мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман
әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау,
көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні
ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды.
«Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса
жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында
өзіңнен өзің есеп ал»,- дейді.
Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше
тоқталады. Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін
материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы,
ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан
шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік,
идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге,
ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен,
егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген
кісінің тілін кесер едім», - деді.
Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық,
эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай
түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді.
Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық
өмірдің сәулесі ғана.
Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір
сүреді. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен
татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,-дейді Абай. Адам
баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам
деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу - жан
құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы
арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылық пен ерінбей
еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды.
Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым.
Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте,
дамуда болады, адамды қоршаған ортаның – табиғаттың ішкі сырын білім-
ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.
Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр
тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана
ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп, рухани қажеттілікті
ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті
әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай
мейлінше қарсы болды. Ондағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге, - деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды.
12
Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін
пайдаланып, парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына
ызаланған Абай:
Ойында жоқ олардың
Салтыков пен Толстой
Я тілмаш, я адвокат.
Болсам деген бәрінде ой,- деп сөкті.
Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі-
өнеге етіп, «білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен», - дейді.
Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.
Ел болу үшін қала салып, отырықшылықта болу керек, мектеп салып, оқу
оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар
салды. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес
екендігін, терең түсінген ол: «Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын
үйрет… өнер де, ғылымда орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті
оны білгенге дүние арзанға түседі»- деп, озық мәдениетті орыс халқын өнеге
етті.
«Ақыл – ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары
бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы –
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап…
Терең ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, - деп кейбір жастардың іс-әрекетін қатты сынға
алады.
Абай қазақ қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын
бірнеше өлеңдерінде («Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын
өлеңді ермек үшін» т.б.) айқын білдіреді. Ол халықтың артта қалушылығын,
надандығын мінеп, әдебиет пен ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа,
ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл
орыс мәдениетіне жақындай түсуді уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді
шешудің жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің «Қырқыншы сөзінде» жалпыға
бірдей білім беру талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп
есептейді.
Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып
бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап,
халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды.
Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде
туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық,
13