8
№45 (2970)
16 маусым 2017
zangazet@maiI.ru
РУХАНИЯТ
(Соңы. Басы 1-бетте)
Сұраңыз, жауап береміз!
Авторлық құқықтың әрекет ету мерзімі бар ма?
Айбын БЕРІКТАСОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
ҚР Азаматтық кодексінің 982-бабына сәйкес, авторлық құқық автордың бүкiл өмiр бойына
және ол қайтыс болғаннан кейiн, автор қайтыс болғаннан кейiнгі келесi жылдың бiрiншi
қаңтарынан есептегенде, жетпiс жыл бойы күшiнде болады. Бiрлесiп шығарылған туындыға
авторлық құқық серiктес авторлардың бүкiл өмiр бойына және басқа да серiктес авторлардың
ең соңғысы қайтыс болғаннан кейін жетпiс жыл бойы күшінде болады. Бүркеншiк атпен немесе
жасырын атпен алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа
шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде жетпiс жыл бойы күшiнде
болады. Егер көрсетiлген мерзім iшiнде жасырын немесе бүркеншiк ат ашылса, осы баптың
1-тармағында белгiленген мерзiм қолданылады. Автор қайтыс болғаннан кейін отыз жылдың
ішінде алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан
кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiнгi жетпіс жыл
бойы күшiнде болады.
Сұрақтарға Әділет министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді
Мәдени-демалыс ұйымы дегенді
естуім бар. Бірақ, бұл ұйымның неме мен
айналысатынын білмеймін. Мәдени-
дема лыс ұйымдарының қызметі қандай?
Сара ОҢҒАРОВА
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ
ҚР «Мәдениет туралы» заңының
27-бабы, 3-тармағында мәдени-демалыс
ұйымдарының қызметі көрсетілген. Яғни,
ұйымның қызметіне халық шығарма-
шылығы мен этно-мәдени дәс түрлер мен
әдет-ғұрыптарды сақ тау, насихаттау,
оларды осы заман ғы тарихи және әлеу-
мет тік-эконо ми калық жағдайларға бейім-
деу секіл ді қызметтер кіреді. Сондай-
ақ, Қазақ стан Республика сында атап
өтіле тін мерекелерді, концерт терді,
ән-би мере келерін, тұсаукесерлерді,
фести валь дерді, конкурстарды, айтыс-
тар ды, халықтың қолданбалы және
бейне леу өнері көрмелерін ұйым дас-
тыруға атсалысады Мәдени-демалыс
қызме тіндегі және халық шығарма-
шылы ғындағы озық тәжірибені зерде-
леуге, қорытуға, танытуға, оны енгізуге
және таратуға, облыстық, өңірлік, рес-
публи калық, халықаралық мереке лерге,
конкурстарға, фести вальдерге қатысу
арқылы халық шығар машылы ғының
үздік ұжымдарын насихаттауға т.б баста-
маларды қолдауға бағытталады.
Театр
«ЭКСПО-2017» күнделігі
Халықаралық шараға
балалар да барады
БҮГІНГЕ ДЕЙІН «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ ОБЛЫ-
СЫМЫЗДА 140 МЫҢ БИЛЕТ САТЫЛҒАН.
Әлемдік деңгейдегі шараға өңірден 3750 баланы апару
жоспарланып отыр. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар,
ардагерлер және зейнеткерлер де назардан тыс қалмайды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы жасақтаған тізімге сай, 179 адам
көрме нысандарын тамашалай алады. Бұдан бөлек, «Шымкент-
Астана» бағытында жүретін поезд 86 вагон – 3044 орынмен
толықтырылып отыр. Әуе бағытында да 16 755 қосымша орын
бөлінген.
«Қазіргі таңда «ЭКСПО-2017» көрмесіне бару кестесі дайын.
Облыс тұрғындарының орналасу мәселесі де шешілген. Бұл
мақсатта күнделікті 600 орын брондалады. Уақытша тұрғын
үйге мұқтаж тұлғалардың өтініші Астана қаласындағы арнайы
брондау бөліміне түседі. Тізім үнемі жаңартылып отырады», –
деді Облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму
және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
баспасөз қызметі
Қауіпсіздік сақталады
Астана қаласы Есіл аудандық прокуратурасы аудан
әкімдігінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі еңбек
ұжымдары арасындағы жағдай, қоғамдық құқықтық тәртіпті
қамтамасыз ету және объектілердің өрт қауіпсіздігіне бай-
ланысты кеңес өткізді. Кеңесте уәкілетті мемлекеттік орган-
дардың бірінші басшылары, Көрме басшылығы және құрылыс
бойынша бас мердігерлер қатысып, өзекті мәселелер тал-
қыланды.
Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі
Ақтөбеліктер
қонақтарды таңғалдырмақ
26-30 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА АСТАНАДАҒЫ КӨРМЕ
АЯСЫНДА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ.
Ақтөбе облысы күндерінің ашылуы ЭКСПО аумағында орна-
ласқан амфитеатр сахнасында халықтық, шетелдік эстрада
жұлдыздары мен облыстық шығармашылық ұжымдардың
қатысуымен «Ақтөбе – құтты мекен» гала концертімен өтеді
деп күтілуде. Бұл күндері этноконцерт, облыстық кітапхананың
«Ақтөбе тарих ағынында» көрмесін, камералық хор концертін
ұйымдастыру жоспарлануда.
1-10 шілде күндері «Қазанат» қалалық ипподром аумағында
киіз басумен, тоқумен, тігін тігумен, ағаш, зергерлік іспен
айналысатын 25 шеберден құралған қолөнершілер ауылының
шығыс базары болады. Сонымен қатар, облыс халықаралық
көрмеге 3-31 шілде аралығында ең үздік 100 еріктісін жіберуді
жоспарлап отыр.
«Ақтөбе ақпарат» орталығы
Міне, осы он жылдық зерттеулер
кеңес заманында елін, ұлтын сатқан
сатқын ретінде айтылып келген тұлғаның
шын мәнінде қазақ халқының азаттығы
мен теңдігі үшін күрескен ұлы күрескер,
үлкен жүректі қоғам қайраткері болған
дығын тануға көмегін тигізіпті.
– Мұстафа Шоқай туралы деректер
жинау мақсатында ол оқыған Петер
бургтегі орталық музейге барған едім.
Өзім ғана емес, жанымда осы мақ
сат пен елден келген бір топ адам
болды. Олардың арасында респуб
ликалық басылымдардың бас редак
торлары мен ғалымдар бартын. Содан
фототілшілеріміз бен телеарна опера
торлары суретке, бейнетаспаға түсіріп
жатыр. Сол сәт кәстөмшалбар киіп,
сықиған біреу «тоқтатыңдар, сендер
кімсіңдер, суретке түсіруге кім рұқсат
берді?» – деп тепсінсін. Сөйтсек, бұл
осы мекеменің директоры екен. Біздің
Мұстафа Шоқай жайлы дерек іздеп
және деректі фильм түсіріп жүргенімізді
естіп жетіп келіпті. «Мұстафа Шоқай
деген халық жауы, сатқын. Сондықтан,
ол туралы ешқандай дерек берілмейді»
ОСЫ ЖҰРТ МҰСТАФАНЫ
БІЛЕ МЕ ЕКЕН..?
Шараны «Ақ Орда» республикалық қозғалысының Құрметті төрағасы
Қайрат Сатыбалдыұлының қолдауымен Қазақстан Республикасының
Ұлттық кітапханасы және Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырды.
Конференцияның басты мақсаты тарих, ғылым және мәдениет саласындағы
ғылым мен білім беру мекемелерінің ғалымдары, зерттеушілері мен маман
дарының ынтымақтастығына мүмкіндік жасау, Орталық Азия ғалым дары мен
олардың әр саладағы жетістіктерімен таныстыру, Орталық Азия оның ішіндегі
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан мен Араб әлемі
халықтары арасындағы өзара өркениет байланысын талқылау, арабтар
мен түркілер арасындағы мәдени байланыстардың қалыптасу жағдайы мен
перспективалары төңірегінде сұхбаттасуға бастамашылық жасау болды.
Шара соңында «Ақ Орда» республикалық қозғалысы қонақтарға ауызашар
берді.
М.ИМАНБЕКҰЛЫ
Ұлттық
кітапханадағы
ұлағатты іс
Алматы қаласындағы Ұлттық
кітапханада «Қоғамның рухани көкжиегіне
жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты
дамуы» атты Халықаралық әдеби биеннале
аясында «Орталық Азия – Араб әлемі: тарих
пен мәдениеттің өзара ықпалдастығы» атты
халықаралық ғылыми конференция өтті.
дейді директор. Содан арындаған
басшыға қарсы уәж айтып, Мұстафа
Шоқайдың жау еместігін, өз ұлты, халқы
үшін, оның бостандығы үшін бар өмірін
сарп еткен күрескер екендігін дәлелдеп,
түсіндіруге тура келді. Содан кейін
ғана директордың түсі жылып, райынан
қайтты, – дейді ақын ұлы тұлғаның жүріп
өткен жолы жайындағы фильмді түсіру
барысында кездескен бір қиын сәтті
есіне алып.
Бүгінде мектептер мен жоғары оқу
орындарында оқу құралы ретінде пай
даланылып жүрген «Мұстафа Шоқай
жолымен» төрт сериялы деректі фильмін
түсіру барысында ол бұрынғы Кеңес тер
Одағы елдері мен бірқатар Батыс мемле
кеттерін де аралапты. Серік Шәкібаев
сияқты КГБ офицері жазған кітап
арқылы халық санасына сіңірілген теріс
көзқарас тың жөнсіздігін дәлелдеу үшін
де көп еңбек және уақыт қажет болғанын
мына бір жай да аңғарта түседі.
– Бір орыстілді журналист Мұстафа
Шоқай туралы Түркістан легионын құр
ған сатқын деп мақала жазғанда осы
ардақты азаматымыз туралы деректі
фильм түсірген мені де тілімен түйреп
өтіпті. Соған қарсы әлеуметтік желіде өз
пікірімді жазған едім. Маған қарсы мыңнан
астам адам пікір жазып, айтқанымды
теріс етіп шығарды. Оларға Мұстафа
Шоқайдың Түркістан легионын құруға
қатысының жоқтығын нақты деректермен
түсіндіруіме тура келді. Мұстафа Шоқай
1941 жылдың 26 желтоқсанында қайтыс
болған. Ал Гитлердің Түркістан легионын
құруға арналған жарлығы сол жылдың 20
желтоқсанында шыққан екен. Жарлық
шыққан уақытта Мұстафа естүссіз ауыр
халде жатқан. Легион тек 1942 жылдың
сәуірінде, яғни, Мұстафа Шоқай қайтыс
болғаннан кейін бірнеше айдан соң
құрылған. Сонда бұл іске оның қандай
қатысы болмақ? – дейді Қасымхан
Бегманов.
Ақын сегіз жылдан бері шығып келе
жатқан және өзінің тұрақты оқыр ман
дарын тапқан «Дәстүр» ұлттық этногра
фиялық журналының редакторы бола
жүріп, ұлтымыздың мәдениеті мен салт
дәстүрін, өнерін насихаттауға да зор
үлесін қосып келеді. Ақынның Ақмола
облысына арнайы келу мақсаты да
осы жинаққа жергілікті жерлерден тың
мәліметтер тауып, қосу екен.
Қалкөз ЖҮСІП,
«Заң газеті»
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
МАУСЫМДЫ ТҮЙІНДЕГЕН
«ҚЫЗ ЖІБЕК» АСТАНАҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Кездесу
Қазақтың лироэпостық жауһары
атан ған «Қыз Жібек» осы маусымда
жаңа дан сахналанған бес қойылым
ның бірі. Көркіне көз тоймайтын Қыз
Жібектің рөлін сомдау жас актриса
С а л т а н а т Б а қ а е в а ғ а б ұ й ы р с а ,
Төлегенді Алмас Шаяхметов сомдады.
М.Әуезов театры осы маусымда
ұзын саны 265 қойылымды сахналап,
көрермен дердің жалпы саны 90
мыңнан асыпты. Бұдан бөлек, театр
халықаралық дәреже дегі үш мәдени
шараны ұйымдас тыруға атсалысса,
алдағы күндері Астанаға жол тартпақ.
Нақтырақ айтқанда, М.Әуезов атындағы
Қазақ драма театры Елордада өтіп
жатқан «ЭКСПО2017» халықаралық
көрмесіне 7 қойылым апаруды жос
парлап қойыпты. Бұл туралы Алмас
Шаяхметов: «Құман ағамыз шырқау
шегіне жеткізіп ойнаған Төлеген
рөлі маған үлкен жауап кершілікті
міндеттейді. «Қыз Жібек» музы ка лық
драмасындағы кез келген кейіп керді
сомдау үлкен шеберлікті талап етеді.
Музыкалық драма театрымыздың
төлқұжатына айналатын болады деп
ой лай мыз. Қойылымда отызға жуық ән
айтыла ды. Қазақтың салтдәстүрі осы
қойылым да кеңінен қамтылған. Басында
қиынға соқты. Дегенмен, әр дайындық
сайын шыңдалып жатырмыз. Төлеген
– шынайы кейіпкер. Сахнада жалған
ойнау ға жаны қас адам мын. Сахна –
өмірдің қойылымы. Маған сенім артқан
режис сердің, театр ұжымының намысы
үшін аянып қалмай мын. Сондайақ,
«Қыз Жібек» «ЭКСПО2017» халықара
лық мамандандырылған көрмесі аясын
да 23 маусым күні сағат 1900де
Астана Жастар театрының сахнасын
да әлем жұрт шылығының назарына
ұсынылмақ. Бұл театрымыздың тари
хындағы елеу лі шақ» деді.
Камила ЫСҚАҚОВА,
«Заң газеті»
Конференция
ТЕАТР
ӨНЕРIНIҢ
ҚАРАШАҢЫРАҒЫ
М.ӘУЕЗОВ
АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
МЕМЛЕКЕТТІК
АКАДЕМИЯЛЫҚ
ДРАМА ТЕАТРЫ
91-МАУ СЫМЫН
Ғ.МҮСІРЕПОВТІҢ
«ҚЫЗ ЖІБЕК»
МУЗЫКАЛЫҚ
ДРАМАСЫМЕН
АЯҚТАДЫ.