Агентство по делам государственной службы



жүктеу 65,77 Kb.
Дата20.11.2017
өлшемі65,77 Kb.
#1212
түріКонкурс

2017 жылдың 16.03. интернет ресурсына орналастырылды

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» КММ

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына төменгі бос лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:



«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» КММ бас маман санаты E-R-4, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлімде құжаттар айналымы және іс жүргізу құжаттарын ұйымдастыру. Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру. Ведомстволық мұрағат жұмысын ұйымдастыру. Бөлімнің іс номенклатурасын, Ережесін және жұмыс жоспарын әзірлеу.

Кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде) арқылы жүргізу. Мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу. Кадрлық жұмысты жүргізу: жеке істерді және еңбек кітапшаларды қалыптастыру және жүргізу; қабылдауды дайындау, техникалық қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды ресімдеу; іссапар куәліктерін дайындау; жеке құрамы, негізгі қызмет, іссапар және демалыс бойынша бұйрықтар дайындау. Бөлім қызметкерінің әскери есебін жүргізу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына бақылау жасау, ресми құжаттарды, ақпаратарды және есептерді уақытында ресімдеу. Ішкі саясат сұрақтар бойынша әлеуметік сауалнама халық арасында өткізу. Қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жасау. Әлеуметтiк шиеленiс ошақтарының пайда болуын болжау.

Аудандығы мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру және үйлестiру. Жамбыл ауданының әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру жөнiндегi кеңестiң жұмысын ұйымдастыру. Жастар бірлестіктерінің қызметі туралы есептік баяндамалар дайындау.

Этномәдени бірлестіктерімен және облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар олардың қызметін талдау және бақылау. Жамбыл ауданы әкімінің жанындағы қоғамдық келісім Кеңесінің қызметін ұйымдастыру. Қоғамдық келісім Кеңесінің қызметі туралы есібін дайындау.

Аудан аумағында құрылған діни бірлестіктердің қызметін зерделеу және талдау. Діни бірлестіктермен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Діни бірлестіктер және филиалдар, олардың басшылары мен ғибадат объектілері туралы ақпараттық дерекқорына тұрақты есеп жүргізу. Жергілікті атқарушы органдарға діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қажетті әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Діни бірлестіктерді тіркеу (қайта тіркеу) мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру. Дін істері ахуалы бойынша жоғарғы уәкілетті органға әр тоқсандық есепті құрастырып жолдайды. Аудан халқының діни сауатын шыңдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастырады. Ақпараттық-түсіндіру тобына қатысушыларға семинар-тренингтер, кеңестер, «дөңгелек үстелдер», дәрістер өткізуді ұйымдастырады. Округтарда және ауданда дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары жұмысының тиімділігіне талдау жүргізеді. Аудандық террорлыққа қарсы комиссиямен қарым-қатынасу. Террорлыққа қарсы комиссия отырысында берілген шешімдерді орындалуы туралы ақпаратты дайындау. Шетелдік теологиялық оқу орындарында білім алушы студенттер туралы деректер базасын қалыптастырады. Аудандағы діни ахуалды зерттеуге және болжам жасауға арналғаг әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Жамбыл ауданы әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысына материалдар дайындауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа өкілдіктерді жүзеге асырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: білім» (тарих), немесе «гуманитарлық ғылымдар» (философия, немесе халықаралық қатынастар, немесе тарих, немесе филология, немесе дінтану, немесе шығыстану, немесе теология, немесе түркітану), немесе «құқық» (құқықтану) бейіндері бойынша.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі: «Құқық» (құқықтану) бейіні бойынша білімі рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



«Е-R-4» санаты үшін «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасына: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін анықтауға арналған тестілер кіреді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына


орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен осы белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;


6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.


      Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30 - тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «СҚО Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» КММ, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға: 150600, СҚО Преснов ауылы Дружба 10, «СҚО Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе zhambil-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынылуы тиіс. Анықтамаларды 8(71544) 21531, факс 8(71544) 21233 арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
жүктеу 65,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау