«адвокатура және адвокаттық Қызмет»



жүктеу 71,16 Kb.
бет20/57
Дата20.01.2022
өлшемі71,16 Kb.
#33894
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
адвакатура лекция

Заң консультациясы

   1.Заң көмегiн көрсету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын құрады.


     2.Заң консультациясы орналасатын жердi адвокаттар алқасының төралқасы белгiлейдi.
     3. Заң консультациясы адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлiмшесi (филиалы) болып табылады. Оның өз атауы мен тиiстi адвокаттар алқасына тиесiлiлiгi белгiленген мөрi мен мөртаңбасы, заң көмегiн көрсетудi ұйымдастыру үшiн қажеттi өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы (конференциясы) бекiткен Ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды.
      4.Заң консультациясын адвокаттар алқасының төралқасы тағайындайтын меңгерушi басқарады.

Адвокат кеңсесi

      1. Адвокат кеңсесi мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.


      2. Адвокат кеңсесi адвокаттардың заң көмегiн көрсетуiнiң материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады/ұйымдастырылады/.
      3. Адвокат кеңсесiн адвокаттар алқасының мүшесi (мүшелерi) құрады.
      Адвокат тек бiр ғана адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алады.
      4. Бiр адвокат құрған адвокат кеңсесi өз қызметiн Жарғының негiзiнде жүзеге асырады.
      Адвокат кеңсесiн бiрнеше адвокат құрған жағдайда Құрылтай шарты да құрылтай құжаты да болуы мүмкiн.Адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (құрылтайшылары) мемлекеттiк тiркеуден өткен соң он күн мерзiмде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасына жазбаша хабарлауға және оның қарамағына адвокат кеңсесiнiң құрылтай құжаттарын беруге мiндеттi.
      5. Адвокат кеңселерiн құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.
 Адвокаттық қызметтi жеке-дара жүзеге асыру

      1. Кәсiби қызметтi жеке-дара жүзеге асыруға шешiм қабылдаған адвокат бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етедi. Хабарламада адвокаттың тегi, аты, әкесiнiң аты, оның тұрақты тұратын жерi көрсетiледi.


     2.Кәсiби қызметтi заңды тұлға құрмай жеке-дара жүзеге асыратын адвокат банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар, жеке мөр, мөртабандар, жеке бланкiлер иеленуге құқылы.


жүктеу 71,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау