Абстракт Ғылыми жұмыстың мазмұны


Мұстафа Шоқай фашистер қолынан өлді ме?



жүктеу 187,5 Kb.
бет3/3
Дата19.11.2018
өлшемі187,5 Kb.
#20859
1   2   3

Мұстафа Шоқай фашистер қолынан өлді ме?

«...Өкінішке орай, – деп жазады өзбектің әдебиетші ғалымы, – бұл ұлы тұлға жөнінде біз ешнәрсе білмейміз. Мәселенің шындығы сол, ол жөнінде естіп-білдік, дегенмен де мұның бәрі кеңестік дәуірде сана-сезімімізді улаған өтірік-өсектен басқа ештеңе де емес еді. Шынтуайына келсек, М.Шоқай есімі 20-жылдары тілге көп алынды. Түрлі кітаптарда, конференцияларда ол негізінен кеңес үкіметіне қарсы күрескен, төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастыруға басшылық еткен халық жауы ретінде түсіндіріледі. Бұған нақты мысал ретінде 1930 жылы Өзбекстан КСР Жоғарғы сотының төрағасы Савдулла Қосимовты соттау кезінде мемлекет айыптаушысы Р.Катанянның айыптау сөзін немесе сол тұстағы Өзбекстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Акмол Икромовтың түрлі құрылтай-жиындарда сөйлеген сөздерін келтіруге болады. Олардың қай-қайсысы болмасын Шоқайды қатаң түрде айыптаудан жалыққан емес. Уақыт өте келе, яғни 1937 жылдан бері қарай М.Шоқай есімі баспа беттерінен өшірілді, мақалалары, сөйлеген сөздері шыққан газет-журналдар түгелдей өртелді, жалпы ол жөнінде айтуға қатаң тыйым салынды. Арада жарты ғасырға жуық уақыт өткенде, 1985 жылдан кейін ғана М.Шоқай жөнінде айтыла бастады, оның есімі ардақталып, кейбір шығармалары басылымдар беттерінде жарық көрді. Бұл мақала М.Шоқай туралы алғашқы мақалалардың бірі. Ең өкініштісі сол, менің қолымда оның шетелдерде жарық көрген кітаптары, мақалалары жоқ. Дегенмен де мен М.Шоқайдың Түркияда басылған «1917 жыл туралы естеліктер» деген кітабы мен ол жөніндегі альбомды және кезінде оның «Эрк» («Қалау») газетінде шыққан «Түркістан шуралар үкіметі кезеңінде» атты мақаласын қолыма түсірген едім. Өзбек оқырмандары үшін пайдалы болып табылатын бұл мақалада Түркістан тәуелсіздігінің ұлы күрескері, атақты жерлесіміз М.Шоқай жөнінде алғашқы ойлар айтылады». 

Мұстафа Шоқайдың соңына шам алып түсіп, қаралау науқаны үздікіз жалғасып келді де, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің офицері болған С.Шәкібаевтің 1968 жылы «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты кітабы жарық көргеннен кейін ол шарықтау шегіне жетті. Кітап 1972 жылы «Падение большого Туркестана» деген атпен орыс тілінде, 1976 жылы «Чоң Туркестанның қирашы» тақырыбымен қырғыз тілінде басылды. Автор кітабында мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкері болғандықтан кезінде куәгерлерден қорқытып-үркіту арқылы алынған жауаптар негізінде жасалған хаттамалар мен құжаттарға сүйенеді. Кеңестік идеологияны пір тұтушылардың қандай жолмен болмасын саясат төңірегінде қара күйе жағуға құлшынатыны ақиқат еді. Әсіресе, Түркістан легионына қатысты қаралау шаралары дәл осындай тәртіппен жүргізілді. Оның мүшелерінің тергеуде берген жауаптарының хаттамалары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ресейге қайтарылған Германия мен Польша мұрағаттарынан алынған. Шәкібаев болса ойдан құрастырылған құжаттар мен хаттамаларды негізгі дерек көзі ретінде пайдаланған. Міне, бұл жөнінде түрік бауырымыз, профессор, шоқайтанушы Әбдіуақап Қара ұзақ жылдардан бері жүргізіп келе жатқан зерттеулері мен басылымдарда жарияланған материалдарында бұлтартпайтын мәліметтермен дәлелдеп келеді. Айталық, Анкара университетінің тағы бір профессоры, шоқайтанушы Тахир Шағатай мен Ә.Оқтайдың есімдері қандай құрметке болса да әбден лайық. Екеуі бірігіп, 1942 жылы М.Шоқайдың қайтыс болуының бір жылдығына орай Стамбулда «М.Шоқай альбомын» шығарды. 1950 жылы осы қос азамат ұлы тұлғаның туғанына 60 жыл толуына арнап «Түркістан ұлттық қозғалысы және Мұстафа Шоқай» деген кітапты дүниеге әкеледі. Осы екі кісі мен Т.Шағатайдың жары, профессор Саодат Исхахи Шағатайдың тікелей ұйымдастыруымен Түркия баспаларынан 1972 жылы Мария Шоқайдың және 1988 жылы Мұстафа Шоқайдың естеліктері жеке-жеке кітап болып шықты. Тұтас Түркістанның ұлы күрескері жөніндегі бар шындықты жаны шырқырай отырып жазған көрнекті түрік тарихшысы, профессор Хасен Оралтайдың жазбалары ерекше назар аударады. Сондай-ақ Мұстафа Шоқай өміріне арналған зерттеулер мен оның жекелеген еңбектерінің Оксфорд, Берлин баспаларынан әлденеше рет шыққанын, Калифорния (1960), Кембридж (1957, 1964), Париж (1950), Мюнхен (1960), Кельн (1962), Нью-Йорк (1957) баспаларынан да жарық көргенін мақтаныш етуге тиіспіз.

Жоғарыда айтып өткендей, кітап жазып, Мұстафа Шоқайды «фашистердің қолжаулығы болған сатқын еді», «ол құрған «Түркістан легионы» Германияның фашистік армиясымен бірге Түркістанды жаулап алып, Германияның бір отарына айналдыруды көздеген еді» дегендей пікір орнықтыруға тырысқан Шәкібаев еліміз Тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдарда да бұрынғы кеңестік дәуірде Шоқайға бағытталған айыптауларын қайталаудан жалықпады. Ол «Қазақ әдебиеті» газетінің 1992 жылғы шілде айындағы нөмірінде жарияланған «Құрғақ долбар – дәлел емес» деген мақаласында сол бұрынғы гөй-гөйіне басып, соңғы кездері Қазақстан баспасөздерінде М.Шоқайды дәріптеп, ұлттық қаһарман биігіне көтеруге шақырған мақалалардың шыға бастағанына мазасызданатынын айтады. Газеттің осы нөмірінде жазушы-публицист Ә.Әлімжанов «Ұлы адамның аруағымен алыспайық» атты мақаласында Шәкібаевтың «дүниесымағын» кезіндегі мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің әдеттегі күйе жағу әрекеті ретінде бағалады. «Мұстафа Шоқайұлы ешкімнің ақтауына мұқтаж емес, – деп жазды Ә.Әлімжанов мақаласының соңында. – Ол өзін-өзі шығармаларымен, ерлігімен ақтап отыр. Оны тарих пен уақыт ақтады.

Қалай дегенмен де, біз федерация идеясы «Ұлттық республикалар» идеясынан артық деген сенімдеміз. Біздің мұратымыз – бөлінбейтін біртұтас Түркістан. Біз келешекте Түркістанымызды бөлінбес біртұтас ұлттық мемлекет түрінде көргіміз келеді». Жас Түркістанның» 1930 жылғы №11 санындағы публицистикалық еңбектер «Қазақстанның он жылдығына орай Қазақстанның осы бөлігіндегі Ресей саясатынан қысқаша мағлұмат бере кетуді лазым деп есептейміз» деген жолдармен басталады да, елдің саяси-экономикалық жағдайына біршама шолу жасалады. Шоқай бұл мақаласында Смағұл Сәдуақасұлының Мәскеуде шығатын «Большевик» журналындағы материалында Рыков, Калинин, Зеленский, Голощекин және басқа да бірқатар мәскеулік коммунистерді отарлық империяшылдық айыптармен айыптағанын айта келе, Түркістанның қазақ бөлігіне орыс мұжығының селдей қаптап бара жатқанын, орыс мұжығына көбірек жер алып беру, сонымен бірге орыс мұжығын Түркістанға көбірек орналастыру үшін Кеңес үкіметі 1924 жылғы 17 қазандағы өзінің «Көшпенді және жартылай көшпенділерді алдымен орналастыру туралы» қаулысынан бас тартқанын күйіне баяндайды. Орыс мұғажырлары (эмигранттары) өлкенің ең шұрайлы жерлеріне қоныстандырылған. Олардың көпшілігі Ақмола, Қостанай аймақтары мен Семей, Жетісу және Сырдария аймақтарына суармалы егіс алқаптарына орналастырылған. Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес Одағы бойынша ең құнарлы жерлер саналатын Қостанай мен Ақмола аймақтарында орыс мұғажырлары қалаған жерлерін иемденген. Осы жылдары мақалада келтірілген мәліметке сүйенсек, мұғажырлар Қостанайда тұрғындардың жүзде 62 жарымын, Ақмолада жүзде 52 жарымын құраған. «Соңғы кездері, – дейді мақаласында Шоқай, – қазақ газеттері қазақ халқын жерге орналастыру ісінің жол ортада үзіліп қалғаны туралы ашына жазылған материалдарға толы.



Кеңес үкіметі дүниеге келген алғашқы жылдары большевиктер таратқан мәлімдемелерде, қабылданған қаулыларда Түркістан халқының, оның ішінде қазақтардың тартқан азап, көрген қорлықтары, бұдан былай мұндай озбырлықтарға жол берілмейтіні, патша үкіметі тарапынан жүргізілген саясаттың зардаптары және оны жоюдың қажеттілігі туралы айтылады. Ол кезде Кеңес үкіметіне жан-жақтан қауіп төніп тұрған еді. Уақыт өте келе кеңестік Ресей күш жинай бастағанда жағдай күрт өзгере бастады. Қазақстанда Голощекин, ал Мәскеудегі Мұғажыр мекемесінің басында отырғандар бұрын астыртын жүргізіліп келген істерді енді ашыққа шығарып, үкімет бағдарламаларына енгізе бастады. «Қазір большевиктер айтып жүрген уағыздар жаңалық емес, – деп жазды сол тұста М.Шоқайұлы. – ...Ол Столыпиннің өсиеті болатын. Борохидоның «Жекелеген өлке мен халықтардың мүддесін жалпы Одақ мүддесіне құрбан ету» дегені де Столыпиннің «Қазақтарды емес, қазақтардың тың жатқан жерлерін ойлау керек. Қазақстан жерлерін тек қазақтардың өздеріне ғана қалдыру Ресей үшін кешірілмес күнә болар еді» деген сөзінің екінші бір нұсқасынан басқа ештеңе де емес еді... Ұранымыз – «Түркістан – түркістандықтардікі!» болуы тиіс. Халқымыздың бақыты мен гүлденуі сонда ғана қамтамасыз етіледі. Қасқырға қой баққызатын аңқау заман өткелі қашан. Ей, жас коммунист жерлесім! Көзіңді аш. Халқыңның болашағы үшін болатын күрестерге әзірлен». Мұстафа Шоқайдың мәңгілік ұстанымы мен өшпес өнегесінің басты құндылығы сонда, ол Ұлы Түркістанның тұтастығы мен Тұтас Түркістанның азаттығын жалаулатып, қысқа ғұмырының соңғы
Германияда сүйегі жерленген қазақтың ұлы перзенті, Мұстафа Шоқайдың бүгінгі егемен елдерге айналған Ұлы Түркістан, Тәуелсіз Қазақстан халықтарына айтқан өсиеттері мен асыл ойларының ұрпақтарға тағылымдары жөнінде сыр тартқан Диқан Қамзабекұлы «Мұстафа Шоқай бізге сүйегін емес, сөзі мен ісін аманаттаған» деген мақаласында өзінің мемлекеттік идеясы төңірегіне тек қазақты ғана емес, осындағы бар ұлтты топтастырып отырған еліміздің өтпелі кезеңдегі қиындықтарды, алдымыздан кесе-көлденеңдейтін кертартпа жағдаяттарды ой елегінен өткізіп, баға беруге тырысады. Шоқайдың «Атамекенді сүю, оның тұтас мүддесіне қызмет ету, осы жолда әрқашан қызмет етуге, керек болса, жан пида қылуға дайын тұру болып табылады... Жауымыз күшті. Ол біздің барлық өмірлік мәні бар буындарымызды ұстап отыр... Сол себепті біздер армандап отырған мақсатымызға жетудің бір ғана жолы бар десек, ол жол – тәуелсіздік жолындағы барлық күрескерлердің күш біріктіруі» деген өсиет-сөздеріне сүйенген автор тіл, діл тұрғысында ұлттық мүдделерімізді көтереді. Осы орайда қазақтың ұлы перзенті Мұстафа Шоқайдың рухын асқақтатып, қалам қарымын танытып келе жатқан зерттеуші-ғалымдар, публицист Д.Қыдырәлінің, Б.Сыздықова мен Ә.Байшуақұлы, ақын Қ.Бегмановтың, тағы да басқа қаламдастардың есімдерін атай кеткен жөн. Мұстафа Шоқай тағылымы, оның асқақ рухы мәңгі сарқылмас қайнар бұлаққа айнала бермек.


    1. Тұтас Түркістан азаттығының қайтпас күрескері Мұстафа Шоқай ғұмырының кейбір беймәлім беттері

Мұстафа Шоқай бейнесі ұзақ жылдар бойы тарих күлінің астынды көміліп келді. Қазақ интеллигенциясын, қазақтың атпал азаматтарын Голощекин бір қырса, оның алдындағы жүйе бір қырды. Қазір жаһандану деген шықты. Мен зерттеу барысында байқағаным, М.Шоқай сол өткен ғасырдың 17-18-ші жылдары-ақ жаһанданудың келе жатқанын біліп, жасыл тудың астына бүткіл түркі тектес халықтарды жинағысы келген. Өкінішке қарай, ол Түркістан мемлекеті 62-ақ күн өмір сүрді де, ұлы арман іске аспай қалды. Шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. Әйтсе де, ол күресті шетелде жүргенде де тоқтатқан жоқ. Парижде жүрген кезде ол «Яш Түркістан» журналын шығарды.
Мұстафа Шоқай өмірін көп жылдардан бері зерттеп келе жатқан ғалым, Стамбулдағы Мимар Синан университетінің профессоры Әбдіуақап Қарадан қайраткердің көпшілік біле бермейтін тұлғалық ерекшеліктері жөнінде сұрап едік.
- Мен өзім зерттеулерде бейтарап болуға, М.Шоқайды жан-жақты көрсетуге тырыстым. Дегенмен «бұл кісінің олқылықтары, кемшіліктері жоқ па» деп, өзім зерттеулер барысында бұл жағына да салмақ салып іздедім. Бірақ зерттеуші ретінде, өкінішке орай деймін, ондай мәліметтер таба алмадым. Бірақ ұлтымның перзенті ретінде, қуанышқа орай деймін, М.Шоқайдан бір кемшілік те таба алмадым. Адамгершілік жағынан ешқандай кемшілік жоқ. Былайша айтқанда, М.Шоқай – түркі мұсылман халықтарының асыл қасиеттерін бойына сіңірген ұлы тұлға.

- Біз қазір М.Шоқайдың бейнесін ашып қана отырмыз. Өйткені, бұл туралы зерттеулер әлі толығымен зерттелген жоқ. Және де бұнымен аздаған адам айналысып келеді. Бұл кісі басқа Алаш қайраткерлеріне қарағанда көп жұмысты қажет етеді. Себебі, бұл кісі шетелге кеткен. Францияда болған. Деректер жан-жақта шашылып жатыр. Сонан кейін олардың көбісі әр тілде. Атап айтсақ, француз, ағылшын, неміс. Онан кейін «Яш Түркістанның» өзі бір бөлек. Оны өздері шағатай тілі дейді.Сондықтан бұларды зерттеу үшін аз емес, көп адам керек. Әсіресе, менің айтарым, «Яш Түркістанды» жақсы зерттеуіміз керек. «Яш Түркістанда» М.Шоқайдың тек таңдамалы мақалалары ғана аударылған. 
Қазақстанда М.Шоқай бейнесін көпшілікке экран арқылы танытуды мақсұт тұтқан мамандар жоқ емес. 2008 жылы «Мұстафа Шоқай» фильмінің премьерасы өтті. Режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың айтуынша, фильмнің басты мақсаты - М.Шоқайды қоғамда қалыптасып қалған, жаттанды образынан аршып, ұлт мұратын көксеуші қайраткер ретінде таныту болыпты.
- Қағазға жазып елестету бір бар да, өндіріске әкеліп, соны түсіру процесі бір басқа.

Көп ойларым қаражатқа байланысты іске аспай қалды.
«Қазақфильм» киностудиясы жақында ғана 40 минуттық Алашорда туралы деректі фильмінің монтажын аяқтапты. Дегенмен Мұстафа Шоқайдың өмір дерегіне қатысты көп мәліметтер айтылмайды, себебі, М.Шоқайдың қайраткерлік бейнесі жеке деректі фильмді қажет етеді дейді фильмнің сценарисі, журналист Болат Мүрсәлім. 
- Басында Мұстафа мен Әлиханды кезіктіріп, Қоқан автономиясы мен Алашорда Үкіметінің қарым-қатынасы жөнінде дүние жасау ойымызда болған. Деректі фильмнің бюджеті де, көлемі де көтермейді. Айналдырған 40 минуттың ішіне екі автономияның қызметін қатар сыйғызып, алып жүру мүмкін болмады.

Эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман халықтарының Ә.Топчибашев және Г.Исхаки секілді өкілдерімен жиі араласып, пікірлес болды. Оларды Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарын азаттыққа жеткізуде күш біріктіре әрекет етуге үндеді. 1929 жылдан «Яш Туркестан» («Жас Түркістан») журналын шығаруды қолға алды. Бұл журналдың алдына қойған міндетін Мұстафа Шоқай: «Егер біз халқымыздың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән-мағынасын сол күйінде әлсіретпей «Яш Туркестан» беттерінде бере алсақ, онда бәріміз үшін қасиетті және аса ауыр жауапкершілік артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік», деп сипаттады. Ол «Яш Туркестанда» Түркістан халқының мәдениеті, кеңестік биліктің бұл өлкедегі саясаты және 2-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар, т.б. тақырыптағы қоғамдық-саяси мәні өткір зерттеу мақалаларын жариялады. Оның атсалысуымен жарық көрген басылымдарда тек Түркістан өлкесі ғана емес, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Еділ-Жайық бойы, Қырым халықтары жөнінде қоғамдық-саяси мәні бар материалдар басылып тұрды. Мұстафа Шоқай Орталық Азия кеңістігінде ұлттық-аумақтық межелеу негізінде бірнеше кеңестік республикалардың өмірге келуін құптаған жоқ. Ол большевиктер бұл өлкеде бөле отырып билеу саясатын ұстанып отыр деп түсінді. Ал республикаларды «ұлттық» емес, «ұлыстық» республикалар ретінде қабылдады. Түркістанда кеңестік биліктің орнауы және оның қызметі, іске асырылған жер-су реформасы, мемлекеттік мекемелерді жергіліктендіру, байлар меншігін тәркілеу, көшпелілерді отырықшы тұрмысқа көшіру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселелерін талдауда нақтылы мәліметтерге жүгіне отырып, тоталитарлық жүйені сынға алды және оның солақай саясатын әлем жұртшылығына паш етті. Кеңес өкіметі басшылығына Мұстафа Шоқай сыны өте жайсыз тиді. Сондықтан да кеңес өкіметінің үгіт-насихаты Мұстафа Шоқай сынына қарсы мақсатты түрде жұмыс істей бастады, ал бұл істің басында И.Сталиннің өзі тұрды. Мұстафа Шоқайдың еңбектерінде фактілік материал ретінде пайдаланылған түркістандық қазақ және орыс тіліндегі басылымдарды кеңестік билік орындары қатаң бақылауға алды. 1925 жылы мамырдың 29-ында И.Сталин РК(б)П Қазақ өлкелік комитетіне жолдаған хатында «Ақ жол» мен ақ гвардияшыл эмигрант Мұстафа Шоқай арасында идеялық бірліктің байқалатындығын жазды. Мұстафа Шоқай қайда және қандай ауыр жағдайда жүрсе де бүкіл түркі-мұсылман халықтарының қамқоршысы болуға тырысты. Түркі-мұсылман халықтарын «Батыс Түркістан», «Шығыс Түркістан» немесе «Орыс Түркістаны», «Қытай Түркістаны» деп бөле қарауға қарсылық танытты. «Тұтас Түркістан» идеясын, түркі халықтарының бірлікте болуын насихаттады. Ұлттық езгідегі түркі-мұсылман халықтарының азаттыққа қол жеткізуі мен өзіндік құндылықтарын сақтап қалуы олардың өзара ынтымақтастығы мен бірлігіне байланысты екендігін дәріптеді. Эмиграциядағы түркі-мұсылман қайраткерлері арасындағы ұлттық мүддені жалпы түркілік мүддеден жоғары қоюшылармен қызу пікірталасқа түсті. 1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. Түрмеден босаған оны неміс-фашистері түркістандық соғыс тұтқындарынан құрылуға тиіс Түркістан легионын ұйымдастыруға тартпақ болды. Мұстафа Шоқай бұл ұсынысты соғыс тұтқындарының жағдайын жақсарту үшін пайдалану жолдарын қарастырып, нақтылы әрекеттерге барды. Бірақ көп ұзамай Мұстафа Шоқай Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленді. Мұстафа Шоқай Түркістандағы кеңестік биліктің отаршылдық сипатын алғаш таныған және онымен күресуге бүкіл ғұмырын арнаған, түркі халықтары тарихында жаңа интеллектуалды көкжиекке көтерілген қайраткер болды. Алматы қаласында Мұстафа Шоқай есімімен аталатын көше бар. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне Мұстафа Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған ауылына ескерткіші қойылған.

III. Қорытынды:

Жұмысты қорытындылай келе алға қойған мақсаттарды ашып, зерттедім. Қазақ мемлекетінің алғашқы тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің өміріне және шығармашылығына тоқталдым. Ол қазіргі біздің тарих ғылымы үшін аса құнды еңбек жазды. Қазақ тілінде "Тарихи Рашидидің" жарық көруі қазақ тіліндегі оқырман үшін қажетті дерек көзі болып табылады. Бұл шығарма Қазақ хандығының тарихы жайындағы ең алғашқы түпкі деректер ішінде ұлағатты орын алады. "Тарихи Рашиди" беттерінде сөз болатын қазақ беделділері жайлы мәлімдемелер, айналып келгенде, құрылуы алдындағы, құрылып жатқан кездегі Қазақ хандығы тарихи жөніндегі ортағасырлық мұсылман тарихы жылнамаларындағы бірден-бір басы бүтін шығарма болып табылады. [20,112] Сөйтіп, сайып келгенде, Мұхаммед Хайдар Дулатиды Алғашқы қазақ мемлекетінің толық хақылы алғашқы тарихшысы деп айтуға біздің де хақымыз бар.

Жоспар бойынша барлық алға қойған негізгі мәселелерді қарастырып, кішігірім зерттеу жүргіздім. Жоғарыда айтылған ойды қорытындылай келе, Қазақ хандығы XIII-XV ғасырлардағы Дешті Қыпшақ пен Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық дамудың, саяси-этникалық дамудың заңды қорытындылары нәтижесінде пайда болды. Қазақ хандығының құрылуы бір сәтте болған іс емес, басталуы мен аяқталуы бар тарихи процесс. 1458 жылы Керей мен Жәнібек хандардың Моғолстанға көшіп келуімен Қазақ хандығын құрылу процесі басталса, 1470-71 жылы Жәнібек хан Дешті қыпшақтағы билікті толық өз қолына алуымен Қазақ Хандығының құрылу процесі аяқталады. Яғни хандықтың құрылуы бір жылда ғана емес, бірнеше жылдар ішінде болады.

XV-XVII ғасырда Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы тарихи оқиға болды. Құрылғаннан кейін Қазақ хандығы Еуразияның шығыс бөлігіндегі күшті мемлекеттердің біріне айналды. 1470-71 жылдардан бастап ХІХ ғасырда патша үкімет кең байтақ қазақ даласындағы хан билігін жойғанға шейін Орыс хан ұрпақтары үнемі бірін-бірі алмастырып келді, бірақ саяси үстемдік енді қайтып Шыңғыс әулетінің басқа тармағының өкілдеріне көшкен емес.




Пікір

Ізденуші Кенжеғұлов Бағдаттың жазған ғылыми жұмысы - қазақ хандығының құрылуына себепші болған хандардың негізгі сыртқы және ішкі саясатын ашып көрсеткен. Жұмыстың мақсаты мен міндеті қойылған, тақырыпқа қажетті әдебиеттер тиімді қолданылған, жұмысы тиянақты жазылған.

XY ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы -Қазақстан аумағында ежелден бері жалғасып келе жатқан этникалық процестерін мәдени,рухани дамулардың мемлекеттіліктің дамуының және 14-15 ғасырлардағы саяси просестердің заңды қорытындысы дей отырып. Сондай-ақ қазақ халқының құрылуының Евразия тарихында алатын тарихи маңызы ерекше екеніне тоқталған.Сондықтанда қазақ құрылуының қазіргі күн талаптар тұрғысынан таптық емес жаңаша көзқарастармен зерттеу кезек күттірмейтін маңызды мәселеге жататындығына жете мән берген.

Аталмыш жұмыста, қарастырып отырған мәселе әр түрлі аспектілерін зерттеп қарастыруда әр жылдары Ш.Құдайбердіұлы, А.П. Чулошников, М.Тынышпаев, В.Вяткин, К.А.Пищулина, Т.И.Султанов және тағы басқалар үлес қосқандығы жайлы қозғаған. Осы тарихшылардың зерттеулері негізінде қазақ хандығы құрылуының мынадай мәселелері көпшілік назарына ұсынылды.

1.Қазақ хандығы құрылуына Керей мен Жәнібек сұлтандардың Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр ханнан бөлініп Моғолстанның батысындағы Шу бойына қоныстануы негіз болған.
2. Қазақ хандығы құрылуы Алтын Орданың саяси ыдырау нәтижесінде болған.
3. Керей мен Жәнібектің көшуіне Дешті Қыпшақтағы ру-тайпалық қайшылықтардан.

Жалпы алғанда бұл атап көрсетілген тұжырымдар қазақ хандығы құрылуын ашуға жәрдемдеседі, бірақ мәселені толық қамти алмайды деп өз ойын нақты білдірген.

Жұмыстың қорытында бөлімінде, Қазақ хандығының құрылу мәселесі әлі де болса арнайы түрде зерттеуді қажет етеін мәселелер қатарына жататынын, біз тек бұл ғылыми жұмысымызда осы күрделі мәселелер төңірегіндегі сұрақтар туралы ой қозғап. Оны шешуге тікелей жәрдем тигізетін жеке мәселелерді атап көрсетті. Ал оларды зерттеу алдымыздағы тұрған маңызды мәселердің қатарына  жатады деп ой білдірді.

Жұмыс жинақы, мазмұнды жазылған. Ізденуші алған тақырыбын аша білген. Оқушының ғылыми жұмысын сарапшылар назарына ұсынамын.


Пікір білдірген:


 


жүктеу 187,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау