3. НЫСАННЫҢ ЖЕДЕЛ-ТАКТИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ СИПАТЫ
3.1. Нысанның жедел-тактикалық сипаты
3.1.1. Өндірістік нысан туралы жалпы мәліметтер
Жылуэлектрорталығы (одан әрі – ЖЭО) Степногорск қ., Заводской, Ақсу, Кварцитка поселкелерінің тұрғын-үй секторлары мен кәсіпорындарын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Алғаш рет ЖЭО 1966 жылы пайдалануға енгізілген. Ғимараттарды, қосымша құрылыстар мен жабдықтарды құрастыру Харьков бөлімшесінің «ТЕПЛОЭЛЕКТРОПРОЕКТ» техникалық жобасы бойынша жасалған. Станцияның белгіленген электр қуаты - 180 мВт. Энергетикалық бу қазандықтарының белгіленген жиынтық өнімділігі – сағатына 1200 тонна бу. Су қайнататын бу қазандығының белгіленген өнімділігі – сағатына 100 Гкал. Аумақтың көлемі 537300 м2 құрайды. Биіктігі 2,5 метр темірбетонды плиталардан жасалған ЖЭО өнеркәсіптік алаңы аумағы өлшемінің ұзындығы 3115 метрді құрайды. Аумақтың ішкі және сыртқы жарығы бар. Күзеттің техникалық құралдарымен өлшемнің 1630 метрі блокталған.
Қызметкерлерді кіргізу үшін 1 бақылау рұқсат ету пункті (одан әрі БРП) жұмыс істейді: автокөлікті кіргізуге арналған екі БРП, теміржол көлігін кіргізуге арналған бір БРП. Қызметкерлерді ЖЭО өнеркәсіптік алаңының аумағына кіргізу рұқсат қағазбен жүргізіледі. Посттармен, қарауыл тұрғын-жайымен байланыс ішкі телефон байланысы арқылы жүргізіледі.
Ең жақын тұрғын-үй аумағы (Заводской поселкесі) мен өзге кәсіпорындардың өнеркәсіптік алаңдары ЖЭО-нан 1,2-1,5 шақырым қашықтықта батысқа және солтүстік-батысқа қартай орналасқан.
ЖЭО аумағында ғимараттар мен қосымша құрылыстар кешені орналасқан. Өртке аса қауіпті учаскелер – ЖЭО басты корпусы (бұл жерде турбинді және бу қазандығының цехы орналасқан), ҚМШ (қара май шаруашылығы), жылу беру цехы ЖБЦ (көмір беру галереясы).
3.2. Бу қазандығы цехы
Бу қазандығы цехы (БҚЦ) – бу қазандығы цехының құрамына су қайнату бу қазандығы мен қара май шаруашылығы кіреді. Бу қазандығы цехының негізгі міндеті – турбинді цехты қажетті сападағы бумен және ыстық сумен қамтамасыз ету. Бу қазандығы цехының жұмысы көмірді жолақты конвейерлерден көмір сақтауға арналған шикі көмір бункеріне беруден басталады. Содан кейін, көмір отынды үгітілетін және кептірілетін жұмыр диірменге бір қалыпты берілуін қамтамасыз ететін шикі көмірді қоректендірушіге түседі. Пайда болған тозаңды ауа қоспасы сепаратор арқылы өтеді. Сепаратор көмір тозаңын фракцияларға бөлуге арналған, онда диірменге отынның анағұрлым ірі бөлшектері ажыратылады және жіберіледі. Сепаратордан тозаңды ауа ағыны тозаңды циклонға көтеріледі, онда көмір тозаңы ауадан бөлінеді. Тозаң циклоннан көмір тозаңын сақтауға арналған бункерге түседі. Қоректендірушілердің көмегімен көмір тозаңы бункерден көмір тозаңдарын жанарғыға тасымалдауға және ауа-көмір қоспасын бу қазандықтарының оттығына беруге арналған тозаң құбырына сақтауға жіберіледі.
Булы бу қазандықтары (немесе су қайнатқыш) отынның жану энергиясының бу (немесе ыстық су) энергиясына қайта құрылуына арналған.
Кальций жән магний тұздарының құрамын төмендету үшін бу қазандығы агрегаты барабанының таза бөлігіне тринатрийфосфат ерітіндісі беріледі. Құрылған тұздар үздіксіз үрлеу арқылы жойылады.
Отынның жануы барысында түтін газдары құрылады, олар түтін сорғышпен бу қазандығынан жойылады және күл сүзгіші арқылы газ қалдықтарына арналған түтін құбырына тасымалданады.
Күл сүзгіші қондырғысы түтін газдарын күлден және күкірт оксидтерінің кей бөлшектерін тазалауға арналған.
Тоқтағаннан кейін бу қазандықтарын қыздыру сұйық отынмен жүргізіледі, ол үшін М-100 маркалы қара май қолданылады. Қара майды сақтау үшін қара май шаруашылығы белгіленген. Қара майды теміржол цистерналары жеткізеді, қара май арнайы бактарда сақталады. Қара майды түсіру кезінде, сондай-ақ, цистеналарды булау кезінде ашық бу бар. Сонымен бірге, қара маймен ластанған ағынды сулар бар, олар канализацияға төгілер алдында мұнай торларында тазаланады. Мұнай торларының қалдықтары мерзімді қажет болған жағдайда қара май бактарына тартып шығарылады. Сорғылардың көмегімен қара май үнемі айналыста болады.
Жану барысында құрылған қатты қалдықтар (шлак) бу қазандығы агрегатынан шлакты жою қондырғысының көмегімен жойылады. Күл мен шлак гидрокүлді жою каналдары бойымен багерлі сорғыға жіберіледі, оның көмегімен күлді-шлакты пульпа күл құбырларымен күл үйіндісіне беріледі.
Күл үйіндісі күлді-шлакты қалдықтарды қаттап, ағартылған суға қол жеткізуге арналған. Күл үйіндісінде (ағартылған) тұнып тұрған су кері су сорғышпен өндіріске қайтарылады.
Гидротасымалдаудың көмегімен ЖЭО мен ВК бу қазандықтарынан жойылатын күл шлакты материалды орналастыру күл үйіндісінде – жергілікті жердің арнайы ұйымдастырылған учаскесінде жүргізіледі, оның шекараларына қоршаушы дамба үйілген.
Достарыңызбен бөлісу: |