5. Жұмыс уақытының жиынтық есебін жасаған кезде
қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген орташа жұмыс күні
мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға тиіс шектегі кезең
есепті кезең болып танылады.
6. Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану тəртібі жұмыс
берушінің актілерімен айқындалады жəне ұжымдық шартпен
белігленеді.
6 Т А Р А У
ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ
53 бап. Демалуға жəне тамақтануға арналған үзіліс
1. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу жəне
тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем
болмайтын үзіліс берілуге тиіс. Бұл үзіліс жұмыс уақытына
енгізілмейді жəне қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады.
2. Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушінің
актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді.
3. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес
жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу
мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай
жұмыстардың тізбесі, демалу жəне тамақтану тəртібі мен орны
жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді.
54 бап. Арнаулы үзілістер
Жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабық
үй-жайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен
айналысатын қызметкерлерге жылыну жəне демалу үшін арнаулы
үзілістер беріледі. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытында қосылады.
55 бап. Күн сайынғы демалыстың ұзақтығы
Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы
арасындағы қызметкердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12
сағаттан кем болмауға тиіс.
56 бап. Демалыс күндері
1. Қызметкерлерге демалыс күндері (апта сайынғы үзіліссіз
демалыс уақыты) беріледі.
2. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге
аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні
беріледі.
3. Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік
жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің
актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні
де, əдетте қатарынан беріледі.
4. Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сəйкес келген жағдайда
жəне жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан
Республикасының үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс
күндеріне ауыстыруға құқылы.
5. Осы Заңның 59 бабында көздеген жағдайларды қоспағанда,
қызметкерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға оның
келісімімен ғана жол беріледі.
57 бап. Үзіліссіз жұмыс істейтін ұйымдардағы демалыс
күндері
Өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа
үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті
демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда,
сондай-ақ үзіліссіз өндіріс жүргізілетін ұйымдарда жұмыс
берушінің актісімен бекітілген ауысым кестесіне сəйкес,
қызметкерлердің əрбір тобына демалыс күндері аптаның əртүрлі
күндерінде кезекпен беріліп отырды.
58 бап. Мереке күндеріндегі жұмыс
Өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа
үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс
күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарды
қоспағанда, Қазақстан Республикасында белгіленген мереке
күндері жұмыс жүргізілмейді.
59 бап. Демалыс күндерінде жұмысқа тарту
Демалыс күндерінде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда:
1) төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік
аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;
2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бөлінуін
болғызбау жəне оны тергеу үшін;
3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің
одан əрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты
болатын шұғыл, алдын ала көтпеген жұмыстарды орындау үшін
жол беріледі.
60 бап. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы
1. Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге жұмыс орны
(қызметі) мен орташа жалақысы сақтала отырып, ақы төленетін
жыл сайынғы еңбек демалысына кепілдік беріледі.
2. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік
үш күннен кешіктірлмей жүргізіледі.
3. Егер басқа нормативтік құқықтық актілерді, жеке еңбек,
ұжымдық шарттарда жəне жұмыс берушінің актілерінде
қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін өзгеше көзделмесе,
қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он сегіз күн болатын
жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
4. Ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы
уəкілетті
мемлкеттік
орган
белгілейтін
өндірістердің,
жұмыстардың, кəсіптер мен қызметтердің тізбесіне сəйкес ауыр
дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды жəне қауіпті
жұмыстарды істейтін қызметкерлерге беріледі.
5. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын берудің
талаптары мен тəртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен
белгіленеді.
6. Қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым
салынады.
61 бап. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін
жұмыс стажын есептеу жəне жыл сайынғы еңбек демалысын
беру тəртібі
1. Еңбек демалысы күндеріне дəл келетін мереке күндерін
есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы,
қолданылып жүрген жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан,
күнтізбелік күндермен есептеледі.
2. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін еңбектегі
жұмыс өтіліне:
1) жұмыс жылы ішінде нақты жұмыс істеген уақыт;
Достарыңызбен бөлісу: |