Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет99/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134

Мерзімді  əскери  қызметін  өтеп  қайтқан  қызметкердің  нақ  сол 

əскерге шақырылған кəсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым 

құқығы болады. 

 

81  бап.  Жұмыс  беруші  медициналық  тексеруге  жіберетін 



қызметкерлерге арналған кепілдіктер 

Мерзімді  медициналық  тексеруден  өту  кезінде  жұмыс 

берушінің 

есебінен 

осындай 

тексеруден 

өтуге 

міндетті 



қызметкердің  жұмыс  орны  (қызметі)  мен  орташа  жалақысы 

сақталады. 

 

82  бап.  Біліктілігін  арттыруға  жəне  қайта  даярлауға 

жіберілетін қызметкерге арналған кепілдіктер 

Жұмыс  беруші  қызметкерді  өндірістен  қол  үзіп,  біліктілігін 

арттыруға жəне қайта даярлауға жіберген кезде оның жұмыс орны 

(қызметі) мен орташа жалақысы сақаталады. 

 

83 бап. Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар 

Қызметтік іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге: 

1) іссапарда болған уақыты үшін тəулік ақылар; 

2) белгіленген жерге барып-қайту жолы бойынша шығындары; 

3) тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары төленеді. 

 

84 бап. Қызметкерді ұйыммен бірге басқа жердегі жұмысқа 



ауыстыру кезіндегі өтемақылар 

Қызметкерді  ұйыммен  бірге  басқа  жердегі  жұмысқа  ауыстыру 

кезіндегі  шығындарды  өтеудің  тəртібі  мен  мөлшері  тараптардың 

келісімімен белгіленеді. 



85  бап.  Еңбекке  уақытша  жарамсыздық  бойынша 

əлеуметтік жəрдемақылар тағайындау 

Еңбекке 


уақытша 

жарамсыздық 

бойынша 

əлеуметтік 

жəрдемақылар  жалпы  ауруларға  байланысты  (жарақат  алуға, 

жүктілікті  жасанды  жолмен  бұзуға,  каратинге  байланысты, 

туберкулез немесе кəсіптік ауру себебінен уақытша басқа жұмысқа 

ауыстырылған 

кезде) 

еңбекке 


уақытша 

жарамсыздық 

жағдайларында  жəне  заңдарда  белгіленген  басқа  да  жағдайларда 

тағайындалады. 

 



86  бап.  Жүктілікті  жəне  босану  бойынша  əлеуметтік 

жəрдемақылар  мен  бала  асырап  алған  əйелдерге  (еркектерге) 

əлеуметтік жəрдемақылар тағайындау 

Жүктілікті  жəне  босану  бойынша  əлеуметтік  жəрдемақылар, 

сондай-ақ  тікелей  перзентханадан  бала  асырап  алған  əйелдерге 

(еркектерге)  əлеуметтік  жəрдемақылар  жүктілік  пен  босану 

бойынша бүкіл демалысқа немесе бала асырап алған күннен бастап, 

сəбидің  туған  күнінен  елу  алты  күн  өткенге  дейінгі  кезең  үшін 

демалысқа тағайындалады. 

 

87  бап.  Қызметкерлерге  жұмыс  берушінің  қаражаты 



есебінен əлеуметтік жəрдемақылар төлеу 

1.  Қызметкерге  жалпы  ауруға,  еңбекте  мертігуге  жəне  кəсіптік 

ауруға  байланысты,  жүктілік  пен  босану  бойынша  еңбекке 

уақытша  жарамсыздық  жөнінде  əлеуметтік  жəрдемақыларды, 

сондай-ақ  бала  асырап  алған  əйелдерге  (еркектерге)  əлеуметтік 

жəрдемақыларды  жұмыс  беруші  өз  қаражаты  есебінен  төлеуге 

міндетті. 

2.  Əлеуметтік  жəрдемақыларды  төлеу  тəртібі  мен  олардың 

мөлшері Қазақастан Республикасының заңдарымен белгіленеді. 

Егер  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  еңбекте  мертігуге  немесе 

кəсіптік ауруға байланысты болса, əлеуметтік жəрдемақыны жұмыс 

беруші  еңбекке  жарамсыздық  орын  алған  бірінші  күннен  бастап, 

жұмысқа  шыққанға  дейін  немесе  мүгедектігі  анықталғанға  дейін 

орташа жалақысының жүз проценті (пайыз) мөлшерінде төлейді. 

3.  Жұмыс  беруші  өзінің  əлеуметтік  жəрдемақылар  төлеу 

жөніндегі  міндеттемелрін  орындамағаны  немесе  тиісінше 

орындамағаны  үшін  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 

белгіленгендей жауапты болады. 



88  бап.  Жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен  оқыту  жəне 

біліктілігін арттыру 

1.  Жұмыс  берушінің  мүдделерін  көздеп  кадрлар  даярлау  үшін 

жұмыс  берушінің  өз  қаражаты  есебінен  қызметкерді  оқытуға 

немесе оқуға жіберуге құқығы бар. 

2.  Жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен  оқыған,  біліктілігін 

арттырған  немесе  қайта  даярлаудан  өткен  қызметкер  сол  жұмыс 




берушіде тараптардың жеке еңбек шартында келісілген мерзімінде 

жұмыс істеуге міндетті. 

3.  Қызметкердің  бастамасы  бойынша  немесе  қызметкердің 

кінəсі  салдарынан  жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  жеке 

еңбек  шарты  бұзылған  жағдайда  жұмыс  берушіге  қызметкер  өзін 

оқытуға  байланысты  шығындарды  жұмыс  істеу  мерзімінің  жұмыс 

істелмеген  мерзіміне бара-бар етіп, толығымен төлейді. 

 

 



 

9  Т А Р А У



 

 

ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ 

МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

 

89 бап. Тараптардың өздері келтірген зиянды өтеу жөніндегі 



міндеті 

1.  Жеке  еңбек  шартындағы  басқа  тарапқа  зиян  келтірген  тарап 

оны  осы  Заңға  жəне  өзге  де  заң  актілеріне  сəйкес  сот  шешімі 

негізінде не ерікті түрде өтейді. 

2. Жеке еңбек шартында осы шарт тараптарының материалдық 

жауапкершілігі нақтыланады. 

 

90  бап.  Қызметкерге  жарақаттанудан  немесе  өзге  де 

денсаулығы зақымдалуынан келтірілген зиянды өтеу 

1.  Егер  қызметкер  өзінің  еңбек  (қызметтік)  міндеттерін 

атқаруына  байланысты  жұмыс  берушінің  кінəсінен  жарақат  алса 

немесе  денсаулығына  өзге  де  зақым  келіп,  соның  салдарынан  ол 

еңбек  қабілетін  толық  немесе  ішінара  жоғалтса,  жұмыс  беруші 

қызметкерге  сақтандыру  өтемі  төленбейтін  кезде  оған  келтірген 

зиянды  Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық 

актілерінде көзделген тəртіп пен жағдайларда өтеуге міндетті. 

2.  Еңбек  міндеттерін  атқару  кезінде  қызметкердің  өмірі  мен 

денсаулығына жəне ұйымның мүлкіне келтірген зиян үшін жұмыс 

берушінің жауапкершілігі сақтандырылуға тиіс. 

 

91  бап.  Қызметкерлердің  толық  материалдық  жауапты 



жағдайлары 

Қызметкерлер: 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау