Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет81/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   134

Бірінші  кезең – талаптар  қою.  Бұл  кезеңде  еңбек  ұжымы 

ұйымдағы  еңбек  ақысын  төлеу  тəртібін  бекіту  жəне  өзгерту, 

ұжымдық  еңбек  шарттарын  жəне  қызметкерлер  мен  жұмыс 

берушінің  арасындағы  өзге  де  келісімдерді  орындау  мен  өзгерту 

мəселелеріне  қатысты  талаптар  қояды.  Еңбек  ұжымының 

талаптары ұжым мүшелерінің немесе конференция делегаттарының 

көпшілік 

дауысымен 

жалпы 

жиналыста 



(конференцияда) 

анықталып,  бекітіледі.  Жиналыста  хаттама  толтырылады,  ал 

шешімде  қызметкерлердің  талаптары  анық  көрсетілуі  тиіс. 

Қойылған  талаптар  жазбаша  түрде  мəлімделіп,  жұмыс  берушіге 

ұсынылады.  Қызметкерлер  талаптарды  қоюмен  бір  мезгілде 

ұжымдық  еңбек  дауына  қатысу  жəне  оны  шешу  үшін  өздерінің 

уəкілетті өкілдерін сайлайды. 

Дауды тараптардың қарауы. Бұл кезеңде жұмыс беруші еңбек 

ұжымының  талаптарын  оларды  қабылдаған  күннен  бастап  үш 

жұмыс  күнінде  қарауға  жəне  даудың  мəні  бойынша  келісімге 

келуге  тырысуға,  ал  келісімге  келе  алмаған  жағдайда  аталған 

мерзім  ішінде  дауды  одан  əрі  қарастыру  үшін  өз  өкілдерінің 

құрамын көрсете отырып шешім мен ұсыныстарын еңбек ұжымына 

жазбаша түрде ұсынуға міндетті. 

Екі  не  одан  да  көп  еңбек  ұжымдарының  біріккен  немесе 

бірлескен  талаптары  жұмыс  берушілердің  тиісті  органдарына 

жіберіледі.  Бұл  органдар  талаптарды  алған  күннен  бастап 

күнтізбелік  жеті  күн  ішінде  оларды  қарауға  жəне  еңбек 

ұжымдарының  біріккен  өкілдік  органына  өз  шешімін  жариялауға 

міндетті. 

Дауды келісім комиссиясының қарауы. Егер жұмыс берушінің 

шешімі  еңбек  ұжымын  қанағаттандырмаса,  ұжымдық  еңбек  дауы 

үшінші кезеңге – келісім комиссиясының қарауына өтеді. Бұл кезде 

тараптардың  ешқайсысының  бітімгершілік  процедураларына 

қатысудан бас тартуға құқығы жоқ. Ұжымдық еңбек дауын келісім 

комиссиясының  қарауы  міндетті  кезең  болып  табылады. 

Тараптардың  кез  келгені  келісім  комиссиясын  құру  бастамасын 

иеленуге  құқылы.  Келісім  комиссиясын  құру  туралы  ұсыныс 

жазбаша түрде ресімделеді жəне екінші тарапқа ұсынылады. 

Келісім  комиссиясы  жұмыс  беруші  өз  шешімін  жариялаған 

немесе  жарияламаған  күннен  бастап  күнтізбелік  үш  күн  ішінде                    

тараптардың  өкілдері  арасынан  тең  негізде  құрылады.  Келісім 

комиссиясын құру жұмыс берушінің бұйрығымен ресімделеді. 



Жұмыс берушіге келісім комиссиясының жұмысы үшін қажетті 

жағдайлар  жасау  міндеті  жүктеледі,  яғни,  жұмыс  беруші  келісім 

комиссиясын  жұмыс  істейтін  орнымен,  кеңсе  тауарларымен, 

қажетті  құжаттармен,  есеп  қорытындыларымен  жəне  т.б. 

қамтамасыз етуге міндетті. 

Келісім  комиссиясы  құрылған  күннен  бастап  күнтізбелік  жеті 

күн  ішінде  еңбек  ұжымының  талабын  қарайды.  Келісім 

комиссиясының  қарауына  оған  дейінгі  келіссөздермен  немесе 

жұмыс берушінің шешімімен шешілмеген талаптар ұсынылады. 

Келісім  комиссиясы  өз  жұмысы  барысында  қызметкерлермен, 

олардың  өкілдерімен,  басшылықпен,  мемлекеттік  органдармен 

кеңесуге,  мамандарды,  сарапшыларды  шақыртып,  оларды 

тыңдауға, қосымша құжаттарды талап етуге жəне т.б. құқылы. 

Келісім 


комиссиясының 

шешімі 


хаттаманың 

негізінде 

тараптардың    келісімімен  қабылданады,  оған  екі  тарап  та  қол 

қояды.  Бұл  шешім  міндетті  күшке  ие  жəне  осы  шешімнің  өзінде 

көрсетілген мерзімде жəне тəртіпте орындалады. 

Шешім  тараптарға  олардың  өкілдері  арқылы  жеткізіледі. 

Келісім комиссиясының шешімін орындау мерзімі заңдарда нақты 

айқындалмаған,  сондықтан,  шешімнің  өзінде  тараптардың  оны 

орындауға  байланысты  əрекеттері,  орындау  мерзімі  жəне  тəртібі 

ерекше аталып өтуі тиіс. 

Ұжымдық  еңбек  дауының  тараптары  келісім  комиссиясында 

өзара  келісімге  келе  алмаған  жағдайда  немесе  жұмыс  беруші 

келісім комиссиясының құрудан не оның жұмысына қатысудан бас 

тартқан  жағдайда,  тараптар  дауды  делдал  арқылы  немесе  еңбек 

арбитражында қарау мүмкіндігіне ие болады. 

Ұжымдық еңбек дауын еңбек арбитражында қарау. Төртінші 

кезең – ұжымдық  еңбек  дауын  қарастырудың  тағы  да  бір 

мүмкіндігі – еңбек  арбитражы.  Еңбек  арбитражы  нақты  бір 

ұжымдық  еңбек  дауын  шешу  үшін  уақытша  құрылады.  Оны 

ұжымдық  еңбек  дауының  тараптары  күнтізбелік  бес  күн  ішінде 

əлеуметтік-еңбек  қатынастарын  реттеу  жөніндегі  республикалық 

немесе жергілікті үшжақты комиссияның қатысуымен құрайды. 

Еңбек  арбитражының  құрамы  мен  оның  мүшелерінің  санын 

ұжымдық  еңбек  дауының  тараптарының  келісімімен  анықталады. 

Соған  қарамастан,  қолданыстағы  заңдардың  талаптарына  сəйкес, 

еңбек  арбитражы  төрағаны  қосып  санағанда  кем  дегенде  үш 

адамнан құралуы тиіс. 




Еңбек  арбитражының  құрамына  кəсіптік  одақтардың,  еңбек 

жөніндегі  органдардың  өкілдері,  маман-сарапшылар  жəне  өзге  де 

тұлғалар  кіреді.  Еңбек  арбитражының  төрағасы  тараптардың 

келісімімен тағайындалады. 

Еңбек  арбитражы  ұжымдық  еңбек  дауын  тараптар  өкілдерінің 

міндетті  түрде  қатысуымен,  ал  қажет  болған  жағдайда  өзге  де 

мүдделі  тұлғалардың  өкілдерінің  қатысуымен  қарайды.  Дауды 

қарау  процедурасын  еңбек  арбитражы  анықтайды  жəне  бұл 

жөнінде тараптарды хабарландырады. 

Еңбек  арбитражы  тараптардың  талаптары  мен  ұсыныстарын 

қарастырады,  сонымен  қатар,  қажетті  құжаттар  мен  мəліметтерді 

талап  етуге  құқылы,  қажет  болған  жағдайда  мемлекеттік  билік 

органдары  мен  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарын  орын  алуы 

мүмкін  əлеуметтік  салдар  жөнінде  хабарландырады,  ұсыныстар 

жасайды,  ұжымдық  еңбек  дауын  шешудің  оңтайлы  жолын 

қарастырады. 

Еңбек  арбитражының  шешімдері  мен  ұсыныстары 

арбитраж  құрылған  күннен  бастап  күнтізбелік  жеті  күн  ішінде 

оның  мүшелерінің  қарпайым  көпшілік  дауысымен  қабылданады. 

Арбитраж  мүшелерінің  дауыстары  теңдей  бөлінген  жағдайда, 

төрағаның  дауысы  шешуші  мəнге  ие  болады.  Шешім  негізделген 

болуы  тиіс,  жазбаша  нысанда  толтырылып,  оған  еңбек 

арбитражының барлық мүшелері қол қоюы тиіс. 

Егер  тараптар  бұл  жөнінде  жазбаша  нысанда  келісім  жасаса, 

еңбек арбитражының шешімі орындалуға міндетті. 

Ұжымдық  еңбек  дауын  делдалдың  көмегімен  шешу.  ҚР 

«Ұжымдық  еңбек  даулары  жəне  ереуілдер  туралы»  заңына  сəйкес 

ұжымдық еңбек дауын қарастырудың кез келген кезеңінде делдалға 

жүгіне  алады.  Ұжымдық  еңбек  дауын  қарастыруға  делдалдың 

қатысу  процедурасы  дауды  келісім  комиссиясында,  еңбек 

арбитражында  қараумен  салыстырғанда  дербес  сипатқа  ие  жəне 

олармен қатар жүргізілуі мүмкін. 

Ұжымдық  еңбек  дауын  делдалдың  қатысуымен  қараудың 

тəртібін дау тараптарының келісіміне негізделе отырып делдалдың 

өзі анықтайды. 

Тараптар делдал ретінде өздері үшін беделді ұйымдарды немесе 

тараптарға  қатысы  жоқ  тұлғаларды  шақыруы  мүмкін.  Алайда, 

барлық  жағдайларда  делдалдың  делдалыққа  қатысты  келісімі 

алынуы қажет. 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау