Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата19.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#20581
  1   2   3   4


апталығы

Аялаймын сені, Қызылорда!

қазан


сенбi

8

№78 (1279)

2016 жыл

Газет 


1994 жылдан 

бастап шығады



•       Қалалық қоғамдық-саяси газет        

E-mail: akmeshit.kz@mail.ru

БІРІНШІ БАЙЛЫҚ

ТАЛАП

НАЗАР

ӘП,  БӘРЕКЕЛДІ!

ЕЛ ТЫНЫСЫ

Бағдарлама 3 бағытта  жүр-

гізіледі. Соның үшінші бағыты – 

жұмыс  берушінің  қажеттіліктері 

аясында  оқыту  болып  табыла-

ды.  Бұл  бағытта  жұмыссыздар 

қайта 

даярлау 


курстарынан, 

кəсіптік  білім  беру  орындары-

нан 2 ай  көлемінде  білім  ала-

ды.  Яғни,  еңбек  нарығы  қажет 

ететін  мамандық  түрлері  бойын-

ша   екі  қолға  бір  күрек  тап-

пай  жүрген  азаматтардың  тізімі 

іріктеліп,  оқуға  жолданады.  Сол 

арқылы  жұмыссыздық  деңгейін 

төмендету,  маман  тапшылығын 

жою  қарастырылған.  Алайда, 

азаматтардың  көбі  мұны  ескере 

бермейді. 

Жалпы, аталмыш бағдарлама 

аясында тұрғындарға түсіндірме 

шаралары  жергілікті  ақпарат 

құралдары  арқылы  жүргізіліп, 

мамандар  тарапынан  кездесу-

лер  ұйымдастырылуда.  Мұндай 

мүмкіндікті  жыл  сайын  бес 

жүзге  жуық  адам  пайдалана-

ды.  Нəтижесінде  сұранысқа  ие 

мамандықты  игеріп,  тұрақты 

жұмысқа  орналасуға  мүмкіндік 

алады.  Үстіміздегі  жылы  еңбек 

нарығына қажетті мамандықтың 

16  түрі  бойынша 450 адам 

кəсіби 


оқытуға 

жолданған. 

Аталған 

мамандықтардың 

ішін де  электромонтер,  элек-

трик,  аспазшы,  тігінші,  газ  құ-

бырын  дəнекерлеуші,  токарь, 

жүргізуші  сияқты  техникалық 

мамандықтарға  сұраныс  жо-

ғары. 


Кəсіптік 

мамандыққа 

оқыту  қаладағы  жоғарғы  оқу 

орындарында, 

колледждерде 

жүргізіледі.  Оны  тəмамдаған 

соң тиісті мекемелерге тұрақты 

жұмысқа  орналасуға  мүмкіндік 

туады.  Бұл  екі  қолға  бір  күрек 

таппай 


сенделген 

жастарға 

айтарлықтай көмек. 

Десек  те,  көпшілік  бұдан 

хабарсыз. Cоның  салдары-

нан  кей  азаматтар  мемлекет 

тарапынан  беріліп  отырған 

мүмкіндікті құр жіберіп алады. 

Олардың өз беттерінше жұмыс 

іздеуі,  тиімді  бағдарламадан 

хабарсыздығы  көп  жағдайда 

ай  сайын  жұмыс  орнын  ау-

ыстыратындар  қатарын  арт-

тыруда.  Бұл  мəселе  қай  кез-

де  де  өзектілігін  жойған 

емес.  Тұрмыс  төмендігі,  қар-

жылық  тапшылық  бəрі-бəрі 

осы  мəселеден  туындайды. 

Бірақ, 

қоғамда 


қарапайым 

кəсіп түрлерін игере алмай жа-

тып  жоғары  қызметті  арман-

дайтын,  өзіне  қара  жұмысты 

лайық  санамайтын  көзқарас 

өзгермей тұр. 

Облыстық  статистика  депар-

таментінің  мəліметіне  сүйенсек, 

биыл 6 ай  көлемінде  қаладағы 

экономикалық  белсенді  халық 

саны 122,8 мың адамды құраған. 

Жұмыссыздық  деңгейі – 4,7 

пайыз.  Ал,  жұмыспен  қамту 

жəне  əлеуметтік  бағдарламалар 

бөліміне 9 мыңнан  астам  адам 

хабарласып, 

ақпарат 

алса, 


оның   8584-і  жұмыссыз  ретінде 

тіркелген. 

Қалада  ай  сайын  өткізілетін 

бос  жұмыс  орны  жəрмеңкесі 

жұмыссыз  жастарды  еңбекпен 

қамтуға  жол  ашатын  тиімді 

шара.  Үстіміздегі  жылы 4 рет 

өткізілген  жəрмеңкеде 753 бос 

орынға  маман  сұрастырылған. 

Нəтижесінде 622 адам  жол-

дама  алып, 334-і  тұрақты 

еңбекпен  қамтылған.  Сондай-

ақ,  қайта  даярлау  курстары-

на – 83, қоғамдық жұмысқа – 10 

адам  мүмкіндік  алған.  Мұның 

өзі  біраз  адамның  отбасын 

асырауы на сеп болып отыр. 

Ел  экономикасын  дамыту 

арқылы халықтың əл-ауқатын 

арттыру 


қазіргі 

таңдағы 


бас ты  мақсат.  Ол  үшін  ма-

ман 


тапшылығын 

жою 


көзделген.  Осы  орайда,  əрбір 

оқушының  болашақ  кəсібін 

нарық  сұранысына  сəйкес 

таңдауы  да  жұмыссыздықтың 

алдын-алуға  септігін  тигі-

зер 


еді. 

Соңғы 


жылда-

ры  елімізде  гуманитарлық 

мамандықтардың  күрт  өсуі 

осы  жағдайға  өз  ықпалын 

тигізгені 

жасырын 


емес. 

Тіпті,  бірнеше  мамандықты 

игерген жастардың өзі дипло-

мын  қалтаға  салып,  уақытын 

босқа  өткізуде.  Қалай  де-

сек  те,  жастардың  болашаққа 

қажет  кəсіпті  игергені  өзіне 

де, елге де тиімді болары хақ. 



Айдана САЙДУЛЛА.

Кәсіптік білім 

көкжиегі

Бүгінде  азаматтарды  еңбекпен  қамту  арқылы  халықтың  табысын  арттыру  мақсатында  мемлекеттік 

«Жұмыспен  қамту-2020»  бағдарламасы  бүгінде  кең  ауқымда  жүзеге  асырылып  келеді.  Аталмыш 

бағдарламаны орындаудың үш кезеңі белгіленді. Қазіргі таңда ол үшінші кезеңге аяқ басып отыр. 



КЕЙКІ БАТЫРДЫҢ БАС 

СҮЙЕГІ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Кейкі  батырдың  бас  сүйегін  елге  жеткізу 

бойынша   мамандар  тобын  басқарған  ҚР  Орталық 

мемлекеттік  музейінің  директоры  Нұрсан  Əлімбай 

қазақ 

халқының 

əйгілі 

мергенінің 

сүйегін 

Қазақстанға  қайтарылғандығы  жөнінде  хабар-

лады.  Бұл  жөнінде  еліміздің  мəдениет  жəне  спорт 

министрілігі мəлім етті.

Оның ақпараты бойынша, бұл мəселемен айналысқан 

бір  топ  мамандар  бүгін  таңертең  Кейкі  батырдың  бас 

сүйегін  Отанына  қайтарды.  Туған  жеріне  сапарын-

да  аталмыш  ескірткішті  ҚР  Мəдениет  жəне  спорт 

министрлігі, сонымен қатар Орталық мемлекеттік музей 

қызметкерлері алып келді.

«Өз  басым  бұл  мəселемен  айналысқалы 8 жыл 

болыпты.  

Бүгінгі  таңда  атқарылған  жұмыстың 

нəтижелері  мені  əбден  қанағаттандырады.  ҚР  Үкімет 

басшылары,  Мəдениет  жəне  спорт  министрлігі  тікелей 

араласып,  барлығымыз  қоян-қолтық  жұмыс  істедік», - 

деп хабарлады мемлекеттік музей директоры.

Əйгілі  батырдың  бас  сүйегі  Ұлы  Петр  атындағы 

антропология  жəне  этнография  музейінде 100 жылға 

жуық уақыт бойы сақталған болатын. Тарихи ескерткіш 

болып   табылатын 1916 жылғы  ұлт-азаттық  көтерілісі 

жетекшілерінің  бірі  Кейкі  батырдың  бас  сүйегін  туған 

жеріне қайтару мəселесі ресей тарапымен ұзақ жылдар 

бойы талқыланған болатын. 

Қазіргі  уақытта  Кейкі  батырдың  бас  сүйегі 

Қазақстан да.  Халықаралық  стандарттарға  сəйкес,  бас 

сүйек  фрагменттері  ДНҚ  деңгейіндегі  зерттеулер-

ден өтуі тиіс. Батыр бабамыздың ДНҚ генетикалық са-

раптамасын  жүргізу  жұмыстарына  шетел   ғалымдары 

атсалысады.   Қазіргі  уақытта  ынтымақтастық  жəне 

бірлескен сараптама жұмыстарын жүргізу мəселесі бой-

ынша  венгр  ғалым дарымен,  соның  ішінде  Еуропаның 

жетекші  антро пологтарының  бірі  Андраш  Жолт  Биро-

мен келісім жасалды.

Барлық  тиісті  зерттеу  жұмыстары  аяқталған  соң, 

Кейкі батырдың бас сүйегі жерлеу үшін туған-туыстарына 

тапсырылады.  Айтып  кету  керек,  Кейкі  батырдың 

бас  сүйегінің  Отанына  қайтарылуы – Қазақстан  жəне 

Ресей   арасындағы  достық  байланыстар  өзара  түсіністік, 

сыйластық  пен  сенім  негізінде  жүзеге  асырылып 

жатқандығының тағы бір дəлелі болып табылады.



ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КАРТИНА 

«ОСКАР» ҮШІН КҮРЕСУДЕ

Сатыбалды  Нарымбетовтің  «Аманат»  фильмі 

«Оскарға»  ұсынылды,  деп  хабарлайды  ҚазАқпарат 

gakku.kz сайтына сілтеме жасап.

Кинокартина  беделді  сыйлық  үшін  «Шет  тіліндегі 

үздік фильм» аталымында бақ сынайтын болады.

Тарихи  драма  Ермұқан  Бекмахановтың  тағдырына 

арналған. Тарихшы Кенесары Қасымұлының қолбасшы-

лығымен болған көтеріліс туралы ғылыми тұжырымдары 

үшін  қудалауға  ұшыраған  болатын.  Картина  прокатқа 

ағымдағы жылдың мамырында шықты.

Басты  рөлді  Берік  Айтжанов  сомдады,  Кенесары 

ханның рөлі Санжар Мəдиевке бұйырды.

Фильм Қапшағай маңында түсірілді.

УНИВЕРСИАДАҒА 

ДАЙЫНДЫҚ

2017-ші  жылы  Алматы  қаласында 28-ші 

Бүкілəлемдік қысқы Универсиада ойындарын өткі-

зіледі. Бүгінде оған дайындық мəселелеріне баса на-

зар аударылып отыр.

Бүкілəлемдік  қысқы  Универсиада 2017 жылы 29 

қаңтар  мен 8 ақпан  аралығында  Алматы  қаласында 

болады.   Қазіргі таңда 58 мемлекет жарысқа қатысатынын 

растады. Универсиадада спорттың 12 түрі бойынша 86 

медальдар  жиынтығы  ұтысқа  салынады.  Сондай-ақ, 

жарыстар 8 спорттық  нысанда: «Алматы  Арена»  жəне 

«Халық  Аренадан»  бөлек, «Шымбұлақ», «Медеу»,  

«Сұңқар» трамплині, Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы,  

«Алатау»  шаңғы-биатлон  стадионы  жəне  Алматы 

облысындағы «Табаған» кешенінде өтеді.

Бүгінде 4-5 жастан асқан бүлдіршіндер 

былдырлап,  сөзін  анық  айта  алмай-

ды.  Сəбилердің  тілінің  кеш  шығуы  тек 

ата-ананың  емес,  дəрігерлердің  де  наза-

рын аударуда. Баланың сөйлеу қабілетіне 

кері  əсер  етіп,  оны  бұзатын  себеп-

тер  өте  кеп.  Мамандардың  айтуынша 

құрсақта жатқанда анасының түрлі ауруға 

ұшырауы,  баланың  таңдайының  дұрыс 

қалыптаспауы,  қатты  шошыну  секілді 

себептер  кері əсерін тигізеді.  

Сондай-ақ,  сау  баланың  дүниеге 

келуі  ата-ананың  денсаулығына  байла-

нысты.  Сонымен  қатар,  тілдің  шығуы 

неврологиялық  ауруларға  тікелей  қа-

тысты.  Яғни,  жүйке  жүйесінің  бұзылуы 

бала  тілінің  кеш  шығуына  əкеп  соғады. 

Сондықтан  немқұрайлы  қарауға  болмай-

ды.  Өйткені,  дер  кезінде  көңіл  бөлмесе, 

бұл дерттің салдары көптеген ауруға əкеп 

соқтыруы мүмкін. 

–  Қазір 3 жасқа  толған  бала  анық 

сөйлемесе  əрбір  ата-ана  «Ер  баланың 

тілі  кеш  шығады»  немесе  «еркелігі  ғой» 

деп  өз-өздерін  осылай  жұбатады.  Алай-

да,  бала 1 жаста  кем  дегенде 10-15 сөзді 

айтуы  қажет.  Ал, 3 жастан  асқаннан 

кейін еркін əңгімелесе білуі керек. Бірақ, 

бүгінде  мұндай  балалар  сирек  кездеседі. 

Баласы  бесікте  жатқанда-ақ  онымен 

сөйлесіп, бесік жырын айтып, ұйықтатқан 

жөн. Қазіргі жас тар баланың қасына ұялы 

телефондағы əуенді қосып, өз ісімен айна-

лысып  оты рады.   Балаға  көңіл  бөлмейді

оны  жіті  қадағаламайды.  Осының  салда-

рынан  сəби дің  тілі  кеш  шығады, – дейді 

облыстық  кеңес  беру  диагностикалық 

орталығының  логопед  маманы  Жанар 

Жұдабаева. 

Бұрынғы біздің ата-əжелеріміз лого-

пед деген мамандықты білмейтін. Алай-

да,  бүгінде  бұл  мамандарға  сұраныс 

жылдан  жылға  артып  келеді.  Ұрпақ 

денсаулығы – басты  құндылығымыз. 

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» – дейді 

дана халық. 

Қазіргі  кезде  облыстық  кеңес  беру 

диагностикалық  орталығында  логапед 

кабинеті  заманға  сай  ең  соңғы  үлгімен 

жабдықталған. Мұнда баланың тілінің тез 

шығуына  барлық  мүмкіндік  жасалады.  

Сонымен қатар, жоғары дəрежелі маман-

дар сапалы қызмет етеді.   

Кішкентай  баланың  сөйлеуіне  жіті 

мəн берген жөн. Біз де көбіне «Менің ба-

лам ерке, есін білгенде өзі-ақ жөнделеді» 

деп  жатады.  Сондай-ақ,  үлкендер  жағы 

«Оның əкесінің тілі кеш шыққан, баласы 

өзіне ұқсаған ғой» деп мəн бермейді. Бұл 

пікір дұрыс емес. Баланың өз жасына сай 

сөйлеуі маңызды. 

– Менің ұлым 2 жастан 6 ай асты. Ол 

əлі  толық  сөйлей  алмайды.  Бəрін  ым-

мен  түсіндіреді.  Анда-санда  ғана  был-

дырлап  сөйлейді,  оның  өзі  түсініксіз.  

Баламның  толық  сөйлеп  кетуі  үшін 

не  істеу  керек  деген  сұрақ  жиі  маза-

лай  бас тады.  Арнайы  мамандардың 

көмегіне  жүгінгенді  жөн  көріп,  кеңес 

беру  орталығына  келіп  отырмын.  Бала 

1 жасында кем дегенде 10-15 сөз айтуы  

керек  екен.  Қазіргі  кезде  ұлыма  лого-

педтер  жан-жақты  тексеру  жүргізіп, 

түрлі жаттығулар жасауда, – дейді жас 

ана Ұ.Өтегенова. 

Мамандардың  айтуынша,  ата-ана 

егер  баласының  тілі  кеш  шығып  келе 

жатқанын  аңғарса,  алдымен  невропа-

толог  дəрігерге  қаралып,  кейін  логопед 

мамандардың  көмегіне  жүгінуі  керек.  

Дегенмен  дер  кезінде  ем  алса  мұндай 

қиындықтан арылуға болады. 

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.

Қазіргі кезде кішкентай баланың тілінің кеш шығуы үлкен мəселеге айналуда. Бұл жағдай еліміздегі логопед пен дефиктологтардың сұранысын арттырып отыр. Осыған орай, барлық емханалар мен 

мектептерде арнайы штат ашылып, жүйелі жұмыс жүргізілуде. 

Бұл туралы облыс бойынша төтенше жағдайлар департаменті 

төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Бақтияр Тұрманов 

өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндап 

берді. Жиында жылу беру маусымы алдындағы үгіт-насихат пен 

аймақтағы  өрт,  су  қауіпсіздігі  бойынша  атқарылған  жұмыстар 

барысы түсіндірілді.

Сондай-ақ,  жылыту  маусымында  қауіпсіздік  шараларын 

ұқыпты  сақтамау  салдарынан  орын  алған  өрт  жəне  түтінге 

улану  оқиғалары  да  тілге  тиек  етіліп,  аталмыш  мəселелер 

аясында  атқарылған  жұмыстар  таразыланды.  Айта  кетейік, 

биылдың өзінде өңірде 342 өрт оқиғасы тіркелген. Ал, соңғы 

екі жылдың есебі бойынша жылу маусымында 48 түтінге ула-

ну дерегі орын алған.

Облыстық  төтенше  жағдайлар  департаментінің  өрт  қауіп-

сіздігі  саласындағы  бақылау  жəне  профилактикалық  қызмет 

басқармасының бастығы Руслан Қайрақбаев өрт оқиғасына байла-

нысты орын алып жатқан жағдайларды талдау негізінде көптеген 

жағдайлар  тұрғындардың  қауіпсіздік  шараларына  немқұрайлы 

қарауынан  туындап  отырғандығын  айтып,  адамның  қайғылы 

оқиғасын  болдырмау  мақсатында    тұрғындарға  өрт  қауіпсіздігі 

ережелерін  қатаң  сақтауды  баса  ескертті.  Осы  бағытта  жыл  ба-

сынан  бері  сала  мамандары  тарапынан  қажетті  істер  қолға  алы-

нып,  тұрғындарға  үгіт-насихат  жұмыстары  кеңінен  жүргізілді. 

Мəселен,  аталмыш  мақсат  аясында  əр  аптаның  сенбі  күндері 

«Өрт қауіпсіздігі күні» болып жарияланып, нəтижесінде 50 мыңға 

тарта  тұрғын  үйге  түсіндірме  жұмыстары  тұрақты  түрде  іске 

асырылған.  Ал,  сала  мамандары  жылу  беретін  кезең  басталар 

алдында  жылыту  жүйелерін  тағы  бір  мəрте  ұқыпты  тескерістен 

өткізудің артықтық етпейтіндігін алға тартады.



Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.

ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Ағымдағы жылы суға кету дерегі былтырғымен салыстырғанда 15,6 пайызға төмендеген. Соңғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша суға шомылу маусы-

мында 27 адам құтқарылып, зардап шеккен адамдар саны 31-ді құраған.

– Əже, маған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ата-

мыздан хат келді.

– Қызым-ау, қалжының болар...

–  Əжетай,  шын  сөзім,  қараңызшы... «Айналайын 

Алтынай!»  деп  алғыс  хатын  жіберіпті.  Бұл – қаланың 

кішкентай тұрғыны Алтынай Беріктің қуанышты сəті еді. 

Алғашында  Астанадан  келген  хатқа  əжесі  де,  немересі 

де сенбеді. Əйткенмен, бала қуанышы рас болып шықты.

Ойы  ұшқыр,  өздігінен  əңгіме,  ертегі  құрастыратын 

Алтынай  есімді  балғын  қыз  Қызылордада  тұрады. 

№267 орта мектептің 5 сынып оқушысы. Өскенде ақын, 

жазушы   болуды  армандайтын  Алтынай  Берік 7 жасы-

нан  ертегі  жазып  келеді.  Бүгінде  оның  топтамасын-

да 40-қа  жуық  ертегісі  бар.  Көбісі  жан-жануарлармен 

байланысты.   Мəселен, «Ақ  көжек», «Мөлдір  бұлақ», 

«Қызыл қораз», «Түйе», «Қамқорлық» сынды туындыла-

ры республикалық байқауда орын алып жүр. 

–  Алтынай  бүгінге  дейін  түрлі  байқаулардың 

жеңімпазы  атанып  келеді.  Алғашқы  жүлдесін  «Жас 

өркен» серіктестігі ұйымдастырған «Үш бəйтерек» жы-

лына арналған бəйгеге қатысып, Алматыдан алып қайтты. 

Өзі  көпбалалы  отбасынан  шыққан.  Сол  балаларының 

ішінде ерекше зерек. Үнемі ертегі, əңгіме жазып жүреді. 

Оқуда да озат, – дейді əжесі Шолпан Шəріпбайқызы.

Айта  кетейік,  жуырда  Алтынай  Елбасына  Конс-

титуция  күнімен  құттықтап,  хат  жолдады.  Мемле-

кет  басшысы   құттықтауы  үшін  алғысын  білдіріп,  сый 

ретінде «Еуразия  жүрегінде» кітабын жіберді. 

–  Бұл  Нұрсұлтан  атамыздан  алып  отырған  екінші 

кітабым.  Негізі, 2014 жылы  жаңа  жыл  қарсаңында 

үйдегілерден  ақылдасып  құттықтау  хатын  пошта 

арқылы жіберген болатынмын. Содан кейін жауап келді. 

Биыл  да  Констутиция  күні  мерекесіне  орай  арнайы  

лебізге  толы  хат  жібердім.  Мемлекет  басшысының 

қолтаңбасы қойылған ең үлкен сыйлықты болдым. Ол 

əрине – кітап, – деді кейіпкеріміз Алтынай. 

Елбасы  жіберген  əрбір  хатты,  сыйлықты  Алтынай 

ұқыпты  түрде  сақтап  жүр.  Үнемі  қолынан  қағазы  мен 

қаламы түспейтін кішкентай қыздың ертегілерін қазірдің 

өзінде  кез-келген  республикалық  балалар  журналынан 

тауып  оқуға  мүмкіндік  бар.  Алтынайдың  да  арманы – 

ақын,  жазушы,  журналист  болу.  Лайым,  сол  бала  тілек 

қабыл болғай!

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

ЕЛБАСЫДАН АЛҒЫС 

АЛҒАН ЕРТЕГІШІ 

АЛТЫНАЙ


Қадірлі оқырман! Өздеріңіздің сүйікті 

ба сы лым дарыңыз – «Ақмешіт ап талығы» газе ті не 

2017 жылдың бірінші жарты жылдығына жа зылу  жүріп жатыр. 

Басылымның алты айға жазылу  бағасы:

Жекелер үшін-2000 теңге, мекемелер үшін – 3000 теңге.

Газет индексі: жеке тұл ғаларға-65463, мекемелерге-15463. 

Мекен-жайы: Қызылорда қа ла сы, Бейбарыс  Сұлтан көшесі №4 үй. 

Анықтаманы 40-01-09, 70-00-37, 40-05-81 

телефондарынан алуға болады. 

Біздің есеп-шотымыз: ТОО «Сыр медиа» 

СТН 331 000 011 645  БСН 100 740 005 115

ҚҚС бойынша тіркеу куəлігі

Серия 33001 №0003930 от 17.08.2012

ИИК KZ349260701180488005

АО Казкоммерцбанк КБЕ 17,  

БИК KZKOKZKX    КОД 158872



«АҚМЕШІТ АПТАЛЫҒЫНА» 

ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!

Баланың тілі неге кеш шығады?



БАСПАСӨЗ  – 2017


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау