141
ІІІ БӚЛІМ
МЕКТЕПТЕГІ ӘДЕБИЕТ КУРСЫНЫҢ НЕГІЗІ – КӚРКЕМ
ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУ
ІІІ. 1. КӚРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ЖАНРЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ОҚЫП-ҤЙРЕНУ
1. Әдеби жанр ұғымын қалыптастырудың дидактикалық мақсат, міндеттері.
2.Әдебиеттің тектері мен түрлері, оның мектептегі әдеби білім мазмұнына
қатысы.
3.Жалпы білім беретін мектептердегі әдеби-теориялық білім мазмұны.
4.Әдеби-теориялық білімнің сыныптар бойынша жіктелісі.
5.Жылпы білім беретін қазақ мектептерінде жыр жанрын оқыту.
Әдеби жанр ұғымын қалыптастырудың дидактикалық мақсат,
міндеттері. Жалпы білім беретін мектептерде әдебиетті оқытудың ең
маңызды мәселелерінің бірі – кӛркем туындының тегі мен жанрлық
ерекшелігін таныта оқыту. Әдебиеттану саласындағы зерттеулердің
біразында кӛркем шығарманың эстетикалық қызметін таныту мәселесін
мейлінше жетілдіру қажеттілігі кӛтерілген.
Әдебиетті оқыту әдістемесінде әдебиетті жанрлық ерекшеліктеріне
қатысты оқыту мәселесі жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Себебі мектепте
әдеби-теориялық білім қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеу нысанына
алынбаған. Дегенмен әдіскер-ғалымдар тарапынан аталған мәселе
әдістемелік еңбектерде сӛз етіледі. Ә.Қоңыратбаев «Жоғары кластарда
оқушылардың әдеби-теориялық ұғымдарын қалыптастыру» жӛнінде жазған.
1
Шығарманың кӛркем компоненттерін таныту мәселесінен әдістемелік
нұсқаулық жазған әдіскер – Т.Ақшолақов.
2
Әдіскердің еңбегінде мектеп
оқулығында қамтылған поэзиялық, прозалық шығармаларға талдау жасалған.
Кӛркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту – жазушы стилін
таныту мәселелері қарастырылған. Ал Қ.Мырзағалиев әдебиеттік оқу
сыныптарында әдеби-теориялық ұғымдарды оқытуға қатысты мұғалімдерге
әдістемелік кӛмекші құрал жазды.
3
Әдіскер орта буын сыныптарда
шығарманың композициясы мен сюжетін, жанр түрлерін таныту, кӛркем
бейнелеуші сӛздер туралы ұғымды қалыптастыру жолдарын сол тұстағы
мектептегі әдеби білім мазмұнына, бағдарламада ұсынылған шығармалар
мысалында талдайды. Одан беріде мектеп бағдарламасы әлденеше ӛзгеріп,
әдеби-теориялық білім мазмұны да толыға түскені белгілі. Бүгінгі мектеп
бағдарламаларында қамтылған әдеби білім мен оқу материалдары бойынша
1
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы А., Мектеп, 1966. -94.
2
Ақшолақов Т. Шығарманың кӛркем ашықтарын таныту. А., Рауан, 1998. - 283 б.
3
Мырзағалиев. Қ. Әдебиет сабағында әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту. А.,
Мектеп, 1973. -115 б.