Адвокаттар көрсеткен көмекке ақы төлеу, қорғау және өкiлдiк етумен байланысты шығындарды өтеу
1. Адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу мөлшерi, қорғаумен және өкiлдiк етумен байланысты шығындарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын жазбаша келiсiмде белгiленедi.
Келiсiм жасасу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Заңдарда көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу, iссапар, көлiк және оның басқа да шығындарын төлеу, анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және сот ұйғарымдары бойынша бюджет қаражатынан жүргiзiледi.
3. Адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеудiң және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң мөлшерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |