|
Агентство Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям
|
бет | 20/41 | Дата | 12.06.2023 | өлшемі | 2,72 Mb. | | #42966 |
| Агентство Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям4.1. Технологиялық регламент
ЖЭО технологиялық үдерістің қысқаша сипаттамасы.
ЖЭО міндеті – жылу және электрлі энергияны өндіру. ЖЭО мыналарға ие:
а) қазандық турбинді цех (КТЦ);
б) электрлі цех (эл.цех);
в) химиялық цех (ХВО);
г) орталықтандырылған жөндеу цехы (ОЖЦ) (ЦЦР);
д) жылу автоматикасы мен өлшеу цехы (ЖАӨЦ) (ЦТАИ).
Су құбырлары арқылы ХВО цехына қаладан су келеді, мұнда су сүзгі жүйелерінде өңдеуден өтеді, химиялық цехтан шығарда екі түрлі су өндіріледі; тұщы және химиялық тазартылған су.
Тұщы су бу қазандықтары мен турбиндердің технологиялық цикліне құйылады;
Химиялық тазартылған су желілік құбырларды қоректендіру үшін сонда келіп құйылады.
Тұщы су бу қазандықтарына келіп құйылады. Бу қазандықтары 90 кгс/см2 қысымымен және +510 С температурасымен бу өндіреді және турбинға келеді, онда турбогенератор электр энергиясын өндіреді.
Отын - мазут және газ.
ЖЭО мен РК-4-тен Степногорск қаласының жылумен қамту жүйесі ашық, яғни ыстық сумен қамту және жылыту үшін сол бір су пайдаланылады.
РК-4 технологиялық үдерісінің қысқаша сипаттамасы.
РК-4 міндеті – жылыту энергиясын өндіру.
Қалалық су ХВО цехына ол сүзгі жүйесінде өңделген су келіп құйылады, химиялық тазартылған су суды жылыту қазандықтарына және тұтынушылардың пайдалануына магистральді желілік құбырларға келеді.
Бу қазандықтары қазандықтардың технологиялық қажеттіліктері үшін (мазутты жылыту, форсункаларды булау және т.б.) бу өндіру үшін қызмет етеді. Отын - мазут және газ.
Принципиалды технологиялық сызба мен Негізгі технологиялық жабдықты орналастыру жоспары 3,4-қосымшаларда келтірілген.
4.2. Төтенше жағдайларды оқшаулау және жоюға өндіріс объектісін дайындауды қамтамасыз ету
Төтенше жағдайлар жөнінде хабарлау жүйесі
а) Өндіріс объектісінің персоналы мен халықты хабардар етудің жергілікті жүйесі.
ЖЭО кәсіпорынында персоналға төтенше жағдайлар жөнінде хабарлау жүйесі құрылған және ол жұмыс қалпында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|