4.3 Қазақстан Республикасы заңнамасы мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы ұсыныстық заңнамалық актілерінің арақатынасы.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қызметі барысында жүздеген саяси және құқықтық сипаттағы құжаттар қабылданды. Оларды келесідей түрде жіктеуге болады:
а) Мемлекет және үкімет басшыларының актілері;
б) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламент Ассамблеясының ұсыныстық актілері;
в) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының біржақты және екіжақты келісімдері;
г) бұрынғы КСРО актілері.
Егер мемлекет және үкімет басшыларының актілері, Достастықтың көпжақты келісімдері, қатысушы мемлекеттердің екіжақты шарттары саяси құжаттар болып табылса және осы актілерді ұлттық заңдарға енгізу ТМД-ның барлық ұйымдастырушы құрылымдарының мақсаты болып табылса, жалпы заңның нақты әсері туралы тек қана бұрынғы Кеңес Одағының актілері және ТМД Парламент Ассамблеясының ұсыныстық актілері туралы айтуға болады.
Беловеж келісімдеріне қол қойғаннан кейін 1991 жылы Ресей, Белоруссия, Қазақстанның Жоғарғы Кеңестері, конституциялық және ұлттық заңдарға қайшы келмесе, Кеңес Одағы актілерін қолдану мүмкіндігін мойындады. Бірақ ТМД-ны құру туралы Келісімнің 11-бабына сәйкес, «келісімге қол қойған кезден бастап, қол қойған мемлекеттер аумағында үшінші мемлекеттердің, сонымен қатар Кеңес Одағының нормаларын қолдануға тыйым салынады». Мысалы, Белоруссия Республикасының Жоғарғы Кеңесінің қаулысында былай деп айтылған: Жоғарыда айтылған Келісімнің 11-бабын жүзеге асыру үшін қажетті шарттарды құру мақсатында Республика территориясында Белорусь Республикасы Конституциясының (Негізгі заңының) 72 бабы және «Белорусь Республикасындағы халық билігінің негізгі қағидалары туралы» заңының 3-бабында Белорусь Республикасының және КСРО заңдарын қолдану туралы ереженің орындалуын қадағалау туралы бекітілген. «Белорусь Республикасындағы халық билігінің негізгі қағидалары туралы» Белорусь Республикасының 1991 жылы 27 ақпандағы Заңының 4-бабында былай делінген: «КСРО заңдары, егер олар Белорусь Республикасының заңдарына қайшы келмесе, Белорусь КСР аумағында қолданыла алады» /293/. Қазақстан Республикасында да КСРО-ның кейбір жекелеген нормативті құқықтық актілері қолданылып келген болатын /52, 264 б./.
Қазіргі кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің заңдарын үйлестірудің маңызды факторы болып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясының қызметі табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы 1992 жылғы 27 наурызда Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның парламент басшылары қол қойған Алматылық келісім негізінде құрылды. Ассамблея сұрақтарды, ұсыныстарды талқылайтын, құжаттардың жобаларын қарастыратын кеңесші институт ретінде құрылды. 1993-1995 жылдары Азербайжан Республикасы, Грузия, Молдова Республикасының Парламенттері Парламентаралық Ассамблеяға мүше болды. 1999 жылы Алматылық келісімге Украина қосылды.
1995 жылы 26 мамырда Азербайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы туралы Конвенцияға қол қойды. Ол 1996 жылы 16 қаңтарда күшіне енді. 1997 жылы Молдова Республикасы Конвенцияға қосылды. Осы Конвенция бойынша, Парламентаралық Ассамблея мемлекетаралық орган ретінде танылады және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдары жүйесінде жетекші орындардың бірін алады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы туралы Конвенция БҰҰ-ның Жарғысына ұқсас келеді. Бұл Конвенцияға сәйкес, қатысушы мемлекеттер саяси, экономикалық, құқықтық және басқа салаларда өзара ынтымақтастықты ары қарай дамытуға ұмтыла отырып, 1994 жылғы 21 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшыларының кеңесінде бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын әрекетке қабілетті мемлекеттер бірлестігіне айналдырудың маңыздылығы және Достастықтың әсерлі интеграциялық құрылымын құрудың қажеттілігі туралы ережені назарға ала отырып, Парламентаралық Ассамблеяның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық органы болып табылатынына келіседі.
Аталған орган бірқатар маңызды қызметтер атқарады. Парламентаралық Ассамблея:
а) әр түрлі салаларда қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы сұрақтарын талқылайды және осы сұрақтар бойынша Мемлекет Басшылары Кеңесіне, Үкімет Басшылары Кеңесіне, басқа да органдарға өзінің ұсыныстарын жібереді;
в) қатысушы мемлекеттердің заңдарын жақындатуға байланысты ұсыныстарды қабылдайды;
г) ұсыныстық заң актілерін қабылдайды және сәйкес ұсыныстарымен оларды Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің Парламенттеріне жібереді;
д) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегінде бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламенттерімен шарттарды, ал сәйкес шешім болған жағдайда, Мемлекет Басшылар Кеңесі немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет Басшылары Кеңесі қабылдаған немесе қатысуы олардың ортақ мақсаттарына жету үшін қалаулы болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері қабылдаған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысында бекітілген басқа да халықаралық шарттарды ратификациялау процедураларын синхронизациялауға қатысты ұсыныстарды қабылдайды; е) осы мемлекеттермен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде бекітілген халықаралық келісімшарттар жағдайлары мен қатысушы мемлекеттер заңнамаларының сәйкестігіне байланысты ұсыныстарды қабылдайды.
Парламентаралық ассамблеяның қызметінде маңыздылығы жоғары болып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің заңнамалық актілерінің жақындығы мен үйлесімділігіне қатысты сұрақтар саналады. Бұл бағыт Парламентаралық ассамблеяның қабылдаған жобалы заңнамалық актілері мен ұсыныстарының негізінде жүзеге асады. Ассамблея жұмыс жасаған уақытта 130-ға жуық заңнамалардың жақындығын қамтамасыз ететін ұлттық заңнамалық актілер мен ұсыныстар қабылдады (соның ішінде азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық іс жүргізу жобалы кодекстер). Бұған қоса, Ассамблея Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде бекітілген шарттардың келісімді ратификациялануына және Ұйымда қабылданған халықаралық шарттардың ұлттық заңнамалармен сәйкестігіне әрқашан назар аударып отырады. Ұсынылған нормативтік құжаттар халықаралық құқықта таралады және тек мемлекеттер орындайтын ережелерден құралады, сонымен қатар мемлекеттердің өз ерік-жігерімен мүмкіндігінше орындалуға жатады, алайда ол міндетті емес.
Парламентаралық ассамблея әр уақытта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде қабылданған халықаралық шарттардың ұлттық заңнамалармен сәйкес болуына көңіл бөледі. Әлеуметтік саясат, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қадағалау, гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты шешімдер табуда Ассамблеяның ролі артып келеді. Ұлттық заңнамалық қызметте парламенттерге қолдануға және азаматтардың әлеуметтік құқықтарына кепіл болу, тұтынушылар құқықтарын қорғау, еңбек ресурстарының миграциясы, азаматтық тұлғаларды қорғау, әскери тұтқындар құқығы т.б. байланысты парламентаралық ассамблея қабылдаған жобалы актілер мен ұсыныстар парламенттерге ұлттық заңнамада қолдануға жіберіледі.
Достастық мемлекеттерінің талпынысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекетаралық шарттарда және конвенциальды құқықта, ұйымдастырушылық құжаттарда көрсетілген ұлттық құқықтың жүйесінің дәстүрлі жақындығын сақтап қалу болып табылады. Мысалы, жобалы азаматтық кодекс Ережесі достастық мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына үш бөліммен тасымалданды. 2000 жылы парламентаралық Ассамблея кеңесі секретариатының сараптамалық-құқықтық бөлімімен 60 тараудан және 1100 баптан тұратын азаматтық сот ісін жүргізу жобалы кодексінің концептуальды жобасы жасалды.
Жобалы кодексті жасауға қатысқан нидерландтық профессор Б. Саймонс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде, соның ішінде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясымен басымырақ, ал Түркіменстан азаматтық кодексі жобалы кодексімен азғантай мөлшерде үйлесімділік бар деп атап көрсетеді. Басқа елдер, соның ішінде Грузия басты көңілді ұлттық тұрғыдан қарауға аударады /53, 92-106 б./.
Қазақстандық және Ресейлік ғалымдар мен тәжірибелерге сүйенсек, Қазақстан Респуьликасы азаматтық іс-жүргізу заңнамасының жетілуінің перспективалық жолдарының бірі болып заңнаманы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде халықаралық доктринада тәжірибелі түрде жүзеге асыру болып табылады деп көрсетеді. Бүгінгі таңда ТМД-да 1961 жылы 8 желтоқсандағы /54/ азаматтық-соттық іс жүргізудің кеңестік негізіндегі 1963-1964 жылдар кезеңінде жүйеленген азаматтық іс-жүргізу заңнамасымен дәстүрлі жақындықты сақтау туралы ойы бекітіліп келеді. Бұл салалық заңнаманың жақындығының бір мысалы болып табылады, алайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері қазіргі уақытқа дейін бір экономикалық, саяси және құқықтық жүйеде тығыз одақтық қатынаста болып келді.
Ресей Мемлекеттік Думасының спикері Селезнев Г. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің бірлескен құқық шығармашылығының маңыздылығын көрсете отырып, 2002 жылы Қазақстанға келген сапарында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және ЕврАзЭС шеңберінде қабылданған заңдардың тиімділігін айтады. Оның мәліметтері бойынша олардың 80% Ресейдің ұлттық заңнамасында қолданылады /55/.
Парламентаралық ассамблеяға қатысушы парламенттермен ортақ мәдени біліктілік кеңістігін жүйелендіруді, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет аясында үйлестірілген саясатты өткізуді қамтамасыз ететін заңдық механизм құруға келісілген. Қоршаған ортаны қорғау төңірегіндегі бірігу серіктестеріне даму шарттары құрылып отырады. Достастық шеңберінде жемқорлық мен қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізуге келісілген заңдық базалар жасалынады. Ерекше назар еркін сауда базаларын қалыптастыру мәселелеріне аударылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушыларының келісімшарттарының негізі Парламентаралық Ассамблея бекіту процедураларының синхронизациясы бойынша ұсынысты қабылдайды. Достастық бойынша бекітілген келісім шарт Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің басшыларының және кеңес мүшелерінің шешімімен сәйкес келеді. Бұл келісім шарттар ортақ мақсатқа жету үшін құрылған. Бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының /56/ жарлығында бекітілген.
Әлеуметтік саясат мәселелері жөнінде шешімдерді өңдеуде үйлесімді жолдарды іздеу, сонымен қатар адам бостандықтары, негізгі құқықтың орындалуы жайлы мәселелерде Ассамблеяның рөлі өседі. Парламенттің ұлттық заңды шығару үрдісі әлеуметтік құқықтар мен азаматтардың кепілдіктерін, тұтынушылар құқығын, сонымен қатар жеке азаматтарды қорғауға негізделген. Парламент мүшелерінің ұсынысы негізінде ортақ мәдени білім кеңістігін, ғылым, ғылыми-техникалық саясат төңірігінде үйлестіретін заң шығару механизімін жасауға жәрдемдесу туралы келісімге жеткен. Қоршаған орта төңірегіндегі біріккен достастықтарды дамытуға жағдайлар жасалады. Достастық шеңберінде қылмыстылық және сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған үйлесімді заң шығару базасы құрылады: 2000 жылдан 2003 жылға дейінгі уақытқа қылмыстылыққа қарсы мемлекетаралық бағдарлама қабылданды, халықаралық терроризммен күресуді заңға сүйене отырып қамтамасыз етуде біраз шаралар атқарылды: 2003 жылға дейінгі уақытқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен халықаралық терроризмге және басқа да экстремизм белгілеріне қарсы мемлекетаралық бағдарлама жасалып, бекітілді. 2000 жылы желтоқсанда Ассамблеяның пленарлық мәжілісінде 2005 жылға дейін достастықта ұлттық заң шығарушылық жақындығына және жобалы заң ғармашылығына қатысты перспективалы жоспар қабылданды, осы жоспарда осы бағдарламаларды жүзеге асыру шаралары көрсетілген. Қазіргі уақытта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының парламентаралық ассамблеясы коммиссиялары оларды жүзеге асыру жұмыстарын жүргізуде.
Кеңестің үнемі жұмыс істейтін әкімшілік органы болып парламентаралық ассамблея кеңесінің секретариаты табылады. Жобалы актілер мен басқа құжаттарды әзірлеу мен өңдеуде маңызды орынды парламентаралық ассамблея коммиссиясы алады: құқықтық сұрақтарға қатысты, экономика мен қаржыға қатысты, адам құқықтары мен әлеуметтік саясатқа қатысты, аграрлық саясатқа қатты, экология мен табиғи ресурстарға қатысты, халықаралық достастық пен саяси сұрақтарға қатысты, қорғаныс пен қауіпсіздік сұрақтарына қатысты, ғылым мен білімге қатысты, мәдениет, ақпарат, спорт пен туризмге қатысты, жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік құрылым тәжірибелерін меңгеруге қатысты, бюджеттік бақылауға қатысты. Барлық тұрақты комиссияларға ереже бойынша әр парламенттен екі депутаттан кіреді. Негізгі жұмыс комиссиямен парламентаралық ассамблеяның штаб-пәтерінде жүргізіледі. Сонымен бірге шығаратын мәжілістерді өткізу тәжірибеленеді.
Ассамблеяның жобалы заң актілері мен басқа құжаттарды жасауға парламентаралық ассамблеяның тұрақты комиссияларының достастық органдарымен ынтымақтастығы көмектеседі. Құқықтық сұрақтар комиссиясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жеке құқығының орталығы құқықтық консультативтік кеңеспен өзара жұмыс жасайды. Экономика мен қаржы комиссиясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекетаралық статистикалық комитетпен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерде шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту консультативті кеңесі, монополияға қарсы саясат пен стандартизациялау, сертификаттау мен метрологияға қатысты мемлекетаралық кеңестерімен, Адам құқықтары мен әлеуметтік саясат комиссиясы еңбекке, халықты әлеуметтік қорғау, миграцияға қатысты консультативті кеңеспен, қоршаған орта мәселелеріне қатысты комиссия мемлекетаралық экологиялық кеңеспен жұмыс жасайды т.б. Достастыққа қатысушы мемлекеттер парламенттері арасындағы ақпараттық қатынасты дамыту үлкен маңызға ие. Парламентаралық ассамблея кеңесінің секретариатында ұлттық парламенттермен қабылданған Ассамблея қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамалық ортақ қоры құрылды. Қордың ұлттық заңдық актілерін компьютендіру қорды қолданушылардың түрлі тақырыптық және басқа сұраныстарын орындауға мүмкіндік береді.
Парламентаралық ассамблея өзінің қызметінің алғашқы жылдарынан бастап халықаралық парламентаралық ұйымдармен байланыс орнатты - Солтүстік кеңеспен (1993 ж наурыз), парламентаралық одақпен (1993 жылы маусым), Европарламентпен (1993 жылы қазан). 1993 жылдан бастап парламентаралық ассамблея парламентаралық одақта бақылаушы мәртебесін алды. 1998 жылы қыркүйекте парламентаралық одақтың Мәскеуде өткен 100 - ші конференциясында «Евразия» геосаясаси тобы құрылды, оның негізгі міндеті маңызды сұрақтар бойынша ортақ жолдарды жасаудың механизмін жасау, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер парламенттік делегацияларының әсерлерін үйлестіруге арналған бірлескен әрекеттер ұсыну болып табылады. 1999 жылы сәуірде парламент аралық ассамблея делегациясы парламентаралық одақтың 101-ші конференциясының жұмысына қатысты.
Халықаралық парламентаралық ұйымдармен жүргізілген байланыстар уақыт өте келе нақты сұрақтарға қатысты бірлескен шараларға, ынтымақтастыққа ұласты. 1997 жылы маусымда Санкт-Петербургте парламентаралық Ассамблея кеңесі мен Европа кеңесі ассамблеясының парламенттік бюросы арасында бірлескен отырыс өтті, онда екі ассамблея арасында ынтымақтастыққа қатысты келісімге қол қойылды. Парламентаралық ассамблея делегациясы Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының кезекті сессиясының жұмысына үнемі қатысып отырады. 1998 жылы маусымда парламентаралық ассамблея кеңесі мен парламенттік ассамблея бюросының Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа қатысты ұйымы арасында бірлескен отырыс өтті, онда аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты бағдарламалар жасау, өзара ынтымақтастық сұрақтары, ұлтаралық және басқа дауларды реттеу мен болдырмау шараларын жетілдіру, бейбітшіл қызметтерді дамыту талқыланды.
1998 жылы маусымда парламентаралық ассамблея кеңесі мен парламенттік ассамблея бюросының Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы арасында бірлескен арызға қол қойылды және парламентаралық ассамблея кеңесі секретариатымен бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымымен ынтымақтастық меморандумы өтті. 1998 жылы желтоқсанда парламентаралық ассамблея мен Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы парламенттік ассамблея арасында ынтымақтастыққа қатысты хаттама жасалды. 1999 жылы қаңтарда Гватемалада парламентаралық ассамблея кеңесі мен орталық-американдық парламент арасында ақпарат алмасу ынтымақтастығы жөнінде келісімге қол қойылды. 1999 жылы маусымда БҰҰ штаб-пәтері Нью-Йоркте экономикалық және әлеуметтік сұрақтарға қатысты БҰҰ департаменті мен парламентаралық ассамблея арасында экономикалық, әлеуметтік, туыстық аймақта қатынастар орнату шараларына сәйкес меморандумға қол қойылуына байланысты салтанатты рәсім өтті /57/.
Парламентаралық Ассамблея қызметтерін ұйымдастыруды Ассамблея кеңесінің парламенттік жетекшілерінен тұратын делегация жүзеге асырады, олар бір жылда төрт рет өз отырыстарын жүргізіп отырады. Парламентаралық Ассамблея мен оның кеңесінің арасында өтетін шараларға дайындықты Санкт-Петербургта орналасқан парламентаралық ассамблея кеңесінің секретариаты жүзеге асырады.
Парламентаралық Ассамблеяның баспа органы – «Ақпараттық бюллетень», онда Ассамблеяның және кеңестің ресми құжаттары, халықаралық журнал «Парламентаралық Ассамблея хабаршысы». Журналда парламентаралық Ассамблея мен ұлттық парламенттер қызметіне қатысты материалдар, өткізілген халықаралық конференциядағы, семинардағы қорытынды құжаттар, парламентаризм тарихы сұрақтарына қатысты мақалалар, шетел заң шығармашылығының тәжірибесін қолдануға қатысты, ТМД қатысушы мемлекеттер заңнамалық актілеріне түсіндірмелер басылады /58/.
Ассамблеяның тағы басқа құжаттарының модельді заң актілерінің қабылдануында, өңделуінде және әзірлеуінде (Парламентаралық Ассамблеяның) ПАА-ның тұрақты комиссиялары маңызды рөл атқарады. Тұрақты комиссиялардың бірқатары жұмыс істейді: құқықтық мәселелер бойынша; экономика және қаржы жөнінде; әлеуметтік саясат және адам құқықтары бойынша; экология мен табиғи қорлар бойынша; қорғаныс пен қауіпсіздік жөнінде; ғылым мен білім бойынша; мәдениет, ақпарат, туризм мен спорт бойынша; сыртқы саяси мәселелер бойынша; мемлекеттік құрылымдар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың тәжірибенің зерттелуі және бюджеттік бақылау бойынша.
Бұл комиссиялардың әрқайсылары жақсы жұмыс істейді, мысалы, әлеуметтік саясат және адам құқықтары бойынша МПА комиссиясы 29.12.1992 жылғы «Азаматтықты реттеудің үйлесімді қағидалары туралы» кепілдемелік заң актілерінің жобаларын енгізді; 13.05. 1995 жылғы «Парламентаралық Ассамблеяға қатысушы-мемлекеттер тұтынушыларын қорғауды реттеудің жалпы қағидалары туралы» және т.б.; ПАА комиссиясының құқықтық мәселелері бойынша-Модельді Азаматтық кодексі (бірінші бөлім) 29.10.1994 жылғы Модельді Азаматтық кодексі (екінші бөлім - IV тарау «Міндеттемелердің жекелеген түрлері») 13.05.1995 жылғы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттеріне арналған модельді азаматтық кодексі (үшінші бөлім) 17.02.1996 жылғы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттерге арналған модельді қылмыстық кодексі 17.02.1996 жылғы және т.б.
Ұлттық заңнамаларды үйлестіруде маңызды рөл атқаратын кепілдемелік нормативтік құқықтық актілерге мыналар жатады: «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясы ұсыныстары туралы Достастық шеңберінде тұжырымдалатын көпжақты мемлекетаралық келісімдердің бекітуін» 6.12.1997 жылдан, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттерінің ұлттық заңдарында әскери дау уақытында қолданатын халықаралық гуманитарлық құқықтың имплементациясы туралы» 16.10.1999 жылдан, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттерінің ұлттық заңдарының жақындауының негізгі бағыттары» 15.09.1992 жылдан.
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттерінің серіктестігінің ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласының негізгі қағидалары» (бұдан әрі «Ғылым туралы» РЗА-А.Е.) туралы кепілдемелік заң актісі 1995 жылдың 15 мамырында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясы қаулысымен қабылданған, 1-ші бапта белгіленген қағидалар тек ғылым мен ғылыми-техникалық қызметі төнірегінде ғана емес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттер ынтымақтастығының негізгі қағидалары белгіленген. Бұл:
ұзақ уақытты мүдделер және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттердің қызметіндегі күш-жігерді біріктіру қажеттілігіне қатысты мақсаттардың сәйкес келуі;
тараптардың мемлекеттік мүдделерді, ерекшеліктер мен қатысушылардың әрқайсыларының дәстүрлерін қадірлеу;
халықаралық құқықтық нормаларға сүйенуді мойындау;
ынтымақтасатын мемлекеттер мен ұйымдар үшін мүддесін ұсынатын мәселелердің бірлескен шешімдеріне тең құқылы қатысу;
мемлекеттік және мемлекеттік емес бағыттардың серіктестіктен өзара пайда табумен қамтамасыз ету;
тараптардың өзара жауапкершілігі;
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінің ерекшеліктерінің есепке алуы;
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттердің ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтің саласында серіктестіктің негізгі қағидалары» кепілдемелік заң актісі туралы №2 қаулы қосымшасында белгіленген және де осы құжат.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ортақ ғылыми-технологиялық кеңістіктің тұжырымдама жобасын дайындау үшін Мемлекетаралық экономикалық комитетке бағытталған. Сонымен, «Ғылым туралы» РЗА-ның 10 бабында көзделгендей, егер ескерілген мемлекеттік заңнамаларға қарамастан, халықаралық келісімшарттармен серіктестіктің басқа шарттар мен ережелер бекітілсе, шарттар мен шарттар туралы бекітілген ережелерді қолдануын қарастырса, ғылым мен ғылыми-техникалық қызметі саласындағы серіктестік мемлекеттік заңнамалармен реттеледі.
Тағы басқа табысты әсерлер мысалы ретінде «Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары» туралы заң жобасын қарастыруға болады. Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының он бірінші пленарлық мәжілісінде (№11-5 1998 жылдың 15 маусымындағы қаулысымен) қабылданған, 5-ші бапта мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары бекітілген, олар біздің мемлекетіміздің заңнамасына кірген болатын:
1) Конституцияның және заңдардың үстінен қараушылығы;
2) елдегі халыққа қызмет ету;
3) адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтардың басымдылығы;
4) ізгілік пен әлеуметтік әділеттік;
5) іскерлік пен құзіреттілік және т.б.
Ұқсас нормативтік актілерді қабылдау Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы кодекстердің жобасын жасау әр түрлі заңға сүйенген жүйелердің өзара әрекеттесуі мен өзара ықпалдың әсер етуі туралы емес, бір заң жүйесіне сүйенген, бірақ әр түрлі шарттарда жұмыс істейтін мамандардың бірлескен жұмысы туралы, біздің алдымызда ұлттық заңға сүйенген жүйелер енді қалыптаса бастауын көрсетеді.
Егеменді мемлекеттердің жаңа құқықтық актілерінің зерттелуі мынадай қорытындыларды жасауға негіздейді:
- біріншіден, заңда мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын, мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсететін ерекшеліктерін байқауға болады. Бұл жағдайлар заңға сүйенген доктрина мен тәжірибелерді жалпылайды;
- екіншіден, көптеген құқықтық актілер, өздерінің ішіне заң шешімдерін қамтып, сипаты бойынша ахуалмен де, тарихи себептермен де ұқсас болып келеді;
- үшіншіден, ұлттық мемлекеттердің заңдарында айырмашылықтар да бар, олар үйлесімді мәселелерді шешуді, әсіресе, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттерінің ортақ экономикалық кеңістігін құқықтық реттеуді қиындатады.
1995 жылдың 13 мамырдағы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттердің еңбек ресурстарының миграциясы» туралы кепілдемелік заң актісінің кіріспесінде жазылған: осы құжат Жалпыға ортақ адам құқықтары туралы Декларацияға, еңбекші-мигранттардың әлеуметтік қорғаудың серіктестігі туралы Экономикалық одақ және серіктестік жасауы туралы келісімшарты жағдайларына, БҰҰ-ның құжаттары адам құқықтары мен Халықаралық еңбек ұйымы шеңберінде қарастырылған қағидаларға негізделген.
Кепілдемелік құқықтық акт Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында еңбек қорларының миграциясы жөнінде негізгі үйлестіруші заң шығару саясатының қағидаларынан тұрады, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы еңбек миграциясы процессін реттеу (заңдастыру) мақсаты болып; кез келген жерде болмасын еңбекші-мигранттардың құқықтарына кепілдікпен қамтамасыз ету; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде ұлттық заңның жасалуына мүмкіндік туғызу, еңбектік миграция төңірегіндегі мемлекетаралық келісімдерінің шешімін қорытындылау. Бұның бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің азаматтары үшін мәні айрықша болды. Өйткені, олардың көбі өз Отандарынан алыс жерде жұмыс істеді және елдің ыдырауынан кейін, кенеттен, азаматтығы жоқ тұлғаларға немесе шетел азаматтарына айналыды.
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің нормативтік құқықтық актілері туралы» кепілдемелік заң актісі (бұдан әрі-НПА туралы РЗА). Осы құжаттың кіріспесінде белгіленген: құқықты мемлекетті жасау үшін демократияның дамуы, құқықтық реттеудің тиімділігін арттыру, құқықтық тәртіппен қамтамасыз етілуі, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау міндетті болып және олардың нормативтік құқықтық актілері сапалы болуы керек, олардың жасалу тәртібі, шығарылуы, түсіндірілуі және қолданылуы өте маңызды болып келеді. Мұнда мемлекеттердің ұқсас заңдары Конституцияға негізделеді және алға қойған мақсаттарға жету үшін мүмкіндік жасайды. Бұл оның дәл тұжырымдары туралы емес, Кепілдемелік заң актісінің концептуалды бағытталғандығын білдіреді.
Осылай, НПА туралы РЗА-ның 6-шы бабы Конституцияны сипаттайды және Конституцияның - мемлекет құқығының тікелей қайнар көзі болып саналатынын тікелей көрсетеді. Конституцияның жоғары заң күші, тікелей әсері болады және мемлекеттің барлық аумағында қолданылады. Мемлекетте қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер осы мемлекеттің Конституциясына қайшы келмеуі тиіс. «Басқа нормативтік құқықтық актілерге» НПА туралы РЗА мағынасы бойынша, ұлттық Конституциядан заңдық күші жоғарырақ Парламент бекіткен халықаралық келісімшарттарды жатқызуға болады. 11-ші бап Президенттің құқық шығармашылығы қызметін шектейді. Оның Конституция мен мемлекеттің заңдарына негізделген өзінің өкілеттігіне байланысты жарлықтар мен қаулылар шығаруға құқығы бар. Сонымен бірге, Президенттің нормативтік құқықтық актілері жарлық түрінде шығарылады.
Қазақстан Республикасында Президент нормативтік құқықтық актілерді шығаруы бойынша өкілеттікке ие болады: заң күші бар жарлықтар, тіпті Конституциялық заң. Егер Қазақстандық ғалымдардың Президенттің ұлғаймалы заң шығаруына түсінушілікпен қараса, Ресей Федерациясында Президенттің заң шығару саласындағы өкілеттіктің жоғарлауына, керісінше, басқаша қарайды. Осылай, В.С.Нерсесянц ерекше ілтипат деп Ресей Федерациясының Президентінің актілері мен федералды заңдар арасындағы бәсекелестік лайық деп санайды. Конституцияның 90-бабына сәйкес, бүкіл РФ территориясына тең орындалуына міндетті РФ Президентінің жарлықтар мен қаулылары «РФ Конституциясына және федералдық заңдарға қарама-қайшы болмауы тиіс». Кейде, заңдағы үлкен кемшіліктердің болуынан бұл жерде құқықтық мемлекеттің шеңберінде құқықтың қайнар көзінің иерархиясының (Конституция-заң-жарлық және т.б.) қағидасы анық бұзылған. Осы қағида басқа тұжырымды талап етті, атап айтқанда: «РФ-ның Президентінің жарлықтары және қаулылары федералды заңдар негізінде және РФ Конституцияны орындау мақсатында шығарады». Ғалымның айтуы бойынша, заңды норма жасау не болғанын, сонымен бірге неткен нақты себептер сілтемейтінін, жоғарғы өкілетті органның рөлін құнсыздайтынын және заңның үстінен қараушылығының қағидасы күмәнданатынын анық көруге болады. Нақ сол нормативтік актілердің барлық жүйесінің ортақ заңға сүйенген негіздері бұзылады /59, 119 б./.
В.С. Нерсесянцтің ойын растау үшін «НҚА туралы» РЗА-ның 52-ші бабы бойынша, мемлекет президентінің жарлығының айырмашылығы, мемлекеттің үкіметінің қаулысының жағдайында, министрліктер және заңы бар мемлекеттің мекемелерінің актілері, мемлекеттің заңының үстінен қараушылығын бекітеді. Мемлекеттің заң шығарушы билігінің органының құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша қолданылған мемлекеттер мен мемлекеттің Конституциясына қарама-қайшы мемлекеттер мемлекеттің Президенті, үкіметтің қаулысының жарлықтары мемлекетінің заң шығарушы билігі органының жұмыс істемейтін қаулыларымен танылады. Бұл нақты сол НПА туралы РЗА жағдай болып табылады. Ол соңғы кезде мемлекеттің Парламентінің өзінде түсінушілік тауып отыр. Парламент депутаттары бас заң шығару органының өкілеттіктерінің үлкеюіне жеткілікті әрі белсене айтып отыр. Парламентті кейбір тексеретін функциялармен қамтылуы оның өкілеттіктің үлкеюі емес, мемлекеттің ортақ демократиялық дамытуда көмектесетін оның жетіспейтін құзырының қалпына келтірілуі болып табылады. Президенттің құқық шығармашылығына байланысты ғалымдардың ойларының қалыптасуы осы жаңашылдықтың Кеңестен кейінгі елдер үшін қалыптасуы туралы куәландырып, әлі көптеген өзгерістерден өтетіні айқын.
Кепілдемелік заң актісінің 17-бабында дұрыс белгіленген: нормативтік құқықтық актілердің ғылыми қалыптасқан жүйесін қалыптастыру мақсатында; құқық шығармашылық қызметімен қамсыздандыру; құқық шығармашылық мәселелерді кешенді әрі ғылыми шешумен қамтамасыз ету; құқық-дайындау жұмысымен айналысатын ұйымды жақсарту, жаңа құқық шығармашылық шешімдердің ғылыми жобалауға аналитикалық баға беру, нормативтік құқықтық актілер жобаларын жасау мерзімдерін қатаң қадағалау.
Заңнамалық жұмыстар жобаларының бағдарламасын мемлекеттің заң шығарушы органы, Президент, Үкімет, министрліктер мен агенттіктер жүзеге асырады. Бірақ олар өздерінің жоспарларын мемлекеттің дамуы сияқты ортақ жобаға негіздейді, оны Қазақстанның тәжірибесінде Президент қабылдайды. Мысалы-«Қазақстан 2030». Бұл Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы мемлекеті мен құқығының даму стартегиясын анықтаудағы айқындаушы ролінің куәсі іспеттес.
Біздің көзқарамыз бойынша, «НҚА туралы» РЗА заңы 29 бабы мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік бюджеттер, салық жүйесі, экологиялық қауіпсіздіктер, азаматтардың міндеттері мен бостандықтарын, конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық актілердің жобалары бойынша; ғылыми құқыққа сүйенген құқық бұзушылықтармен күрестер және басқа мамандандырылған (жобаның профиліне байланысты) сараптама, қосуға лайық болар еді: «соның iшiнде халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларына сәйкестігі». Бұл қазіргі біздің елдегі 1998 жылғы 24 наурыздағы өз күшіндегі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңы үшін өзекті.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» РЗА-ның 45 бабында егерде мемлекетпен нақты қойылған шешiм халықаралық келiсiм-шарт бойынша, бұрын қабылданған актілерге қайшы келетіні (оның бөлігі) көзделген, ондай жағдайда нормативтік құқықтық акт (оның бөлiгi) өзінің әрекетін тоқтатады, мұндай артықшылықты мемлекет бекіткен Қазақстан Республикасының барлық халықаралық шарттары қолдана алмайды, тек қана Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген халықаралық шарттардың нормалары ғана қолдана алады.
Ұсыныстық заңнамалық актiнiң 51-шi бабында мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінің заңдылығын қамтамасыз ету тәсілдерінің ішінде бірінші тармақ болып «актіні белгіленген тәртіппен конституциялық емес деп тану» тұр, ол 1993 жылғы Конституция бойынша жұмыс жасаған Конституциялық Сотты айырбастауға арналған Конституциялық Кеңестің құзыретіне жатады. Алайда Конституциялық Кеңеске сауал жасау құқығы бар субъектілердің аясы өте шектеулі: Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бірінен кем емесі, Премьер-Министр, Конституциялық Кеңес тек Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабында көрсетілген мәселелердің шектеулі аясын ғана қарайды. Біздің ойымызша аталған маңызды билік органының уәкілеттігін кеңейту керек немесе өзінің жұмыс істеген жылдары аса жоғары тиімділігін дәлелдеген бұрынғы Конституциялық Сотты қайта құру қажет.
Қазақстан Республикасы үшін «Нормативтік құқықтық актілер туралы» РЗА-ның 53-бабы да өте маңызды. Бапта мемлекеттің заңының, өзге де нормативтік құқықтық актісінің белгіленген тәртіппен жасалған және бекітілген осы мемлекеттің халықаралық шартымен немесе халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидаларымен және нормаларымен алшақтығы болған жағдайда осы шарттармен және нормалармен белгіленген ережелер қолданылады деп көрсетілген. Мемлекеттің заңы, өзге де нормативтік құқықтық актісі және халықаралық шарт арасындағы алшақтықтарды шешу тәртібі заңмен анықталады. Осы бап ережелерінің маңыздылығы олардың әлі күнге дейін қазақстандық ұлттық заңнамада өзінің жүзеге асуының орын алмауында болып отыр. Мұның барлығы көбінесе Парламентаралық Комитет әзірлейтін модельдік заңнамалық актілердің тек ұсыныстық сипатқа ие болуымен байланысты. Сондықтан модельдік заңдармен қарастырылатын құқықтық нормалардың тікелей әсері болмайды. Сонымен қатар біртұтас экономикалық және кедендік кеңістік қалыптастыру әмбебап құқықтық реттегіштерсіз мүмкін емес.
Бұл реттегі неғұрлым қарапайым жол - Парламентаралық Комитет әзірлейтін модельдік заңдарға тікелей әсер етуші құқықтық актілер мәртебесін беру. Алайда осы қағиданы іске асыру тұрғысынан бұның ұзақ уақыт мерзімді алатындығын және оның іске асырылуы тек қатысушы мемлекеттердің азаматтарының тікелей сайлайтын ортақ өкілетті және заңнамалық органы - шартқа қатысушы мемлекеттердің парламенті (Еуропарламент үлгісі бойынша) қалыптасқан соң ғана мүмкін болатындығын атап өту қажет.
Е.Н.Шуваловтың пікірінше жақын болашақта басқа жол нақты: моделдік заңнамалық актілердің пәрменділігін қамтамасыз ету үшін шартқа қатысушы мемлекеттердің парламенттері модельдік заңдардың құқықтық нормаларын ұлттық заңнамаға көшірудің тәртібі мен ережелері туралы уағдаласулары қажет. Әзірше норма шығармашылық қызметтің неғұрлым тиімді нысаны ретінде мемлекетаралық Кеңес деңгейінде бірігудің басым бағыттары бойынша халықаралық шарттар мен келісімдерді дайындау мен қабылдауды тану қажет /39,.19 б.).
Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа елдерінің ұсыныстық (моделдік) заңнамалық акті негізінде қабылданған мемлекетішілік нормативтік құқықтық актіні салыстыру Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамалары үшін құқықтық қағидалары мен қайнар көздерінің, құқықтық мәдениеті мен құқықтық шығармашылығы және құқық қолдануының ортақтығы тән болып табылады. Әртүрлі құқықтық отбасылардың әсерлерін теріске шығармастан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында өзіндік құқықтық ортақтықтығы туралы сөз қозғауға болады, ол бір жағынан олардың заңнамаларын жақындатуға және шарттарды, келісімдерді қолдану саласын кеңейтуге арналған жалпы бағытты, екінші жағынан - біріздендірілген және модельдік актілерді анықтайды /60,432 б./.
Салыстырмалы түрде жақында құрылған ЕурАЗЭС парламентаралық Ассамблеясы белсенді қызметке кірісті, ол бірлестік елдерінің ұлттық заңнамаларын үйлестіруде бұдан да маңызды, әрі үлкен рөл атқара алады.
Достарыңызбен бөлісу: |