Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет40/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

ІІІ ТОҚСАН 
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН
(1894–1938) 15 қазанда Жезқазған облысы
Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген. «Үш бәйтеректің» 
бірі. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905–
1908), қалалық үш класты училищеде (1913–1916) оқыды. 1914 жылы Қазан 
қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. 
Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болды. 1920 
жылғы 4 қазанда Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасын жариялаған 
Кеңестердің 1-Құрылтай съезіне делегат болып қатысып, Орталық Атқару 
Комитетінің мүшесі болып сайланды. Жер-су комиссиясының жұмысына 
және баспасөз ісіне басшылық етті. 
1922 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан» журналында жариялана 
бастаған «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық шығармасын жеке кітап 
етіп (1927) шығарды. 1929 жылы қазақтың зиялы азаматтарына арнап ауыз 
әдебиеті үлгісін жинау жөнінде жазған «Ашық хатын» жариялады. Қазақтың 
мемлекеттік педагогика институтының доценті болды. 1932 жылы «Әдебиет 
майданы» журналының редакторы, 1934 жылы Қазақтың коммунистік 
журналистика институтының профессоры қызметін атқарды. 1936 жылы 
Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен бірінші онкүндігіне қатысты. 
Шығармашылықпен белсене араласты. 1917 жылы «Жұбату» атты 
тұңғыш әңгімесін жазды. 1922 жылы «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағын», 
«Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пьесаларын жазды. «Домбыра» 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
(1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928), «Көкшетау» (1929) 
өлең-поэмалар жинақтарын, «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық 
романын (1927), «Жер қазғандар» повесін (1927) жарыққа шығарды. 30-шы 
жылдары «Альбатрос» (1932), «Қызыл ат» (1934), «Социалистан» (1935) атты 
поэмаларын, «Айша» (1930), «Жемістер» (1935) атты повестерін жариялады. 
Публицистика саласына қалам тартты. Қазақстан ескі әдебиет нұсқаларын 
жинау, зерттеу, бастыру ісімен шұғылданды. Қазақ фольклорының тарихына 
арналған «Қазақ әдебиеті» (1932) кітабын жазды. Қазақ әдебиетінің 
оқулықтарын жасауға қатысты. Басты шығармалары орыс тіліне аударылып, 
Кеңестер Одағы халықтарының бірқатар тілдерінде басылды. Қазақ 
жазушыларының ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен 
марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы мерекеленді. 
Қазақстан Жазушылар одағы таңдаулы деректі проза мен публицистикалық 
шығармаларға жыл сайын беріліп тұратын С.Сейфуллин атындағы әдеби 
сыйлық тағайындады (1985). Алматы, Астана сияқты көптеген қалалар мен 
елді мекендерге, театрлар мен мектептерге, кітапханалар мен көшелерге 
Сәкен Сейфуллиннің аты берілген. 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау