8.3.5 Дүниежүзілік мұхиттың ластануы.
Ежелден бері адам суды
ластауда. Өзенді жаңа бағытқа бұру арқылы Авгиев аттұрақтарын
тазалаған тарихи грек батыры Геракл ірі су қоймаларын ластаушылардың
бірі, болып табылады.
Сонымен, таза суда тапшы бола бастады, су тапшылығы парникті
әсер салдарына қарағанда тезірек әсер етуі мүмкін. 1.2 млрд адам таза ауыз
суынсыз, 2,3 млрд – лас суды тазалайтын құрылғыларсыз өмір сүруде,
суғаруға кететін сулардың көлемі артуда, қазірде бұл жылына 3300 км³-ты
құрайды; Әлемнің еңсуы мол өзендерінің бірі – Миссисипидің ағынынан 6
79
есе көп. Жерасты суларын кең қолдану олардың деңгейін төмендетеді.
Мысалы, Пекинде соңғы жылдары 4 метрге төмендеген.
Су секілді ортақ нәрсе, күн сайын, сағат сайын бізге тап болатынына
қарамастан, біздің назарға жиі түспейді: таңғы ас уақытында, түрлі
сусындар ішкен кезде, үйден жаңбыр немесе қар жауған уақытта
шыққанда, түскі ас дайындауда немесе ыдыс жуғанда, кір жуғанда. Жалпы,
өте, өте жиі. Бір уақыт су туралы ойланып көріңіз, егер ол болмай қалса,
мысал үшін, бір су құбыр жүйесінде авария болып қалды делік. Мүмкін
мұндай жағдай сізге кездескен де шығар. Мұндай жағдайда өмір сүру
мүмкін еместігі айқын байқалады.
8.4 Қоршаған ортаның және өнеркәсіптің зиянды және қауіпті
факторларының адам денсаулығына әсері
Адамның денсаулығына, оның өмірге қабілеттілігіне, өмірлік
функцияларына және қоршаған орта жағдайларына өнеркәсіптің қауіпті
және зиянды факторларының әсері үлкен.
Қауіпті фактор
– белгілі жағдайларда жарақатқа әкеп соғатын,
бөлек жағдайларда -аяқ астынан денсаулықтың нашарлауына немесе
өлімге әкеп соғатын адамға қарсы әсер.
Зиянды фактор
– белгілі бір жағдайларда ауруға немесе жұмыс
қабілетінің төмендеуіне әкеп соғатын адамға қарсы әсер.
МЕСТ 12.0.003-74 «Қауіпті және зиянды факторлардың жіктелуіне»
сәйкес олар пайда болуына қарай келесі 4 топқа бөлінеді: физикалық,
химиялық, биологиялық, психофизикалық. Жағымсыз факторлардың
ұқсастығы оның барлық көлемінде әсерінің кешенділігі арқылы қиындығы
білдіреді.
Қауіпті және зиянды факторлардың белгілеріне келесілер жатады:
адам ағзасына және қоршаған орта жағдайына үздіксіз кері әсердің болу
мүмкіндігі, тірі ағзаның мүшелерінің дұрыс жұмысының нашарлауы,
өндіріс процесінің элементтерінің дұрыс жағдайының бұзылу мүмкіндігі
нәтижесінде апаттар, жарылыстар, өрттер, жарақаттар болуы мүмкін.
Өндірістік ортаны сипаттайтын кең таралған жағымсыз факторларға
жұмыс аймағының микроклиматының (температура, салыстырмалы
ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы) жоғары дәрежедегі
шаңдану, ауаның газдануы, шу мен дірілдің жоғары дәрежеде болуы,
электромагниттік және иондаушы сәулеленулер, жұмыс аймағының
жеткіліксіз немесе шамадан тыс жарық болуы, электрлік тізбекте адам
денесі арқылы тұйықталуы мүмкін жоғарғы кернеудің болуы жатады.
Адамның психологиясына әсер ететін және оның физиологиясында
байқалатын
қоршаған
ортаның
сипаттамалары
(қоғамдық-саяси,
тұрмыстық және өндірістік) өзара байланысты екенін атап өткен жөн. Бұл
80
өзара байланыс тікелей және жанама болуы мүмкін. Сонымен қатар, кей
жағдайлар қатарында бұл өзара байланыс тікелей анықталмайды.
Қазіргі заманда адам өз өмірінің үлкен бөлігін жасанды қалыптасқан
жағдайда өткізеді. Адамның ағзасы мен тұрғын немесе өндірістік
ортасының үйлесімсіздігі психологиялық жайсыздық түрінде байқалады.
Табиғаттан алыстауы ағзаларының жұмысына күш түсіреді, ал әртүрлі
қолдан жасалған материалдарды, тұрмыстық химияны және техниканы жиі
қолдану жағымсыз факторлардың көздерінің көбеюіне және олардың
энергетикалық деңгейінің артуына көмектеседі.
Сонымен қоса, адам тұрмыста жасанды қоршаған ортамен ұштасады.
Тұрмыстық орта деп тұрмыста адамға әсер ететін факторлар мен
элементтердің болуы. Тұрмыстық фактордың элементтеріне, келесілермен
байланысты элементтер жатады:
-
Тұрмыстық техниканы қолданумен: теледидар, газды, электрлі,
кір жуу машиналары, фендер және т.б
-
Тәрбиемен және оқумен, отбасындағы әлеуметтік беделімен,
материалдық қамтамасыз етілуі, тұрмыстағы психологиялық жағдайлар;
Экологиялық деп қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыратын
қажетті аумақтары бар тұрғын үйлерді (микроклимат, шу мен ластанудан
қорғалуы, материалдардың құрылыста қауіпсіздігі және т.с.с) қалалық
және табиғи ортаға жағымсыз әсер етпейтін, энергияны үнемді қолданатын
және табиғатпен қатынасты қамтамасыз ететін тұрғын жайлар жатады.
Заманауи тұрғын үйлер әлі де экологиялық бола алмайды, себебі
құрылыс және әрлеу материалдарымен, жиһазбен және құрылғылармен
ағза үшін зиянды физикалық және химиялық факторлар енгізіледі, желдету
жүйесі пәтердегі ауаны тазалау талаптарына сай келмейді, шу режимі және
микроклимат бұзылады, үйлердің жылу жоғалтымдары өте үлкен.
Экологтар мен дәрігерлердің ұсыныстарына сәйкес адамның тіршілік
әрекеті үшін ең дұрыс ғимарат қолайлы аумақтың 50 пайызынан артық
емес бөлігін, ал кеңістікті асфальттау және тастармен қаптау 30 пайыздан
аспауы керек. Көгалдандыру микроклиматты жақсартып, жылулық
режимді жақсартып, ауаны тазалап қана қоймай, адамға психофизикалық
тұрғыдан жақсы әсер етеді.
Қалаларда тастармен, асфальтпен, бетонмен қапталған кеңістіктерді
қысқарту жұмыстары жүргізілуі қажет, автокөліктер қозғалысының
қарқындылығы азайтылуы қажет, шағын саябақтар және бақтар
ұйымдастырылып, ғимараттар қасбеттерін көгалдандыру керек.
Адам қоршаған ортамен үздіксіз энергия алмасып өмір сүреді,
биосферадағы зат алмасуға қатысады. Эволюция процесінде адам ағзасы
төтенше климаттық жағдайларға – солтүстіктің төмен температурасына,
экваторлық аймақтың жоғарғы температурасына, шөлейттегі құрғақ және
батпақты шикі өмірге бейімделген.
81
Табиғат жағдайларында адамның күн радиациясының энергиясымен,
ауа қозғалысымен жер қыртысының толқындарымен байланысы болады.
Дауылда, жер сілкіну, белсенді жанартау немесе найзағай аймағында
қорғалмаған адамға энергетикалық әсер адам ағзасына сай деңгейден асып
және оның жарақаттануына немесе өлім қаупін төндіруі мүмкін.
Шығу тегі табиғи энергия деңгейі іс жүзінде өзгеріссіз қалады.
Заманауи технологиялар мен техникалар олардың қауіптілігін белгілі бір
дәрежеде төмендетуге мүмкіндік береді, бірақ табиғи процестердің және
биосферадағы өзгерістерді болжау қиындығы, олардың табиғатын және
білімнің жетіспеушілігі «адам – табиғи орта» жүйесінің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде қиындық туғызады.
Электрлік және жылулық өнеркәсіптердің техногенді көздерінің
пайда болуы, ядердік энергияның босатылуы, мұнай мен газ кен
орындарын кеңейтілген байланыс құралдарымен меңгеру адамға және
қоршаған орта үшін түрлі жағымсыз әсерлер туғызады.
Жарақаттар санының, кәсіби аурулар мен өлімнің артуына себепші
техногенді жағымсыз әрекеттердің энергетикалық деңгейі өсуде,
техногенді ортада бақылаусыз энергияны шығару да артуда.
Адамдарға әсер ететін жағымсыз факторлар табиғи және
антропогенді – адамның іс-әрекетінен пайда болған деп бөлінеді. Мысалы,
ауадағы шаң жанартау атқылау, топырақтың жел эрозиясы нәтижесінде,
сонымен қоса, өнеркәсіптің үлкен көлемде бөлшектер лақтырысы
нәтижесінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |