Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет43/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ
– ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы 
ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады, қазақ 
әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. «Үш бәйтеректің» бірі. 1894 жылы 
Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі екі 
жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болған. Одан кейін 
аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының 
меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика 
институтын бітірген, соң «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқарды. 1932-
1934 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының 
төрағасы. 1933-1936 жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің 
мүшесі болды. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 
І.Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол 
поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын 
көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да 
тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де 
алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр 
кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа 
дейін арқау болып отырады. Қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, 
халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын 
арқауы. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты 
он беске жуық көлемді поэма қазақ поэзиясының інжу маржаны болып 
табылады. І.Жансүгіровтың прозалық шығармаларының ішіндегі көлемдісі - 
«Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының 
тұрмыс тіршілігін, азаттықты көксеген арман аңсарын, 1916 жылғы ұлт-
азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді. Қаламгер 
әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. А.Пушкиннің 
көптеген өлеңдеріне қоса, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет 
толық аударды. Сондай-ақ, М.Лермонтовтың, А.Горькийдің, Н.Некрасовтың, 
В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. 
Елімізде 
бірнеше мектепке, көшеге, ауданға, елді мекенге, 
Талдықорған 
қаласындағы 
Жетісу 
мемлекеттік 
университетіне 
І.Жансүгіровтың есімі берілді.
1994 жылы университеттің қарсы алдындағы алаңға ақынның қоладан 
құйылған ескерткіші орнатылды. Талдықорғанда ақынның өмірі мен 
шығармаларына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді. 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау