4.4. Хабарлау және өрт сөндірудің автоматика жүйесінің сипаттамасы
.
Басты корпус пен су жылыту қазандығының кабельді жартылай қабаттары мен жертөлелерінің су бүркілген өрт сөндірудің стационарлық құрылғысы автоматтандырылған режимде және қолмен басқару режимінде жұмыс істей алады. Су түтіндеген және температураға әсер ететін датчиктердің қосылуы кезінде жанған жерлерге кабельді имарат бөліктеріне беріледі.
Мазут сорғыш пен май шаруашылығының № 4, 5, 6 мазут сақтау қоймаларының көбікті өрт сөндірудің стационарлық құрылғысы. Құрылғы өрт ошағына, сондай-ақ № 4,5,6 мазут сақтау бактарының көбікті өрт сөндірудің сақиналы жолағына өрт гидранттарына орынға көбік түзеуішті бере отырып, автоматты режимде жұмыс істей алады.
ЖЭО-ның барлық имараттары нормаларға сәйкес өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен жинақталған.
5. НЕГІЗГІ ӨРТ АВТОКӨЛІКТЕРІНДЕ БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІГІ
Өрт автоцистернасы немесе өрт автосорғысындағы бөлiмше – өзінің тактикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жауынгерлік міндеттерді орындай алатын өртке қарсы қызметінің негізгі тактикалық бөлімшелерінің алғашқы тактикалық бөлiмшесі.
Негiзгi және арнаулы өрт автокөлiктерiндегi екi және одан да көп бөлiмшелерден құралған қарауыл - өздерiнiң тактикалық мүмкiндiктерiне сәйкес жауынгерлiк тапсырмаларды өздiгiнше шеше алатын өртке қарсы қызметiнiң негiзгi тактикалық бөлiмшесі.
Өрт кезіндегі байланысты радиостанциялар, телефондар, мегафондар, дауыс ұлғайтқыш қондырғылары, сөйлесу және басқа да жабдықтар, сондай-ақ байланысшылар қамтамасыз етедi.
Өрт кезіндегі жарық беру негiзгi және арнаулы өрт көлiктерiнде тасымалданатын аппаратуралар және қондырғылармен қамтамасыз етiледi.
Өндiрiстердiң технологиялық процестерiнiң жағдайы және ерекшелiктерiне сәйкес өртке қарсы қызметінің гарнизондары осы тарауда көрсетiлмеген өрт техникасын қолдана алады.
Бөлiмнiң тактикалық мүмкiндiктерi – белгiлi уақыт iшiнде жауынгерлiк тапсырманы орындайтын, техникалық құрылымдармен жарақталған жеке құрамның мүмкiндiгi.
Жауынгерлік дайындық жүйесінде бөлімдердің жеке құрамы өздерінің білімдерін өрт-техникалық құралдармен жұмыс істегенге жұмылдырады, жауынгерлік есеп нөмірлерінің арасында істейді. Бұл, өрт бөлімдерінің тактикалық мүмкіндіктерін жоғарылатады және өртте қолдану тиімділігін арттырады.
Автоцистернадағы бөлімшеде су және көбіктүзгіш қоры бола тұрып, автокөлікті су көзіне орналастырмай, сөндіруге су және көбік оқпандарын бере алады, сол сияқты адамдарды құтқару бойынша шара қолдануға, шешуші бағытта қосымша күштер мен құралдарды енгізуге дейін оттың таралуын болдырмауға мүмкіндігі бар. Автоцистерналарды су көзіне орнату кезінде, бөлімшелердің тактикалық мүмкіндіктері улы және түтінденген ортада демалу органдарын қорғау құралдарын қолдануына жұмсалады.
Автосорғыштағы бөлімше де осы тәрізді жұмыстарды орындайды, бірақ олардың көлемі біршама үлкен. Бұл дегеніміз жауынгерлік есеп саны, құрал-жабдықтар түрі мен қоры әлдеқайда үлкенірек.
Достарыңызбен бөлісу: |