Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет126/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   134

2.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілердің  еңбегіне  ақы  төлеу 

жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.  

Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілердің    еңбегіне  ақы  төлеу 

Қазақстан    Республикасының  Президенті  бекіткен  Еңбекке  ақы 

төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.  

3. 


Мемлекеттік 

əкімшілік 

қызметшілердің 

жалақысы 

республикалық жəне жергілікті бюджеттердің қаржылары есебінен 

не Ұлттық Банк қаржысынан төленеді. 

Бюджет    қаржысының  қысқаруы  жалақыны,  сондай-ақ  осы 

Заңда  көзделген  өзге  де  кепілдіктерді,  жеңілдіктерді  жəне 

өтемақыларды қаржыландыруды азайту үшін негіз бола алмайды.  

4. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің жалақысы мен оларға 

төленетін  басқа  да  төлемдер  заңдарда  белгіленген    тəртіппен  

индекстелуге   тиіс.  

 

22 бап. Мемлекеттік қызметшілердің демалысы 

1. Мемлекеттік қызметшілерге сауықтыру үшін екі лауазымдық 

айлықақысы  мөлшерінде  жəрдемақы  төленіп,  ұзақтығы  отыз 

күнтізбелік күнге ақы төленетін жыл сайын демалыс беріледі. 

2. Мемлекеттік қызметшілердің қалауы бойынша жыл сайынғы 

ақы төленетін демалыс оларға бөліп-бөліп берілуі мүмкін.  

3.  Мемлекеттік  қызметшіге  жалақысы  сақталмайтын  демалыс 

берілуі мүмкін.  

4.  Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілер  мемлекеттік  орган 

басшысының  шешімі    бойынша  жыл  сайынғы  немесе  қосымша 

демалыстан  шақыртылып  алынуы  мүмкін.  Пайдаланылмаған 

демалыстың қалған бөлігі мемлекеттік əкімшілік қызметшіге тиісті 

жылдың    басқа  кез  келген  уақытында  беріледі  не  келесі  жылғы 

демалысына қосылады. 

 

23 бап. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу 

1.  Мемлекеттік  қызметшілер  лаузымдық  міндеттерін  үлгілі 

орындағаны,  мінсіз  мемлекеттік  қызметі,  ерекше  маңызды  жəне 

күрделі  тапсырмаларды  орындағаны  үшін  жəне  жұмыстағы  басқа 

да жетістіктері үшін: 

біржолғы ақшалай сыйақы беру; 

алғыс жариялау; 



бағалы сыйлықтар мен марапаттау; 

сондай-  ақ  Қазақстан  Республикасының    заңдарында  көзделген 

көтермелеудің өзге де нысандары арқылы көтермеленуі мүмкін.  

Мемлекеттік    қызметшілер  ерекше  еңбек  сіңіргені  үшін 

Қазақстан  Республикасының    мемлекеттік    наградаларымен 

марапатталады.  

 

24  бап.  Мемлекеттік  қызметшілерді  əлеуметтік  қорғау 

шаралары 

 1.  Мемлекеттік    қызметкерлер  заңдарда  белгіленген  тəртіп 

бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.  

2.  Тұрғын  үй  жағдайын  жақсартуға  мұқтаж  мемлекеттік 

қызметшілерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі тегін 

беріледі.  Жер  учаскесін  беру  шарттарын  Республика  Үкіметі 

белгілейді.  

3.  Мемлекеттік  қызметшілер  жəне  олармен  бірге  тұратын 

отбасы  мүшелері  белгіленген  тəртіппен  тиісті  мемлекеттік 

денсаулық  сақтау    мекемелерінде  медициналық  қызмет  көрсетуді 

пайдаланады.  

4. 


Мемлекеттік 

орган 


таратылған 

немесе 


қайта  

ұйымдастырылған  жағдайда  мемлекеттік  əкімшілік    қызметшілер, 

мемлекеттік  органдарда  кемінде  үш  жыл  жұмыс  өтіліп  болған 

жағдайда, олардың біліктілігіне сəйкес жаңадан құрылған не басқа 

мемлекеттік органда жұмыспен қамтамасыз етіледі, не мемлекеттік 

əкімшілік  қызметшілердің    таңдауымен  орташа  төрт  айлық 

жалақысы мөлшерінде шығу жəрдемақысы төленеді.  

Мемлекеттік  органның  штаты  (саны)  қысқарған  жағдайда  

мемлекеттік  қызметшіге  мемлекеттік  органдардағы  жұмыс  өтіліп 

үш  жылдың  кем  болмаған  кезде,  төрт    орташа  айлық  жалақысы 

мөлшерінде шығу жəрдемақысын төлеу жүргізіледі.   

5.  Мемлекеттік қызметші қайтыс болған жағдайда оның отбасы 

мүшелеріне  мемлекеттік  органдағы  соңғы  қызмет  орны  бойынша 

үш  орташа  жалақысы  мөлшерінде  біржолғы  жəрдемақы  төленеді, 

бұл орайда жəрдемақының мөлшері заңдарда белгіленгеннен төмен 

болмауы керек. 

   

 

25  бап.  Мемлекеттік  қызметшілерді  зейнетақымен  жəне  əлеуметтік 



қамсыздандыру  


Мемлекеттік  қызметшілерді  зейнетақымен  жəне  əлеуметтік 

қамсыздандыру    Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес 

жүзеге асырылады.  

    


 

6   Т А Р А У 



 

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ  МЕМЛЕКЕТТІК 

ҚЫЗМЕТТІ  ТОҚТАТУЫ 

 

26  бап.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілердің  отставкаға 



шығуы жəне қызметтен басталуы 

1.  Отставка  дегеніміз  мемлекеттік  саяси  қызметшінің  тиісті 

мемлекеттік лауазымдағы міндеттерін атқаруды тоқтатуы, ол оның  

жазбаша арызы негізінде жүзеге асырылады.  

2.  Отставканы  мемлекеттік  саяси  қызметшіні  осы  лауазымға 

тағайындаған (сайлаған) мемлекеттік орган немесе лауазымды адам 

қабылдайды  немесе  одан  дəлелді  бас  тартылады.  Отставканы 

қабылдау  немесе  одан  бас  тартылу  туралы  шешім  жазбаша  арыз 

берілген  күннен  бастап  бір  ай  мерзімде  қабылданды.  Саяси 

қызметші  отставкадан  бас  тартылған  жағдайда  қызметтік 

өкілеттігін  атқаруды  жалғастыруға  тиіс  жəне  оның  заңдарда 

көзделген тəртіппен қызметтен босауға құқығы бар.  

3.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілер  Конституцияда,  осы  Заңда  

жəне  Қазақстан  Республиасының  өзге  де  заңдарында  белгіленген 

негіздер мен тəртіп бойынша отставкаға шығады. 

4.  Лауазымдық  өкілеттігін  өрескел  бұзу,  мемлекеттік  қызметте 

болуға  лайықсыз  қылықтар  жасау  мемлекеттік  саяси  қызметшінің  

отставкаға  шығуы  үшін  негіз  бола  алмайды,  қайта  жұмыстан  

босату  үшін  негіз  болады.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілерді 

қызметтен 

босатудың 

негіздері 

мен 

тəртібін 



Қазақстан 

Республикасының  Президенті белгілейді. 

5.  Осы  Заңның 7 бабының 2 тармағында  аталған  лауазымды 

адамдар  отставкаға  шығу  құқығы  бар  лауазымды  адамдар  жəне 

отставкаға шығуға міндетті лауазымды адамдар болып табылады. 

 

 



 

 


жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау