4 Т А Р А У
ƏЛЕУМЕТТІК ƏРІПТЕСТІК ТАРАПТАРЫ АРАСЫНДА
КЕЛІСІМДЕР ЖАСАСУ ТƏРТІБІ
14
бап.
Республикалық,
салалық,
аймақтық
комиссиялардың шешімдер қабылдау тəртібі
1.
Комиссиялардың
шешімдері
барлық
тараптардың
келіссөздерде келісімге қол жеткізуі негізінде ғана қабылданады
жəне тиісті келісімдермен ресімделеді.
2. Келіссөздер жүргізу барысында, егер тараптары келісімге
келе алмаса, хаттама жасалып, оған тараптардың келіспеушіліктері
жою жөніндегі жəне келіссөздерді қайта жүргізу мерзімдері туралы
түпкілікті тұжырымдалған ұсыныстары енгізіледі.
3. Шешімдер қабылдау мен жұмысты ұйымдастырудың тəртібін
комиссияллар əзірлейді жəне бекітеді.
15 бап. Келісімдердің тараптары, түрлері жəне қолданылуы
1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының
Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері жəне
қызметкерлердің республикалық бірлестіктері арасында Бас келісім
жасалады.
Бас келісім – Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс
берушілердің республикалық бірлестіктері жəне қызметкелердің
республикалық бірлестіктері өздерінің құзіреті шегінде жасасатын,
аймақтық жəне салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу
кезінде
ескерілетін,
республикадағы
əлеуметтік-еңбек
қатынастарын жəне солармен байланысты экономикалық
қатынастарды реттеудің жалпы принциптерін белгілейтін
құқықтық акт.
2. Салалық деңгейде тиісті атқарушы органдар жəне жұмыс
берушілер
мен
қызметкерлердің
уəкілетті
өкілдері
арасында салалық келісімдер жасалады.
Салалық келісім – ақы төлеу нормалары мен еңбекке
байланысты басқа да мəселелерді, өзара міндетттемелерді, сондай-
ақ нақты сала қызметкерлері үшін əлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді
айқындайтын, барлық тараптар (əріптестер) үшін міндетті болатын
жəне аймақтық келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасасу кезінде
ескерілетін, əріптестік тараптары жасап, жазбаша шарт түрінде
ресімдейтін құқықтық акт.
3. Аймақтық деңгейде жергілікті атқарушы органдар, жұмыс
берушілер, қызметкерлер бірлестіктер арасында аймақтық (
облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасалады.
Аймақтық келісім – аумақтық ерекшеліктерге байланысты еңбек
жағдайларын,
əлеуметтік
кепілдіктер
мен
жеңілдіктерді
белгілейтін, келісім тараптары əкімшілік-аумақтық бөліністер
деңгейде жасайтын, барлық тараптар (əріптестер) үшін міндетті
болатын жəне ұжымдық шарттарды жасасу кезінде ескерілетін,
жазбаша шарт түрінде ресімделетін құқықтық акт.
4. Келісімдердің күші келіссөздерде өздерінің атынан осы
келісімді əзірлеуге жəне жасасуға тараптардың тиісті өкілдеріне
уəкілдік берген тиісті органдарға, жұмыс берушілер мен
қызметкерлерге, сондай-ақ келісім жасалғаннан кейін оған
қосылған атқарушы органдарға, жұмыс берушілер мен
қызметкерлерге қолданылады.
16 бап. Келісімдерді əзірлеу жөнінде келіссөздер жүргізу
құқығы
1. Тараптардың кез келген келісімнің əзірленуі, мазмұны,
жасалуы, өзгертілуі, толықтырылуы жөніндегі келіссөздердің
бастамашысы болуға құқылы.
2.
Республикалық,
салалық,
аймақтық
деңгейлерде
қызметкерлер мен жұмыс берушілер уəкілдік берген бірнеше
өкілдер бар болған жағдайда олардың əрқайсысына өздері өкіл
болып отырған қызметкерлер мен жұмыс берушілер атынан
келіссөздер жүргізуге құқық беріледі.
17 бап. Келісімдердің мазмұны
1. Келісімдерде:
қолданылу мерзімі туралы;
орындалуына бақылау жасау тəртібі туралы;
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тəртібі туралы;
тараптардың өздеріне алған міндеттемелерді орындамаған
жағдайдағы жауапкершіліктері туралы ережелер қамтылуға тиіс.
2. Бас келісімнің мазмұнын əлеуметтік əріптестік пен əлеуметтік
жəне еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін
республикалық үш жақты комиссия əлеуметтік əріптестіктің
барлық тараптары немесе олардың біреуі ұсынған Бас келісімнің
жобаларын негізге ала отырып айқындайды.
3. Салалық жəне аймақтық келісімнің мазмұнын əлеуметтік
əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу
жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін салалық жəне аймақтық
комиссиялар əлеуметтік əріптестіктің барлық тараптары немесе
олардың біреуі ұсынған келісімдердің жобалары негізінде
айқындайды.
4. Келісімдерде:
1) еңбекке ақы төлеу жағдайлары жəне еңбекті қорғау, еңбек
жəне демалыс режимі туралы;
2) келісіммен айқындалған, баға мен инфляцияның деңгейін,
күнкөрістің ең төменгі деңгейі мен көрсеткіштердің орындалуын
негізге ала отырып, еңбекке ақы төлеуді реттеу тетігі туралы;
3) өтем сипатындағы қосымша ақылар туралы;
4) қызметкерлерді жұмыспен қамтуға, кəсіби əзірлеуге жəне
қайта əзірлеуге жəрдемдесу туралы;
5) жұмыс істеу жəне демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасау
жолымен өндірістегі қызметкерлердің денсаулығын қорғауды
ұйымдастыру жəне тиісті қоршаған ортаны қамтамасыз ету туралы;
6) салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі шаралар туралы;
7) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін əлеуметтік
қорғау жөніндегі арнаулы шаралар туралы;
8) өндіріс уақытша тоқтап қалған жағдайда қызметкерлерді
қорғау шаралары туралы;
9) жанжалдар мен еруілдерді болғызбау, еңбек тəртібін нығайту
туралы;
10) əлеуметтік-еңбек мəселелері жөнінде заңдарға қайшы
келмейтін басқа да ережелер;
11) əлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жəрдемдесу туралы
ережелер көзделуі мүмкін.
18 бап. Келіссөздер жүргізу, келісімдерді əзірлеу мен жасасу
тəртібі
1. Келіссөздердің басталуы туралы екінші тараптан жазбаша
ұсыныс алған тараптар күнтізбелік он күн ішінде оларды қарауға
жəне келіссөздерге кірісуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |