3.3. Турбинді цех
Турбинді цехта қыздырылған буды электрэнергиясына қайта құру жолымен электр энергиясын өндіру, сондай-ақ, КЦ бу қазандығы агрегаттары мен жылу желілерін қоректендіру үшін суды қыздыру іске асырылады.
Жылу желісін қоректендіру үшін шаруашылық ауыз суы Сопки-305 су тазалағыш ғимараттан химиялық цехта тазаланғаннан кейін химиялық цехта жұмсартылар алдында алдын-ала қыздыру үшін турбинді цехқа келіп түседі. Химиялық цехта өңделгеннен кейін жұмсартылған су турбинді цехқа ОПС және ПХВС (химиялық тазартылған суды қыздырғыштар) кері қайтарылады.
Қыздырылған жұмсартылған су желілі деаэраторға түседі, осы жерде бос көмірқышқылы мен сутегі жойылады. Деаэратордан кейін ОПС арқылы ыстық сумен қамтамасыз ету желісінің кері құбырына желілік сорғылардың жұтылуына түседі.
Кері желілі су желілі сорғылармен (СЭ-250-жылу желісінің 1-аймағы – Заводской поселкесі мен Степнорск қ. өнеркәсіптік алаңы және СЭ 2500-2-аймақ – қаланы жылумен қамту) қажетті өлшемдерге қыздыру үшін бойлерлі қондырғыға түседі де ыстық сумен қамтамасыз ету желісінің тікелей құбырына беріледі.
Тікелей желінің құбыры бойымен ыстық су не болмаса тұтынушыларға бірден тасымалданады немесе анағұрлым жоғары температураға дейін қыздыру үшін су қайнатқыш бу қазандығына алдын-ала жіберіледі.
Ыстық су қорын сақтау үшін жылу желісінің қажеттіліктеріне арналып аккумулятор бактары пайдаланылады, олардан желі суы сумен қамту жүктемелері аса көп болған кезде жылу желісін сіңіру сорғыларымен шайқалып алынады.
Бу қазандықтарын сіңіру үшін құбырагрегаттарының (қысқы уақытта) айналым жүйелерінің өтетін құбырларының айналым суы қолданылады, ол ШСС (шикі су сорғысы) сорғыларымен БҚШСҚ (бу қазандықтарының шикі суларын қыздырғыш) алдын-ала қыздыру үшін немесе техникалық су 305 сопкасынан беріледі. БҚШСҚ кейін су химиялық цехтағы тұщыланатын қондырғыға түседі және тұщыланған су турбинді цехқа алдымен ТШСҚ (тұщыланған шикі суды қыздырғыш), содан кейін, ДК бу қазандығы суының деаэраторына, содан кейін сорғылармен ТҚҚ (төмен қысымды қыздыру) арқылы немесе тікелей ҚСД (қоректендіруші су деаэраторы) қоректендіруші суды алдын-ала қыздыру және оттегін жою үшін қайтып келеді.
Суды түзету өңдеуі үшін (металл құбырларды оттегі мен көмірқышқылы тот басуынан қорғау үшін) суға аммиак және гидразин ерітінділері беріледі: аммиак – тұщыланған су құбырына, гидрозин – қоректендіруші электрсорғыларының (ҚЭС) сорушы желілеріне.
Су қоректендіруші электросорғылармен ЖҚҚ (жоғары қысымды қыздырғыш) арқылы беріледі, осы жерде технологияға сәйкес қажетті температураға дейін трубиналардан іріктелген бумен қыздырылады, содан кейін, бу қазандығы цехына, бу қазандығы агрегатының булыгенераторына жіберіледі.
Бу қазандығы агрегатының булы генераторында су температурасы 540 0С-қа жететін өткір буға қайта құрылады. Бу жоғары қысымды бу құбырлары бойымен турбиналар генераторлары арқылы электр энергиясын өңдеп шығару үшін олардың ағымды бөлігі трубиналарға жіберіледі. Турбогенератордан конденсат түріндегі өңделген бу трубина конденсаторы арқылы КНТ сорғыларымен циклға қайтып келеді. Турбиналар конденсаторына түсетін салқындатылған циркуляциялы су, осы жерде температуралардың әр алуандығынан өңделген будың конденсациясы орын алады. Конденсат қосымша тұщы сумен бірге қоректендіруші су деаэраторына қайтып келеді.
Қызған циркуляциялық су градирняларда салқындатылады, содан кейін циркуляциялық су жүйесі арқылы өндіріске қайта оралады. Турбина подшипниктерін майлау жүйесі мен генератор білігін тығыздау үшін турбинді май қолданылады. турбиналар подшипниктері мен сутегінің тығыздалу жүйесіне тасымалдау үшін қысымды және қысымсыз май өткізгіштер, май бактары, демпферлі бактар, белгіленген, май май салқындатқыштарда суытылады.
Көлемі 200 х 27 м. турбинді цехының машина залының ғимараты. Төменгі белгі – 3,00, ал жабындар 24 м. Машина залы саңылаулармен қорғалған бу қазандығы цехымен, ал ГЩУ мен әкімшілік корпуспен-галереялармен бірігеді. Әр трубинадағы маймен әр алуан кабелдер мен бактардың болуы өртке аса қауіпті: ТГ – 1, 2-16 т., ТГ – 3, 4-12 т., ТГ - 5, 18 т., тұтану температурасы 180 градус С және жану 400 градус С.
Машина залында 5 турбогенератор орнатылған. Турбогенераторлардың салқындауы сутекті. Генераторлардың барлығы сутегін қысып шығаруға арналған көмір қышқылы қондырғыларымен жабдықталған. Турбиналар будың Р-90 атм., Т-535 градус С өлшемдерімен жұмыс істейді. Басты корпустан ГЩУ үш кабелді канал өтеді. Кабелді тұрғын-жайға өту (туннелдер, шахталар) және өрт сөндіргіш құралдарды беру үшін оларда негізгі кірістерден басқа бар люктар қолданылады. Машина залының фермаларын қорғау үшін «Б» белг. + 8,00 қатары бойынша жылжытпалармен іске қосылатын оларды сумен суару жүйесі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |