Академик Е. А. Бөкетов атындағы



жүктеу 103 Kb.
Дата10.11.2018
өлшемі103 Kb.
#18961
түріРегламент


Академик Е.А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университетінің

ішкі тәртіп

ЕРЕЖЕЛЕРІ


  1. Жалпы ережелер

1.1. Ішкі тәртіптің осы Ережелері (бұдан әрі - Ереже) ҚР БҒМ РМК «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі» (бұдан әрі - Университет) еңбек және оқу тәртібін регламенттейтін негізгі жергілікті нормативтік акт болып табылады.
Университет қызметкерлеріне қатысты бұл Ережелер қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және шығару тәртібін, еңбек шарты тараптарының құқықтық жағдайларын, жұмыс уақытын, демалыс уақытын, қызметкерлерге мадақтау және шара қолдануды, сонымен қоса еңбек қатынастарының басқа да мәселелерін анықтай отырып, ұйымның ішкі еңбек тәртібі ережелері болып табылады.
1.2. Еңбек және оқу тәртібі – бұл еңбек/оқу үдерісіндегі сияқты Университет аумағында, яғни Университетке тиесілі ғимараттарда, құрылыстарда, бөлмелерде, жер телімдерінде және басқа да нысандарда болған кезеңдегі қызметкерлер мен білім алушылардың тәртіп ережелері.

1.3. Осы Ережелер таралатын Университет қызметкерлерінің қатарына Университетте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін және профессорлық-оқытушылар, әкімшілік-басқарма, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы және бекітілген тәртіпте тағайындалатын, немесе белгілі бір мамандық, кәсіп бойынша жұмыс атқаратын, немесе белгілі бір жұмыс түрін істеуге жалданған штаттық кесте бойынша басқа да қызметкерлер жатады.

1.4. Осы Ережелер таралатын білім алушыларға Университеттің негізгі және қосымша білім бағдарламалары бойынша оқу үшін Университетке білім алушылар, студенттер, тыңдаушылар, магистранттар, докторанттар және ізденушілер ретінде қабылданған, соның ішінде ақылы негізде білім алатындар да жатады. Егер басқалары заңнамада, Университет Жарғысында, басқа да жергілікті нормативтік актілерде қарастырылмаған болса, білім алушылардың барлық топтары тең құқылы және оларға тең міндеттер жүктеледі. Ақылы негізде білім алатын тұлғалардың қосымша құқықтары мен міндеттері тиісті оқу келісімшарттарымен белгіленеді.

1.5. Университет әкімшілігі ректордың немесе ол бекіткен өкілетті тұлғаның тарапынан Университет қызметкерлеріне қатысты жұмысқа қабылдаушы ретінде, сонымен қоса оқу үдерісін ұйымдастырушы және бақылаушы тұлға ретінде болады.

1.6. Университет қызметкерлерінің еңбек қызметі Университет Жарғысында бекітілген мақсаттарға жетуге және міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Университет қызметкерлері мен әкімшілігінің олардың оқу, ғылыми және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру аясындағы құқықтары мен міндеттері еңбек туралы, білім туралы нормативтік актілермен, Университет Жарғысымен, осы Ережемен және басқа да жергілікті нормативтік актілермен, сонымен қоса жұмыс беруші мен қызметкерлер ұжымы және білім алушылар (бұдан әрі – Ұжымдық келісімшарт) арасындағы келісімшартпен және әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы келісімдермен анықталған.

1.7. Университеттегі білім беру білім алушылардың тиісті білім бағдарламасының мазмұны болып табылатын кәсіби дағдыларды және кәсіби білімді толық меңгеруіне бағытталған. Университеттегі білім алушының құқықтық мәртебесінің негізін білім туралы заңнамада, Университеттің Жарғысы мен Ішкі тәртіп ережелерінде, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Этикалық нормалар кодексінде бекітілген оның құқықтары мен міндеттері құрайды.

1.8. Еңбек және оқу тәртібі Университет әкімшілігінің қалыпты жоғары өндірісті жұмыс, еңбек және оқу міндеттерін саналы орындау үшін дәлелдеу, тәрбиелеу әдістерімен, сонымен қоса адал еңбегі және оқуы үшін мадақтаулар арқылы қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасаумен қамтамасыз етіледі. Тәртіпті бұзушыларға тәртіптік шаралар қолданылады.

1.9. Ішкі тәртіп ережелерін, сонымен қоса оған енгізілген барлық өзгертулер мен толықтыруларды ректор бекітеді.

1.10. Бұл Ережелер Университет құрамына кіретін барлық құрылымдық бөлімшелер үшін бірыңғай және міндетті болып табылады. Еңбек заңнамасымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген жұмыскерлердің жеке топтарының жұмыс уақыты мен демалыс уақытының жұмыс тәртібі ерекшеліктеріне байланысты Университеттің жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде осы Ережелерге қарама-қайшы болмайтын ішкі тәртіп ережелері әзірлене алады. Жекелеген құрылымдық бөлімшелердің аталған ішкі тәртіп ережелерін жұмыскерлер мен білім алушылардың өкілетті органдарының пікірін есепке ала отырып, Университет әкімшілігі бекітеді.

1.11. Университеттің ішкі тәртіп ережелері еңбек және оқу тәртібін нығайтуды, жұмыс және оқу уақытын тиімді қолдануды, оқу үдерісінің сапасын арттыруды мақсат етеді.

1.12. Ішкі тәртіп Ережелерін қолдануға байланысты барлық мәселелерді Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес берілген құқықтар аясында Университет әкімшілігі шешеді.


  1. Университет қызметкерлерін қабылдау және жұмыстан шығару тәртібі

2.1. Қызметкерлер Университетпен ректор немесе ол бекіткен өкілетті тұлға тарапынан еңбек шартын жасау жолымен өздерінің еңбекке құқықтарын жүзеге асырады. Еңбек келісімшартының шарттары Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексімен, заңдармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен, Ұжымдық келісімдермен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлатпауы қажет және онда құқық пен кепілдіктің деңгейін төмендететін шарттар болмауы керек.

2.2. Еңбек келісімшартын жасау үшін келесі құжаттар қажет:

1) жеке бас куәлігі немесе төлқұжат;

2) азаматтығы жоқ тұлғалардың тұруға рұқсат қағазы немесе жеке бас куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін);

3) тиісті білім мен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек келісімшартын жасау кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы бар екендігін растайтын құжат;

4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

5) әскери тіркеуге алу құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақыртылуға жататын тұлғалар үшін);

6) алдын-ала медициналық тексерістен өту туралы құжат (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және заңнамасына сәйкес осындай тексерістен өтуге міндетті тұлғалар үшін);

7) салық төлеушінің тіркеу номері мен әлеуметтік жеке код номерін беру туралы куәліктердің көшірмелері;

8) тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

9) соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

2.3. Университетте профессорлық-оқытушылар, әкімшілік-басқарма, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы және басқа да қызметкерлер лауазымдары қарастырылған.

2.4. Азаматтық қызметкер лауазымына қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

2.5. Үздіксіз оқу үдерісін сақтау мақсатында бір оқу жылынан артық емес мерзімге қос қызметтілік бойынша жұмысқа қабылдау кезінде азаматтық қызметкер лауазымын атқаруға Университетте конкурс бойынша іріктеусіз тиісті лауазымды атқаруға еңбек шартын жасауға рұқсат беріледі, ал заңға сәйкес жұмыс орны сақталатын уақытша жұмыста жоқ қызметкердің жұмысын атқаруға қабылдау бойынша еңбек шарты негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына дейін жасалады.

2.6. Қызметкер Университетте (ішкі қос қызметтілік) және (немесе) басқа жұмыс берушіде (сыртқы қос қызметтілік) негізгі жұмыстан бос уақытында басқа үнемі төленетін жұмыс атқару туралы еңбек шартын жасауға құқылы. Қызметкерлер Университет әкімшілігін қос қызметтілік бойынша жұмыс орны, жұмыс көлемі және атқаратын лауазымы жөнінде міндетті хабардар еткен жағдайда ғана басқа жұмыс берушіде заңмен бекітілген тәртіпте қос қызметтілік бойынша жұмыс атқара алады.

2.7. Жұмысқа қабылдау университет ректорының бұйрығымен ресімделеді, ол қызметкерге қол қою арқылы беріледі.

2.8. Жұмысқа қабылдау кезінде Университет әкімшілігі қызметкерді осы Ережелермен, қызметкердің еңбек қызметіне қатысты басқа да Университеттің жергілікті нормативтік актілерімен (соның ішінде тиісті құрылымдық бөлімше туралы ережемен, лауазымдық нұсқаулықпен, еңбекті қорғау нұсқаулығымен, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелерімен де) және Ұжымдық келісімшартпен таныстыруға міндетті.

2.9. Еңбек келісімшартын тоқтату еңбек заңнамасында қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.

2.10. Қызметкер өзінің еңбек шартын бұзатыны туралы Университет әкімшілігін алдын-ала ескертуі керек. Ескерту мерзімдері еңбек заңнамасымен анықталады. Аталған мерзімдерді есептеу жазбаша түрде тиісті өтініш берген күннен кейінгі күннен басталады. Ескерту мерзімінің аяқталу күні соңғы жұмыс күні, яғни жұмыстан шығу күні болып табылады. Егер ескерту мерзімінің соңғы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келетін болса, онда одан кейінгі жұмыс күні соңғы болып есептеледі.

2.11. Мерзімді еңбек шарты әрекет ету мерзімі аяқталғанда бұзылады. Университет әкімшілігі оның еңбек шарты мерзімінің аяқталатыны туралы жазбаша түрде жоқ қызметкердің міндетін атқару уақытына жасалған мерзімді еңбек шартының әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайлардан басқа жағдайларда жұмыстан шығаруға үш күнтізбелік күн қалғаннан кешіктірмей ескерту керек.

2.12. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шарты ескерту мерзімі өткенге дейін тоқтатыла алады. Еңбек шартының тоқтатылуы университет ректорының бұйрығымен ресімделеді.

2.13. Қызметкердің талабы бойынша Университет әкімшілігі оған аталған бұйрықтан тиісті түрде расталған үзінді беруге міндетті. Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықты қызметкердің назарына жеткізу мүмкін емес немесе қызметкер онымен қол қойып танысудан бас тартқан жағдайларда бұйрыққа тиісті жазба жазылады.

2.14. Қызметкер тиісті міндеттерді орындағаннан кейін жұмыстан шығару күні әкімшілік қызметкерге жұмыстан шығару туралы жазба жазылған оның еңбек кітапшасын тапсырып және онымен есеп айырысуы керек.
3. Университет қызметкерлерінің негізгі міндеттері

3.1. Еңбек заңнамасында, білім туралы заңнамада, Университет Жарғысында, осы Ережелерде, ҚарМУ Этикалық нормалар кодексінде, Университеттің басқа да жергілікті нормативтік актілерінде, лауазымдық нұсқаулықтарда, еңбек шартында бекітілген міндеттерді орындау.

3.2. Дұрыс және адал ниетпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін – Университеттегі тәртіп негізін сақтау, Университет әкімшілігінің өкімдерін уақытында және нақты орындау, барлық жұмыс уақытын өндірісті еңбекке пайдалану.

3.3. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, еңбектің өндірістік және санитарлық гигиенасы және өртке қарсы күзет бойынша, тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда қарастырылған талаптарды сақтау.

3.4. Адам өміріне немесе денсаулығына, Университет мүлкінің сақталуына зиянды жағдайлардың пайда болуы, сонымен қоса қалыпты жұмысқа кедергі келтіретін немесе қиындық туғызатын басқа да жағдайлар (апат, басқа да төтенше жағдайлар) туралы Университет әкімшілігіне, немесе тікелей басшылығына хабарлау және оларды жою үшін қажетті шаралар қолдану.

3.5. Университеттің интеллектуалдық меншігіне қатысты оның заңмен қарастырылған барлық құқықтарын сақтау.

3.6. Жұмыс жабдықтарын, техника мен құралдарды жарамды жағдайда сақтауға, өз жұмыс орнында тазалықты сақтауға, материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың бекітілген тәртібін ұстануға.

3.7. Университет мүлкін қорғауға, жабдықтар мен техниканы тиімді пайдалануға, құралдарға, өлшеу құрылғыларына, арнайы киімдерге және басқа да қызметкерлердің қолдануына берілетін заттарға ұқыпты болуға. Шикізаттар, материалдар, энергия, отын және басқа да материалдық ресурстарды ұқыпты және тиімді шығындау.


Университетке үдеріс уақытында немесе еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты материалдық шығын келтірген жағдайда қызметкер еңбек заңнамасында қарастырылған тәртіпте материалдық жауапкершілікке тартылады. Басқа жағдайларда шығын азаматтық заңнамада қарастырылған тәртіпте өтеледі.

3.8. Өзін-өзі дұрыс ұстау, басқа қызметкерлерге олардың еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді жасамауға, Университеттегі қабылданған өнегелілік және этикалық нормаларды сақтауға, Университеттің іскерлік мәртебесіне нұсқан келтірмеуге, қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейін сақтауға.

3.9. Университетте оқытушылық қызметпен айналысатын қызметкерлер, сонымен қатар міндетті:

- оқу, әдістемелік жұмысты орындауға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және білім алушылардың өздік оқу және ғылыми жұмыстарын бақылауға;

- педагогикалық және ғылыми үдерістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге, білім алушылардың терең білім алуына себептесуге;

- білім алушылардың бойында таңдаған дайындық бағыттары (мамандықтары) бойынша кәсіби сапаларын қалыптастыру;

- білім алушыларда өз бетімен жұмыс істеуді, бастамашыл болуды, шығармашылық қасиеттерді дамытуға;

- Университет беделін сақтау және арттыру жөнінде қам жеуге;

- өзінің кәсіби және жалпы мәдени деңгейін үнемі арттырып отыруға, Университетте бекітілген формаларға сәйкес бес жылда бір реттен кем емес өзінің біліктілігін арттыруға;

- Университеттің рухани құндылықтарына ұқыппен қарауға;

- ғалымдар ортасында жалпы қабылданған өнегелілік және этикалық нормаларды ұстануға.

3.10. Әрбір қызметкердің өзінің мамандығы немесе лауазымы бойынша орындайтын міндеттерінің шеңбері лауазымдық нұсқаулықтармен және ережелермен анықталады.

3.11. Жұмысқа келмеген жағдайда қызметкер мүмкіндігіне қарай Университеттің әкімшілігін жұмыс орнында болмауының себебі туралы хабардар етуге және жұмысқа келген алғашқы күні жұмыста болмау себебін түсіндіретін бекітілген үлгідегі құжат (медициналық анықтама, шақыру қағаздары, түсініктеме және т.б.) ұсынуға міндетті.

4. Әкімшіліктің негізгі міндеттері.

4.1. Еңбек заңнамасымен және білім, ғылыми және өндірістік қызметті ұйымдастыру және қамтамасыз ету саласындағы білім және ғылым туралы заңнамамен Университетке жұмыс беруші және білім беру мекемесі ретінде жүктелген міндеттердің барлығын орындауға.

4.2. Профессорлық-оқытушылар, әкімшілік-басқарма, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы және басқа да қызметкерлер жұмысының тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.

4.3. Денсаулық пен қауіпсіз еңбек жағдайларын, жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету.

4.4. Университеттің қаржылық қаражаттары аясында білім үдерісін, бөлмелерді жабдықтармен материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жабдықтауды жүзеге асыру.

4.5. Білім үдерісінің тиісті әдістемелік қамтамасыз етілуі үшін шаралар қолдану. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сәйкес оқу жоспарлары мен оқу пәндерінің бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз ету.

4.6. Университетте бекітілген тәртіп бойынша келесі оқу жылына арналған Университет оқытушыларының педагогикалық жүктемелерінің көлемі мен бөлінуін бекіту.

4.7. Оқу жылының немесе басқа оқу кезеңінің басталуына дейін бір апта қалғаннан кешіктірмей оқытушыларға және білім алушыларға олардың сабақ кестелерін хабарлау.

4.8. Алкогольдік, есірткілік немесе уландырғыш заттармен мастанған күйдегі қызметкердің (білім алушының) жұмысқа (оқу сабақтарына) кіруіне рұқсат бермеу.

4.9. Еңбекті қорғау туралы заңнаманы сақтау, зиянды (аса зиянды), қауіпті, ауыр еңбек жағдайларымен жұмыс орындарын анықтау мақсатында жұмыс орындарына үнемі аттестаттау өткізуді қамтамасыз ету; зиянды еңбек жағдайларына байланысты уақытында жеңілдіктер мен өтемақылар беру.

4.10. Өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қажетті шаралар қолдану, оқыту өткізу және қызметкерлер мен білім алушылардың қауіпсіздік техникасы, өндірістік гигиена және еңбек гигиенасы, орт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтардың барлық талаптарын білуін және олардың сақталуын үнемі қадағалау.

4.11. Бөлмелердің, жылу, жарық, желдеткіш жүйесінің, жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету.

4.12. Университет қызметкерлеріне еңбекақыны айына бір реттен сирек емес мерзімде төлеуді қамтамасыз ету.

4.13. Университеттің білім алушыларына стипендияны белгіленген мерзімдерде төлеуді қамтамасыз ету.

4.14. Бекітілген демалыс кестелеріне сәйкес Университет қызметкерлерінің барлығына уақытында демалыс беру.

4.15. Ұжымда іскер, шығармашылық қарым-қатынастың орнауына себептесу, қызметкерлердің бастамасы мен белсенділігін барынша қолдау және дамыту; Университеттің және оның бөлімшелерінің қызметін жақсарту, беделін сақтау және арттыру бойынша қызметкерлердің ұсыныстарын уақытында қарастыру.

4.16. Университет басшылығы қызметкерлер мен білім алушылар үшін жеке мәселелері бойынша қабылдау уақыттарын бекітеді.


  1. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

5.1. Жұмыс уақыты дегеніміз қызметкердің осы Ережелерге және еңбек келісімшартының шарттарына сәйкес өзінің еңбек міндеттерін орындауы қажет уақыт, сонымен қоса заңға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс уақытына жататын басқа да уақыт кезеңдері.

5.2. Әкімшілік-басқарма, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағатты құрайды. Ауыр жұмыстарда, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан артық емес жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

5.3. Профессорлық-оқытушылар құрамы жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 36 сағатты құрайды.

5.2. Қызметкерлерді Университет басшылығының бастамасымен демалыс және мереке күндері жұмысқа шақыру ерекше жағдайларда еңбек заңнамасына сәйкес рұқсат етіледі.

5.3. Университетте жеке құрылымдық бөлімшелерге және қызметкерлердің жеке топтарына басшылықтың шешімімен бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс уақытының ерекше тәртіптері бекітілуі мүмкін.

5.5. Жұмыс уақытының аясында оқытушылар қызметтік міндеттерден, оқу жоспарларынан, оқытушылық қызметті жүргізетін педагогикалық қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларынан туындайтын оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарының барлық түрлерін жүргізуі керек.

5.6. Басшылық әр қызметкердің жұмыс уақытының есебін ұйымдастыруға міндетті. Педагогикалық қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы астрономиялық сағатпен есептеледі.

5.7. Университет қызметкерінің жұмысқа келмеген жағдайында құрылымдық бөлімше басшысы оны басқа қызметкермен алмастыру бойынша шаралар қабылдау керек.

5.8. Университет басшылығының бастамасы бойынша жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы шегінен тыс қызметкерлерді жұмысқа тарту еңбек заңнамасында қарастырылған жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жүзеге асырылады.

5.9. Университет қызметкерлеріне жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыс беру негізі мен тәртібі, ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және мемлекеттік билік органдарының басқа да нормативтік актілерімен, Университет Жарғысымен, осы Ережелермен, Ұжымдық келісімшартпен және Университеттің басқа да жергілікті нормативтік актілерімен анықталады.

5.10. Қызметкерге отбасылық жағдайларына және басқа да себепті жағдайларға байланысты, оның өтініші бойынша, Университет ректорының рұқсатымен ақысыз демалыс берілуі мүмкін, ол ректордың бұйрығымен ресімделеді.


  1. Жұмыстағы табыстары үшін мадақтау

6.1. Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, жұмысты орындаудың жоғарғы сапасы, соның ішінде ерекше қиындықты және жедел жұмыстарды орындағаны үшін, бастамасы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін

Қызметкерлер мадақтала алады:

- ақшалай сыйақымен;

- алғыс жариялаумен;

- құрмет грамотасымен.

6.2. Ұжымдық келісімшартпен мадақтаудың басқа да шаралары қарастырыла алады.

6.3. Мадақтауды университет әкімшілігі қолданады. Мадақтаулар бұйрықта жарияланып, қызметкер назарына жеткізіледі және қызметкердің еңбек кітапшасына енгізіледі.


  1. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін шара қолдану

7.1. Қызметкердің еңбек тәртібін бұзғаны, сонымен қоса құқыққа қарсы айыпты орындамағаны немесе қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін тәртіптік шара қолданылады.

7.2. Қызметкердің тәртіптік теріс қылығы үшін жұмыс беруші келесі тәртіптік шараларды қолдануы мүмкін:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) Еңбек Кодексімен белгіленген жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу.

7.3. Жұмыс беруші тәртіптік шараны жұмыс берушінің акт шығару жолымен қолданады.

7.4. Жұмыс беруші тәртіптік шара қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік шара қолдануға кедергі бола алмайды. Қызметкердің аталған түсініктемені беруден бас тартуы жағдайында тиісті акт жасалады.

7.5. Тәртіптік шара түрін анықтау кезінде жұмыс беруші тәртіптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасау жағдайын, қызметкердің оған дейінгі және одан кейінгі тәртібін, оның еңбекке деген көзқарасын есепке алады.

7.6. Тәртіптік шараның әрекет ету мерзімі оны қолданған күнніен бастап 6 айдан аспауы керек.



7.7. Қызметкерге тәртіптік шара қолданған жұмыс беруші өз бастамасы, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының сұрауы, қызметкерлер өкілілінің сұрауы бойынша оның мерзімінен бұрын күшін жоюға құқылы.

 

 



  1. Оқу тәртібі

8.1. Университеттің оқу сабақтары белгілі тәртіппен бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кесте бойынша өткізіледі.

8.2. Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу және оларға жақын бөлмелерде оқу сабағының қалыпты барысы үшін қажетті тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі керек. Сабақ басталғаннан кейін дәрісханаға кіру және дәрісханадан шығу оқытушының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

8.3. Практикалық, семинарлық, зертханалық сабақтар өткізу үшін әрбір курс топтарға бөлінеді. Топ құрамы факультет деканының өкімімен белгіленеді.

8.4. Әрбір топта анағұрлым үлгеруші және тәртіпті студенттер қатарынан староста тағайындалады. Топ старостасы тікелей факультет деканына бағынады.

8.5. Топ старостасының қызметіне мыналар енеді:

- студенттердің оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысуының жеке есебі;

- дәріс барысында және басқа да сабақтарда топтағы оқу тәртібінің сақталуын, сонымен қоса оқу жабдықтарының ұқыпты пайдаланылуын қадағалау;

- студенттерді сабақ кестесіне енгізілетін өзгертулер туралы хабардар ету;

- дәрісхананы сабаққа дайындау үшін күн сайын кезекпен топ бойынша кезекші тағайындау.

8.6. Топ старостасы студенттердің оқу сабақтарына қатысуын есепке алу журналын жүргізеді.

8.10. Университетте студенттер білімін бақылаудың келесі түрлері белгіленеді:
а) аталған пән бойынша ағымдық үлгерім бақылауы (бақылаудың түрлері мен нысандары пәннің оқу бағдарламасымен белгіленеді);
б) аралық аттестаттау (білім бағдарламасының оқу жоспарында қарастырылған сынақтар мен емтихандар);

в) қорытынды аттестаттау (мемлекеттік білім стандарттарымен қарастырылған қорытынды мемлекеттік емтихан және дипломдық жұмысты қорғау).

8.11. Аралық немесе қорытынды аттестаттаудан өту нәтижелері бойынша білім алушы Университет Жарғысында бекітілген тәртіпте академиялық үлгерімінің нашарлығы үшін ректордың немесе оның өкілеттілігіндегі басқа лауазымдық тұлғаның бұйрығымен Университеттен шығарылуы мүмкін.

8.12. Білім алушылардың демалысы тиісті білім бағдарламасының оқу жоспарымен белгіленеді.




  1. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері

9.1. Университетте білім алушы құқылы:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

- мемлекеттік стандарттан басқа қосымша ақыға қосымша білім қызметтерін алуға;

- кітапхана және оқу залдарының базасындағы оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қол жеткізуге және пайдалануға;

- студенттік (оқушылық) өзін-өзі басқару органдарына қатысуға;

- өзінің пікірі мен сенімін еркін жеткізуге;

- өзінің адамгершілік қасиеттерін құрметтеуге.

9.2. Университетте білім алушылар міндетті:

- Университет Жарғысына сәйкес бекітілген тиісті білім бағдарламаларының, жеке жоспарлардың міндетті талаптарын орындауға, міндетті оқу сабақтарына қатысуға және пәндердің оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға;

- білім саласындағы оқу, ғылыми үдерістерді, олардың ұйымдастырылуын және жүргізілуін реттейтін нормативтік актілер, Университет Жарғысының, осы Ережелердің, ҚарМУ Этикалық нормалар кодексінің, Университеттің басқа да жергілікті нормативтік актілерінің талаптарын орындауға;

- оқу жоспарлары мен бағдарламаларына және Университет Жарғысына сәйкес белгіленген мерзімде аралық және қорытынды аттестаттаудан өтуге. Жеке оқу жоспары бойынша білім алушылар аттестаттаудан Университет факультеттерінің декандары (басқа да бөлімдердің басшылары) бекітетін жеке кесте бойынша өтеді;

- қатысуға міндетті оқу сабақтарына келмеген жағдайда Университет факультетінің (басқа да құрылымдық бөлімше) басшылығын хабардар етуге және сабаққа келегн алғашқы күні қатыспау себептерін түсіндіретін белгілі үлгідегі (медициналық анықтамалар, шақыру, түсініктеме және т.б.) құжат ұсынуға;

- Университет мүлкіне ұқыппен қарауға, осы мүліктердің сақталуын қасмтамасыз етуге шаралар қолдануға. Университетке материалдық шығын әкелген жағдайда білім алушылар азаматтық заңнамаға сәйкес оны өтеуге міндетті;

- әскери есеп ережелерін сақтауға;

- білім беру мекемесінің оқытушыларына, қызметкерлеріне және білім алушыларына құрметпен және дұрыс қарауға;

- тәртіпті болуға, Университет аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға;

- қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсізідігінің ережелерін сақтауға;

- Университетте бекітілген кіру тәртібін сақтауға, соның ішінде өзінің кіру қағазын (куәлігін) басқа тұлғаларға бермеуге және өзі басқа тұлғаға берілген кіру қағазын (куәлікті) пайдаланбауға.

9.3. Университет қызметкерлері мен білім алушыларына Ғылыми кітапханада қызмет көрсету тәртібі мен шарттары Университет ректоры бекіткен Ғылыми кітапхананы пайдалану Ережелерімен және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ғылыми кітапханасы туралы Ережемен анықталады.

9.4. Университетте шылым шегуге тыйым салынады.

9.5. Университет жатақханаларында тұратын тұлғалардың қосымша құқықтары мен міндеттір Университет жатақханаларында тұру ережелерімен және келісімшартпен белгіленеді.

9.6. Жақсы үлгерімі, университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін студенттерге келесі мадақтаулар белгіленеді:

- алғыс жариялау;

- грамотамен марапаттау;

- бағалы сыйлықпен марапаттау;

- сыйақы беру.

9.7. Дәрісханалық сабақтарды 60 және одан да көп сағат себепсіз босатқаны үшін студент Университеттен шығарылуы мүмкін.

9.8. Оқу тәртібін (соның ішінде себепсіз сабақ босату), Ішкі тәртіп ережелерін (студенттің теріс қылықтар жасауы: сабаққа алкогольдік немесе есірткілік масайған күйде келуі, қоғамдық тәртіпті бұзуы және т.б.), ҚарМУ Этикалық нормалар кодексін және Жатақханада тұру ережелерін бұзғаны үшін студентке келесі тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін:

- ескерту;

- сөгіс;

- қатаң сөгіс;

- университеттен шығару.
10. Университет ғимараттарындағы тәртіп

10.1. Университет ғимараттарындағы тәртіп пен қолайлылыққа (жұмысқа жарамды жиһаздың, оқу жабдықтарының болуы, қалыпты температура мен жарықты қамтамасыз ету) проректор, бұл оның міндетіне лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес енеді, сонымен қоса тиісті бөлімшенің басшысы жауап береді. Оқу зертханалары мен кабинеттердегі жабдықтардың жарамдылығы мен оқу құралдарының сабаққа дайын болуына кафедра және зертхана, оқу кабинеттерінің меңгерушілері, әдіскерлер, лаборанттар жауап береді.

10.2. Университет аумағында тыйым салынады:

- тиісті бөлімшенің қалыпты жұмыс жасауын қиындататын әрекеттерге;


- шылым шегуге;

- спирттік ішімдіктерді пайдалануға;

- құмар ойындарға;

- мас күйде, алкогольдік, есірткілік немесе уландырғыш заттармен масайған күйде келуге;


- жануарлармен келуге (зерттеулік мақсаттардан басқа).

10.3. Университет ғимараттарында сырт киіммен және бас киіммен жүруге тыйым салынады.

10.4. Қызметкерлерді, білім алушыларды немесе басқа да тұлғаларды, сонымен қоса автокөліктерді Университет ғимаратына және аумағына кіргізу тәртібі, сонымен қоса мүлікті Университет аумағында ауыстыру немесе Университет аумағынан тыс жерге шығару тәртібі белгілі тәртіпте бекітілетін Университеттің нысандарында кіргізу тәртібін ұйымдастыру туралы Ережемен, Университет жатақханаларында тұру ережелерімен, сонымен қоса Университеттің Қауіпсіздік қызметінің келісімімен Университет бөлімшелерінде әзірленетін ережелермен анықталады.

10.5. Университет басшылығы оқу орнының күзетілуін, жабдықтардың, мүліктің және басқа да заттардың сақталуын, сонымен қоса оқу және тұрмыстық бөлмелерде қажетті тәртіпті қамтамасыз етуге міндетті. Мүліктің сақталуына, ғимараттың өртке қарсы және санитарлық жағдайына лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жекелеген құрылымдық бөлімшелердің басшылары, ал қажет болған жағдайларда ректордың бұйрығымен тиісті лауазымдық тұлғалар жауап береді.



10.6. Мереке күндері және демалыс күндері, сонымен қоса төтенше жағдайларда тұрғын үй және тұрмыстық ғимараттарды қоса алғанда Университеттің барлық ғимараттарында Университет басшылығы ерекше жұмыс және мүлікті қолдану тәртібін бекітуі, сонымен қоса қызметкерлердің кезекшілік етуі енгізілуі мүмкін.
Жұмыстан тыс уақытта бөлімшелерде жоспарланған сабақтар мен жұмыстарды жүргізуді құрылымдық бөлімше басшылары Университет Қауіпсіздік қызметінің бастығымен келіседі және ол ректордың бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

10.7. Оқу ғимараты бөлмелерінің (кафедралар, дәрісханалар, кабинеттер, зертханалар) кілттері оқу ғимараты күзетінің кезекшісінде болуы тиіс және тиісті бөлімшелер қызметкерлеріне қол қою арқылы берілуі керек.
жүктеу 103 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау