Сурет 2 – Топтамалы тізіп орау машинасының жіп орау процесін басқару жүйесінің сұлбасы
Ұсынып отырған құрылым ораманың ағымды диаметрін өлшей отырып, қоректендіруші иіршіктердің (сызбада көрсетілмеген) жіптерінің азаюына байланысты, жіптердің керілуінің өзгеруін бақылайды және білікшелер 1, 2, 3 арқылы реттейді. Бұл реттеу керілуді өзгерту арқылы нығыздаушы біліктің 10 қысуын дискретті өзгертіп, орау тығыздығын өзгертеді.
Сонымен ұсынылып отырған құрылым жіп орамасының тығыздығын жіптердің керілуіне реттеу және бумен, жылумен өңдеу арқылы қалыптастырады.
Ораманың тығыздығының тұрақсыздығын жою үшін, жіптің орамының білік бетінде орналасуын қалыптау үшін машинада ылғалды жылумен өңдеу қарастырылған. Жоғарыда көрсеткендей ораманың реалогиялық сипаты бірқалыпты жағдайға жету үшін де көп уақытты қажет етеді екен, олай болса бұл проблеманы шешудің дара жолы ылғалды жылумен өңдеу екені белгілі. Орау процесінде тізіп орау білігінің бетіне сәуелі үрлегіш форсунка арқылы ыстық бу қысыммен бүркеледі. Үрлегіш буды бугенераторынан 13 (2-ші сурет) алып орау білігімен нығыздаушы біліктердің түйіскен жерінің алдына бүркейді. Бу бүркелген орамды нығыздап қалыптағаннан соң кептіру үшін орау және нығыздаушы біліктерден шыққан орамға, сәуелі бүркегіш саптама 14 арқылы ыстық лепті ауа бүркеледі.
Жұмыста қарастырылып отырған құрылым жіптердің керілуін реттеу арқылы, орамның тығыздығын бірқалыптандырып, жіп орамының орналасуын қалыптайды және тізіп орау орамасын булап жылумен өңдеу процесінің математикалық үлгісі келтірілді.
Төртінші бөлімде негіз жіптерін топтамалы тізіп орау кезінде, орамның тығыздығының бірқалыптылығын, орамда жіптің орамының орналасуын қалыптауды қамтамасыз етудегі, жоғарыда келтірілген теориялық мәселелерді экспериментік жолмен дәлелдеу жағдайлары қарастырылған.
Тәжірибелік зерттеу нысаны ретінде «Меланж» АҚ (Шымкент қ.) тоқыма өндірісінің даярлау бөлімінде орналасқан барабансыз топтамалы тізіп орау машинасы СП – 140 қарастырылды.
Тәжірибелік жұмыс мақсаты мына мәселелерді қамтыды:
теориялық тұжырымдардың дұрыстығын дәлелдеп, есептеу формулаларды одан ары дамыту;
жекелей шешімдердің дұрыстығын дәлелдеу және орама тығыздығын автоматты түрде реттегіштің, бумен өңдеу құрылымының жұмыс қабілетін тексеру;
сонымен қатар ұзындық өлшем есептегіш жетек, тежегіш механизмдерінің жұмыс қабілетін тексеру мақсатында тізіп орау машинасы жұмысының процесіне тәжірибе жүзінде зерттеулер жүргізу.
Тәжірибелік зерттеулерде шешілген мәселелер:
Топтамалы тізіп орау жіптерінің керілу күшін орау процесінде анықтау;
Машинаның қозғалысы немесе тежелу режимі барысында негіз жіптерді керу күшінің шамасын анықтау;
Машинаның тежегіші іске қосылған мезетте тізіп орау және ұзындық өлшегіш білікшелердің тұрақты жылдамдыққа шығу уақыт шамасын анықтау;
Автоматты реттегіштің, бумен ысық ауамен өңдеу құрылымдарының көмегімен орама орындаудағы оның тығыздығының тұрақтандыруын тәжірибе жүзінде зерттеу;
Тізіп орау орамының радиусы бағытында орау тығыздығын тәжірибе жүзінде анықтау.
Зерттеулер аталған машинаның өзінде және жаңартылған (қайта автореттегішпен және бумен, ыстық ауамен өңдеу құрылымдарымен қайта құрамдалған) машинада жүргізілді.
Жіптердің керілуінің бірқалыпсыздығының статистикалық сипаттамаларын анықтау үшін, «Меланж» АҚ фабрикасындағы қолданыстағымашинасында (СП-140) тәжірибелік зерттеу жүргізілді. Зерттеу кезінде жіптердің керілуін анықтау үшін BTSR фирмасының (Италия) портативті аспабы қолданылды.
Жұмыста қолданыстағы машинаның тежеуілдеу процесін зерттеу үшін арнайы өлшеу құрылғысы жасалынып, машинаға орнатылды.
Зерттеу кезінде құрылымға орнатылған біліктердің бұрыштық айналуын өлшеуге мүмкіндік беретін сезбелер С1, С2, С3 көмегімен өлшегіш, нығыздаушы, тізіп орау біліктерінің іске қосқаннан жылдамдықтары тұрақтанғанға дейінгі уақыттарын салыстыру мүмкін болды.
Құрылымда ораманың радиусының өзгеруін үзіліссіз бақылау үшін арнайы сезбе қолданылған.
Құрылым сезбесі ретінде өндірісте қолданыс тауып жатқан Burster фирмасының (Германия) потенциометрлік сезбесі қолданылды. Тәжірибелік зерттеу барысында өлшенген нәтижелерден сызбалар тұрғызылды (3-ші сурет).
Сурет 3 – Ораманың тығыздығының өзгеру сызбасы
3-ші суреттегі сызбадан γ = f(Dв) тізіп орау білігінің тығыздығы орау басында үлкеюіне байланысты, тығыздықтың мөлшері де азая береді екен. Жұмыста ұсынылып отырған нығыздаушы біліктің тізіп орау білігіне қысу күшін орау процесінде белгілі заңдылықпен өзеруін қамтамасыз ететін, автореттегішті қолданып зерттеу жүргізілді.
Осы зерттеу нәтижесінде тығыздықтың ораманың диаметрінің өзгеруіне сәйкес сызбалар γ = f(Dв) тұрғызылды (4-ші сурет).
Сурет 4 – Автореттегіштің және бумен өңдеудің әсерінен ораманың тығыздығының өзгеру сызбасы
4-ші суретте келтірілген сызбалар автореттегіштің әсерінен нығыздаушы біліктің орама білігіне берілген заңдылықты қамтамасыз етіп бірқалыпты қысуының нәтижесінде, орау процесінде тізіп орау кезіндегі тығыздықтың өзгеруі бар-жоғы 5,2% аспайды екен. Бұл зерттеу нәтижесі тізіп орау процесінде бумен жылуды, автореттегішпен бірге қолдану ораманың сипаттамасын көп жақсартатынын да көрсетті.
Жұмыста ұсынылған құрылым Шымкент қаласындағы «Меланж» АҚ өндіріс орнында қолданылып, оның жылдық экономкалық эффектілігі 1 370 000 теңгені құрады
Қорытындылар
1.Барабансыз топтамалы тізіп орау машинасына арналған тізіп орау және өлшегіш білікшесіне келтірілген масса мен инерция моментінің, тізіп орау білікшесіндегі ораманың уақытына байланысты бұрыштық жылдамдықтың және үдеудің өзгеру заңдылықтары анықталды.
2.Топтамалы барабансыз тізіп орау машинасының орау құрылымында негіз жіпті орауда бірқалыпсыздықтың туындау себептерін талдай отырып, тығыздықтағы бірқалыпты орам алу үшін жіптің орау кезінде қабаты бойынша бірқалыпты орналасуын және орамдағы жіптердің көлемдік тығыздығын бірқалыптылығын автореттегіштің көмегімен қамтамасыз ету жолы қарастырылады.
3. Ораманың сапасын арттырудың бір жолы ретінде, оралатын жіптердің керілу күшін, тізіп орау, нығыздаушы, ұзындық өлшегіш біліктеріндегі салыстырмалы сырғымалықты азайту үшін, олардың қозғалысын синхрондап, реттегіш құрылымдар жүйесі келтірілді.
4. Ораманың тығыздығының тұрақсыздығын жою үшін, машинада ылғалды жылумен өңдеу қарастырылған. Осыған орай, ораманы орау кезінде алдымен бумен, нығыздалып болғаннан соң ыстық ауа лебімен кептіру тәсілі ұсынылады. Құрылымның жұмыс әліпін қабылдауға мүмкіндік беретін бумен, ыстық ауамен өңдеу процесінің математикалық үлгісі тұрғызылған.
5.Тізіп орау кезінде жіптердің керілуін мөлшерлеуде, топтамалы барабансыз тізіп орау машинасында жіптерінің керілу күшін орау процесінде анықтау әдістемесі құрылып өлшеулер жүргізілді. Өлшеу нәтижесін өңдеу, жіптердегі керілу мәні нормаль үлестірілу заңына бағынады екен, құрылымдағы тығыздықты реттеу, ылғалмен жылумен өңдеу нәтижесінде, орамның орау тығыздығының бірқалыптылығы қамтамасыз етіледі екен.
6.Машинаның іске қосылу немесе тежелу қозғалысы барысында негіз жіптерді керу күшінің шамасын тәжірибе жүзінде құрастырылған біліктердің жиілігін өлшеу құрылымымен анықтау орындалды. Зерттеудің нәтижелері негізінде тежелудің және машинаны іске қосқаннан, оның жылдамдығының тұрақты шегіне жетуге дейінгі уақыттарының ораманың диаметріне тәуелдігінің графигі анықталынды.
7.Тәжірибелік зерттеулер нәтижелері жоғарыда келтірілген теориялық тұжырымдардың дұрыстығын дәлелдейді.
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ
Кайранбеков Г.Д., Мырхалыков Ж.У., Абдикеримов С.Ж. Анализ мотальных систем безбарабанных партионных сновальных машин. //Пищевая технология и сервис «Тамақ технологиясы және сервис» №3,2009ж.с.№37-38
Кайранбеков Г.Д., Мырхалыков Ж.У., Ахметова З.Б., Абдикеримов С.Ж. Анализ привода счетчика метража партионных сновальных машин.// Индустрия дизайна и технологии №3 2009г.с.№58-60
Кайранбеков Г.Д.Аналитическое определение некоторых переменных инерционных параметров механизмов безбарабанных партионных сновальных машин.// Индустрия дизайна и технологии №3 2009г. с. №60-62
Қызылова Т.С., Үсенбеков Ж., Қайранбеков Г.Д.. Тізіп орау орамасының тығыздығын тұрақтау үшін бумен, жылумен өңдеу. //Наука и образования Южного Казахстана, Шымкент, 2010, №1(80). с. №15-20.
Кызылова Т.С., Үсенбеков Ж., Қайранбеков Г.Д. Тізіп орау барысында орамдағы жіптердің керілуін тұрақтандыратын тәсілі туралы. //Наука и образования Южного Казахстана, Шымкент, 2010, №5(84). с. №75-79.
Ғ.Д.Қайранбеков, Ж.Ү.Мырхалықов, Т.С.Қызылова, С.Ж.Асанова. Топтамалы тізіп орау үрдісін тұрақтандыру – тоқыма өндірісінің өнімділігін арттыратын дара жол. //Наука и образования Южного Казахстана, Шымкент, 2010, №3. с. №20-25.
Мырхалықов Ж.Ү., Қайранбеков Ғ.Д., Бекбосынова Б.Н. Мақта талшықтыжіптердің тоқу серпімділік параметрлерін анықтаудың физикалық моделі . //Наука и образования Южного Казахстана, Шымкент, 2010, №5(84). с. №84-87.
А.К. Джаманкулов, Ж.У. Мырхалыков, А.А. Ешжанов, Г.Д.Кайранбеков. Влияние натяжения нитей основы на глубины проникновения шлихты в пряжу при размотке.// «Әуезов оқулары-7: М.Әуезов және қазақтану өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. Шымкент 2008ж. 10-том с. №3-4.
Кайранбеков Г.Д., Мырхалықов Ж.У. Анализ конструктивных решений привода счетчика метража партионных сновальных машин. //Вестник КГУСТА №4(26),том 1.с.132-134.Бишкек 2009г.
