін көрсету үшін мынадай бір мысал келтіруге болады. Қазақстанның кен байлықтарын зерттеу, ашу жөнінде ғана 1944 жылы 38 ғылыми-зерттеу мекемесі жұмыс істеді, олардың жұмысына 70 миллион сомдай қаржы жұмсалды. Қазақстанның ғылыми мекемелері қатарында ССР Одағы Ғылым академиясының Қазақ филиалы, Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылымдар академиясының Қазақ филиалы сияқты ғылым ордалары бар.

Өткен 25 жыл ішінде Қазақстанда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының кейбір қорытындыларын келтірейік.



Қазақстанның барлық жерінің 90 процентіне жуығы топографиялық картаға түсірілді. Қазіргі уақытта Қазақстан жерінің 86,5 проценті геология жағынан зерттелді. Мұның нәтижесінде Қазақстан жерінде неше алуан минерал кендері табылды. Хром, ванадий, калий тұзы және басқа химиялық тұздар қоры жағынан Қазақстан дүние жүзінде бірінші орын, мыс, күміс, мырыш, қорғасын, корунд, барит және басқа минералдар жағынан Совет Одағында бірінші орын алды.

Жер кендерін зерттеу нәтижесінде Қазақстанда совет өкіметі тұсында Совет Одағы түгіл, бүкіл Европада тендесі жоқ үлкен өнеркәсіп алыптары, оның ішінде Балқаш мыс заводы, Шымкент полиметалл комбинаты, Ақтөбе мен Жезқазғанда өнеркәсіп тораптары салынды, Қарағанды көмір бассейні құрылды.

Қазақстанның жер қыртысын, өсімдігін, хайуанаттарын және басқаларын зерттеу, пайдалану жөнінде де Қазақстанның білімпаздары көп табыстарға жетті. Қазақстанның барлық 16 облысының жер қыртысының картасы жасалып болды. Орталық Қазақстанның құмайт сазды жерлерінде ағаш, жеміс, жиде, овощ егудің жолдары белгіленді. Өсімдіктің үш мыңнан аса түрі, оның ішінде ғылым, халықшаруашылығы үшін аса пайдалы өсімдіктер анықталып, сипатталды, Қазақстанның жәндіктерінің атласы жасалды.



Республикамыздың егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын өркендету мәселелеріне байланысты ауыл шаруашылық ғылымдары жөнінде де Қазақстанның білімпаздары едәуір табыстарға жетті. Мәселен, республикамыздың колхоздары мен совхоздарында мақта, қызылша, каучукті өсімдіктер кеңінен егілетін болды. Қазақстанның ғылыми мекемелерінің мал шаруашылығы жөніндегі жұмысы нәтижесінде малдың (көбінесе қой мен ешкінің) жаңа тұқымдары жетістірілді. Мал басын тез өсірудің жаңа жолдары белгіленді. Республикамыздың мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы жеке аудандары мен облыстарының мал азығы және су қоры зерттелді.

Қазақстанда дәрігерлік биология ғылымдары кең өріс алды. Әсіресе бруцеллез, безгек, энцефалит, ұра сияқты аурулардың жұғу жағдайларын, зерттеуге, оларға қарсы күресу әдістерін белгілеуге ерекше көңіл бөлінді. Республикамыздың курорт жөніндегі мүмкіншіліктері зерттелуде.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда астрономия-физика, химия, техника, оның ішінде энергетика, металлургия және кен ғылымдары кең өріс алды. Республикамызда гуманитарлық ғылымдары өркендеді. Қазақ халқының мол ауыз әдебиеті жиналып, жүйеге келтірілді. Мұның көлемі қазір 1800 баспа табақтан асады. Қазақ тілі грамматикасының ғылыми негіздері белгіленді. Орысша-қазақша толық сөздік жасалды. Қазақстанның тарихи маңызды жерлерінде ескі мәдениеттің мұралары қазылып, жиналуда. Қазақ халқының тарихына керекті деректер жиналып, тәртіпке салынуда.

Қазақтың халық музыкасын жинап, тәртіпке салу жұмысы кеңінен өрістетілді. Қазіргі уақытта қазақтың 1500-ден аса әні мен күйі жиналды. Бұл әндер, мен күйлер қазақ халқының асқан музыкалық дарындылығына айқын дәлел. Европа мәдениетінің тандаулы өкілі Ромэн Роллан қазақтың әндері мен күйлеріне зор баға берді.

1932 жылы республикамыздың ғылым ордасы – ССР Одағы Ғылым академиясының Қазақ филиалы құрылды. Содан бергі 13 жылдын ішінде Қазақ филиалы шын мәнінде республикамыздың ғылым ордасына айналды. Оның қарамағында 16 институт, 7 дербес сектор, бұлардан басқа Қазақстанның аса маңызды облыстары мен аудандарында тұрақты ғылыми-зерттеу базалары бар.

Қазақ филиалының өсуімен қатар оның ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыптары да кеңейіп отырды. Қазіргі уақытта филиалдың ғылыми қызметкерлері шұғылданатын негізгі тақырыптар мынадай: Қазақстанның минерал қорларын терең зерттеу; Қазақстан жерінің геологиялық құрылысын, ондағы неғұрлым пайдалы кендердің орналасуын анықтау, құрылыс материалдарын жасау технологиясының мәселелерін шешу; химия өнеркәсібін өркендету мәселелері» шешу; өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қажетіне асатын су қорларын зерттеу; Қазақстанның энергетика қорларын анықтау және оларды неғұрлым тез және тәртіппен пайдалану жолдарын белгілеу; Қазақстанның жер қыртысын зерттеу және жер қорларын есепке алу; жер қорларын тәртіппен пайдалану әдістерін белгілеу; республикамыздың өсімдіктерін зерттеу; пайдалы жабайы өсімдіктерді және шет елдерден әкелінген өсімдіктерді анықтап егу; мал басын тездетіп өсіру, мал тұқымын жақсарту, өнімін арттыру; республикамыздың жабайы айуандарын, әсіресе балық байлығын, ауланатын аңдарын, құстарын зерттеу; ауыл шаруашылық егістеріне зиянды жәндіктерді, малға ауру жұқтыратын жәндіктерді зерттеу; малдың және адамның физиологиясы мәселелерін, әсіресе зиянды өндірістердегі еңбекте денсаулық жағдайын жақсарту мәселесін шешу; әр түрлі ауру-індеттердің дамуының жаратылыстық жағдайларын анықтау және ондай аурулармен күресу әдістерін белгілеу; еңбекшілердің, әсіресе Отан соғысы мүгедектерінің денсаулығын және күш-қуатын қалпына келтіру мақсатымен Қазақстанның курорттарын және басқа жаратылыс күштерін неғұрлым жақсы пайдалану мәселелерін шешу; математика, механика, астрономия, физика, право, экономика және басқа пәндер мәселелерін шешу; Қазақстанның жері мен халқын зерттеу, оның байлықтарын және неше алуан өндіріс күштерін халық шаруашылығы үшін пайдаланудың неғұрлым тиімді жолдарын белгілеу; қазақ халқының және Қазақстандағы басқа халықтардың тарихы, тілі, әдебиеті және көркемөнері жөніндегі мәселелерді терең зерттеу.

Филиалдың ғылыми-зерттеу мекемелерінде 1944 жылы аса маңызды 150 ғылыми тақырып белгіленсе, 1945 жылы ол 285-ке жетті.

Соғыс кезінде филиалдың экспедиция отрядтары өте-мөте көбейді. 1941 жылы 32 экспедиция отряды болса, 1944 жылы 102 экспедиция отряды болды. 1945 жылы 94 экспедиция отряды жұмыс істейді. Соғыс жылдарында 350-ден аса экспедиция отряды ұйымдастырылды. Бұлар республикамыздың соғыс қажетіне керекті байлықтарын ашу және оны Отан қорғау қажетіне пайдалану ісіне зор көмек көрсетті.

1945 жылы филиалдың ғылыми жұмыстарының жалпы көлемі 1941 жылғыдан 6,4 есе артты.

Өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ССР Одағы 1 ғылым академиясының Қазақ филиалы соңғы төрт жылдың ішінде Совет Одағының және Қазақстанның өкімет орындары мен халық комиссариаттарына 160-тан аса пайдалы ұсыныс тапсырды. Майданға көмектесу жөнінде бұл ұсыныстардың зор маңызы болды.



Ғылыми-зерттеу жұмыстарын біріктіріп жүргізу жөнінде Қазақ филиалы едәуір табыстарға жетті. Мұның өзі халық шаруашылығына байланысты ғылыми тақырыптарды неғұрлым толық қамтуға мүмкіншілік берді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстаңда филиалдың ғылыми қызметкерлері ашқан ванадий кендерінің қорын және сапасын, сол сияқты ол кендерді неғұрлым жақсы және тез меңгеруге байланысты мәселелерді зерттеу жөнінде 1944 жылы филиал ғылыми-зерттеу жұмыстарын осындай жолмен біріктіріп жүргізді. Мұның нәтижесінде бірнеше айдың ішінде бұл кендердің құрылысы және қоры, оларды пайдаланудың технологиялық жолдары, келешектегі рудниктер мен заводты сумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, отынмен, құрылыс материалдарымен, жұмысшы күшімен жабдықтау, жол салу, завод, жұмысшы поселкесі, рудниктер салынатын жерлерді белгілеу мәселелері толық зерттелді. Мұның арқасында ССР Одағы Халық Комиссарлары Советі жанындағы кен қорларының Бүкілодақтық комиссиясы жаңадан ашылған кендердің қорын бекітті. ССР Одағы Қара металлургия Халық Комиссариатына бұл кендерді неғұрлым тез және тиянақты түрде пайдалану мәселелерін шешуді тапсырды.

ССРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында 1940 жылы 276 қызметкер болса, қазір қызметкерлерінің саны мыңға жетті. Филиалдың коллективінде 5 академик және ССР Одағы Ғылым академиясының мүше-корреспонденттері, 60 ғылым докторы мен профессорлар, 140-тан аса ғылым кандидаттары мен доценттер жұмыс істейді. Соғыс жылдарында филиалдың 63 ғылыми қызметкері, оның ішінде 25 қазақ ғалымы ғылым докторы немесе кандидаты атағын алуға диссертация қорғады. Қазіргі уақытта 54 адам, оның ішінде 24 қазақ қызметкері ғылым докторы атағын алу диссертациясын қорғауға, 186 адам, оның ішінде тең жартысы қазақ, ғылым кандидаты атағын алу диссертациясын қорғауға даярлануда.

Филиалдың ғылыми қызметкерлері арасында жүздеген жас қазақ қызметкерлері, олардың ішінде, қазірдің өзінде ғылымға көп еңбек сіңірген ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер бар. Филология ғылымдарының докторлары Ісмет Қеңесбаев пен Нығмет Сауранбаевтың тіл зерттеу жөніндегі еңбектері, көркемөнер ғылымдарының докторы Ахмет Жұбановтың қазақ музыкасының тарихы жөніндегі еңбектері, биология ғылымдарының докторы Кәрім Мыңбаевтың каучукті өсімдіктер жөніндегі еңбектері, химия ғылымдарының докторы Әбікей Бектұровтың фосфорлы тыңайтқыштар химиясы жөніндегі еңбектері, Қазақ филиалының докторанттары, ғылым кандидаттары Өмірбек Оспановтың шөл жерлердің топырағын зерттеу жөніндегі, Ақжан Машановтың геология құрылысын зерттеу жөніндегі, Натай Кенесариннің жер асты суларын зерттеу жөніндегі, Ғани Жүнісовтің гидрология жөніндегі, Қазыкен Жандеркиннің мал шаруашылығының биология мәселелерін зерттеу жөніндегі және басқаларының еңбектері республикамыздың көбінесе бүкіл; Совет Одағының ғылыми жұртшылығына жақсы мәлім.

Қазақстан Қ(б)П Орталық Қомитеті, Қазақстан Халық Қомиссарлары Советі, ССРО Ғылым академиясының Президиумы, әсіресе оның бүрынғы 160 президенті Социалистік Еңбек Ері академик Владимир Леонтьевич Комаров ССР Одағы Ғылым академиясының Қазақ филиалына үнемі көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп келеді. Академиктер И.И.Мещанинов, В.А.Обручев, И.П.Бардин, ССР Одағы Ғылым академиясының мүше корреспонденттері А.М.Панкратова, В.А.Догель, Д.В.Наливкин, С.И.Вольфкович және Совет Одағының басқа көрнекті білімпаздары Казақ филиалына көмек көрсетіп отырады.

Отан соғысы жылдарында Қазақ филиалының және Қазақстандағы басқа ғылыми мекемелердің ғылыми жұмыстарын бір ізге салып өркендету, ғылыми қызметкерлерін топтастыру ісіне ССР Одағы Ғылым академиясының президенті академик В.Л.Қомаров бастаған комиссиясы зор көмек көрсетті. Бұл комиссия 1941 1943 жылдарда Оралдың, Батыс Сібірдің және Қазақстанның соғыс қажетіне керекті кен байлықтарын майдан қажеті үшін комплексті жолымен пайдалану мәселелерін шешті.

Биыл Қазақстанда Қазақ ССР-ның Ұлттық ғылым академиясы құрылады. Мұның өзі Қазақстанда совет өкіметі тұсында ғылымның мейлінше өркендеуінің айқын белгісі.



Өткен 25 жыл ішінде Қазақстан ғылымының негізгі табыстары қысқаша айтқанда осындай. Қазақстанның білімпаздары қол жеткен табыстарға қанағаттанбайды, олардың алдында республикамыздың орасан мол жаратылыс байлықтарын, Қазақстандағы халықтардың рухани және заттық мәдениетін терең зерттеуге, неғұрлым жақсы пайдалануға байланысты аса маңызды көп мәселелер тұр.
жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау