132
Синтез шығармашылық үдерістің бірі. Мұндағы зерттеу жұмыстары
«Қолдану» деңгейінен де, синтезге де жатуы мүмкін. Бірақ «қолдану» жаңа
ұғымды құрастыруды талап етпейді, ал синтез оқушылардың жеке тәжірибе
негізінде жаңалық енгізеді, жаңа шешім шығарады. Синтез - болжау,
шарттылық, мүмкіндік ұғымдарында қолданылып, құрамдас бӛліктердің
қалайша бірігіп,
жаңа мазмұн, құрылым, модель құрайтындығын кӛрсетеді.
Синтездің мынадай түрлері болады:
– Шығармашылық жанрлар – эссе, ӛлең, жоба, баяндама, шығарма,
шешендік сӛз, сценарий, компьютерлік бағдарлама, т.б.
–Жоспар құрастыру, кластер түзу, жады картасын түзу, методоло-
гиялық карта жасау, әрекеттердің тәртібін келтіру немесе тәжірибе ӛткізу.
– Абстрактылы қатынастармен кӛрсетілетін нәтижелер.
Мәселен, әртүрлі құбылыстарды бақылау нәтижелерінің негізінде жаңа
модельдер құрастыру: бұл қандай да бір ғылыми болжам келтіретін гипотеза
болады.
6) Б.Блум таксономиясының алтыншы деңгейі – бағалау. Бағалау –
күмәнді, даулы және пікірталас туғызатын мәселелер бойынша шешім
қабылдап, оны нанымды дәлелдер арқылы айғақтау. Мұнда да шығарма-
шылық әрекеттердің маңызы зор.
Бұл деңгейде оқушылар ӛз жауаптарында дәлдік, нақтылық, логикалық
жүйе, дәйектілік секілді талаптарды қолданады, сӛйтіп олар ӛздерінің таңдау
жасап, шешім қабылдай алатындығын кӛрсетеді.
Бағалауда оқушылар алдымен ӛз ойлары, идеяларды пайымдаулары
қандай талаптар негізінде құрастырылатындығын анықтап, содан кейін осы
талаптарды қолдана отырып, ӛз ойларын ортаға салады. Бұл талаптар
оқушылардың біріншіден, қандай мәдени және әлеуметтік құндылықтар
таңдағанына, екіншіден, діни-рухани және тарихи идеалдарына, үшіншіден,
жеке басының тұлғалық ерекшеліктері мен құндылықтарына негізделеді.
Оқушы «бағалау» тапсырмаларын орындауда мынандай әрекеттер
атқарады:
– Ӛз ұстанымының (идея, пікір, түсінік) дұрыс-бұрыстығын анықтап,
оны жан-жақты пысықтайды.
– Ӛзінің дербес кӛзқарасын
қалыптастырып, тұжырым ретінде келтіреді.
– Ӛз пікірін дәйектейді, негіз келтіреді, жақтайды: дәлел келтіреді,
сілтеме жасайды, қорғайды.
Бағалау «Сіздің ойыңызша қалай?» деген пікірталас пен дау туғызатын
сұрақтар арқылы жүзеге асады.
Оқылған мәтінді түсіну деңгейі тӛрт деңгей
бойынша бағаланады:
1) фрагментарлық түсіну;
2) жалпы түсіну;
3) толық түсіну;
4) терең сыни түсіну.
Бүгінде білім беру жүйесінде бағалаудың формативті, суммативті
түрлері оқу үдерісіне енгізіле бастады. Бағалау оқу үдерісіндегі ең маңызды
деңгей ретінде танылып келеді.