6
№45 (2970)
16 маусым 2017
zangazet@mail.ru
темірқазық
Сұраңыз, жауап береміз!
Жәрдемақының бір түрін екіншісіне ауыстыруға болады
деп естіп едім. Бұл мүмкін бе?
С.БақытБек
Семей қалаСы
«қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша,
асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына
байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар
туралы» заңының 4-бабына сәйкес, жәрдемақының бiр түрiн
екiншiсiне ауыстыру жәрдемақы алушы адамның жәрдемақы
тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға барлық
қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берген күннен бастап
жүргiзiледi. Жәрдемақының бiр түрiнен екiншiсiне ауысты-
ру туралы өтiнiш беру, құжаттарды қарау, шешiм қабылдау
тәртiбi, сондай-ақ, осындай жәрдемақыны төлеу осы заңның
3-бабының 2 және 5-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.
Сұрақтарға жауап берген ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
С
ыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қи-
мыл туралы заңнама және қызметтiк
әдеп нормалары талаптарының сақталуына
профилактикалық жұмыстар жүргiзу осы әдеп
жөнiндегi уәкiлдiң құзыретiне кiредi.
Өткен жылы әдеп жөніндегі уәкілдің жеке
қабылдауына 16 азамат келген болса, осы
жылдың 5 айында 17 азамат қабылданған.
Азаматтардың басым көпшілігі мемлекеттік
қызмет саласындағы заңнамаға түсіндірме
сұраған. Әрине, уәкілдің жұмысы тек заңна-
маны түсіндірумен шектелмейді. Өткен жылы
уәкілдің араласуымен Маңғыстау облысының
ветеринария басқармасындағы қызметкер-
лер арасындағы ахуалдың шиеленісуіне жол
берілмеді.
Сонымен бірге, уәкілдің ұсынысы
негізінде аталған басқарманың басшысы мен
жауапты қызметшілері әдеп кодексі талапта-
рының бұзылуына жол бергені үшін тәртіптік
жазаға тартылды.
Тағы бірде Бейнеу ауданының бір мем-
лекеттік қызметшісі кешенді аттестаттау
барысында, жеке құзыреттерін анықтайтын
тестілеу нәтижесіне көңілі толмай, қоры-
тындыны жыртып тастап, мемлекеттік қыз-
метшіге тән емес қылық көрсеткен. Бұл
дерек аумақтық департаменттің ғимаратында
орын алғандықтан, назардан тыс қалмай,
тиісті акті жасалды. Сонымен бірге, әдеп
жөніндегі уәкілдің атына шаралар алу үшін
ұсыныс енгізілді. Соған орай, әдеп жөнін-
дегі уәкіл Бейнеу ауданына барып, мемле-
кеттік қызметшіге жат қылықтардың алдын
алу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мемлекеттік қызметшілердің арасында
болып жататын қоғамға жат қылықтар ор-
талық мемлекеттік органдардың аумақтық
бөлімшелерінде де кездеседі. Мысалы,
ағымдағы жылдың наурыз айында Маңғыстау
облыстық орман шаруашылығы және жан-
уарлар дүниесі аумақтық инспекциясының
қызметшілері арасында бір-біріне дөрекілік
көрсету деректері орын алған. Нәтижесінде,
құқы бұзылған қызметшілер аумақтық депар-
таментке шағымданып, тиісті тексеру жұмыс-
тары ұйымдастырылды. Шағымда көрсетілген
деректер тексеру барысында дәлелденіп,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің әдеп жөніндегі уәкіліне қажетті
шаралар алу үшін ұсыныс енгізілді. Осы ұсы-
ныс негізінде, Министрліктің әдеп жөніндегі
уәкілі аумақтық инспекцияның ұжымымен
кездесу ұйымдастырып, әдеп нормалары-
ның бұзылуына жол бергені үшін инспекция
басшысының орынбасарына «сөгіс» түрінде
тәртіптік жаза берді.
2017 жылдың 1 маусымында әдеп жөнінде-
гі уәкілдердің жұмысын реттейтін Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оған
сәйкес, әдеп жөніндегі уәкілдің лауазымы
Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызмет-
шілер тізіліміне енгізілді. Ендігі жерде, әдеп
жөніндегі уәкілдің фукциясын дербес қыз-
метші атқаратын болады. Бұл өзгеріс әдеп
жөніндегі уәкілдердің жұмысына жаңа қарқын
берері сөзсіз.
Иса Телікбайұлы 1922 жылы
Оңтүстік Қазақстан облысы-
ның Қазығұрт ауданы Жұма
ауылында дүниеге келген.
Әке-шешеден 7-8 жасында
жетім қалып, Тұрбат ауылын-
дағы балалар үйінде тәрбие-
ленеді. Одан соң нағашылары-
ның қолында өседі. 1942 жылы
соғысқа аттанып, Ленинград-
тағы алғашқы айқаста басынан
жарақат алып, госпитальда
емделеді. Жағдайы түзеліп,
106-пулеметші-артиллерия
батальонына жіберіледі. Ара-
сында қаруластарымен түнгі
барлауға шығып жүреді. Ұрыс
даласында бірнеше рет ерлік
көрсетеді. Онысы елеусіз қал-
май, бірден үшінші дәрежелі
«Даңқ» орденімен марапатта-
лады.
Соғыстан соң «Ленинградты
қорғағаны үшін», «Германияны
жеңгені үшін» медальдарымен
марапатталады. 1945 жылдың
20 қарашасында елге орала-
ды. Шаруашылықты көтеру
үшін еңбекке араласып, 1946
жылы Қаратас аудандық пар-
тия комитетінің нұсқаушысы
болады. Одан кейін ұйымдас-
тыру бөлімінің меңгерушісі,
бюро мүшесі болып, аудандық
кеңестің депутаттығына сай-
ланады. Еңбек жолында бұдан
да өзге басшылық қызметтер
атқарады. Бүгінге дейін ол, ел-
дегі ахуалға бей-жай қарамай,
ұрпақ тәрбиелеуге қомақты
үлесін қосып келеді. Әсіресе,
араларында өзара дау туып,
сотқа жүгінуге мәжбүр болған
жерлестерін татуластыруда,
Елбасы өзінің жолдауларында ұлттық құ-
қықтық жүйені халықаралық стандарттармен
сәйкестендіре отырып, адам құқығын қорғау
жолындағы сот төрелігін жүзеге асыру процесін
оңайлату, дауларды соттардан тыс реттеу инс-
титутын дамыту тетіктерін қарастырып, сот
тәртібімен қаралуға жататын істерді азайтуға
назар аудару қажеттігін айтқан болатын. Соған
байланысты елімізде «Медиация туралы» заң
қабылданды.
Біздің елімізде сот төрелігін медиация
тәсілімен шешу мәселелері жаңадан қарқын
алып келеді. 2015 жылы Ақтөбе облысының
соттарымен 190 адамға қатысты қылмыстық іс
медиаторлардың қатысуымен шешілген болса,
2016 жылы 629 адамға қатысты қылмыстық іс
медиатор көмегімен шешілген. Яғни, жыл өткен
сайын медиаторлар қызметіне сұраныс өсіп
келеді.
Медиация туралы заңды азаматтық істер
бойынша кеңінен қолданған дұрыс. Өйткені, сот
процедурасымен салыстырғанда, медиациялық
келісімге аз уақыт кетеді және медиация жо-
лымен шешілген іс екі жақты да қанағаттанды-
рады. Сонымен қатар, сот шығынын қысқартады
және тараптардың өзара қарым-қатынасын қал-
пына келтіреді немесе сақтап қалады. Алайда,
қазіргі кезде сотқа келген адамдардың бәрі
істерді медиаторлардың көмегімен шешуге бо-
латынын білмейді. Сондықтан, бітіммен бітетін
істерді көбейту үшін насихат жұмыстарын үзбеу
қажет.
Майлыбай ҚОСУМБЕТОВ,
Ақтөбе облыстық сотының судьясы
Қазақ елі жаңа тари-
хи кезеңге қадам бас
ты. Қазақстан халқы-
на арнаған биылғы
Жолдауында Мемле-
кет басшысы елімізде
үшінші жаңғыру дә уі
рінің басталғанын жа
риялады.
Ауқымды өзгерістер сая-
сат пен экономикада ғана
емес, рухани салада да орын
алуы тиіс. Сондықтан, Елбасы
«Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты бағдарламалық
мақаласында Ұлттың мықты
Сот жүйесінің жетістіктері мен кемшіліктері қатар талқыға түскен
ел судьяларының былтырғы съезінде мемлекет басшысы халық ара-
сында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуге баса назар аударуға
және түскен шағымдардың санын азайтуға тырысу керектігін айтқан
болатын. Одан бөлек, сол жиында Елбасы заңның үстемдігін қамта-
масыз ету, судьялардың есеп беруін күшейту, беделді сот корпусын
қалыптастыру, сот істерін қарау және құқықтық ағарту тәжірибесін-
де бірлікті қамтамасыз ету секілді сот жүйесін ары қарай дамытуға
бағытталған нақты 5 мақсатты белгілегенді.
А
талған тапсырмалар бойынша үн-бейнежазбамен Астана қаласының соттары то-
лық қамтылған. Сонымен қатар, бес сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық,
қадағалау және қайта қадағалау жасау) сот жүйесінен үш сатылы (бірінші, апелляциялық,
кассация лық) сот төрелігі жүйесіне көшу толыққанды жүзеге асты. Еліміздің Ата Заңына және
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңына не-
гізделіп қабылданған соттардың жаңа Әдеп кодексі судья үшін тәртіптік әдеп стандарттарын
белгілейді. Құжатта олардың адамгершілігіне, ұстамдылығына және моральдық әдептілік
бейнесіне жоғары талаптар қойылған. Әдеп кодексі судьяларға заман ағымына сай қойыла-
тын жаңа талаптардың қатаңдығын аңғартады. Мұндағы басты мақсат – азаматтардың сотқа
сенімділігін, сот әділдігіне қолжетімділігін арттыру екенін тілге тиек ете кеткен жөн. Әдеп ко-
дексінің тағы бір діттегені – Қазақстан қоғамында судьялар туралы, яғни, сот билігі саласының
өкілдері туралы оң пікір қалыптастыру.
«Әдеттегідей, ең негізгі мәселе – лайықты судьялар корпусын қалыптастыру болып табы-
лады. Әділ шешімді үлкен өмірлік тәжірибесі, жоғары моральдық қағидаттары бар мамандар
шығаруы тиіс. Соттарда бірде-бір кездейсоқ адам болмауы тиіс. Біз оны жаңа заңда көрсе-
туге тырыстық. Қазірдің өзінде судьялар корпусын анағұрлым дайын тәжірибелі мамандар
толықтыруда. Адамдар және кадрлар барлығын шешеді. Біз жүргізіп жатқан реформалардың
негізгі мәні осында. Осы ретте мықты, болашағы бар заңгерлердің сот жүйесіне келуіне жол
ашық болуы тиіс. Жоғары сот кеңесі осы маңызды міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге
арналған», – деп атап өтті бұл жайлы мемлекет басшысы.
Елбасы жүктеген сапалы сот корпусын қалыптастыру судьялыққа кандидаттарға қойыла-
тын талаптарды күшейте түсуден басталуы орынды. Өйткені, талап болған жерде ғана жұмыс
та, сапа да болатыны еш дау тудырмайды.
Б.ПАЗЫЛОВ,
Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы
АСТАНА ҚАЛАСы
Дерек пен дәйек
Уәкіл жұмысы
заңнаманы
түсіндірумен
шектелмейді
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қыз-
мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар-
сы ісқимыл агенттігінің Маңғыстау облысы
бойынша департаменті өз жұмысын облыстық
және орталық мемлекеттік органдардағы
әдеп жөніндегі уәкілдермен тығыз байланыс
та жүргізіп келеді. Облысымызда жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
органдарда 1223 қызметші жұмыс жасайды.
Ерлеген МЕНДАЛИЕВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау
облысы бойынша департаменті
басшысының, Әдеп жөніндегі кеңес
төрағасының міндетін атқарушы
Келбет
Ардагер аға игілікті
істің басы-қасында
яғни, медиацияға келістіру-
де зор үлес қосып жүр. Сот
ұжымымен тығыз байланыс
орнатқан ақсақал әрдайым
қоғамдық жұмыстардың бел
ортасынан табылады.
Облыс әкімі Ж.Түйме баев
қазығұрттық ардагердің үй-
іне барып, Ұлы Жеңістің 72
жылдық мерекесімен арнайы
құттықтады. Әкім ақсақалға
Тәуелсіз еліміздің жаңа же-
тістіктеріне куә бола беруіне
тілектес екенін жеткізді. Отан
үшін отқа түскен қария аймақ
басшысының ерлігі мен ең-
бегін елегеніне ризашылығын
білдірді.
Елді жаудан қорғаған ба-
тыр ларымызды ардақтай біл-
сек, ардагерлеріміздің ақ ба-
тасымен ел тыныштығы да
баянды бола бермек.
Қанатбек ҚОҢЫРБАЕВ,
Қазығұрт аудандық соты-
ның төрағасы
ОңТүСТік ҚАЗАҚСТАН
ОБЛыСы
Медиация
Медиаторлар қызметіне
сұраныс өсті
Жаңа тарихы
кезеңнің бағдаршамы
болуының негізгі алғышартта-
рын атап өтті.
Бүгінгі күні кез келген ұлт-
тың табысты екендігі мине-
ралды ресурстарынан емес,
адамдарының бәсекеге қа-
білеттілігінен көрінеді. Сон-
дықтан, әрбір қазақстандық
XXI ғасыр талаптарына сай
болуы тиіс. Ол компьютерлік
сауаттылықтан, шет тілдерін
білу және мәдени ашықтықтан
көрінеді.
Рухани жаңғыруымыз – сан
ғасырлық тарихи тамыры-
мыз, мирас болып келе жатқан
атамұра өнеріміз, өзге елден
ерекшелеп тұратын тіліміз,
салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпы-
мыз, отбасылық тәрбиеміз.
Сондай-ақ, жаһандану жолында
сот билігіне халықтың қолже-
тімділігін, заңның үстемдігін
қамтамасыз ету міндеттері қой-
ылды. Сот жүйесінің заңдарда
көрсетілген жолдармен қыз-
мет атқаруы Елбасының бас-
тамасымен жүргізіліп жат қан
реформалық процестердің
орындалуына, табысты жүзеге
асуына тікелей әсер етеді.
Отанымыз бен жасампаз
халқымыз жаңғыру мен жаңару-
дың үшінші кезеңіне сеніммен
аяқ басты. Жаңғыру жолын-
дағы сәтті қадамдар жаһандық
бәсекелестікке қабілеттігімізді
арттыратын айқын жол екенін
терең түсінеміз.
А.АБУЛОВА,
Шығыс Қазақстан облыстық
сотының судьясы
Пайым
Талап бар жерде сапа болады
Жеке кәсіпкерлік қалай тіркеледі және тіркеу кезінде кәсіпкерден қандай төлем алы-
нады?
қ.аСанова
алматы олбыСы Іле ауданы
қР «Жеке кәсiпкерлiк туралы» заңының 27-бабының 4-тармағы бойынша дара кәсіпкер
ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға төмендегідей құжаттарды
ұсынуы тиіс.
1) қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша салықтық өтініш;
2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн
растайтын құжат;
3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады. мекенжай анықтамасы
не жылжымайтын мүлiкке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара
кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.
осы тармақта көрсетілген құжаттар келу тәртібімен ұсынылған кезде жеке тұлға жеке
басын куәландыратын құжатты көрсетеді. Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің»
веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында
көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін
алым сомасын бюджетке төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.