Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет39/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134

міндеттерін орындауы уақытша тоқтатылады. Мысалы, санитарлық 

инспекция жұқпалы аурумен науқастанған қызметкерді қызметінен 

босатуды талап етуі мүмкін. Немесе лауазымды тұлға айыпталушы 

ретінде жауапкершілікке тартылса, онда тергеуші немесе анықтама 

органы  қажет  болған  жағдайда  айыпталушыны  лауазымынан 

уақытша босатуды талап етуге құқылы. Тергеуші немесе анықтама 

органы  қабылдаған  жəне  прокурор  бекіткен  жұмыстан  шеттету 

туралы  қаулыны  қабылдаған  кезде  жұмыс  беруші  осы  қаулыны 

орындауға  жəне  қызметкерді  өзінің  міндеттерін  орындаудан 

босатуға  міндетті.  Алайда,  мұндай  шеттеудің  ұзақтығына 

қарамастан бұл шара жеке еңбек шартын тоқтату үшін дербес негіз 

болып табылмайды. 

Аталған бапта жұмыс берушінің қызметкерді жұмыстан шеттету 

негіздерінің тізімі берілген. Жұмыс беруші бұдан өзге жағдайларда 

қызметкерді жұмыстан шеттете алмайды. 

Бұл  тізімге  сəйкес  жұмыс  беруші  алкогольдік,  нашарлық 

масаңдық  немесе  өзге  де  түрдегі  улану  жағдайында  жұмысқа 

келген қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті. Егер қызметкер 

алкогольдік,  нашарлық  масаңдық  немесе  өзге  де  түрдегі 

улану  жағдайында  жұмысқа  келгеннен  кейінгі  күндерде 

қызметкерге тəртіптік жаза қолдану, жұмыстан босату жəне өзге де 

мəселелер  шешілгенге  дейін  жұмыс  беруші  оны  қызметіне 

жібермесе, бұл құқық бұзушылық болып табылады. 

Еңбекті қорғау ережелері еңбекті қорғауға қатысты мемлекеттік 

нормативтік  талаптарды  белгілейтін  нормативтік  құқықтық  акт 

болып  табылады.  Олар  меншік  нысанына  қарамастан  барлық 

ұйымдардың орындауы үшін міндетті. 

Бұл  бапқа  сəйкес  еңбек  қорғау  ережелері  бойынша  емтихан 

тапсырмаған  қызметкер  емтиханды  тапсырғанға  дейін  жұмысына 

жіберілмейді.  Алайда,  еңбек  қорғау  ережелері  бойынша 

емтиханды  тапсырған  сəттен  бастап  қызметкерді  жұмыстан 

шеттету тоқтатылады. 

Еңбектің  қауіпсіз  жағдайларын  қамтамасыз  ету  жұмыс 

берушінің  міндеті  болып  табылады.  Сондықтан,  зиянды  еңбек 

жағдайлары  орын  алған,  сонымен  қатар,  ерекше  температуралық 

режимдегі 

немесе 

ластаумен 



байланысты 

жұмыстарда 

қызметкерлерге белгіленген нормаларға сəйкес арнайы киім-кешек, 

арнайы  аяқ  киім  жəне  жеке  басын  қорғаудың  өзге  де  құралдарын 

тегін береді. Мұнда құралдардың барлығы қызметкерге өзінің өмірі 



мен  денсаулығын  қорғауы  мақсаттарында  пайдалану  үшін  белгілі 

бір мерзімге беріледі. 

Егер  қызметкер  жеке  басын  қорғаудың  өзіне  берілген 

құралдарын  пайдаланбаса,  онда  еңбек  міндеттерін  орындау 

барысында  қызметкерге  əр  түрлі  зақымдар  немесе  денсаулығына 

өзге  де  зияндар  келуі  мүмкін.  Ал  барлық  меншік  нысанындағы 

ұйымдар қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде орын алған 

зиян  (жарақат  немесе  денсаулыққа  келтірілген  өзге  де  зақым)  үшін 

материалдық  жауапкершілікте  болатындықтан,  егер  еңбек 

жарақаты  жұмыс  берушінің  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын 

қамтамасыз  етпеуі  салдарынан  орын  алса,  онда  бұл  жағдай 

ұйымның  кінəсінен  туындады  деп  саналады.  Мұндай  жағдайларда 

ұйым қызметкерге келтірілген зиянды өтеуге міндетті. 

Алайда,  егер  ұйым  орын  алған  зиянның  өз  кінəсінен 

келтірілмегенін  дəлелдесе,  онда ол  жауапкершіліктен  босатылады. 

Жұмыс  беруші  берген  керекті  құралдарды  қызметкердің 

пайдаланбау  фактісі  ұйымның  денсаулыққа  келген  зиян  үшін 

кінəсіздігінің дəлелдерінің бірі болып табылады. 

Қызметкер  жеке  басын  қорғанудың  жұмыс  беруші  берген 

керекті  құралдарын  пайдаланбаған  кезінде  қызметтен  шеттетіледі. 

Кейінірек  қызметкер  тиісті  талаптарды  сақтаған  жағдайда 

жұмысына қайта жіберілуі мүмкін. 

Зиянды  немесе  қауіпті  еңбек  жағдайларымен,  көлікпен, 

балалармен, қоғамдық тамақтанумен жəне т.б. маңызды салалармен 

байланысты  қызмет  атқаратын  қызметкерлердің  тапсырылып 

отырған  жұмысқа  жарамдылығын  анықтау  жəне  кəсіптік 

аурулардың  алдын  алу  үшін  міндетті  алдын-ала  жəне  мерзімді 

медициналық тексеруден өтеді. 

Мемлекеттік  органдар  міндетті  алдын-ала  жəне  мерзімді 

медициналық  тексеруден  өтумен  байланысты  зиянды  өндірістік 

факторлар  мен  жұмыстардың  тəртібі  мен  тізімін  анықтаған. 

Сондықтан,  егер  қызметкерлердің  осы  санаты  үшін  медициналық 

тексеру  міндетті  болып  табылса,  оның  тексеруден  бас  тартуға 

құқығы жоқ. Қызметкер міндетті медициналық тексеруден өтпеген 

жағдайда,  жұмыс  беруші  оны  жұмыстан  шеттетуге  міндетті. 

Алайда,  қызметкер  қажетті  медициналық  тексеруден  өткеннен 

кейін ол өзінің еңбек міндеттерін орындауға жіберіледі. 

Жұмыстан шеттету оған негіз болған себептер көрсетіле отырып 

жұмыс  берушінің  бұйрығымен  ресімделуі  тиіс.  Жұмыстан 



шеттеткен  кезінде  жұмыстан  шеттетілген  қызметкердің  жұмыс 

орны  (лауазымы)  сақталады,  алайда,  жалақының  төленуі 

тоқтатылады. 

Қызметкерді  жұмыстан  шеттету  оған  негіз  болған  себептер 

анықталғанға  дейінгі  мерзімге  дейін  жүзеге  асырылуы  мүмкін. 

Заңдарда бұл мерзім нақты анықталмаған жəне шектелмеген. Қалай 

болғанмен де, бұл мерзім ішінде жұмыстан шеттетуге негіз болған 

жағдайлар жойылуы тиіс. 



 

«ҚР еңбек туралы» заңының 25-бабы  

 

Жеке еңбек шартын бұзу 

 

2.  Жеке еңбек шарты: 

1)  тараптардың келісімімен; 

2)  бір тараптың бастамасымен; 

3)  заң актілерінде көзделген басқа да негіздермен бұзылуы 

мүмкін. 

 

Жеке  еңбек  шартын  бұзу – бұл  еңбек  қатынастарын  қандай  да 



бір  тараптың  (жұмыс  беруші,  басшылық,  үшінші  тұлғалар  жəне 

т.б.)  бастамасымен  тоқтату,  яғни,  жеке  еңбек  шартын  бұзу  үшін 

еңбек  құқығы  қатынастарының  кем  дегенде    бір  тарапының  өз 

еркін білдіруі қажет. Жеке еңбек шартын бұзудың оны тоқтатудан 

айырмашылығы  мынада – еңбек  шартын  тоқтатуды  еңбек 

қатынастарын  тоқтатуға  қатысты  біржақты  да,  екіжақты  да  ерікті 

əрекеттер,  сонымен  қатар,  еңбек  қатынастарын  тоқтатуға  əкелетін 

оқиғалар  (қызметкердің  қайтыс  болуы,  əскери  қызметке 

шақырылуы  жəне  т.б.)  қамтиды.  Ал  еңбек  шартын  бұзу – бұл  тек 

біржақты ерікті əрекеттер. 

ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңында  еңбек  шартын  тараптардың 

келісімі  бойынша  бұзу  дербес  негіз  ретінде  көзделген.  Еңбек 

шартын  тараптардың  келісімі  бойынша  бұзу  еңбек  қатынастарын 

тараптардың  бірлескен  бастамасымен  бұзуды  білдіреді.  Белгісіз 

мерзімге, белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір жұмысты орындау 

уақытына  жасалған  еңбек шартының əрекет етуінің кез келген уақытында 

мұндай келісімге  келуге  болады.  Көп  жағдайда  еңбек  қатынастарын 

тоқтатудың бұл негізі белгілі бір жұмысты орындау уақытына жəне 

белгісіз  мерзімге  жасалған  шарттарды  мерзімінен  бұрын  бұзу 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау