Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет41/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

СЫР САНДЫҚ 
Шырқ айналар шіркін тауық, 
Жемің болса қолында, 
Қайдағысы сені тауып
Топырлайды жолында. 
Досыңмын деп ант береді, 
Жем іздеген жанама. 
Жем таусылса жалт береді, 
Сенерлік дос, санама. 
Нағыз достар, бір-ақ қалып. 
Шыңдап берік сүйіскен. 
Бір-біріне сыр ақтарып, 
Сыр түйінін түйіскен. 
Әр адамның ішкі сыры, 
Берік қойма сақталған. 
Сол қойманың бір түкпірін, 
Достың досы-ақ ақтарған. 
Кейде ашуға сол түкпірді, 
Іздейді жан жақынын. 
Шертеді жан сырлы жырды, 
Сырлас жанын шақырып. 
Тыныс керек кейде жанға, 
Кейде жанға ән керек. 
Күй шертуге анда-санда, 
Сырласарлық жан керек. 
Ішкі сырды мысал етіп
Біраз ғана жырлайын. 
Суреттеуге тауға кетіп, 
Суретті ептеп сырлайын. 
Сарыарқаның бір тауы бар - 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Бір тауы бар сымбатты. - 
Сол таудан сен сыр тауып ал, 
Сыр тауып ал, қымбаттым. 
Қалың зеңгер, құзды шаттар, 
Құзды шаттар қалың ну
Сарқырайды мұз бұлақтар, 
Мұз бұлақтар у да шу. 
Нуда бір шың тіп-тік сұңғақ. 
Тіп-тік сұңғақ бір биік. 
Шың суретті бейне жұмбақ, 
Тұрғандай көп сыр жиып. 
Шынды айналған кұзды шаттар
Құзды шаттар ақкан су, 
Сылдырайды мұз бұлақтар, 
Мұз бұлақтар у да шу. 
Сөзім мысал, достым, тыңда, 
Тыңда, достым, ойлап ал. 
Түрлі сыр бар сол бір шыңда
Сол бір шыңда қойма бар. 
Қойма шыңның нақ басында, 
Нақ басында кақпасы. 
Алтын жазу кақ басында, 
Қақпаның тас тақтасы. 
Сол қоймада қымбат жасау, 
Қымбат жасау сақталған. 
Текшелеген сымдап жасап, 
Сымдап жасап қақталған. 
Бір сандық бар емес түрде, 
Емес түрде көрнекті. 
Бір түкпірде беті перде, 
Беті перде өрнекті. 
Бір сандық бар, ол сандықта, 
Ол сандықта бір сандық. 
Сырдың кілті қол сандықта
Қол сандықта сыр 
сандық. 
Сандық іші 
қызыл-жасыл, 
Жасыл жібек перделі. 
Толған қымбат сақтаулы асыл. 
Асыл сым бар пернелі. 
Сұлу жанды сұлу сүйген, 
Сұлу сүйген сыршылым. 
Жібек талдап түйін түйген, 
Түйін түйген, түршілім. 
Сыр сандықты ашып қара, 
Ашып қара, сырласым. 
Сым пернені басып қара, 
Басып қара жырласын! 
Сұлу сымда перне әуені, 
Перне әуені жыр айтар. 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Көніл ашар тербеу әні
Тербеу әні сыр айтар. 
Шыққанбыз дос, шыңға талай, 
Талай сырды ойланып, 
Ақтарарлық алтын сарай, 
Алтын сарай қойманы. 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау