А. Т. Оралова, Н. К. Цой, Ю. Д. Обухов, А. М. Суимбаева, А. Ж. Ауелбекова


экожүйедегі немесе оның элементтерінде болатын барлық тірі



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет29/72
Дата15.09.2023
өлшемі1,39 Mb.
#43403
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
УП Экология 1 болим каз

экожүйедегі немесе оның элементтерінде болатын барлық тірі 
органикалық масса. Биомасса және өнім (өнімділік), әдетте, абсолютті 
құрғақ салмақ арқылы есептеледі.
Экожүйенің өнімі мен биомассасы – бұл тамаққа пайдаланатын 
немесе түрлі шикізат түрінде (техникалық, отын және т.б.) қолданылатын 
ресурс қана емес. Бұл көрсеткіштерден тікелей тәуелділікте экожүйенің 
орта түзуші және орта тұрақтаушы ролі болады.
 
 
4.4 
Биоценоздың трофикалық құрылымы
Әр экожүйеге қоректену әдісі бойынша ажыратылатын түрлі 
организмдердің топтары кіреді (биоценоздың трофикалық құрылымы). 
Автотрофтар 
(өздігінен қоректенетін) – фотосинтез (жасыл 
өсімдіктер) және хемосинтез (сутегі, күкірт, күкіртсутегі, аммиак, темірдің 
тотығуының энергия көзі ретінде пайдаланылатын бактериялар) 
процестерінің көмегімен өз денесінің органикалық затын неорганикалық 
заттардан – су мен көміртек оксидінен түзетін организмдер. Автотрофтар 
барлық тірі тіршілік иелерінің негізгі массасын құрайды және кез келген 


37 
экожүйедегі барлық жаңа органикалық заттардың түзілуіне жауап береді, 
яғни өнімді өндіруші – экожүйенің продуценттері болып табылады.
Гетеротрофтар 
(басқалармен 
қоректенетіндер) 
– 
басқа 
организмдердің дайын органикалық заттарын және олардың тіршілік 
әрекетінің өнімдерін пайдаланатын организмдер. Бұл барлық жануарлар, 
саңырауқұлақтар және бактериялардың көп бөлігі. Гетеротрофтар 
органикалық заттарды тұтынушы және деструктор (бұзушы) болып 
саналады. Қорек көзіне және деструкцияға қатысуына байланысты олар 
бірнеше категорияларға бөлінеді: консументтер, детритофагтар және 
редуценттер. 
Консументтер – 
тірі организмдердің органикалық заттарын 
тұтынушылар. Оларға жатады: 
Тірі өсімдіктермен қоректенетін (өсімдік биті, шегіртке, қой және т.б.) 
өсімдік қоректі жануарлар (бірінші ретті консументтер - фитофагтар); 
Басқа жануарлармен қоректенетін ет қоректі жануарлар (екінші ретті 
консументтер - зоофагтар), яғни фитофагтарға ғана емес, басқа да 
жыртқыштарға шабуылдайтын түрлі жыртқыштар; 
Қожайын-организмнің заттары есебінен тіршілік ететін паразиттер 
(үшінші ретті консументтер); бұларға жануарлар ғана емес (құрт, 
жәндіктер, 
кене), 
сонымен 
бірге 
микроорганизмдер 
(вирустар, 
бактериялар, қарапайымдылар) және кейбір саңырауқұлақтар мен 
өсімдіктер кіреді; 
Симбиотрофтар – қожайын-организмінің шырындарымен немесе 
бөлінетін заттарымен қоректене отырып, онымен бірге оның өмірі үшін 
маңызды 
трофикалық 
функцияларды 
орындайтын 
бактериялар, 
саңырауқұлақтар, қарапайымдылар; бұларға көптеген өсімдіктердің 
тамырлы қоректенуде қатысатын жіпшумақты саңырауқұлақтар, күрделі 
асқазанды күйіс қайыратын жануарлардың микробты тұрғындары және т.б. 
кіреді. 

жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау