Айтимов мұрат жолдасбекович



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет38/47
Дата05.03.2018
өлшемі0,5 Mb.
#11346
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47

119                                           
 
жағдайы  жатады.  Мұндай  нысандарға  төтенше  оқиғалар  мынадай  апатты 
оқиғаларда  болады:  мұнай  мен  мұнай  өнімдерінің  төгілуі  мен  жануы,  газдың 
ағып  кетуі  мен  атылуы  және  т.б.,  олар  қоршаған  ортаға  материалдық  және 
басқада зияндар әкеледі. 
Мұндай  мониторингтеу  жүйесінің  артықшылығы,  олар  автономды  болуы 
мүмкін,  сонымен  қатар  жалпы  ауқымды  автоматтандырылған  мониторингтеу 
жүйесінде аралық буынды болады, бұл жағдайда жеке міндетті орындай алады, 
мысалы,  жылжымалы  нысанды  қоршаған  ортанының  ластану  мониторингі  – 
экологиялық ластанудың нақты көздерін есепке алу жұмысы. 
Оразан зор және көбейген техногендік нысандар (ТН)  паркі, оның ішінде 
жердегі,  судағы,  ауадағы,  космостағы  көлік  құралдары  қоршаған  ортаға  теріс 
әсер етеді. Тәжірибе жүзінде ластау көзі иесінің әрекетіне әсер ететін қоршаған 
ортаның ластануын (ҚОЛ) төмендетін тиімді тәсілдер жоқ.  Ластау көзі иесіне 
қоршаған  ортаның  ластауын  төмендетуіне    әсер  ететін  нұсқалардың  бірі 
техногендік нысандар шығаратын ластануды әрбір ластау көзі бойынша белгілі 
уақыт аралығында жинақтық есепке алу болып табылады. Мұндай бақылаудың 
болуы  әрбір  ластау  көзі  иесінен  ластағаны  үшін  салық  алуды  ұйымдастырып, 
ол  техногендік  нысандар  шығарған  ластанудың  түріне  және  шамасына 
пропорционал болады.  
Жеке есепке алу міндетін шешу үшін қоршаған ортаны ластауды  бақылау 
жүйесіндегі  датчиктер  қоршаған  ортаны  ластауды  бақылауға  және  есепке  алу 
нысандық  буынына  адаптер  арқылы  қосылады.  Адаптер  ажыратудан, 
блоктаудан    қорғанысы  бар  және  техногендік  нысанда  датчиктермен  бірге 
орнатылған,  қоршаған  ортаны  ластау  көзінде  процессор,  пернетақтамен  қоса 
алғанда дисплей, белгілі уақыт аралығындағы бақылау нәтижелерін жазу және 
сақтау үшін энергияға тәуелсіз жадымен жабдықталған, астрономиялық уақыт 
кодымен, сәйкес өлшеулер жүргізілген уақыт интервалы жазылған. 
Мониторингтеу  жүйесі  бірнеше  нысандардан  тұрады-  ластау  көзі, 
әрқайсысына  антеналы    қабылдағыш-таратқыш  енгізілген    және  ластау  көзі 
әрқайсысы   қоршаған ортаны  ластаудың  мониторингтеудің  орталық  блогымен 
(ҚОЛМ  ОБ)  радиоарналық  байланыспен  байланысқан,  ал  қоршаған  ортаны 
ластаудың  мониторингтеудің  орталық  блогы  процессор,  пернетақта  және 
индикация-сигналдау  блоктары,  принтер,  антеннелы  қабылдағыш-таратқыш 
және  қоршаған  ортаны  ластау  көздерін  бақылау  порттарына  жалғану  кірістері 
(сурет 4.3) [81, б. 2]. 
Жүйе қоршаған ортаның ластану мониторингінің орталық буынынан (ҚОЛ 
ОБ)  -1  және  ластану  көздерін  белгілейтін  өткізгіш  немесе  радиоарна  арқылы 
байланысатын  көптеген  нысандық  буындардан  тұрады:  2-1…2-N.  3-  ластану 
көзінің  адресі,  4-  процессор,  5-  пернетақта,  6-  энергияға  тәуелсіз  жады,  7- 
монитор,  8-  қабылдағыш,  9-  антеналы  қабылдағыш,  10-порт,  11-  принтер. 
Ластану көздерінің саны ондаған, жүздеген және одан да көп болуы мүмкін, ал 
мониторинг жүйесінің өзі көптеген аймаққа қызмет ете алады.  


120                                           
 
 
 
Сурет 4.3  - Қоршаған ортаның ластануын жеке мониторингтеу жүйесінің 
құрылымы 
 
Нысандық бақылау құралдары бақыланатын аймақтың барлық техногендік 
нысандарына  орнатылады  –  авто  және  құрылыс  техникаларына,  котелдер, 
тепловоздар, теплоход, әуе транспорттарының құралдарына және т.б. 
Техногендік нысанның типіне байланысты әрбір орталық блок сәйкесінше 
датчиктік  аппаратура  кешенімен  жабдықталады,  ол  техногендік  нысанның 
уақыт  және  кеңістік  бойынша  қоршаған  ортаны  ластауын  жинақтық  бақылау 
жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Ол үшін  әрбір  орталық блок астрономдық  таймер 
және  ГЛОНАCC  немесе  GPS  жүйесінің  модулымен  жабдықталуы  керек. 
Топтық  буыннан    орталық  блогы  жүйесінің  кез  келгенінен  ON-LINE  режимде 
немесе  уақыттың  бір  бөлігінде  ақпарат  сұралады.  Алынған  ақпаратты 
тарифтеуден  кейін  орталық  блокта  төлем  құжаты    дайындалып,  техногендік 
нысанның  сәйкес  егесіне  қоршаған  ортаны  ластау  жүргізгені  үшін  төлем 
алынады.Төтенші  оқиғаларды  мониторинг  және  техногендік  нысандарды 
бақылаудың  жергілікті  жүйесінің  мысалы  ретінде  жинақталған  ON-LINE 
ақпараттық  жүйенің  нысандық  буынының  құрылымын  және  қалыптасуын 
қарастырайық.  Жинақталған  ON-LINE  ақпараттық  жүйенің  қоршаған  ортаны 
ластау орталық блогының құрылымдық сызбасы 4.4 суретте көрсетілген [81, б.  
3].  Жүйенің  нысандары  мен  топтық  буындары  арасындағы  ақпарат  алмасу 
орталық блоктың  12 антенасы мен 14 порт арқылы іске асады. 
 
 
 
12-антенна, 13-порт, 14- қабылдағыштар, 15-үрдісор, 16-басқару буыны, 17-энергия 
тәуелсіз жады, 18-дисплей,   19-физикалық параметр датчигі, 20-адаптер, 21-үздіксіз 
қоректену көзі 
 
 
Сурет 4.4 Қоршаған ортаны ластаудың жеке мониторинг жүйесінің 
орталық блогының жалпы сызбасы 


121                                           
 
Бақыланатын  параметрлер  туралы  ақпарат  19-1…19-N  датчиктермен 
қабылданып  және  20  адаптер  арқылы  түсіп  және  15  микропроцессорде 
өңделеді. Өңдеу нәтижелері 17 энергияға тәуелсіз жадыда сақталады. Сұраныс 
бойынша  ақпарат  16  пернетақтадан  немесе  15  процессор  бағдарламасы 
бойынша қабылданып немесе 12 антенна және 14 порт арқылы орталық блоктан 
шығарылады.  Орталық  блоктың  құрылымдық  элементтерінің  үздіксіз 
қоректенуі  21 үздіксіз қоректену көзінен іске асады.  
Техногендік  нысандарды  бақылау  қоршаған  ортаның  ластануын  және 
есепке алу буындарымен жабдықтау мыналарды іске асыруға мүмкіндік береді: 
- Қоршаған  ортаны  ластаудың  нақты  шамасына  және  құрылымына 
пропорционал техногендік нысандар иелеріне жеке салық салу; 
- Қоршаған 
ортаны  ластауды  төмендету  мақсатында  техногендік 
нысандарды жаңғыртуды көтермелеу және ынталандыру; 
- Техногендік нысандардағы қауіпті концентрацияларды уақтылы анықтау. 
Жүйені  негізгі  қабылдағыш  –  таратқыш  және  топтық  антенна  және 
нысандық буын ретінде тәжірибе жүзінде іске асыруда ұялы телефон мен ұялы 
байланыс желісі қолданылады. 
Жүйенің  желілік  құрылымы  қоршаған  ортаны  ластаудың  нысандық 
буындарымен кез келген техногендік нысанды жабдықтауға мүмкіндік береді – 
көліктер,пештер, кемелер және тепловоздар, химиялық кәсіпорындар т.б. 
4.5 
суретте  қоршаған  ортаны  ластауды  бақылау  жүйесінің    көліктерге 
арналған орталық блогы  нұсқасының құрылымы көрсетілген [81, б. 4]. 
 
 
 
12 – антенна 13 – порт; 14- қабылдағыштар; 15-процессор, 16-басқару буыны; 17-
энергияға тәуелсіз жад; 18-дисплей; 19 – физикалық параметр датчигі; 20-адаптер; 21-
үздіксіз қоректену көзі; 22, 23 – қабылдағыштар  
 
Сурет 4.5 - Ластануды мониторингтеу жүйесінің көлік нұсқасының 
құрылымы 
 


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау