Агентство Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям


Трансформаторларды, реактор және май ажыратқыштарды сөндіру



жүктеу 2,72 Mb.
бет10/41
Дата12.06.2023
өлшемі2,72 Mb.
#42966
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Агентство Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям

2.3. Трансформаторларды, реактор және май ажыратқыштарды сөндіру

Жанып жатқан трансформаторларды барлық жағынан ағытады және жерлендіреді. Дамыған өрттерде көршілес трансформаторларды, реакторларды, қондырғылар мен жабдықтарды жоғары температурадан қорғау ұйымдастырылады. Трансформатор, реактор және май ажыратқыштар өрттерін көбіктүзгіш ерітіндісінің беру қарқындылығы 0,2 л/(м2с) орташа қуатты көбікпен сөндіреді. Барлау процесінде трансформатор майы бар трансформаторлардың реактор және құбыр өткізгіштердің бұзылу сипаты, жанғыш сұйықтықтың көршілес трансформатор жаққа ағу бағытын, бактардың жарылу қаупі, өрт сөндірудің стационарлы көбікті немесе сулы қондырғыларының бар болуы, қажеттілік кезінде оларды жұмысқа келтіру мүмкіндігі анықталады.


Егер май трансформатор қақпағының үстінде немесе астында жанса және май багі бұзылмаған болса, онда сөндіруге сөндіруге Г-5 саптамалары бар екі қол оқпанын береді, ол берудің 0,2-0,24 л/(м2с) қарқындылығы кезінде судың оптималды шығынын қамтамасыз етеді. Егер трансформатордағы кеңейтілген бак отпен қамтылса, оның көлеміне (шамамен 10%) май бөлігін апаттық сыйымдылыққа төгеді. Трансформатордан көп мөлшерде май бөлігін құйып алуға тиым салынады, өйткені бұл ішкі орамдардың бұзылуына және өрттің қиындауына әкелуі мүмкін.
Егер өрт жағдайларында трансформатор қақпағы ашылған болса, онда май бакта және трансформатор айналасында жануы мүмкін. Бұл жағдайда біріншіден трансформатор айналасындағы майды шашыратылған сумен, орташа қысқалықты ауа-кинетикалық көбікпен немесе бір уақытта от сөндіргіш ұнтақтармен сөндіреді. Егер майды тозаңданған ағыстармен сөндірілсе, оқпандар өрттің периметрі бойынша орналастырылады, ал көбікпен немесе комбиниративты әдіспен сөндіргенде от сөндіргіш заттарды ауа ағынымен береді. Бұл жану аймағына бір уақытта ұнтақ пен шашыратылған судың келуін қамтамасыз ететін ең қолайлы тәсіл. Ашылған қақпақ кезінде майды сөндіру көбіккөтергіштер және шығармалы сатылар көмегімен орташа қысқалықты көбікті берумен жүзеге асырылады.
Май бактарының, құбырөткізгіштердің бұзылуы немесе майдың лақтырылуы кезінде оның аймақ бойынша төгілуі өтеді. Сөндіру барысында жанып жатқан майдың төгілуін болдырмау үшін, жер рельефін ескеріп құмнан немесе топырақтан тосқауылдар жасайды. Бір уақытта жанып жатқан трансформаторды сөндіру үшін қажетті күштер мен құралдар мөлшері дайындалады, ал көршілес трансформаторлардың бактарын суыту үшін дайындық шарасы бойынша 1 м трансформатор багіне қарқындылығы 0,5-1 л/с су ағыстарын енгізеді. Сөндіру барысында ӨСБ желдету каналдары бойынша, трансформаторлы бөлмелер және таратқыш құрылғылар бөлмелеріндегі басқару щиттерін қорғау бойынша оттың таралуын болдыртпауға тиіс. Оқпандарды беру кезінде аппараттардың қызған фарфорлы бөліктеріне, оқшаулағыштарға судың тиюін болдырмау қажет.



жүктеу 2,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау