А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет34/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103

79 
 
бүгін  де  жойылып кете  қойған  жоқ.  Оқушының  әдеби  мәтіннен  алшақтауы-
ның бір себебі де осыдан.  
Баяндау  әдісіне  байланысты  да  әдіскердің  ерекше  шегелей  айтатын 
ескертпесі  осындай:  «Бізде    ӛмірбаянға  әуестік,  мәтінді  шығарманың 
мазмұнын, образдарын  балаға  оқытпай жатып, күні бұрын айтып  беру әдеті 
бар.  Сӛзуар  мұғалімдер  «оқу-талдау-жинақтау»  деген    үш  егіз  жұмыс 
сатысын    ақпармен  айырбастайды.  Бұл  оқыту,  үйрету  әдісіне  тиімсіз.  Пән 
оқытудың  бастысы    баяндау  мен    бақылау    емес,  оқу,  үйрету,  жаттықтыру.  
Қай  сабақ  тұсында  болса  да  сӛз  азайып,  жаттығу,  балалардың  ӛзін  істетіп  
дағдыландыру кӛбеюге тиіс. Жаттығу білімді дағдыға айналдырады»,– дейді.  
А.Кӛшімбаев  «Қазақ  әдебиетін  оқыту  методикасы»    оқулығында 
әдебиетті  орта  буын  4-7  сыныптарда  (сол  тұстағы  орта  буын  саналған  
сыныптар)  оқыту  әдістемесі  мен  әдебиеттің  қысқаша  тарихына  жоғары 
сыныптарда  оқыту  әдістемесін    жүйелеген.    Орта  буын  сыныптарда  әдеби 
шығарманы  оқыр  алдындағы  кіріспе  жұмыстарға  мұғалімнің  кіріспе  сӛзін, 
кіріспе әңгімені жатқыза отырып, оларды жүргізу тәсілдерін ұсынады. Ақын, 
жазушылардың  ӛмірбаянын  оқып  үйренуде  әңгіме  әдісінің  белсенділігін 
байқатады.  Шығармадағы  түсініксіз  сӛздермен  жүргізілетін  жұмыс  түрлері, 
шығарманы сыныпта және үйде оқу мәселелерін сараптайды. Әдебиеттік оқу 
сыныптарында  автордың  ерекше  назар  аударатыны  –    мәтінді  үйде  және 
сыныпта  оқыту  мәселесі.    Шығарманы  мәнерлеп  оқу  амалдарын  түсіндіре 
келіп, шығарма талдау әдіс-тәсілдерін ұсынады. Автор кӛбіне ауызша оқыту 
әдістеріне  басымдық  береді.  Мәтінге  жоспар  жасап  үйрету,  жай,  күрделі 
жоспар түрлерін айқындай отырып, шығарманың сюжеті мен композициялық 
құрылымын  меңгертуді  кӛздейді.  Әдіскер  кӛбіне  орта  және  жоғары 
сыныптарда әдебиетті оқыту әдістемісінің құрылымы мен мақсат-міндеттерін 
айқындауға күш салады
1
.  
Ал  Қ.Бітібаева  «Әдебиетті  оқыту  әдістемесің  еңбегінде    практикалық 
әдістерге  поэтикалық  талдау,  кӛркем  мәтінмен  жұмыстар,  репродуктивтік 
әдіс пен эвристикалық әдістерді  жатқызады.  
Әдіснама — пәнді оқытуда басшылыққа алынатын қағидалар, ұстаным-
дар,  кӛзқарастар  жүйесі  деп  тани  отырып,  жаңа  оқыту  технологияларына 
түсініктеме береді.  
Технологияның  пән  бойынша  білім  мазмұнын  сұрыптауды,  таңдауды 
білім  берудегі  уақыт  ӛлшемдерін,  білім  беру  мӛлшерлерін,  қажетті  құрал-
жабдықтарды, оқыту түрлерін, оқу үдерісіне қатысушылардың орнын, әрекет-
терін  оқытудың  мақсат-міндеттерін,  күтілетін  нәтижелерді,  олардың  баға-
лауды  т.б.    мақсаттан  нәтижеге  жеткізетін  жағдайлар  мен  оларды  ұйым-
дастыруды қамтитынын атап ӛтеді.  
Т.Қ.Жұмажанова  «Әдебиетті  оқыту  әдістемесі»  оқулығында  әдістеме 
ғылымында  кеңес  кезеңінде  қалыптасқан  әдістемелік  жүйені  атай  келе, 
кӛбірек  жаңа  технологияларды  саралайды.  Әдіскер-ғалым  дамыта  оқыту 
технологиясы, модульді оқыту технологиясы, деңгейлік оқыту технологиясы, 
                                                           
1
 Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.– А., Мектеп 1969. 


80 
 
компьютер  арқылы  әдеби  мәтіндерді  меңгерту  технологиясының  үлгілері, 
оқытудың  жобалау  технологияларын  сипаттайды.  Әдіскердің  кӛбірек 
сыныптан тыс оқыту мәселесіне ден қояды.
1
  
Әдебиет пәнін оқытуда қалыптасқан әдіс-тәсілдер жүйесі. Әдебиет 
пәнін оқытуда алғаш әдіс-тәсілдер жіктемесінің ӛзгеше құрылымын ұсынған 
ғалым  –  Н.Кудрящев.
2
  Ол  әдістерді  ішінара  үйлестіре  қолдану  арқылы  оқу-
таным әрекеттерін белсенді етуді кӛздейді. Әдіскер-ғалым  М.Н.Скаткиннің, 
И.Я.Ларнердің әдістер жүйесіндегі еңбектеріне сүйене отырып, бірнеше әдіс-
тәсілдерді жіктейді. Оқытушы мен оқушының  оқу әрекетіне қарай: 
1.Түсіндірмелі-иллюстративті; 
2.Ақрапатты; 
3.Репродуктивті; 
4.Проблемалық баяндау әдісі; 
5.Эвристкалық әдіс немесе ішінара ізденіс әдісі
6.Зерттеу әдісі. 
Кӛп  жылғы  әдебиет  пәнін  оқыту  әдістемесінің  тәжірибесіне  сүйене 
отырып,  әдебиет  пәнін  оқытуды  ӛзіне  тән  әдістер  жүйесінің  қалыптасқанын 
кӛруге болады.  
Оқыту  әдістері  туралы  В.В.Голубков  «Оқыту  әдісі  жүйелі    қолданы-
лытын    педагогикалық  еңбекке  үлкен  ықпалы  бар  оқыту  түрі»  деген  тұжы-
рым білдіреді. Ол әдебиет пәніне тән әдістер жүйесін былайша топтайды: 
1.Лекция  әдісін  кең  кӛлемде  қабылданатын  негізгі  әдістің  бірі  ретінде 
жаңа оқу материалын  түсіндіруде, мұғалімнің әңгімесі түрінде  түсінік бере 
отырып оқу түрінде қолданылатынын айтады. Оқу материалын мәнерлеп оқи 
отырып  тыңдаушыға  жеткізетін,  жаңа  оқу  материалын  баяндайтын  лекция-
лық әдіс деп түйеді. 
2.Әдеби-сұхбат әдісі.  
3.Оқушылардың  ӛздік  жұмыс  әдісі  деп  оған  шығарма,  баяндама, 
ауызша баяндама, жазба жұмыс түрлерін жатқызады. Яғни, оқушының ауыз-
ша, жазбаша баяндамасы және шығармасына бағытталған ӛздік жұмыс әдісі. 
Сонымен қатар В.В.Голубков жұмысты ұйымдастырудың формасы мен 
тәсілі  туралы  айта  келіп,  әдіске  қарағанда  тәсіл  ұғымының    ауқымы 
тарлығын, әдістің құрамды бӛлігіне жататынын білдіреді.  
Әдебиеттік оқу сыныптарының әдістемелік жүйесін қалыптастырудағы 
еңбегімен  еленетін  әдіскер–  М.А.Рыбникова.    Әдіскер    кӛптеген  әдіс-тәсіл-
дердің  түрлері  мен  қоданылу  ерекшелікетерін  топтастырған.    Оның  еңбек-
терінде лекция әдісі,  әңгіме әдісі, оқушылардың ӛзіндік шығармашылық  жұ-
мыс  тәсілдері,  түрлі  түсініктемелер,  мәнерлеп  оқу,    әдеби  кӛрме  ойындары,  
сыныпта  және  сыныптан  тыс  жұмыстар  т.б.  кӛптеген  әдістемелік  нұсқаулар 
беріледі.  
                                                           
1
 Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.– А., Білім 2009. 
2
 Кудрящев Н.И. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы, -М., 1981.
 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау