2.4. Кабельді имараттарда өрттерді сөндіру
Кабельді туннельдердегі өрттер, ереже бойынша, ұзақ, қиын және үлкен материалдық шығындар әкеледі. Ұзақтылығы 1 сағаттан асатын кабельді туннельдердегі өрттер, жыл сайын 43,6% құрайды, ал энергетика объектілеріндегі өрттер кезінде зияндықтың жалпы суммасының 80-90% құрайды.
Кабельді туннельдердегі өрттер орташа қысқалықты ауа-механикалық көбікпен, шашыратылған сумен, су буымен, құрамы 3,5 көміртегі диоксидімен сөндіріледі, оларды автоматты жібергіш қондырғыларынан, сол сияқты тасымалы құралдардан береді. Көбікті және сулы сөндіргіш стационарлы қондырғыларында өрт машиналарын жалғайтын және олардан туннельдерге көбікгенераторлары мен шашыратқыштар арқылы от сөндіргіш заттарды беретін құрылғылары бар (сур. 3).
Сур. 3. Кабельді тоннель отсектерінде көбікгенераторларды орналастыру сызбасы:
1 – көбікгенераторлар; 2 - тартпа; 3 – қайтымды клапан
Кабельді туннельдерде өрт сөндірудің стационарлы жүйелері істен шыққанда немесе болмағанда өрт бөлімшелері өрт сөндіру жұмыстарын тасымалы құралдардан жүзеге асырады. Практикада ГПС типті көбікгенераторларынан орташа қысқалықты ауа-механикалық көбікті беруді кеңінен қолданады.
Кабельді бөлмелерде өрттер пайда болған кезде көршілес отсектер мен бөлмелерге оттың таралуын болдырмас үшін желдету жүйесін ағыту және секция аралық арақабырғалардың есіктерін жабу қажет. Кабельді жартылай қабаттарды, релейлік щиттер және басқару бөлмелерін қорғау үшін ГПС-600 көбікгенераторларын немесе НРТ-5 және НРТ-10 саптамалары бар оқпан-шашыратқыштарды енгізеді. Көлденең кабельді шахталарда өрттерді сөндіру кезінде көбікгенераторларының көмегімен НРТ-5 және НРТ-10 саптамаларымен суды жоғарыдан беру қолайлы болып табылады.
Жанып жатқан кабельді отсектерге орташа қысқалықты беру тәсілдері өрт ошағына дейінгі қашықтыққа, отсектердегі люктерге, маймен толтырылған кабельдер мен туннельдегі ауаның қозғалу бағытына байланысты. Егер люктер арасы жанса, онда көбікті жақын арадағы люкқа береді, ал екіншісін түтінді жою үшін ашады. Кабельді отсекте үш люк болған кезде шеткі люктерге көбік беріледі, ал ортасындағы люкті түтінді шығару үшін ашады.
Кабельді туннельдегі өрттер кезінде көбікті өрт ошағынан жоғары орналасқан отсек люгіне береді, өйткені ол көбікпен күштірек толтырылады. Егер жану маймен толтырылған кабельдері бар туннельдерде болса, жанудың тез таралуын болдырмау үшін көбікті өрт ошағынан төмен орналасқан отсек люгіне береді, ал екнші люкті түтінді шығару үшін ашады (сур. 4).
Сур. 4.Кабельді тоннель отсектеріне орташа қысқалықты көбікті беру нұсқалары
Тәжірибелер көрсеткендей, қимасы 2х2 м тік туннельдерде бір ГПС-600 берілетін көбіктің қозғалу қашықтығы 30-35 м аспайды. Егер көбікті беру орнынан өрт ошағына дейінгі қашықтық көбіктің шекті ағуынан асса, бұл жағдайларда сол люкке қосымша 1-2 КТЗ енгізеді. Сонда көбіктің шекті төгілуі әрбір қосымша генераторға шамамен 10 м ұлғаяды. Жеке жағдайларда көбікті беру немесе түтінді шығару және инженерлі техника немесе техникалық қызмет автокөлігінің көмегімен температураны төмендету үшін кабельді туннельдер жабындыларының плиталарын ашады.
Туннельдерде өрттерді сөндіру үшін ГПС мөлшері подвалдарда өрттерді сөндіру тәрізді анықталады. Егер өртке жұмылдырылатын күштер мен құралдар саны шектелген болса, онда сөндірудің нормативты уақыты 15 мин тең деп қабылданады, ал жетіспеген кезде – 10 мин. Көбік мөлшерін кабельді отсектің үш көлеміне тең деп алынады.
Кабельді бөлмелерде өрттерді сөндіру үшін ӨТС-7 және ӨТС-30 түтінсорғыштарының базасында көбікгенераторлы қондырғылар көмегімен алынатын орташа қысқалықты ауа-механикалық көбікті тиімді пайдаланады. Жоғары қысқалықты көбік кабельді туннель бойынша жақсырақ қозғалады. Осылайша, көбік бағанының биіктігі 3 м дейін болғанда, ол тік туннель бойынша ӨТС-7 базасындағы ӨТЖ-дан 60 м дейін, ал ӨТС-30 базасындағы ӨТЖ-дан 160 м қозғала алады. Ерітінді бойынша жоғары қысқалықты көбікті беру қарқындылығы 0,6 л/(м2с) тең. Кабельді бөлмелерде өрттерді сөндіру үшін ӨТЖ қажетті мөлшері бөлме көлемі бойынша анықталады.
Кабельді туннельдерде өрттер пайда болған кезде, көбікті бірінші кезекте жобаланған өрт ошағының екі жағында орналасқан люктерге береді, ал келесі люктер мен ойықтарға резервті генераторларды (ӨТЖ) береді. Содан кейін ГПС (ӨТЖ) есептелген мөлшерін шекаралас люктер арасында орналасқан люктер мен ойықтарға енгізеді.
Отсектерді көбікпен жақсы толтыру және оның қозғалысына кедергі жасамау үшін, люктер немесе ойықтар арқылы ауаны шығару қажет. Кабельді туннельдер бойынша көбіктің қозғалуын ұлғайту үшін, түтінді жоюмен бір уақытта оның төгілу шартын жақсартады.
Кабельді туннельдер ауа-механикалық көбікпен көлемді толтырылған кезде көбікгенераторларды жобалап бекітеді және оларды жерлендіреді. Кабельді бөлмелердің есік ойықтары арқылы көбік беру кезінде көбікгенераторларды есік қорабының жоғарғы бөлігіне бекітеді. Көбікгенераторларды жерлендіргеннен және орнатқаннан кейін жеке құрам қауіпсіз жерге шығарылады және олардың жұмысын бақылайды, ал өрт машиналарының жүргізушілері көбікті диэлектрлік ботинкалар мен қолбақтарда берулері тиіс.
Кабельді туннельдің жанып жатқан отсегін көбікпен толтырып болғаннан кейін 7-8 мин бойы оны толық сөндіргенге дейін беруді жалғастырады.
Қазандық агрегаттарында өрттерді сөндіру үшін жанармай түріне байланысты су, орташа қысқалықты ауа-механикалық көбік және сулы бу қолданылуы мүмкін. Қондырғыларды қорғау үшін судың шашыранды ағыстары, ал ғимарат конструкцияларын – компактты ағыстар қолданылады. Қазандық бөлімдерде өрттерді сөндіруге су беру қарқындылығы 0,2 тең деп алынады, ал жанармай беру галереяларында- 0,1 л/(м2с).
Жануды және қатты жанармайдың, сол сияқты тозаңдарды бықсуын тоқтату кезінде, суды және қаныққан су буын қолданады. Буды жанармай магистральдері мен бункерлерді сөндіру және қорғау үшін бере алады.
Төгілген мазут және бұзылған мазут құбырларының жануын ерітінді бойынша оны беру қарқындылығы 0,05 л/(м2с) орташа қысқалықты АМК немесе су ағыстарымен тоқтатылады. Бұл жағдайда мазут қысымын төмендету және оны коммуникациялардан апаттық сыйымдылыққа құю шараларын қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |