Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет7/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

Жағдайды баяндап айтуы 
Жігіт сен, шарап ішіп, тәтті тағам жұтып, 
Ақылыңды шараппен тұмандандыр. 
Тым опасыз көрінеді бұ заманда, 
Адам қалмас жаһанда мәңгі бақи. 
Ұлысқа рақым етіп, қамқор болғын, 
Әрқашан көңілің шат, бақытты болғын. 
Жаһанға игі атың кетті тарап, 
Жаман кезден жырақ тұтсын сені хақ. 
Махаббатымен бірге жанып бұл мүскінің 
Дұға қылды, қайырлы болсын, әмин. 
Мұхаммед Қожа-бекті мақтап біттім, 
Мұхаббат-намені жазуға кірістім. 
Әуелгі хатты оқуы 
О, сұлулық әлемінің падишахы, 
Сұлулығыңның әскері жаһанды жаулап алды. 
Пері сұлуларының көрікке байы, 
Жүзің - наурыз, қасың - мейрам айы. 
Көңілің Шырын, сөзіңе болды Фархад 
Көзің Кашмирдің сиқыршысына болар ұстаз. 
Қара меңің алқызыл өңіңе жарасар, 
Басыңды дәйім аяғыңа [исем де] жарасар. 
Бойың тік қарағайдай, белің қылдай, 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Опа қылған кісіге опа қылғай. 
Аузыңнан шыққан сөзің жан күйдірер, 
Айдай жүзіңе айдай көз қадалғанда. 
Нәркес көздің кірпігі жанға қадалар, 
Арғаван гүліндей жүзінде күлкі ойнаса 
Махаббат оты жанымнан кетпеді еш, 
Қолым күміс алмаңызға жетпеді еш. 
Сарайдан жетті дабылың Шырын-Машынға, 
Көз қиығын салсаң, арыстандар түсер ауға. 
Езу тартып күлсеңіз, шекер ұялар, 
Тісіңнің інжуінен гауһар ұялар. 
Жамалың жетті әлемге әскер болып, 
Өбер жерді жаныңда барша шахтар. 
Саған ғашықтық жолында аспан адасты 
ақылынан, 
Сырғаңның дәні - шолпан, жүзің - ай-ды. 
Сұлулық әлемінде сұлтансың, ей, жаным, 
Бастан-аяқ түгел жансын, ей, жаным. 
Мәгәр, қатты күлсең, аузың білінер, 
Пері көрсе сені, о да мендей дәліргей 
[ақылынан адасар], 
Шашыңның бір талына мың хор [қызы] 
жетпес, 
Жүзіңнің нұрына мың нұр жетпес. 
Хақ тағала жарылғап берсе егер, 
Керек емес сенсіз маған жұмақ та. 
Көңілдің қаны қайнап барша тасқай, 
Көз жасымнан кәусар [суы] болар ылай. 
Кісінің сенсіз не жаны болсын, 
Ондай өмірдің не сәні болсын. 
Шекер ернің науаты Хызраға ұқсар, 
Аяғыңды кім өпсе, мәңгі жасар. 
Жамалындай кісінің жоқ жамалы, 
Дариға, болмаса еді зауалы. 
Қиямет көріктісің, сұлулығыңа не сөз бар, 
Жырақ болсын жамалыңнан жырақ көз. 
Бүгін жоқ сен сияқты ай көкте, сірә, 
Бишара құлың Хорезмиді бақ-асыра. 
Мәснәви 
Кел, ей, шарапшы, келтірші мөлдір шарап, 
Күліп-ойнап ішсін де мына жұрт. 
Фәни күндер тез өтер желдей есіп, 
Ажалдан еш кісінің жоқ аманы. 
Ойлап тұрсам, сабырдан жақсысы жоқ, 
Енді білдім, бұл жолда сабыр да жоқ. 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау