70
5.3 Іскерлік ойын № 3
Іскерлік ойын № 3
Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі
Ойынның қатысушылары:
- Ұйымның басшысы.
- Кәсіптік одақ.
- Бітістіру комиссиясының мүшелері
- Еңбек арбитражы
- Ереуілдер комитеті
- Ұйым жұмыскерлері
Іскерлік ойында ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі ойналады.
Әдебиет:
5. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23
қарашадағы № 414-V ҚРЗ
6. Постатейный практический комментарий к Трудовому кодексу
Республики Казахстан
71
6 Бақылауды жүзеге асыру тәртібі
6.1 Білімдерін тесттік бақылау
1. Еңбек құқығы нені реттейді?
А) үй шаруашылығындағы жеке еңбекті;
В) кәсіпкерлік қатынастарды;
С) отбасылық қатынастарды;
D) еңбек ету барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды;
Е) қаржылық қатынастарды.
2. Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын қандай құқық саласы
реттейді?
А) әкімшілік құқық;
В) кәсіпкерлік құқық;
С) еңбек құқығы;
D) азаматтық құқық;
Е) қылмыстық құқық.
3. Еңбек құқығының жүйесіне кіретіндер:
А) сұрақтар тізімі;
В) ерекше бөлім;
С) бөлімдер мен тараулар;
D) жалпы бөлім;
Е) жалпы және ерекше бөлімдер.
4. Азаматтың еңбекке қабілеттілігін кім шектей алады?
А) еңбек ұжымы;
В) сот;
С) жұмыс беруші;
D) ұйымның құрылтайшысы;
Е) акимат.
5. Еңбек-құқықтық қатынастарының субъектілеріне әсер ету үшін мемлекет
қолданатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығын атаңыз?
А) құқықтық реттеудің пәні;
В) еңбек құқығының функциясы;
С) құқықтық реттеудің әдісі;
D) еңбек құқығының белгілері;
Е) еңбек құқығының ұғымы.
6. Төмендегілердің қайсысы еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың элементі
болып табылмайды?
А) қоғамның еңбек ресурстарының болуы мен оның жағдайы;
В) еңбектің кооперациясы және бөлінуі;
С) еңбек процесін басқару;
72
D) жұмыс күшін қайта өндіру;
Е) жеке мүліктік емес қатынастар.
7. Еңбек қатынасы шеңберіндегі арнайы нормативтік актілер өзінің әрекетін
келесі тұлғаларға таратады:
А) жеке меншік негізінде құрылған ұйымдардың қызметкерлеріне;
В) кәмелетке толмағандарға;
С) мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне;
D) зейнетақы алатын тұлғаларға;
Е) ауыл қызметкерлеріне.
8. Азаматтық құқығы мен еңбек құқығына тән белгілерді атаңыз?
А) еңбектің режимін белгілеу және
жұмыс атқаруды бақылау;
В) шарттың еркінділігі және еңбектің қайтарымдылығы;
С) тәртіптік өндіріп алуды қолдану және материалды жауапкершілікті
қолдану;
D) әлеуметтік кепілдіктер және өтемақылар;
Е) тәртіптік жауапкершілік және шарт еркіндігі.
9. Еңбек құқығында төмендегі институттардың қайсысы қамтылмаған?
А) халықты жұмыспен қамту;
В) жұмыс уақыты мен демалыс уақыты;
С) кепілдіктер мен өтемақылар;
D) жеке және ұжымдық даулар;
Е) азаматтық.
11. Еңбек құқығының негізгі функциясын көрсетіңіз:
А) әлеуметтік;
В) идеологиялық;
С) тәртіптілік;
D) саясаттық;
Е) білім беру;
12. Еңбек құқығы нені реттейді?
А) үй шаруашылығындағы жеке еңбекті;
В) кәсіпкерлік қатынастарды;
С) отбасылық қатынастарды;
D) еңбек ету барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды;
Е) қаржылық қатынастарды.
13. Қоғамдық өндіріске жалданған қызметкерлердің еңбек процесiнде
туындайтын қоғамдық қатынастарды атаңыз?
А) еңбек құқығының құқықтық реттеу әдісі;
В) еңбек құқығының жүйесі;
73
С) еңбек құқығының принципі;
D) еңбек құқығының құқықтық реттеу пәні;
Е) еңбек құқығының функциясы.
14. «Еңбек бостандығы» дегеніміз не?
А) жұмыс беруші тәртіптік
жаза қолдана алмайды;
В) қоғамдағы абсолюттік бостандық;
С) жұмыс орнындағы әрекет бостандығы;
D) кімге сенсем де өзім білемін;
Е) әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін
таңдауына құқығы бар.
15. Төмендегінің қайсысы ҚР Конституциясының 24 бабының тармағы
болып табылады:
А) әркімнің сотпен қорғалатын құқығы және бостандығы кепілденген;
В) әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін
таңдауына құқығы бар;
С) әркім қоғамдық ұйымға бірігуге құқығы бар;
D) адам, оның құқықтары мен бостандығы басты құндық;
Е) барлығы заң және сот алдында тең.
16. Төмендегілердің қайсысы еңбек құқығының субъектісі болып табылады:
А) азаматтар;
В) жұмыс беруші;
С) кәсіптік одақ;
D) мемлекет;
Е) жоғарыда аталғандардың барлығы.
17. Субъектіні оның еркіне сәйкес ынталандыратын әрекет тәсілі:
А) мәжбүрлеу;
В) ынталандырылуы;
С) жауапкершілік;
D) сендіру ;
Е) жаза.
18. Субъектінің қалауын ескермей әрекет ету тәсілі:
А) айту;
В) материалдық жауапкершілік;
С) тәртіптілік жауапкершілік;
Д) марапаттау;
Е) мәжбүрлеу.
19. Еңбек қатынастарын және олармен тығыз байланысты қоғамдық
қатынастарды реттейтiн құқық нормалары қамтылған нормативтiк акт - бұл:
А) жұмыс берушінің актілері;