«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандарды
қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік санатын беру
туралы куәлікті беру және қайтарып алу
қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29маусымдағы № 531 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29маусымдағы № 531 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 шілдеде № 11787 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларында:
2, 4, 9,10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) – тиісті біліктілік санатының берілгенін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
2) маман – медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар денсаулық сақтау саласының қызметкерi;
3) мамандардың кәсіби дайындығын және біліктілігінің сәйкестігін бағалау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыны бағалау рәсімі;
4) лауазымды тұлға– денсаулық сақтау ұйымының басшысы немесе басшының міндетін атқарушы тұлға;
5)үміткер – нақты мамандығы бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлік алуға үміткер маман.»;
«4. Мамандардан өтініштерді қабылдау Комитет департаментінің кеңсесі арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Үміткерлер куәлік алу үшін құжаттарды қолда бар куәліктің немесе 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген біліктілік санаты берілетін маман сертификатының қолданыс мерзімі өткенге дейін үш айдан ерте емес мерзімде ұсынады.
Куәлікті маманға оның негізгі жұмыс орны бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің тиісті аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Комитет департаменті) береді.
Маман біліктілік санаты бар болса, одан да жоғары санатын алу үшін, құжаттарын қазіргі куәлігін(біліктілік санатын беру туралы маман сертификаты)алған күннен үш жылдан ерте емес мерзімдеөтініш бере алады»;
«9. Куәлікті алу үшiн үміткерлерге мынадай құжаттар қажет:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
Бағалау нәтижесі;
білімі туралы дипломы;
мәлімделгенмамандықбойыншаинтернатураны не резидентуранынемесеклиникалықординатураныбітіргенітуралы құжат (болғанкезде);
мәлімделгенмамандықбойыншақайтадаярлаутуралы куәлік (болғанкезде);
соңғы 5 жылішіндемәлімделгенмамандықбойыншабіліктілігінжоғарылатқанытуралы куәлік;
ҚазақстанРеспубликасынантысжердемедициналықбілімалғанадамдарүшінбілімітуралықұжаттардытанужәне (немесе) нострификациялаутуралы куәлік;
білімітуралықұжаттардыалғаннанкейінтегін, атыннемесеәкесініңатын (болғанкезде) өзгерткенадамдарүшінтегін, атын, әкесініңатынауыстырғаны, некегеотырғанынемесенекенібұзутуралы куәлік;
білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (болған кезде) өзгерткен адамдар үшін тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны, некеге отырғаны немесе некені бұзу туралы куәлік.
Шет тілінде берілген құжаттарға қосымша мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аударма ұсынылады.
Өтініш беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметінің бар екендігі туралы ақпарат мәліметтер нысанында көрсетіледі.
10. Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санатын беру критерийлері:
1) мыналар:
құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі, сондай-ақ медициналық қызмет атқару;
біліктілігінің екінші санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;
құжаттарды беру кезінде соңғы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 108 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға екінші біліктілік санаты беріледі;
2) мыналар:
құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде алты жыл еңбек өтілі, сондай-ақ медициналық қызмет атқару;
біліктілігінің бірінші санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;
құжаттарды беру кезінде соңғы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 162 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға бірінші біліктілік санаты беріледі;
3) мыналар:
құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде он жыл еңбек өтілі,сондай-ақ медициналық қызмет атқару;
біліктілігінің жоғары санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;
құжаттарды беру кезінде соңғы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 216 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға жоғары біліктілік санаты беріледі.
11. «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары бойынша оқуды 1998 жылдан кейін бітірген адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабы 5-тармағына сәйкес интернатураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжатты ұсыну болып табылады.
«Емдеу ісі», «Педиатрия» және «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім беру ұйымдарын 2014 жылға дейін бітірген, Номенклатурада көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар интернатура, клиникалық ординатура немесе резидентура мамандығы мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеген кезде «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 691 бұйрық) бекітілген Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау ережесіне сәйкес оқу сағатының ұзақтығын көрсете отырып мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өткені туралы құжатты ұсынады.
Медициналық, оның ішінде клиникалық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз жұмыс өтілі бар адамдарға осы мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.
Жоғары медициналық білім беру ұйымдарында оқуды 2013 жылдан кейін бітірген, «Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде (бұдан әрі – Клиникалық мамандардың тізбесі) көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжат ұсыну болып табылады.»;
20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Куәлікті қайтарып алуды Комитет департаменттері денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша) бойынша:
лауазымды тұлғада:
1)күнтізбелік бір жыл ішінде тексеру нәтижелері туралыактілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін ұйымдастыруға он немесе одан да көп негізделген өтініштер;
2) мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) және/немесе денсаулық сақтау ұйымы қызметініңтиісті түріне лицензиясы жоқ маманның клиникалық практикамен он және одан да көп айналысу жағдайы болған жағдайларда;
маманда:
3) күнтізбелік бір жыл ішінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойыншаактілермен дәлелденген жекежәне заңды тұлғалардың маманның көрсеткен медициналық көмегінің сапасына бес немесе одан да көп негізделген өтініштер болған;
4) күнтізбелік бір жыл ішінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша актілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың маманның көрсеткен фармацевтикалық көмегінің сапасына үш немесе одан да көп негізделген өтініштер болған;
5) маман куәлік алу кезінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша анықталған жалған ақпарат бергені туралы фактіні анықтау;
6) сертификаты жоқ маманның клиникалық практикамен айналысу жағдайлары болғанда.
21. Куәлікті қайтарып алуға болатынжағдайды анықтаған Комитет департаментікуәлікті берген Комитет департаментіне осы Қағидалардың 20-тармағында қарастырылған жағдайлардың болуы туралы ақпарат анықталған немесе алынған күннен бастап 30 жұмыс күніішінде қайтарып алу қолдау хатты жібереді.
осы Қағидалардың 20-тармағында қарастырылған жағдайлардың анықталуы туралы ақпаратты анықтаған немесе алған не қолдау хатты алған күнннен бастап, Комитеттің куәлікті берген департаменті 30 жұмыс күні ішінде куәлікті қайтарып алу туралы шешімшығарады және шешім шыққан күнненкейін бес жұмыс күніішінде шешімді порталға жариялайды, қолдау хатты жолдаған Комитет Департаментіне, денсаулық сақтаудымемлекеттік басқарудыңжергілікті органдарына, денсаулық сақтау субъектілеріне (маманның жұмыс орны бойынша) хабарлама береді.
22. Осы Қағидалардың 10-тармағында қарастырылған мәлімделген санатқа қойылатын біліктілік санатын беру критерийлеріне сәйкес келген жағдайда куәлікті қайта алу үшін, бірақ оны қайтарып алған мерзімнен алты айдан ерте емес маман осы Қағидалардың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсынады.
Маман куәлікті қайтарып алғаннан кейін, мәлімделген мамандық бойынша өткен жалпы көлемі 216 сағаттық біліктілікті арттыру курстарынан қосымша өткенін дәлелдейтін құжаттарын ұсынады.»;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) тіркелген осы бұйрықтыалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы «___» ____________
№________бұйрығына
қосымша
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және
қайтарып алу қағидаларына
3-қосымша
нысан
Медциналық білімі бар мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті алу үшін
МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ
1. Санитариялық–эпидемиологиялық бейін мамандарын қоспағанда, медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін мамандардың кәсіптік даярлықты бағалаудан және біліктілігінің сәйкестігін растаудан өтуі туралы қорытынды (Бағалау қорытындысының сканерленген көшірмесі қоса беріледі).
1.1.Мәлімделген мамандық атауы
1.2. Мәлімделген санатқа сәйкес келеді: екінші, бірінші, жоғары
(қажеттісінің астын сызу)
1.3. Бағалау қорытындысын берген орган__________________________
1.4. Бағалау қорытындысын алу күні, айы, жылы_________________
2.Медициналық немесе фармацевтикалық білімі (білімі туралы дипломның сканерленген көшірмесі)
2.1.Білімі (орта медициналық немесе фармацевтикалық білімі, орта білімнен кейінгі медициналық немесе фармацевтикалық білімі, жоғары медициналық немесе фармацевтикалық білімі)
2.2. Дипломның нөмірі
2.3. Дипломның сериясы
2.4. Білім беру ұйымының толық атауы
2.5. Оқыған елі
2.6. Түскен жылы
2.7. Бітірген жылы
2.8. Дипломы бойынша мамандығы
2.9. Дипломы бойынша біліктілігі
2.10. Білімі туралы құжаттардың нострификациясы және/немесе танылуы (медициналық немесе фармацевтикалық білімін Қазақстан Республикасынан тыс жерде алған адамдар үшін: диплом, интернатура, резидентура, клиникалық ординатура, магистратура және т.б.), (білімі туралы құжаттың нострификациясы және/немесе танылуы туралы құжаттың сканерленген көшірмесі)
Оқыған елі ________________________________________________
Білім беру ұйымының толық атауы _____________________
Нострификация туралы куәлік берген орган____________________
Нострификация бұйрығының нөмірі мен күні ________________________
Нострификацияның тіркеу нөмірі ____________________________
Нострификация куәлігінің берілген күні_________________________
3. Мәлімделген мамандық бойынша интернатура, клиникалық ординатура, резидентура мамандығы туралы мәліметтер (жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін) (құжаттың сканерленген көшірмесі)
3.1. Интернатура мамандығы
3.2. Түскен жылы
3.3. Бітірген жылы
3.4. Оқу ұзақтығы _________________________________
3.5. Оқудың сағат бойынша көлемі_________________________________
3.6. Ұйымның толық атауы ____________________________
3.7. Интернатурадан өту орны ______________________________
3.8. Клиникалық ординатура мамандығы
3.9. Түскен жылы
3.10. Бітірген жылы
3.11. Оқу ұзақтығы _________________________________
3.12. Оқудың сағат бойынша көлемі________________________________
3.13. Ұйымның толық атауы ____________________________
3.14. Клиникалық ординатурадан өту орны __________________________
3.15. Резидентура мамандығы
3.16. Түскен жылы
3.17.Бітірген жылы
3.18.Оқу ұзақтығы _________________________________
3.19. Оқудың сағат бойынша көлемі________________________________
3.20. Ұйымның толық атауы ____________________________
3.21. Өту орны ______________________________
4. Мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәліктер туралы мәліметтер (құжаттың сканерленген көшірмесі)
4.1. Қайта даярлау жөніндегі куәліктің нөмірі
4.2. Қайта даярлау мамандығы
4.3. Оқытушы ұйымның атауы
4.4. Оқудың сағат бойынша көлемі
4.5. Оқудың басталуы
4.6. Оқудың аяқталуы
5. Мәлімделген мамандық бойынша санат берілетін қолданыстағы куәліктің (маман сертификатының) мәліметтері (бар болғанда)
5.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні
5.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
5.3. Берген орган
5.4. Куәліктің (сертификаттың) қолданыс мерзімі
5.5. Мамандығы
5.6. Біліктілік санаты
6. Мәлімделген мамандық бойынша санат берілмейтін қолданыстағы сертификаттың мәліметтері
6.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні
6.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
6.3. Берген орган
6.4. Куәліктің қолданыс мерзімі
6.5. Мамандығы
7. Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер
7.1. Мәлімделген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жылы, айы, күні)
7.2. Жалпы медициналық, фармацевтикалық еңбек өтілі (жылы, айы, күні)
7.3. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны
7.4. Атқаратын лауазымы
7.5. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметі
Қабылданған күні
|
Жұмыстан босатылған күні
|
Жұмыс орны
|
Атқаратын лауазымы
|
Бұйрықтың №
|
Бұйрықты шығару күні
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
*өтініш берген кезде мәлімделген мамандық бойынша, негізгі немесе біріктірілген мамандығы бойынша медициналық қызмет атқаруы тиіс (қазіргі жұмыс орны туралы ақпарат)
8. Соңғы 5 жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатуы:
8.1. Мәлімделген мамандық бойынша біліктілікті жоғарылату куәлігі туралы мәліметтер
8.2. Біліктілікті жоғарылату туралы куәліктің нөмірі
8.3. Циклдің атауы
8.4. Оқытушы ұйымның атауы
8.5. Оқудың басталуы
8.6. Оқудың аяқталуы
8.7. Оқу көлемі (сағатпен)
Достарыңызбен бөлісу: |