Есеп №34
Сартпаев А.Е. «Артур и К» бас маман болып қызмет атқарады. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты жұмыс берушіден оған еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты демалысқа шығуын талап етеді. Бірақ жұмыс беруші Сартпаевқа ол демалыстың тым ұзақ екендігімен түсіндіріп, егер ол еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты демалысқа шығатын болса, онымен «еңбек шартын бұзамын деп» қарсы болады.
Сартпаев еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты демалысқа шығуына құқығы бар ма? Мұндай демалыстың ұзақтығы қанша?
Ол уақытқа төлемақы қалай жүргізіледі?
Есеп 35
Жұмыс беруші, жұмысшыны ақысыз демалысқа жібіре отырып, сол мезгілде ҚР ЕҚ занның 57 бабтың 2 тармағы арқылы, өз қызметкерінің демалыс мерзімі аяақталар кезенінде арызысыз жұмыстан босату құқықы бар ма?
Және өзіме бұл бапты толықтай түсіндірсеңіз. Жалпы алдағы күндерімде басқа жұмысқа кіруіме нұсқан келмейді ма?
Есеп №36
«Фоварит» АҚ директоры дағдарысқа байланысты, өзінің бухгалтерлерін қысқартуды (сокращения) ұйғарады. Оны естіген бухгалтерлер жұмыс берушіден, олардың отбасылық жағдайын айтып жұмыста қалдыруларын талап етеді. Бірақ, директор басқа ешқандай шара жоқ екендігін түсіндіреді.
Жұмыстан қысқартылған бухгелтерлерге қандай көлемде өтемақы (компенсация) төленеді?
Еңбек кітапшасына олар қысқартылған деп жазылады ма?
Есеп №37
Театр әртісі Миронова А.П. режиссерлық мамандығы бойынша оқуға түседі, ол театр басшылығына оқуға баруы үшін жұмыс орны мен айлық ақысын сақтауын сұрап арыз береді.
Миронованың талабы заңды ма?
Есеп №38
Қарағанды қаласының прокурорына маусым айы мен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы төлемі төленбегені үшін бір топ қызметкерлер жүгінді. Өздерінің арызында олар, директорыдың бұл жағдайды ұйымның төлем шотында ақшаның болмауымен түсіндіргенін атап өткен. Шағымды тексеру барысында аталған ұйымға облыс әкімімен қызметкерлердің жалақысын төлеу үшін ссуда бөлінгендігі анықталды. Бірақ, бұл қаражат сол ұйымның жаңа басшысына пәтер алу мен қызметтік автокөлік алуға жұмсалғандығы анықталды.
Прокурор ретінде қандай шешім шағарар едің?
Есеп №39
«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның бірқатар қызметкерлері, заң бөліміне жолда жүріп істеген жұмыс пен әр бір елді мекенге барып істеген жұмыстың қандай айырмашылығы бар екенін түсіндіріп беруді талап етеді. Және мұндай жағдайда оларға қандай кепілдіктер мен өтемақылар түрлері мен көлемі қарастырылған.
Еңбек кодексіне жүгіне отырып мәселені шешіңіз.
Есеп №40
«Сайпем» компаниясынын жұмысшылары, 28 де 28 күн вахталық әдіспен жұмыс істейді. Мерекелік күндерде компания 2 есе көлемде жалақы төлейді.
Ал, мерекелік күндерде күндізгі жане түнгі уақыттың төлемақысы қалай төленеді?
Есеп №41
Кәсіпорын директорының бұйрығымен жұмыста жүйелі түрде ақаулармен орындағаны үшін 5-ші разрядты сварщиктің жалақысы 3-ші разрядты сварщиктің жалақысының көлеміндей үш айға төмендетілді. Бұған сваркілеу қызметін жүзеге асыратын учасукнің басшының баяндама хаты себеп болып отыр. Қызметкер кәсіпорынның бұл бұйрығымен келіспей еңбек дауы жөніндегі комиссияға жүгінеді.
Аталған бұйрыққа құқықтық баға беріңіз. ЕДК қандай шешім шығарады?
Есеп №42
Нарбасов «Радуга» дүкенінде сатушы болып қызмет атқарған. Ревизия жүргізу барысында 20 мың теңге жетіспеген. Оны қызметкер өзінің бұл саладағы шеберлігінің жоқтығымен түсіндіреді. Дүкен басшысы ол соманы өз еркімен төлеуді ұсынады. Бірақ, қызметкер ол соманың тек 1/3 бөлігін ғана төлеуге келіседі. Сатушы бұл жағдайды жұмыс берушімен толық материалдық жауаптылық туралы шарт жасалмағандығымен түсіндіреді.
Сатушының әрекеті заңды ма?
Есеп №43
Сауда ұйымының сатушылары мен қойма басшыларының кінәсінен тез бұзылатын тауарларды (сары май, балмұздақ пен өзге де тауарлар) сақтау жөнінде іс шаралар қолданылмаған себепті 250 000 теңге сомасының тауары бұзылған. Олардың әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан сауда ұйымына зиян келтіргені үшін оларға қылмыстық іс қозғалды. Бірақ олар амнистия актісінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Ұйым басшысы оларға шығынның орнын толтыру туралы талап арыз берді. Бірақ олар оларға қарсы қылмыстық жауаптылықтан босатылғандарына жүгініп, шығынның орнын толтыртудан бас тартып отыр.
Қызметкерлердің (сатушылар мен қойма басшысының) әрекеті заңды ма? Мәселені заң бойынша шешіңіз.
Есеп №44
Такси жүргізушісі Уразов жол апатына ұшырап, соның салдарынан қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Екі аптадан кейін тергеуші оның ісіне қатысты сот өндірісін тоқтатады. Уразовпен толық материалдық жауаптылық туралы шарт жасалғандықтан, такси әкімшілігі одан жол апатына байланысты кеткен шығындардың орнын толтыру үшін сотқа талап арызын береді.
Талап сомасы мыналарға негізделіп отыр:
автокөлікті жөндеуге байланысты шығындар;
2 күн көліктің жөндеуде тұрған уақытына берілетін табыстың сомасы;
жолаушының ұзақ уақыт еңбекке қабілетсіздігіне байланысты төленген сома.
Сот қандай шешім шығаруы қажет?
Есеп №45
Сауда үйінің (жеке кәсіпкер) күзетшісі жұмыс орнынан кетіп қалған. Күзеттің жоқтығын пайдаланған қылмыскерлер сауда үйінен 115 000 теңгенің тауарын ұрлап кеткен. Меншік иесі күзетшіге келтірілген шығынның орнын толық көлемде қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінеді.
Қалалық сот күзетшінің 50 000 теңге ғана жалақы алатындығымен негіздеп, талап сомасының көлемін азайтады.
Соттың әрекеті дұрыс па? Нақты істі шешу барысында қандай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет?
Есеп №46
Орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сарбасова сенімхат бойынша аудан орталығынан спорт киімдері мен қосымша құралдарды қабылдап алып, оны кузовы ашық автокөлікке тиеп алады. Жол үстінде қатты дауылды жыңбыр жауып, мүліктің жартысы жарамсыз болып қалады (45 000 теңге сомасына). Сонымен қоса, мектепке келгеннен кейін бірнеше спорт киімдерінің жоқ екендігі байқалады (55 000 теңге сомасында).
Мектеп директоры бұл мұғалімге қандай шара қолданарын білмей заңи кеңес беру орталығының маманына жүгінеді.
Директорға көмектесіңіз.
Есеп №47
Аудандық басқарманың трактористі Кривцов жұмыс ауысымы біткеннен кейін, өзіне бекітілген трактормен аудан тұрғындарының жүктерін тасымалдау үшін пайдаланған. Жүк тасымалдау кезінде Кривцовтың кінәсінен трактор жол апатына ұшырып, трактор мен жеке меншік үйге нұқсан келтірілген. Аудан басқармасы меншік иесі ретінде трактор мен үйді жөндеу жөніндегі шығындарды мойнына алып, барлық зиянның орнын толтырады.
Аудан басқармасы Кривцовты келтірген зиянның орнын толтыру үшін оны материалдық жауаптылыққа тартудың негізі бар ма? Егер негізі бар болса, зиян қандай көлемде және қандай тәртіпте өндіріліп алуы тиіс?
Есеп №48
Кадырова Айгерім Қостанай қалалық жұмыспен қамту орталығында 6 ай ақылы қоғамдық жұмыста еңбек етті. Содан кейін жүктілігі және босануына байланысты демалысқа шығады. Кадыроваға тиесілі жүктілігі және босануына байланысты жәрдемақысынан жұмыс істеген кезінде жалақысынан 3 пайыз әлеуметтік салық төленбегенін сылтау етіп, оған жәрдемақы төлеуден бас тартып отыр. Ол өзінің еңбекақысын жұмыспен қамту орталығы арқылы карточкамен алып тұрған.
Кадырова заң бойынша жәрдемақы алуға құқылы ма?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Уваров В.Н. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. - Алматы: Изд. КазГЮА, 2000. – 468 б.
2 Хамзин А.Ш., Хамзина Ж.А., Хамзина А.А. Трудовое право: Учебник. – Астана, 2004 – 594 с.
3 Ахметов А., Ахметова Г. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Оқулық. – Алматы: «Юридическая литература», 2005. – 455 б.
4 Жұмагұлов Г.М., Ахметов А., Ахметова Г. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. Оқулық – Алматы 2005.
5 Нургалиева Е.Н. Трудовое право в новых условиях хозяйствования. Алматы, 1990. - 276 с.
6 Уваров В.Н. Трудовое законодательство Республики Казахстан. Алматы, 1998.- 224 с.
7 Нургалиева Е.Н., Сураган Г.А. Материальная ответственность сторон трудового договора. Алматы: ТОО «Баспа», 2001. - 110 с.
8 Нургалиева Е.Н., Хохлов Е.Б. Проблемы трудового права в современных условиях. Караганда, 1994.- 228 с.
9 Хамзина Ж. Социально-обеспечительное правоотношения в Республике Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 2002. - 144 с.
10 Пенсионное обеспечения и социальное защита граждан Республики Казахстан. Алматы, 2004. -164 с.
11 Аманбаев М.Н. Накопительная пенсионная система Казахстана. Методическая пособия Алматы: Экономика 2005.
12 ҚР Конституциясы 30.08.1995 года // www.paragraf.kz – СПС Юрист
13 Қазақстан Республикасының еңбек кодексі 15.05.2007 жыл //www.paragraf.kz – СПС Юрист
14 Комментарии к Трудовому кодексу РК. Под ред. Сапарбаев Б.М. Астана 2008. с.809.
15 ҚР «ҚР азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 20 маусым 1997 жылғы Заңы // www.paragraf.kz – СПС Юрист
16 ҚР «Жұмыспен қамту туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы Заңы // www.paragraf.kz – СПС Юрист
17 ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» 09 сәуір 1993 жылғы Заңы // www.paragraf.kz – СПС Юрист
18 ҚР «2009 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» 10 желтоқсан 2008 жылғы Заңы // www.paragraf.kz – СПС Юрист
19 ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 25 сәуір 2003 жылғы Заңы // www.paragraf.kz – СПС Юрист.
Достарыңызбен бөлісу: |