Кайранбеков Г.Д. Критический анализ намоточных систем безбарабанных партионных сновальных машин. //Вестник КГУСТА №4(26),том 1.с.128-130. Бишкек 2009г.
Кайранбеков Габит Дарменбекович
«Исследование механизмов сновальной машины с целью стабилизации плотности и укладки намотки на сновальном валике» диссертация на соискание ученой степени кандидата технических наук по специальности 05.02.13 – Машины, агрегаты и процессы легкой промышленности
Аннотация
Объект исследования.
Объектом исследования являются механизмы участвующие при намотке нитей на сновальный валик.
Цель работы.
Основной целью работы является теоретическое и экспериментальное обоснование стабилизация натяжения, укладки и обеспечения равномерности намотки нитей на сновальном валике.
Методы исследования.
При выполнении диссертационной работы использовались теоретические и экспериментальные методы исследований. Теоретические исследования проводились с использованием методов математики, математической статистики и теории вероятности, математического моделирования, теории механики нитей и дифференциального и интегрального исчисления. Вместе с этим при исследовании были использованы методика исследования динамики механизмов с переменными массами. При практических измерениях нагрузок на нити были использованы методы тензометрии, а при определения величины перемещения с использованием электропотенциометрии. При обработке результатов исследовании применялись методы математической статистики.
Результаты исследования.
Определены закономерности изменения приведенных массы и моментов инерции, угловые скорости и ускорения сновального и измерительного валиков безбарабанной сновальной машины.
Разработана схема измерения динамических натяжений петли нитей между измерительным и сновальным валиками. Разработана выражения позволяющая, определять максимальные и минимальные динамические нагрузки на основные нити.
Для стаблизации плотности с увеличении радиуса намотки разработана конструкция авторегулятора, управляемая пространственным кулачком и составлена выражения позволяющая проектировать формы управляющей поверхности кулачка.
В качестве одной из путей стаблизации плотности намотки разработана система, регулирущего устройства, позволяющая регулировть натяжения нитей, плотности намотки, путем синхронизации движения и уменьшения относительное скольжения между уплотняющим и измерительными валиками. Разработанном устройстве обороты валиков контролируется датчиками оборотов и при необходимости пройзводить регулировку. Натияжения снующих нитей регулируется авторегулятором6 работающеп на принципе изменения скорости оборота элекртодвигателы натяжного устроиства
Обеспечения равномерности укладки наматываемых на сновальный валик нитей применен способ месного глажения с использованием паровоздушной смеси и нагрева уплотняющего валика.
Правомерность применения стаблизации укладки снующихся нитей и соответственно стаблизации плотности намотки проверена экспериментальным путем. При этом были сравнены качества сновальных валиков изготовленных при одинаковых условиях при применении авторегуляторов усилие уплотняющего валика, натяжении нитей и применением глажения намотки и без них. Результате экспериментов показали существенное улучения качества сновки модернизированной сновальной машине ( плотность намотки сновального валика обработанного на модернизированной машине по сравнению с валиком выполненной на старой машине, выдержанные в одинаковых климатических условиях показали увеличения плотности на 8,01%).
Практическая реализация результатов работы.
Разработанный в диссертационной работе конструкции и рекмендации приняты к применению АО «Меланж» (г.Шымкент) и основные теоретические положения и экспериментальные установки применяются в учебном процессе ЮКГУ им М.О.Ауезова. Внедрение в производство разработки выполненные в диссертационной работе дали экономический эффективность 120000 тн/г.
Научно-практическая и теоретическая значимость работы.
Для инженерного способа определения динамической нагрузки на снующие нити при различных режимах работы машины предложены научное обоснования.
Проведены анализ факторов снижающие качество безбарабанного снования и выявлени причины их появления и предложены способы их устранения.
Для обеспечегния стаблизации плотности намотки, натяжения нитей предложены конструкции механизма уплотняюшего валика, схема синхронизации работи валиков и автоматический регулятор натяжения нитей. Для уплотнения и стаблизации уклатки нитей на сновальном валике предложена способ глажения с применением паровоздушной смеси.
Разработки выполненные в диссертационной работе нашли применения в производствы, а теоретические положния в учебном процессе.
Область применения
Конструкции устройства и теоретические выводы работы могут быть применены в подготовительном производства текстильной промышленности.
КAIRANBEKOV GABIT DARMENBEKOVICH
«Investigation of mechanisms of warping machine in order to stabilize the density and placement of the winding roll to warping» а thesis for the degree of candidate of technical sciences in the field 05.02.13 - Machines, units and processes of light industry
SUMMARY
The object of study. Objects of study are the mechanisms involved in wound filaments on the warping roller.
Objective. The main purpose of the work is theoretical and experimental justification for the stabilization of tension, stacking and ensure uniformity of winding yarn on warping roller.
Research methods. In fulfilling the thesis the use of theoretical and experimental research methods. Theoretical studies were carried out using the methods of mathematics, mathematical statistics and probability theory, mathematical modeling, the theory of mechanics of yarns and differential and integral calculus. Along with this, the study used the method of investigation of the dynamics of mechanisms with variable masses. In practical measurements of loads on the yarns have been used methods of strain measurement, and for the determination of displacement using elektropotentsiometrii. In processing the results of the study applied the methods of mathematical statistics.
Results of the study.
The regularities of changes in reduced mass and moment of inertia, angular velocity and acceleration of warping and the measuring roller bezbarabannoy warping machine.
Developed a scheme for measuring the dynamic tension between the measuring loop yarn and warping rollers. Developed expressions allow, to determine the minimum and maximum dynamic load on the main thread.
For stablizatsii density with increasing radius of the winding of design avtoregulyatora controlled by a spatial cam and compiled expression form allows you to design the control surface of the cam.
As one of the ways stablizatsii density winding system is designed, reguliruschego device that allows regulirovt tensioning strands, the density of the winding, by synchronizing the movement and reduce the relative slip between the sealing and metering rollers. The developed device speed roller speed is controlled by sensors and, if necessary proyzvodit adjustment. Natiyazheniya scurrying strings governed avtoregulyatorom6 rabotayuschep on the principle of changing the rate of turnover elekrtodvigately stretch ustroistva.
Ensure uniformity of packing wrap to cushion warping yarns used method of impurity ironing, using vapor and heat sealing platen.
The legitimacy of using stablizatsii laying scurrying strings and the winding density, respectively stablizatsii verified by experiment. At the same time were compared quality warping rollers manufactured under the same conditions when applying avtoregulyatorov effort sealing roller, pulling the strings and the use of ironing winding without them. The experimental results showed a significant ulucheniya quality footnote upgraded warping machine (winding density warping roller-treated at a modernized machine compared to a roller made on the old machine stored in the same climatic conditions showed an increase in density at 8.01%).
Practical implementation of the results. Developed in the thesis design and rekmendatsii taken to the use of AO "Melange" (Shymkent), and basic theoretical concepts and experimental setup used in the learning process SKSU MO Auezov. Introduction into production development made in the thesis given the economic efficiency of 120,000 tons / year.
Scientific-practical and theoretical importance of the work. For the engineering method for determining dynamic load on the threads of scurrying in different modes of operation of the machine offered scientific justification.
The analysis of the factors lowering the quality of bezbarabannogo warping and identify their causes and suggest ways to address them.
For obespechegniya stablizatsii density winding, tensioning strands proposed construction machinery uplotnyayushego roller timing circuit of rollers and automatic slack tension wires. For sealing and stablizatsii uklatki threads on warping roll offered a way of ironing with steam-air mixture.
Development performed in the dissertation have found application in production, and theoretical toric in the learning process.
Scope. Construction of the device and the theoretical conclusions of the paper can be applied in the preparation of textile industry.
Баспаға 27.11.2010жылы қол қойды.
Пішімі 60х84 1/16 баспа орталығы Rizo
Есепті баспа 1,5 п.л. Таралымы 100 дана. Тапсырыс №
Баспа орталығы ИИЦ «Сымбат» ДТА
050004, Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі 65А
Тел:273 05 11, факс 250 73 69
Достарыңызбен бөлісу: |