А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет30/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103

70 
 
Қай  сабаққа  қандай  әдіс–тәсіл  жетекшілік  ететінін  сол  сабақтың  ішкі 
мазмұны  мен  табиғаты  ғана  айқындай  алады.  Әдіс-тәсілді    сабақтың  ішкі 
мазмұнына лайықты ғана ірктеуге болатынын әдіскер ғалымдардың барлығы 
дерлік қуаттайды.  
Ауызша оқыту әдісінің түрлеріне қысқаша сипаттама жасап кӛрейік. 
Әңгіме  әдісі  сұрақ-жауап  түрінде  жүргізіледі.  Ол  жаңа  материалды 
меңгертуде,  ӛткен  сабақты  қайталау,  сыныптан  тыс  жұмыс  түрлерінде  кең 
қолданылады.  Әңгіме  әдісі  сабақта  басқа  оқыту  әдістерімен  қатар  келіп  те 
отырады.  Әңгіме  әдісі  оқушыларды  материалдың мазмұнын  нақтылы  білуге 
және  тиісті  сұрақтарға  дәлме-дәл  жауап  беруге  жаттықтырады.  Бұл  әдіс  ӛте 
ертеден келе жатқан әдіс болып есептеледі. 
ХІХ  ғ.  кейбір  мектептерде  эвристикалық  оқыту  әдісі  қолданыла 
бастаған.  Әдіс  Сократтың  сӛзімен  аталғандықтан    эвристикалық,  немесе 
сократтық әдіс деп те аталған.  
Аталған әдісте әңгімелеу арқылы негізгі материал мазмұнын  тереңірек 
ұғуға оқушылардың ӛздеріне жағдай туғызып отыру кӛзделеді.   
Түсіндіру  әдісі.  Бұл  әдіс  ұғымдар  мен  заңдылықтарды  дәлелдейтін, 
тәжірибелік  немесе  саралау  жұмыстарын  жүргізген  кезде  қолданылады. 
Түсіндіру әдісінде дәлелдеу тәсілі басымырақ болады. Әдебиет теориясынан 
берілетін  түсініктерді,  теорияларды  тікелей  түсіндіру  әдісінің  кӛмегімен 
жүзеге асыруға болады. 
Баяндау әдісі.  Баяндау әдісін қолданғанда материал эмоциялық  сезім-
мен  түсіндіріледі.  Бұл  әдіс  барлық  сыныптарда  да  қолданылады,  бірақ  оқу-
шылардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  ӛзгеріп  отырады.  Әрбір 
қаламгердің  ӛмірбаянын  түсіндіргенде  және  олардың  шығармашылық 
мұраларын  айтқан  кезде  баяндау  әдісі  жетекші  рӛл  атқарады.  Бастауыш 
сыныптарда  материалды  10-15  минут  баяндауға  болады,  орта  және  жоғары 
сыныптарда 15-25 минуттай баяндау әдісін қолдануға болады. 
Оқушылардың  жаңа  материалды  меңгеруге  ынтасын  арттыру  үшін, 
мұғалім  баяндаудың  алдында  ӛткен  тақырыппен  жаңа  тақырыптың  арасын 
байланыстыру әрекетін кӛздейді. 
Баяндау  әдісін  ойдағыдай  ұйымдастыру  үшін  мына  жайларға  кӛңіл  бӛлу 
қажет: 
1.Материалдағы  әрбір  фактілердің  тәжірибе  елегінен    ӛткен    ғылыми 
дәлелденген  болуы  әрі  оқу  бағдарламасына  сәйкес  алынуы.  Бағдарламадан 
тыс материалдарды үйіп-тӛгіп беру арқылы  баяндау әдісін қиындатып алмау; 
2.Оқу  бағдарламасы  бойынша  сабақтың  әрбір  кезеңінде  қажетті 
материалдың  дұрыс  іріктеліп  алынуы.  Берілген  материалға  сәйкес  оқушы-
лардың үйде орындайтын тапсырмаларының кӛлемі ӛз  дәрежесінде болуы; 
3.Материалда кездесетін жеке мәселелердің нақты айтылуы әрі қажетті 
кӛрнекіліктер арқылы фактілердің дәлелді және сенімді  болуы; 
4.Баяндау    әдісі  дидактиканың  белгілі  заңдылығына  сүйенген  логика-
лық  жүйелі  бірізді  болуы  шарт.    Ол  оқушылардың  ойлау  қабілетіне  әсер 
етеді; 


71 
 
5.Мұғалімнің  баяндауы  эмоциялы  болуы.  Эмоциялық  түсіндіру 
оқушылардың  ақыл-ойына  әсер  етіп  қана  қоймайды,  олардың  ішкі  психоло-
гиялық  сезімін қозғайды. Оқушылардың  логикалық қиялын ӛрістетеді;  
6. Материалды  баяндағанда  мұғалімнің  сӛйлеу  тілі  ұтымды,  пікірі 
айқын, оқиғалары толық және кӛркем тілмен түсіндірілуі қажет.   
Кӛрнекі  оқыту  әдісі.  Педагог-психологтардың    пікірінше,  оқушы 
қабылдайтын  білімнің  тиімділігіне  кӛрнекі  әдістің  тигізетін  ықпалы  зор. 
Себебі,  қабылдаудың  басты  жолдарының  бірі  ретінде  кӛру,  тыңдау  арқылы 
қабылдау  оқушының  материалды  меңгеруіне  үлкен  ықпал  етеді.  Бүгінде 
мектеп  бағдарламасы  бойынша  оқытылатын  кӛптеген  тұлғаларымыздың 
ӛмірі  мен  шығармашылық  жолына  байланысты  түсірілген  документальді 
фильмдер,  кӛркем  фильмдер,  қысқа  метражды  фильмдер  жарық  кӛруде. 
Әрине  бұл  фильмдердегі  идеялық  бағыт  немесе    ақпарат  құралымы 
мектептегі әдебиет сабақтарымен бүтіндей үндесе бермеуі заңды. Әйткенмен  
қажетті жерін мақсатқа сәйкес пайдалану мүмкіндіктері зор. Арнайы фильм-
нің  үзіндісін  қиюға  арналған  компьютерлік  бағдарламалардың  кӛмегімен 
сабақ  мақсатына  лайықты  қолданған  тиімді.  Сондай-ақ  аудиодискілерді 
пайдалану  да  маңызды.  Әсіресе  жыр  жанрын,  лирикалық  шығармаларды 
оқытқанда  тыңдау  әрекетіне  басымдық  жасаған  абзал.  Телевизия,  радио, 
үнтаспа,  экскурциялық  оқыту,  компьютерлік  оқыту,  электронды  оқыту 
жүйелері,  электронды  оқулықтар,  онлайн  сабақтар  т.б.  кӛрнекі  құралдарды 
еркін пайдалану мүмкіндіктері зор.  
Практикалық оқыту әдісіне мәтінмен жұмыс, кітаппен жұмыс, ауызша 
жаттығу  жұмыстары,  жазбаша  жаттығу.  Саралау,  топтау  жинақтау  жұмыс-
тары,    шығармашылық  жазба  жұмыстары,  аннотация,  шығарма,  ой  толғау, 
рецензия,  баяндама  т.б.  жұмыстарды  жазу  жатады.  Бүгінде  оқушыны 
ӛздігінен  білім  алуға  бағыттау  үрдісі  басымдылық  танытып  отырған  тұста 
практикалық әдістерді белсенді жүргізу қажеттігі арта түседі.  
Бақылау әдісі.   Білім мазмұнындағы ӛзгерістер мен кейбір құбылыстар-
ды  бақылату  арқылы  жүзеге  асады.  Мәтіннің  кейбір  ерекшеліктері, 
шығармадағы  адамдар  образының  жасалу  жолдары,  шығарма  компози-
циясының ӛзгешеліктері, шығарма тілі, кӛркем айшығы немесе сыртқы құбы-
лыстар,  саяхат  сабақтарындағы  бақылау  тапсырмалары  арқылы    орындалып 
отырады.  
Лабораториялық  оқыту  әдісі.  Бұл  әдебиет  пәнінде  жиі  қолданыла 
бермейді.  Дегенмен  ретті  тұсында  кейбір  мәтінмен  жұмыс  түрлерін  осы 
лабораториялық әдіспен жүргізуге болады.  
Отандық  әдіскерлердің  тиімді  әдіс-тәсілдері,  әдістерді  жіктеудегі 
көзқарастары.  Халқымыздың  ағартушы-ғалымдарының  бірі  Ахмет 
Байтұрсынов  ӛзінің  «Қай  әдіс  жақсы?»  мақаласында  мынадай  пікір  айтады: 
«Жалғыз  әліп-би  үйретудің  ӛзінде  толып  жатқан  әдіс  бар.  Сол  әдістерді  әр 
әдісқой ӛзінше ӛзгертіп қолданған түрлерін сӛз қылса, әдіс түрлерін түгелдей 
алмас  едік.  Бүкіл  Жауропа    әдісқойларының  тұтынған әдістерін  түгендемек, 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау