Абильдаева элеонора кумисбековна



жүктеу 0,57 Mb.
бет1/2
Дата01.12.2017
өлшемі0,57 Mb.
#2754
түріРеферат
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университеті

ӘОЖ 121.012:693:004.438    


АБИЛЬДАЕВА ЭЛЕОНОРА КУМИСБЕКОВНА

Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда Project ортасының көрсетілімдерін қолдану тиімділігі”

6M070300 – Ақпараттық жүйелер (сала бойынша) мамандығы бойынша техника және технология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация рефераты

Ғылыми жетекшісі:

Қызылорда, 2013 жыл

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.к., Айтимова У.Ж.


Ресми оппонент: т.ғ.д., профессор Үмбетов Ө.Ү.

Диссертация «___» ____________ 20__ жылы сағат ________
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады.

(Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, 5 оқу ғимараты, политехникалық институты, 315б аудитория)

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

Реферат «___» «____________» 2013 жылы таратылды



КІРІСПЕ



Зерттеудің көкейтестілігі:   Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені тұтастай алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтін әлеуметтік сала жағдайына зор әсер етеді.
      Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл - құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары дәрежесі. Өнеркәсіп және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала болжайды. Қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті мамандар мемлекетімізді одан әрі нығайтып, елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын одан әрі көтеруге қызмет ететіні сөзсіз.

Өркениетті елдерде технология қарқынды дамуда және біздің елден бірнеше саты жоғарыда орналасқан. Біздің мақсат олардың соңынан қуып отыру емес, олардағы озық технологияларды игеріп, оны өндіріске ендіріп, қатар даму. Еліміздің басты саясатының бірі, әлемдегі елу елдің сапынан орын алу.

 Тұрғын-үй құрылысының, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, қалалар мен елді мекендердегі, бұған қоса ірі қалалардағы аз қабатты құрылыс үлесінің артуы арқылы құрылыс құрылымының өзгеруі, түбегейлі түрде елді мекендерді өңірлік дамыту, оларды инженерлік жайластыру, әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа жүйелерін құру мәселелерін қозғады.

Елді мекендер және қонысаралық аумақтар қала құрылысы жобаларының — аудандық жоспарлаудың сұлбасы мен жобалары, бас жоспарлар, егжей-тегжейін жоспарлау жобасы және құрылыс ошағы жобалары негізінде дамыды.

Қазіргі уақытта қала құрылысы жобаларын әзірлеудің жаңа әдістемелік жолдары қалыптасуда.

Нұсқаушы құжаттарға жатқызылған қала құрылысы жобалары аумақты пайдалануды реттейтін құжат болып қалыптаса бастады. Бұл ретте, негізгі мақсаты сақталынады, бұл - адамның мекендеуі үшін қолайлы ортаны жасау, облыстар және қалалар аумақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
      Қазақстан Республикасындағы қала құрылысын жобалау нысанының аумақтық жағдайына қарай көп деңгейлі жүйені сақтады, аумақты ұйымдастыру және жаңа жерге орналастырудың сұлбасы республика аумағына әзірленеді, аумақтың қала құрылыстың дамытудың кешенді жоспарлаудың сұлбасы мен жобалары тиісінше әкімшілік облыстар және аудандардың аумағында әзірленеді, бас жоспарлар мен жоспарлау жобалары қала, кент және ауыл шаруашылығы елді мекеннің аумақтарына әзірленеді.
      Бас жоспарлар және жоспарлау жобаларын әзірлеу жұмысын жергілікті атқарушы органдарымен қаржыландыру туралы қабылдаған шешімі қала құрылысы жобаларын әзірлеуде біраз тоқырау кезеңіне алып келді.
      Қазіргі уақытта облыстарда бас жоспарларды әзірлеу үдерісі жанданды.

Бұл мақсат болашақ жан-жақты білімі бар, заман талабына сай, кәсіби деңгейлері жоғары жастардың қолымен жүзеге асады деп ойлаймын. Ғылым мен техниканың дамуы өндірісте жаңа ақпараттық технологиялар енгізу қажеттілігі туындайды, ақпараттандыру үрдесін жетілдіруді талап ететі.

Құрылыстық ұйымдардың қызмет етуінің болашаққа дамуына болжам жасау, оларға ұзақ мерзімге бәсекелестік үстемділікті қамтамасыз етеді. Ол, өз кезегінде, тұрғын үй құрылысы нарығындағы тұрақты жағдайдың қалыптасуына, өндірістік қуаттардың оңтайлы жұмыспен қамтылуы мен қажетті тиімділік деңгейіне жетуіне мүмкіндік береді.

Нарық жағдайында құрылыс, өндірістің басқа салалары сияқты, капитал қарқынының еркіндігі мен меншіктің әрбір нысанының дербестігімен байланысты жаңа экономикалық мазмұнға ие болды. Сондай-ақ, жаһандық экономикалық дағдарыс салдары құрылыс кешені кәсіпорындарын өндірістік-шаруашылық қызмет жүргізуде жаңа әдістер қолдануға, ақпараттық коммуникациялық технологиялар енгізуге, оларды тиімді пайдалануды іздестіруге, басқару тәсілдерін өзгертуге мәжбүрлеп отыр.

Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда инвестиция салу, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану жобалаумен тікелей байланысты. Құрылыс саласында жабалық жұмыстарды ұйымдастыру тиімділігін бағалау жобалау жұмыстарының тәжірибесінде маңызды және қажетті құрамдас бөлім болып табылады. Оған тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық-құрылыстық қызметке кері әсерін тигізетін бірқатар факторлар ықпал етеді, атап айтқанда: тұрғын үй саласының әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздыққа барынша бейім болуы; әдістемелік және нормативті қамтамасыз етудің жаңа шарттары мен талаптарына сәйкес болмауы; тұрғын үй құрылысында құрылыс қызметін реттеу мен басқарудың әдістерінің жетілдірілмеуі; құрылыста және пайдалануда келісім-шарттық жүйенің дамымауы (тұрғын үй құрылысы саласында маманданған ұйымның болмауы); инвестициялық-құрылыстық қызметке қатысушылар құрамының қызығушылықтарының толық ескерілмеуі; ұйым қызметін жобалауды ұйымдастыру тәжірибесінің және қолданылатын ақпараттық технологиялық тәсілдерінің жетілдірілмеуі және т.б.

Аталған және басқа да себептер мәселенің өзектілігін анықтайды және құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда зерттеулер жүргізуді қажет етеді.



Тақырыптың зерттелу деңгейі. Құрылыс кешені мәселесін зерттеуге шетел және отандық ғалымдардың көптеген ғылыми және арнайы еңбектері арналған, соның ішінде тұрғын үй құрылысы кешенінің қалыптасуы мен дамуы төңірегіндегі мәселемен шетелдік Н.Баррос, Б.Рено, Р.Страйк және т.б. ғалымдар айналысқан.

Кеңестік кезең, ТМД мен отандық деңгейдегі ғалымдардың арасында тұрғын үй құрылысы саласын ұйымдастыру, қалыптастыру және дамыту мәселелерін зерттеумен шұғылданғандар: Л.Абрамов, В.Афанасьев, А.Баздникин, Н.Варламов, М.Балихин, Д.Деркач, Л.Дикман, Г.Драздов, В.Самойлов, В. Серов, И.Степанова, Л.Лазаров және басқалар болды.

Отандық ғалымдар ішінде тұрғын үй құрылысы саласын зерттеу мәселелеріне А.Сатыбалдин, С.Сапаргалиев, С.Донцов, М.Мустафин, С.Илашева, C.Хамзин, У.Шалболова және басқа ғалымдардың еңбектері арналған.

Бірақ, зертелініп жатқан мәселе бойынша қазіргі күнге дейін белгілі көлемде ғылыми жетістіктер мен еңбектер жинақталғанымен, елдегі құрылыс саласында жобалық жұмыстарды басқаруды ұйымдастыру әлі де жеткілікті дәрежеде зерттелмегенін атап өтуіміз қажет.

Мәселенің жеткіліксіз зерттелінуі және оның өзектілігі құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыру және дамуының ақпараттық негіздегі тетігін құруға, сонымен бірге тұрғын үй құрылыстық ұйымдарда құрылыстық қызмет үрдісін тиімді дамытуға мүміндік беретін жаңа әдістемелік ұсыныстарды дайындауға қажеттіліктер туындатады.

Project_ортасының_көрсетілімдерін_қолдану_тиімділігін_анықтау_болып_табылады.'>Зерттеудің мақсаты:

Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда Project ортасының көрсетілімдерін қолдану тиімділігін анықтау болып табылады.

Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттерді шешу керек:

- Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастырудағы модельдер мен құру әдістерін таңдау ерекшеліктерін талдау.

- Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда MS Project ортасының көрсетілімдерін қолдану тиімділігі шарттарының мазмұны мен ерекшеліктерін қарастыру.

- Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда MS Project ортасының көрсетілімдерін қолдануға бағытталған жұмыстардың практикалық қолданудың экономикалық тиімділігін зерттеу нәтижесі.

Зерттеудің пәні: Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда Project ортасының көрсетілімдерін қолдану тиімділігін анықтау және зерттеу процессі.

Зерттеудің нысаны:Құрылыс саласындағы жобалық жұмыстар және оларды ұйымдастыруда қолданылатын программалық жабдықтар кешені.

Зерттеу әдістері: Жұмыста теориялық талдау әдістері, баяндау, салыстыру, сараптау, модельдеу, жинақтау, жүйелеу, талдау, қорыту, тәжірибеден өткізу, бақылау әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда Project ортасының көрсетілімдерін қолдану тиімділігін анықтау және зерттеу процесі инновациялық болып табылады:


- Жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда ақпараттық программаларды қолдануда кездесетін проблемалар анықталды;

- Project бағдарламасын құрылыс саласында қолданудың экономикалық тиімділігі анықталды.



Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастырудағы модельдер мен оларды құру әдістерін талдау ерекшеліктері анықталды.

  • Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда MS Project ортасының көрсетілімдерін пайдалану қажеттілігі анықталды.

  • Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда MS Project ортасының көрсетілімдерін қолдану тиімділігі шарттарының мазмұны көрсетілді.

  • Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда MS Project ортасының көрсетілімдерін қолдануға бағытталған жұмыстардың практикалық қолданудың экономикалық тиімділігін зерттеу нәтижесі талданды.

Зерттеудің тақырып бойынша апробациялық нәтижелері: Ғылыми жұмыстың мазмұны мен нәтижесі казахстандық, халықаралық конференциялар мен семинарларды талқыланды. Зерттеудің нәтижелері елдерінде өткен интернет конференцияларында талқыға түсіп қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Зерттеудің практикалық мәні: Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда MS Project ортасының көрсетілімдерін қолдануға бағытталған жұмыстардың нәтижесін әр түрлі техникалық, медициналық мәселелерді шешуге де қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының жариялануы:Тақырыпты зерттеу барысында бірнеше мақала баспаға шығарылды. Оның ішінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Жоғары кәсіптік білім берудің инновациялық дамуы: тәжірибесі, мәселелері және келешегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы жинағында, Қорқыт Ата мемлекеттік университерті жанындағы «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің «Жас ғалымдар» кеңесі «Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер» ғылыми орталығы ұйымдастырған «Білім, ғылым, инновация: өзекті мәселелері мен даму жолдары» III республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы.

Магистрлік диссертацияның құрылымы: Диссертация жазбасы 124 бет, ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, түсіндірме сөздіктен, қосымша бөліктен тұрады. Диссертациялық жұмыста 5 кесте және 58 сурет келтірілген.

Кіріспе бөлімінде тақырыптың таңдалуы, оның көкейкестілігі негізделіп, зерттеу проблемасы, мақсат-міндеттері, объектісі, пәні анықталған, болжам ұсынылып, қолданылатын әдістер мен зерттеу кезеңдері сипатталған; зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі ашылған, қорғауға ұсынылатын қағидалар, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі ашып көрсетілген.

«Құрылысты ұйымдастырудағы модельдер мен әдістерді талдау. Құрылыс өндірісін басқаруды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбымен бірінші бөлімде Құрылыс мекемелерінің жүйелері туралы түсініктер, құрылыстағы дайындық жұмыстары, құрылыс алаңын әзірлеу,ғимарат салу кезінде жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, үйлер мен ғимараттарды тұрғызудың тасқынды әдістері, жұмысты жүргізу жобасы, құрылысты ұйымдастыру жобасы, жұмыс өндірісінің жобасы, жеке үйлер мен ғимараттардың құрылысын күнтізбелік жоспарлау және ұйымдастыру, материалдар мен конструкцияларды қабылдау және қатарлап орналастыру ерекшеліктері талданған.

«Жобаларды басқару жүйесін құрылыс саласының әртүрлі деңгейлі үдерістерінде қолдану» тақырыбымен екінші бөлімде жобаларды басқару жүйелері туралы жалпы мағлұмат, құрылыстағы жобаларды басқару жүйесі, жобаларды басқарудағы типтік маршруттар және процедуралық жобалар, жоспарлау кезеңінде жобаларды басқару жүйесін қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері, автоматтандырған басқару жүйелерінің жабдықталу түрлері, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің математикалық жабдықталуы, жүйелік және функционалдық-логикалық жобалауды автоматтандыру, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық-әдістемелік құралдары, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің лингвистикалық қамсыздандыруы, автоматтандырылған жүйелерді жобалау, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің түрлерін қолдану ерекшеліктері қарастылған.

«Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда Project ортасының көрсетілімдерін қолдану тиімділігін зерттеу» тақырыбымен үшінші бөлімде Құрылыс саласындағы автоматты басқару жүйелеріндегі күнтізбелік жоспарлау және желілік модельдер, құрылыс объектілерінің технологиялық модельдер түрлері, желілік жоспарлау және басқару технологиясы, күнтізбелік графикті құру және талдау, күнтізбелік жоспарлаудағы ресурстарды рационалды қолданудың эвристикалық әдістері,

жобаларды басқаруды автоматтандыру құралдары Project ортасының көмегімен жобаны басқару технологиясы MS Project программасында администрациялау және бағдарламалау Project ортасының көмегімен жобаларды басқару технологиясы, құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда MS Project ортасын қолдану ерекшеліктері, құрылыс мекемелері үшін сала бойынша басқару шешімдерін қабылдау, құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда MS Project ортасының көрсетілімдерін қолдануға бағытталған жұмыстардың практикалық қолданудың экономикалық тиімділігін зерттеу, құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда MS Project ортасын қолданудың тиімділігі жан жақты көрсетілген.

Қорытындыда заманауи құрылыстық бизнесте ақпараттық технологиялар мен мамандандырылған программалық жабдықтарды қолдану ерекшеліктері туралы, құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда Project ортасының көрсетілімдерін қолдану тиімділігін арттыруға қажетті шарттар атап көрсетілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Құрылыс - материалдық өндірістің аса қуатты өнеркәсіптік саласы. Күрделі құрылыстың көлемі мен деңгейінен материалдық өндірістің басқа да салаларының дамуы, елдің экономикалық әлеуеті мен ұлттық табысының өсуі қамтамасыз етіледі .

Тұрғын үй саласындағы нысандар құрылысы жобалық шешімдер негізінде жүзеге асады. Жобалық шешім – кең мағынада, ой немесе келешектегі іс-әрекеттердің жоспары. Тар мағынасында – құрал-жабдықтарды, өнімдерді немесе қызметтерді жасақтаудағы құжаттар жиыны, сондай-ақ, бірқатар құжаттардың алдын-ала үлгілері.

Жоба құнын жоспарлау әдістері

Жоба құнын есептеу түрлі тәсілдермен жүргізілуі мүмкін. Мысалы, басқа жобаларға талдаулар жүргізіп, ұқсас есептеулер арқылы. Немесе, жобаның негізгі параметрлерінің бағалары арқылы, мысалы, құрылыс материалдары және жүргізілген жұмыстарға төленетін төлемдер [80,81].

Жоба құнын «жоғарыдан-төменге» принципі негізінде, жобаның жалпы құнынан бөлек тапсырмалардың құнын анықтау арқылы, жүргізілуі мүмкін. Немесе «төменнен-жоғарыға» принципімен, жеке тапсырмалар құнын анықтап, олардың қосындысы негізінде жобаның жалпы құнын алу арқылы, жүргізілуі мүмкін.

MS Project ортасында соңғы тәсіл қолданылады. Бұл тәсіл қиындығына қарамастан мейілінше нақты тәсіл болып табылады

MS Project ортасында жоба құны төмендегі формулалар арқылы есептеледі.

Жобаның жалпы құны = Тапсырмалар мен ресурстардың фиксацияланған құны + тағайындау құны.

Тағайындау құны = Ресурс құны * тағайындау ұзақтылығы (сағаттық жүктемеде)

немесе

Тағайындау құны = Ресурстардың фиксацияланған құны.

Осылайша, егер кез келген ресурс үшін оның қолданылу шығыны анықталса, MS Project жеке тапсырмалар үшін ресурстардың тағайындалуының шығынын және жобаға кететін жалпы шығындарды автоматы түрде есептейді.



Еңбек шығындары – бұл адамдар, құрылғылар және құрал-жабдықтар. Еңбек шығындарының ерекшелігі тапсырмалардың аяқталуымен олар тауысылмайды және басқа тапсырмаларды орындауда қолданылуы мүмкін.

Материалдық ресурстар – бұл материалдар мен шикізаттар. Олар тапсырмаларды орындау барысында толық пайдаланылады және басқа тапсырмаларды орындауға қолданыла алмайды, себебі таусылып қалады.

Жеке ресурстар – бұл жеке адамдар немесе құрылғылар

 Топтық (біріктірілген) ресурстар – бұл бірдей немесе өзара алмастырыла алатын ресурстар. Мысалы, редакторлар немесе секретарлар. Біріктірілген ресурстарға кіретін барлық жеке ресурстар бірдей шығынға ие болады және осы топ үшін анықталған бір ресурстар күнтізбесін қолдануы керек. Олар үшін жеке тағайындаулар және жеке демалыс күндерін жасауға болмайды.



Фиксацияланған шығындар – бұл тапсырмалармен тікелей байланысқан шығындар. Мысалы: құрылыс жүргізуге рұқсат алуға кететін шығындар.

 Еңбек ресурстарының шығындары - тапсырмаға тағайындалған әрбір ресурстың шығындары. Олар жұмыс мерзімімен немесе ресурсты пайдалануға кететін уақыт шығынына және тағайындалумен байланысты.



Жалпы шығындар – ресурстар мен фиксацияланатын шығындар қосындысы

Еңбек ресурстарының шығындары төмендегі формула арқылы есептеледі.



Ресурстар шығындары= уақыт ресурстар бірлігінің шығындары * тапсырмаларды орындауға кететін ресурстардың уақыт мөлшері.

Мысалы: егер ресурс сағатына 250 теңге болса, ал уақыт 5 сағатқа белгіленсе, онда ресурс шығындары 750 теңге болады. 

Егер тапсырмаға бірнеше ресурстар тағайындалса, онда тапсырма шығындары тағайындаулар шығындарының қосындысына тең болады.

Материалдық ресурстар шығындары тікелей тапсырмалары ұзақтылығына байланысты емес.



Материалдық ресурстар шығындары = ресурс бірліктерінің саны * ресурс бірлігінің шығыны.

Мысалы: тұсқағаз метрінің саны * тұсқағаз метріне жұмсалатын ақша



Ресурс құнын анықтау

MS Project ортасында ресурсты пайдалану құнын Resource information (Информация о ресурсе) терезесінің Costs (Затраты) қыстырмасында Шығын нормалары кестесіне мәндер енгізу арқылы анықталады.



Cost rate table (Таблицы норм затрат) бөлімі бірдей құрылымды 5 кестеден, олар A, B, C, D және E қыстырмаларынан тұрады.

Ресурстар кестесінің сан/уақыт бірлігі форматында ресурстар төлемі жүктемесін көрсетуге болады:

  • Стандартты жүктеме (поле Standart Rate ) – кәдімгі жұмыс уақытындағы жұмыстар үшін;

  • Үстеме жүктемесі (поле Overtime Rate)- үстеме жұмыс уақыттары үшін;

  • Қолданылу шығындары (поле Per Use Cost) –жұмыс уақытына байланыссыз тағайындаулар үшін арнайы шығындар.

Ресурс жүктемелері жобаның орындалуы барысында өзгеріп отыруы мүмкін. Effective Date (Дата действия) өрісінде ресурстардың жаңа жүктемесі орын алатын күнді көрсетуге болады. Бұл өрісті кестенің тек екінші жолынан бастап толтыру керек. Жүктемелерді абсолютті сандық мәнде, не алдыңғы жолғыға қарағанда салыстырмалы пайыздық қатыста көрсетуге болады. Мысалы, +10%.

Тағайындаулар құнын есептеу

Тапсырмаға ресурсты тағайындау барысында оның құны автоматы түрде мына формула арқылы анықталады:

Тағайындау құны=ресурс жүктемесі*еңбекшығындары+ресурсты қолдану шығындары

Үндемеген жағдайда ресурс жүктемесі шығындар нормасының А кестесінен алынады. Қажетті жағдайда басқа шығындар нормасы кестелерін көрсетуге болады. Ол үшін Task Usage(Использование задач) терезесінде керекті ресурсты таңдай отырып, Assignment Information(Информация о назначении) терезесін ашу керек және General (Общие) тағайындаулардың сұхбаттық терезесінде Cost rate table(Таблица норм затрат) тізімінен баламалы шығындар нормалары кестесін көрсетеді.





жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау