§ 9. ТҰРАҚТЫ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ, МАҚСАТТАРЫ
ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ
9.1 Қоршаған ортаның қауіпсіз және тұрақты дамуы бойынша
пікірлер
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев атап
айтқандай, біздің мемлекетіміздің тұрақты дамуы үшін бірінші кезекте
табиғи ресурстарды ұқыптап қолдануға қол жеткізу қажет.
Адамзат ХХ ғасырда өсіп келе жатқан қажеттіліктер мен оларды
биосфераны
бұзбай
қамтамасыз
ету
арасындағы
шиеленісетін
қайшылықтарға кез болады. Соның нәтижесінде өмірлік қажеттіліктерді
қамтамасыз етуді және болашақ ұрпақтың мүдделерін ғана емес, сонымен
қоса, олардың өмір сүру маңыздылығын қатерге тіге отырып, қоғамдық-
экономикалық даму жаһандық апатқа ұшырау жүйесіне жедел қозғалысты
сипатты қабылдады.
84
1970 жылы итальяндық өнеркәсіпші Аурелио Паччей көрнекті
ғалымдар, философтар, қоғам қайраткерлер тобын «Римдік клуб» деп
аталатын қазіргі заманғы жаһандық мәселені талқылау үшін жиналды.
1972 жылы жарияланған «Римдік клуб» моделінде адамзаттың дамуы
ғаламшардың ресурстарының ақырғы өлшемдерімен шектелуі мүмкін
деген гипотеза айтылды. Римдік клуб үшін жас американдық ғалымдар
Денис және Денелой Медоуз 1972 жылы «өсу шектеулері» атты алғашқы
зерттеуді жасады. Ол сол уақыттағы жаңа әдіс болап табылатын жаһандық
модельдеу деп аталатын әдіске негізделді. Медоуз әріптестерімен бірге
қоғамның қызмет етуінің негізгі факторларын және процестерін көрсететін
әлемнің математикалық моделін құрастырды, жаһандық дамудың
сценарийлер қатарының үлгілерін таңдау арқылы талдады. Олардың
жұмысының негізгі қорытындысы адамзат қоғамының сандық өсуінің шегі
бар және адам өзінің өмір сүру стратегиясын өзгертуі тиіс.
1969 жылы БҰҰның бас хатшысының «Адамды қоршаған ортаның
мәселелері» деп аталатын қоршаған ортаның тоқтаусыз ластануы және
халық санының бақылаусыз өсуі біздің өмір салтымызға және өмірімізге
екі нақты қауіп төндіретінін атап айтты. Бұл есеп адамды қоршаған
ортаның көптеген маңызды мәселелерін шешудің іргетасын қалаған 1972
жылы Стокгольмдегі БҰҰ-ның конференциясын (1972 жыл, 5-16 маусым)
өткізудің бастауы болды. 1983 жылы БҰҰ-ның бас ассамблеясында
бекітілген Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Тру Харлем
Брундланд төрағалығымен қоршаған орта және оны пайдалану бойынша
халықаралық комиссиясының құрылуы солардың бірі болып табылады.
Сондай-ақ, «Брундланд комиссиясы» деп те аталатын бұл комиссия
қоғамдық, экологиялық және экономикалық аспектілерді, сонымен қоса,
әлемдік жүйенің жаһандық мәселелерін біріктіретін тұрақты даму
қажеттілігі жөнінде нақты дәлелдемелер келтірілген адамзаттың ұзақ
мерзімді дамуы жөніндегі есеп дайындалды.
Адамды қоршаған орта бойынша БҰҰ-ның конференциясы әдемдік
ұйымдардың қоршаған ортаны халықаралық деңгейде назардың басты
нысаны етіп қоршаған ортаның қоғаммен байланысының барлық
аспектілерінің жиынтығын кешенді қарастыру әрекеті алғашқылардың бірі
болды. Стокгольмдік конференция 29 қағидадан және 109 ұсынысты
қосатын
қабылданған
міндеттерді
орындау
бойынша
іс-әрекет
жоспарларынан тұратын декларация қабылдады.
Адамды қоршаған орта бойынша Стокгольмдік деклорацияда
адамдардың «қадір-қасиет пен әл-ауқатқа толы өмірді күтттіретін сапалы
қоршаған ортада» адамдардың өмір сүру хақысы жөнінде аталмыш заңдар
жинағы алғашқы рет тұжырымдалды.
Адамды қоршаған орта бойынша БҰҰ-ның басты қорытындысы
адам үшін қауіпсіз қоршаған ортаны қалыптастыру және экономикалық
даму арасындағы үзіліссіз байланыстың бар екенін мойындау болды.
85
Осы уақыттан бастап, халықаралық ұйымдардың айтарлықтай саны
және 50-ге жуық мемлекеттердің үкіметі адамдардың негізгі
құқықтарының қатарына сау қоршаған орта құқығын қосатын негізгі
құжаттарды немесе ұлттық конституцияларды қабылдады. Қоршаған орта
мәселесі бастылар қатарына қосылды. Стокгольмдік конференциядан кейін
мемлекеттік экологиялық басымдылықтар және дүниежүзілік экологиялық
қозғалыстың туу жөнінде айтуға мүмкіндік туды.
Шамамен, Стокгольмдік конференциядан 10 жылдан кейін
адамзаттың тұрақты дамуы жөнінде ойлар келе бастады. Тұрақты даму
жөніндегі
сілтемелер
қамтылған
алғашқы
халықаралық
құжат
Халықаралық табиғатты қорғау ұйымының (ХТҚҰ), БҰҰ-ның қоршаған
орта және жабайы табиғат бойынша бағдарламасының эгидасымен
қарастырылған Дүниежүзілік табиғатты қорғау стратегиясы (ДТҚС)
болды.
Стратегияны
1979
жылы
Ашхабадта
өткен
ХТҚҰ
конференциясында қарастырып, кейін 1980 жылы қабылдады. ДТҚС-тың
екінші «басылымы» «Жер ғаламшарына қамқорлық – тұрақты өмірдің
стратегиясы» деген тақырыпқа ие болды және 1991 жылы қазан айында
жарияланды. Онда даму тірі табиғаттың сақталуына негізделуі керек,
биологиялық түрлер байланысты Жердің табиғи экожүйесінің әртүрлі іс-
әрекетін, құрылымын қорғау керек екендігі аталып өтілген. Бұл үшін
өмірді қорғау жүйесін сақтау (өмірлік қамтамасыз ету), биоәртүрлілікті
сақтау және сарқылмайтын ресурстарды тұрақты қолдануды қамтамасыз
ету керек.
1985 жылы БҰҰ-ның қоршаған орта және даму бойынша
халықаралық комиссиясының «біздің ортақ болашағымыз» есебі
шығарылды, мұнда адамды қоршаған орта келешегімен және барлық
әлемдік ұйымдарды басқару тиімділігі мен негізгі байланысқа қойылды.
БҰҰ үшін халықаралық комиссия дайындалған есеп жарияланғаннан
кейін «тұрақты даму» термині кең таралды.
1987 жылы 20-қазандағы БҰҰ-ның бас ассамблеясының пленарлық
отырысының 42-сессиясында тұрақты дамудың негізгі қағидаларын
анықтайтын революция қабылданды. «Тұрақты даму болашақ ұрпақтың өз
қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне қауіп төндірмей қазіргі
заманғы ұрпақтың өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуді білдіреді.
Дамудың сақталуына өзінің тәжірибелік іс-әрекетін табиғат
заңдарымен үйлестіре отырып, жауапкершілікті адам өзіне алуы керек.
Бірақ қоғамда адам өзінің іс-әрекетін табиғат заңдарымен үйлестіру
механизмінің болмауынан бұл мақсатқа жету тежеледі және ғаламшарда
бар құрылымның түбегейлі өзгеруіне әкеп соғады. Мұндай өзгерістердің
көбісі Жердегі өмірдің жойылуына ұрындырады. Бұл жаңа шындық: одан
қашып құтылу мүмкін емес, бақылауға қойылуы тиіс. Бірақ бұл жағдайда
ортақ гүлдену – тұрақты дамуға қол жеткізу керек.
86
«Sustainable Development» ағылшын термині қазақ тіліне «тұрақты
даму» деп аударылды, бірақ ағылшын – қазақ сөздігінде «Sustainable»
сөзінің басқа мағыналары да көрсетілген: сақтаушы, қолданатын,
қорғалатын, ұзақ, үздіксіз тұтынатын, өзін-өзі қолдаушы.
1987 жылдан 2000 жылдар аралығында «тұрақты даму»
тұжырымдамасын нақтылау болды.
1.
Тұрақты даму - үлесімділіктің тіркелмеген жағдайы,
ресурстарды қолдану, инвестиция салу, техникалық дамудың бағытын
анықтау және индустриялық өзгерістер болашақпен қоса бүгінгі таңдағы
қажеттіліктерімен сәйкес жүретін өзгерістер (МКОСР, 1992 жыл);
2.
Тұрақты даму - үйлесімділіктің тіркелмеген жағдайы,
ресурстарды қолдану, инвестиция салу, техникалық дамудың бағытын
анықтау және корпоративті өзгеріс ресурстарды қолдануды, қалдықтар мен
ластануды өндіруде, қысқартуда қосымша құнды арттыратын өзгерістер
процесі (тұрақты даму бойынша дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесі, 1992 ж).
3.
Жалпы, тұрақты даму – пайдалы энергия бойынша тұрақты өсу
(БҰҰ-ның бас хатшысы, 1999 жыл).
1992
жылы
маусымда
Рио-де-Жанейродағы
Стокгольмдік
конференцияның 20 жылдығы қарсаңында БҰҰның қоршаған орта және
даму бойынша конференциясы өтті, оны «экологиялық саммит» немесе
«Жер саммиті» деп те атайды, Стокгольм конференциясынан бастау алған
процестің жалғасы болды.
Конференцияда екі негізде құжат қабылданды: БҰҰ-ның адамды
қоршаған орта бойынша конференциясындағы 27 қағиданың 26-сын
дамытатын «Рио-де-Жанейро» декларациясы» және «ХХ ғасырдың күн
тәртібі» - тұрақты экономикалық дамуға жетудегі іс-әрекеттер жоспары.
Бұдан басқа, КССР уақытында көптеген қатысушылар екі жаһандық
экологиялық конверцияға қол қойды – климаттың өзгеруі бойынша
негіздемелік конвенция және биологиялық әртүрлілік бойыншаконвенция,
сонымен қатар, орман шаруашылығының қағидасы жөнінде мәлемдеме.
КССР-де қабылданған құжаттар негізінде әлемдік ұйымдардың
әртүрлі
қызығушылықтарын
біріктірілген
тұрақты
дамудың
тұжырымдамасы жоспарланды. КССР-дің тағы бір ерекшелігі үкіметтік
емес ұйымдарды үкіметтік билеушілер делегациясына қатысуы болды.
Мұнымен қоса, КССР-дің үкіметаралық форуммен қатар «анық» құжаттар
9 тақырып аясында 46 баламалы келісімдер («Жерді жалдау», Жер
халқының декларациясымен қоса) қатары қабылданған қоғамдық ұйымдар
форумы өтті.
БҰҰ-ның
Рио-де-Жанейродағы
конференциясының
нәтижесі
тұрақты даму бойынша үкіметаралық комиссияның құрылуы, сонымен
қатар,
«ХХІ
ғасырдың
күн
тәртібіндегі»
тұрақты
дамудың
тұжырымдамасын әрі қарай мінсіздендіру қажет деген ой байқалады.
Кейбір экономисттер айтқандай, «дәстүрлі экономикалық қамтылуда
87
күмән келтіреді және адамның маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін
өндіріс пен тұтыну үлгілерін» іздеу күтіледі.
«Күн тәртібінде» әр мемлекетке тұрақты дамудың табиғат
заңдылығымен үйлесімділігін қамтамасыз ете отырып, экономикалық,
қоғамдық, экологиялық жоспарлар негізінде ұлттық стратегияны құру
жөніндегі ұсыныстар қамтылған. Стратегияның басты мақсатының бірі
болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге
асыратын қоғамдық тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету болуы
керек. Мұндай стратегияны қоғамның барлық бөліктерінің қатысуымен
жасау керек деп ұсынылады, ал ағымдағы жағдайлар мен бастамаларды
егжей-тегжей бағалауға негізделуі керек.
КССР-дан кейін мемлекеттер Рио-де-Жанейрода қабылданған
шешімдерді орындай бастады. Мысалы, Норвегияда КССР шешімдері
және олардың мемлекет үшін салдары жөнінде парламентке есеп
дайындалды; Швецияда КОСР-дің шешімдерін орындау жөнінде заң
қабылданды; Эстонияда тұрақты даму туралы заң қабылданды. Көптеген
елдерде тұрақты даму жөнінде ұлттық комиссиялар (комитеттер) құрылды.
Мысалы, АҚШ Президенті жанында (1993ж.), Франция премьер-министрі
жанында (1992ж. құрылды, бірақ 1994ж. бастап белсенді жұмыс істей
бастады), Норвегияда, сонымен қоса, Швецияда (1994ж.).
1990 жылдың басында түр дамуы үш негізгі компоненттерден
тұрады деп қарастыра бастады: экологиялық тұтастық, экономикалық
қызметтің экотиімділігі және институционалды компоненттің әділдігі –
мемлекет, бизнес, қоғам (жалпы халық). Осы триада негізінде тұрақты
дамудың ұлттық стратегиясы белсенді жасалуда немесе қабылданды
(мысалы, АҚШ-та)
ХХ ғасырдың 90 жылдары табиғат пен қоғам және адам арасындағы
байланысты табиғаттың физикалық заңдары, ғарыш-ғаламшарлық ретінде,
өмірдің сақталу және даму заңдары негізінде зерттеулерге бағытталған
тұрақты даму бойынша алғашқы ғылыми жұмыстар жарық көре бастады.
2002 жылы мамырда БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан
адамзаттың тұрақты дамуының мәселелерін талқылауды бес негізгі
мәселелі тақырыптарға нысаналау керек деп ұсынды: су және санитария,
энергетика, халық денсаулығы, ауылшаруашылығы және биотүрлілік.
Сонымен қоса, салааралық тақырыптар пайда болды: қаржы және сауда,
технологияларды тарату, өндіріс және тұтыну құрылымы, ғылым, тұрақты
даму үшін әлеуетті нығайту, ақпарат.
БҰҰ үлкен күштерге қарамастан қабылданған, халықаралық
қауымдастықтар тарапынан бірлескен бастамаларды орындау толымсыз
және келісілмеген сипатта болуы мүмкін. Мәселенің басты себебі,
табиғаттың жалпы заңдарына, сақталу және даму заңдарына қайшы
келмейтін экономикалық және қоғамдық сұрақтарға жауап іздеу
88
процесінде қоршаған ортаны қорғау іс-негіздерінде қазірге дейін қажетті
интеграцияны қамтамасыз ету мүмкін болмай отырғаны болып табылады.
2002 жылы Йоханнесбургте (ОАӘ) 26 тамыздан 4 қыркүйек
аралығында өткен тұрақты даму бойынша дүниежүзілік саммиттің (ТДДС)
өткізілуі өзгерісті кезең болды.
Дүниежүзілік кездесуде келесі негіз болатын құжаттар қабылданды:
1.
Саяси құжат болып табылатын және тұрақты дамудың
мақсаттарын жүзеге асыру бойынша халықаралық ұйымдардың
шоғырландырылған позициясын көрсететін тұрақты даму бойынша
Йоханнесбургтік декларация;
2.
1992 жылы БҰҰ-ның қоршаған орта және даму бойынша
конференциясында қабылданған міндеттерді орындау үшін халықаралық
ұйымдардың іс-әрекетінің жан-жақты бағдарламаларын білдіретін
дүниежүзілік кездесудің тұрақты даму бойынша шешімдерін жоғарғы
дәрежеде орындау жоспары. Ол, сонымен қатар, БҰҰ-ның 1992 жылдан
кейінгі ірі конференцияларда қабылданған даму аясындағы мақсаттарға
қол жеткізуді ұсынды.
Тұрақты
даму
бойынша
дүниежүзілік
саммитте
алдағы
онжылдықтың келесідей негізгі мәселелері анықталды:
-
Қала халқы секілді ауыл халқының үлкен бөлігі әлі күнге дейін
таза суға, тиісті ауа сапасына қол жеткізе алмай отыр, тиісті санитарлық
жағдаймен қамтамасыз етілмеген, қалдықтар мәселесімен байланысты
жағымсыз салдардан қорғалмаған, бұл сөзсіз халықтың денсаулығының
нашарлауына әкеп соғады;
-
Қалалардың тез өсуі және қала қызметтерінің төмен тиімділігі,
мысалы, санитарлық инфрақұрылым халық және қоршаған орта
денсаулығы үшін қатерлі мәселелер туғызады;
-
«Ортақ игілік» болып табылатын, атап айтқанда, су, ауа, жер,
биоәртүрлілік, ормандар, мұхиттар болып табылатын табиғи ресурстарды
иелену және басқаруға байланысты шешілмеген мәселелер жиі мүдделер
қақтығысына әкеп соғады;
-
Қоршаған орта және халық денсаулығы үшін, сөзсіз жағымсыз
салдар туғызатын климаттың өзгерісі;
-
Биоәртүрлілікті
жоғалтудың
жылдамдығы
экожүйенің
қызметтер өндіру қабілетін және биосфераның функционалды тұтастығын
сақтауды төмендетеді.
Тұрақты даму жөніндегі ғылым басқа ғылымдардан өзгеше болуы
тиіс. Барлығынан бұрын, ол «табиғат-қоғам-адам» жүйесінің жалпы
заңдары негізінде түрлі құбылыстарды кеңістік және уақыт ауқымында
қарастыруы тиіс.
|