20
5.1 Іскерлік ойын № 1
Іскерлік ойын № 1
Ұйымда ұжымдық шартты жасасу.
Ойынға қатысушылар:
Ұйымның басшысы.
Кәсіптік одақтар.
Ұжымдық шарттың жобасын дайындау бойынша комиссия.
Еңбек жөніндегі Мемлекеттік қызметші.
Ұйымның жұмыскерлері.
Тәжірибелік сабақта студенттер аталған іскерлік ойын бойынша
қатысушылардың ролдерін иеленеді және қажетті нормативтік құқықтық
базалардың нормаларын игерулері тиіс. Іскерлік ойында ұдымдық шартты
қабылдау және ұжымдық келіссөздер жүргізу тәртіптері орындалуы тиіс.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №
414-V ҚРЗ
2. Постатейный практический комментарий к Трудовому кодексу Республики
Казахстан
5.2 Іскерлік ойын № 2
Іскерлік ойын № 2
Жеке еңбек дауларын шешу тәртібі
Ойынға қатысушылыр:
Ұйым басшысы.
Кәсіптік одақ.
Еңбек даулары бойынша комиссия мүшелері.
Медиатор.
Келісім комиссиялары.
Бұл іскерлік ойында жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында
түсініспеушілік туындап, ол әрі қарай еңбек дауынының туына ұласады.
Студенттер өз кезектілік тәртібімен уәкілетті органдармен еңбек дауын шешу
жолдарын қарастырады.
Әдебиеттер:
3. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №
414-V ҚРЗ
21
4. Постатейный практический комментарий к Трудовому кодексу Республики
Казахстан
5.3 Іскерлік ойын № 3
Іскерлік ойын № 3
Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі
Ойынның қатысушылары:
- Ұйымның басшысы.
- Кәсіптік одақ.
- Бітістіру комиссиясының мүшелері
- Еңбек арбитражы
- Ереуілдер комитеті
- Ұйым жұмыскерлері
Іскерлік ойында ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі ойналады.
Әдебиет:
5. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №
414-V ҚРЗ
6. Постатейный практический комментарий к Трудовому кодексу Республики
Казахстан
22
6 Бақылауды жүзеге асыру тәртібі
6.1 Білімдерін тесттік бақылау
1. Еңбек құқығы нені реттейді?
А) үй шаруашылығындағы жеке еңбекті;
В) кәсіпкерлік қатынастарды;
С) отбасылық қатынастарды;
D) еңбек ету барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды;
Е) қаржылық қатынастарды.
2. Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын қандай құқық саласы
реттейді?
А) әкімшілік құқық;
В) кәсіпкерлік құқық;
С) еңбек құқығы;
D) азаматтық құқық;
Е) қылмыстық құқық.
3. Еңбек құқығының жүйесіне кіретіндер:
А) сұрақтар тізімі;
В) ерекше бөлім;
С) бөлімдер мен тараулар;
D) жалпы бөлім;
Е) жалпы және ерекше бөлімдер.
4. Азаматтың еңбекке қабілеттілігін кім шектей алады?
А) еңбек ұжымы;
В) сот;
С) жұмыс беруші;
23
D) ұйымның құрылтайшысы;
Е) акимат.
5. Еңбек-құқықтық қатынастарының субъектілеріне әсер ету үшін мемлекет
қолданатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығын атаңыз?
А) құқықтық реттеудің пәні;
В) еңбек құқығының функциясы;
С) құқықтық реттеудің әдісі;
D) еңбек құқығының белгілері;
Е) еңбек құқығының ұғымы.
6. Төмендегілердің қайсысы еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың элементі
болып табылмайды?
А) қоғамның еңбек ресурстарының болуы мен оның жағдайы;
В) еңбектің кооперациясы және бөлінуі;
С) еңбек процесін басқару;
D) жұмыс күшін қайта өндіру;
Е) жеке мүліктік емес қатынастар.
7. Еңбек қатынасы шеңберіндегі арнайы нормативтік актілер өзінің әрекетін
келесі тұлғаларға таратады:
А) жеке меншік негізінде құрылған ұйымдардың қызметкерлеріне;
В) кәмелетке толмағандарға;
С) мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне;
D) зейнетақы алатын тұлғаларға;
Е) ауыл қызметкерлеріне.
8. Азаматтық құқығы мен еңбек құқығына тән белгілерді атаңыз?
А) еңбектің режимін белгілеу және жұмыс атқаруды бақылау;
В) шарттың еркінділігі және еңбектің қайтарымдылығы;
С) тәртіптік өндіріп алуды қолдану және материалды жауапкершілікті қолдану;
D) әлеуметтік кепілдіктер және өтемақылар;
Е) тәртіптік жауапкершілік және шарт еркіндігі.
9. Еңбек құқығында төмендегі институттардың қайсысы қамтылмаған?
А) халықты жұмыспен қамту;
В) жұмыс уақыты мен демалыс уақыты;
С) кепілдіктер мен өтемақылар;
D) жеке және ұжымдық даулар;
Е) азаматтық.
11. Еңбек құқығының негізгі функциясын көрсетіңіз:
А) әлеуметтік;
В) идеологиялық;
С) тәртіптілік;