74
Мектепте орыс тілін үйренумен байланысты «аударма әдісі» дейтін
жүйені енгізді. Бұл пәнді терең меңгеруге негізделген, оқушылардың ынта-
сын арттыратын әдіс. Ыбырайдың «аударма әдісінің ӛзі мәтінді оқуға
бағытталғандықтан, онда оқудың толып жатқан элементтері кездеседі (сӛз,
сӛйлем мағынасын екі тілде бірдей ұғыну, орысша да қазақша да ойлай,
сӛйлей, жаза білу, сӛздік жасау, кӛркем мәтінді оқыту).
Ы.Алтынсариннің бұл әдісі қазіргі бастауыш сыныптарда қолданылып
жүрген «түсінгіш оқу» жүйесіне жақындайды. Алтынсарин хрестоматиясы
оқушыларға эстетикалық тәрбие, үлкен жүйелі білім, қоғамдық ұғым берді.
Жастарды адамгершілікке, ағартушылық идеясына, қоғамдық міндетке
баулыды.
«Кел, балалар, оқылық», «Ӛнер, білім бар жұрттар» деген ӛлеңдері
ӛнер-білімге шақырса, «Түлкі мен ешкі», «Тәкаппарлық», «Сауысқан мен
қарға» сияқты ғибратшыл әңгімелері оқушыны адамгершілікке, ізгілікке
тәрбиелейді. «Қыпшақ Сейтқұл», «Талаптың пайдасы», «Асыл шӛп»,
«Зеректік» әңгімелері талаптылыққа, еңбекке, тәрбиелейді. «Мұңсыз адам»,
«Ей, жігіттер» сияқты әңгіме, ӛлеңдері қоғам ӛміріндегі қайшылықтарды
кӛрсете отырып, жастарды әділдікке шақырады.
Ы.Алтынсарин әңгімелерінде тарихи материалдар мен салыстыру әдісі
ӛте кӛп. «Қазбек батыр», «Қобыланды», «Алтын айдар» сияқты ауыз әдебиеті
үлгілері арқылы оқушыларды туған ел тарихына үңілдіреді
1
.
Абай Құнанбев:
«Ақылмен ойлап-білген сӛз
Бойға жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сӛз
Бар тамырды қуалар»,– деген ой білдіреді
2
. Бала тәрбиесінің қамқор-
шысы ретінде Абайдың оқу-тәрбие мәселесінде ойтылған ойлары бағалы.
Мәселен, Абай отыз бірінші қара сӛзінде адам ойында білімнің берік
сақталуының тӛрт түрлі себебін кӛрсетеді. Соның ішінде алынатын білімнің
тыңдаушысына терең әсер етуі, кӛңіліне, жүрегіне әсер етуі білімнің де
беріктігінің кепілі деген ой айтады: «естігенде я кӛргенде ғибратлану керек,
кӛңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек» дей келе, сол білімді ұзақ уақыт
есте сақтаудың ішкі, сыртқы факторларын да есепке алу керектігін ескертеді.
В.Г.Белинский де кезінде осы ойды айтқан. Бала тәрбиесі, әуелі
сезімнен бастап, сол негізде түйіндеуге келу қажет деп түсінген. Орыстың
ресми-сословиялық мектептерінде әдеби мәтін оқылмай кӛбіне оның
формасы мен мәні жайында жалпы түсінік-ереже ғана берілетін болған.
В.Г.Белинский жас буынға эстетикалық тәрбиенің мәні жайында айтылған
жалпы сӛзден, әдемі айтылған ережеден кӛркем шығарманың ӛзін оқып,
содан тӛтелей әсер алудың ӛзі кӛп пайдалы екенін, адамгершілік жайында
ғибрат балаға жалпы түсінік қағида түрінде емес, олармен сезім түрінде
барып жетуі тиіс екенін кӛрсеткен.
1
Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы.
2
Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы 1 том.– А., Жазушы, 1985.
75
Ы.Алтынсарин материалдары оқушының жас ерекшелігіне лайықталып
алынған. Осы материалды оқытуда Ы.Алтынсарин әдісін екіге бӛлуге
болады.
1.Қазақ балаларын орыс тілдінде оқыту әдісі;
2.Бастауыш мектептің екінші сатысында ересек балаларға әдеби мәтінді
оқыту әдісі.
Бірінші сала әліппеден соңғы кезеңдегі бастауыш оқуға жатады.
Екінші сала 4,5 сыныптардың дәрежесіне сай келеді.
Ы.Алтынсариннің әдеби оқу әдістемесіне тән бір жаңалығы — ӛлең
жаттау тәсілі. Ы.Алтынсарин әдістемесінде шығарманың мазмұны мен
идеясын танытудың элементі бар. Мысалы: «Ӛнер, білім бар жұрттар»,
«Қыпшақ Сейтқұл» шығармаларында прогрессивті алға ӛрістеу идеясы бар.
«Ағаш үй мен киіз үй» т.б. шығармаларында осы тақырыпты тереңдете
түседі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік жүйесі бүгінгі бастауыш мектептерде
қолданылып жүрген әдістердің бірі саналады. Бастауыш мектепте мәтінмен
жүргізілетін жұмыстарда Ы.Алтынсарин қолданған әдіс тиімділігімен
танылып келеді.
Ы.Алтынсарин ӛзінен бұрынғы педагогикалық озат ой жүйелерді
біріктірген, тек қазақ даласы ғана емес, бүкіл Ресей кӛлемінде кӛрінген үлкен
әдіскер болды. Ресей ғалымдары Ы.Алтынсаринді ХІХ ғасырдағы бүкіл Ресей
педагогикасының да алдыңғы шебінде тұрған педагог-әдіскер деп кӛрсетеді.
Ы.Алтынсарин әдістемесінде бастауыш оқу мен әдебиетті оқытудың
басты элементтері мыналар:
4- кесте.
Бастауыш оқу
(1-3 сынып)
Әдеби оқу (4-5 сынып)
3.Түсініп оқу.
4.Сӛздік жұмыс.
5.Аударып оқу.
6.Сӛйлету (әңгімелеу)
7.Жаздыру.
8.Жаттау.
9.Мазмұндау.
1.Пайымдап оқу.
2.Талдап оқу.
3.Сыныптан тыс оқу.
4.Сӛйлету.
5.Жаздыру.
6.Мақамдап оқу (жаттау)
7.Мазмұндау.
8.Мінездеу.
9.Ғибратшылдық оқу (шығарма
идеясын түсіну).
Қай уақытта болмасын оқу-ағарту жүйесіндегі оқыту әдістерін қол-
дануда шеберлік қажет. Бұл мәселе мұғалімге тікелей байланысты. Ендеше
ұстаз ӛз мойнындағы педагогикалық тәжірибесі мен әдістемелік шеберлікті
оқытудың сан алуан әдіс-амалдары арқылы жүзеге асыруы тиіс. Осы тұрғыда
орыстың педагог–ғалымы Т.А.Ильина «Педагогтік тәжірибелік және
педагогтік шеберлік деп аталатындарда, тек мұғалімнің ӛз пәнін жақсы білуі
76
ғана емес, сондай-ақ оқытудың әдістері мен методтарын ешбір қысылмастан,
сеніммен меңгеруі және бар», - деген тұжырым айтады.
1
Әдіскер-ғалым
В.В.Голубков
ӛзінің
«Методика
преподавания
литературы» атты еңбегінде педагогикалық шеберліктің негізгі қайнар кӛзі —
ӛмірден кӛрген-түйген, оймен саралаған тұжырымдармен қоса күнделікті
сабақты жүргізу екенін айта келіп, осындай тәжірибелік жолда әр
оқытушының ӛзіндік жеке әдісінің пайда болатындығын айқындап береді.
«Егер оқытушы ақылды, ойлы, дарынды адам болса, онда оның ӛз пәнін
терең білетіндігін аңғаруға болады. Егер ол балаларды жақсы кӛрсе және
педагогикалық тәжірибесі мол болса, ол оқытушының ӛз мамандығына шебер
болғандығы және оның әрбір сабақтары оқушының жадында терең із
қалдырады», - дейді
2
.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі тарихында ӛзінің ӛлшеусіз еңбегімен
кӛзге түсетін ірі тұлға – Ә.Қоңыратбаев. Әдіскер-ғалым қазақ мектептерінің
алғашқы оқулықтарын жазудан бастап қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің
қалыптасу тарихында үздіксіз еңбек еткен.
Алғашқы мектепке арналған оқулықтар Қазақ әдебиетінің алғашқы оқу
құралдары әрі оқулық, әрі әдеби, ғылыми, зерттеу еңбегінің нәтижесі
болғаны белгілі. Алғашқы оқу құралдары жазылған тұста әдебиеттің тарихи
курсы толық анықталмаған кез болатын. Қазақ әдебиеті оқулықтарының
алғашқы қарлығаштары қатарында М.Жолдыбайұлы, Ә.Қоңыратбайұлы,
М.Қаратайұлының тӛрт жылдық мектепке арналған «Әдебиет хрестома-
тиясы» оқулығы, хрестоматияның оқушы-шәкірттердің білімін толықтыруға,
әдеби эстетикалық танымын қалыптастыруға елеулі ықпалы болды
3
.
Қырқыншы жылдарға дейін қазақ әдебиетінің әдістемесінің қалыптасу
кезеңі болды деуге болады. Бұл қалыптасу бірнеше бағыттағы үдерістен
кӛрінеді: осы кезеңде мектептің сабақ жүйесі қалыптасты, яғни жалпыға
бірдей орталау және орта білім беру жүйесі құрылды; әдебиет оқулық-
тарының ғылыми-әдістемелік, материалдық базасы қалыптасу үстінде
болды; оқу бағдарламалары мен оқулықтарының әдістемелік құрал ретіндегі
рӛлі күшейе түсті. Әдебиет оқулықтарының оқушы мен мұғалімнің сүйене-
тін негізгі құрал ретіндегі рӛлінің күшейуі ендігі жерде әдістемелік жүйесін
де нығайту талабын туғызды. Ендігі жерде мектеп оқулықтарына әдістемелік
нұсқаулардың жазылу қажеттігін туындатты. Сол тұстағы идеологияның
әсерінен мектепте оқылатын ақын-жазушыларды іріктеу үлкен жауап-
кершілікпен жүзеге асырылу себепті, ендігі жерде жеке ақын-жазушылар
ӛмірі мен шығармашылығын мұғалімдерге түсіндіруге арналған танымдық
мазмұндағы мақалалар жарияланып, бірлі-жарым әдістемелік кітапшалар
пайда болды.
1
Ильина Т.А.Педагогика. –А., Мектеп, 1997.
2
Голубков В.В. Методика преподавания литературы.– М., 1962.
3
Әдебиет хрестоматиясы. (тӛрт жылдық мектепке арналған) М.Жолдыбайұлы,
Ә.Қоңыратбайұлы, М.Қаратайұлы. – А., 1934 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |