А. А. Какимова Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер


Ұлтшылдықтың қайнар көздері мен түрлері



жүктеу 0,62 Mb.
бет3/6
Дата16.04.2020
өлшемі0,62 Mb.
#29780
1   2   3   4   5   6

2.Ұлтшылдықтың қайнар көздері мен түрлері.

Ұлтшылдық- ол саясат қана емес, сонымен қатар ұстаным, идеядар жүйесі. Сондықтанда оның қайнар көзі шынайы жағдай, оқиға, адамдардың оны қабылдауы, қайғыруы.

Ұлшылдықтың қайнар көзі болып ұлттық тең құқылықтың болмауы, халықтың тәуелсіздік алуға деген талпынысы.

Қол жеткен автономияны жоғалтуға деген қорқыныш. Егер ол мемлкеттік ұлтшылдық болса, онда бұнда қайнар көзі тәуелсіздікті жоғалтуға деген қауіп.

Жұмыс орны үшін бәсекелестік. Әсіресе ықпалды қызмет үшін.

Диоспорлардың үстемдік ететін халыққа қарағандағы өте жоғары экономикалық мәртебеге ие болуы



Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Ұлтшылдық дегеніміз не?

  2. Ұлшылдықтың қайнар көздері қандай?

  3. Ұлшылдықтың қандай түрлерін білесін?

  4. Ұлтшылдық пен ұлтжандылықтың мағынасын ашып көрсет?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. М. Вебер Нация / Изб. Пройзв. М., 1973

  2. В. Тишков О нации и национальности: полемические заметки // Сб. Мысль 1996. 3 Стр. 31-37


Дәріс №4

Тақырыбы: Ұлт пен ұлтшылдық теориясы.

Дәріс мазмұны: Ұлт пен ұлтшылдық теориясы.

  1. Функциональды, конструктивтік әдістер.

  2. Марксистік әдіс.




    1. Функциональды, конструктивтік әдістер.

Күні бүгінге дейін функциональды бағыт әлеуметтанумен синоним ретінде қаралып келді. Бұл бағаттың тамырлары сонау О. Конт пен герберт Спенсердің еңбектерінде жатыр. Бұл екеуі әлеуметтік консерваторлар еді. Олар әлеуметтік тұрақтылықты өзгерістерге радикальды революцияға толы деп есептеді.

Әлеуметтанудың қалыптасуы кезінде бұл дәстүр ді Эмил Дюркгейм, ал 20 ғасырда Талкотт Парсонс дамытты.

Контта жақсы қоғамның нормативті үлгісі өмір сүрді. Бұндай қоғамда дені сау кез-келген биологиялық жүйе сияқты тепе теңдік пен тұрақтылық сақталған. Қоғамға биологиялық ағза ретінде бір әлеуметтік құбылыстар кері(дисфункциональды) әсерін тигізсе, кейбір құбылыстар пайдасын(функциональды) тигізеді.

Спенсер де жеке адам мен қоғамның ұқсас тығын атап кеткен. Қоғам биологиялық ағза сияқты үнемі өсіп отырады. Қоғмның өсуімен ағза да күрделіне түседі. Қоғам мен ағза бір-бірімен өте тығыз байланысты.

Сондықтанда қоғамда болып жатқан өзгерістер жеке адамның өміріне әсерін тигізеді.

50-60 жылдарда Карл Дейчтің «Ұлтщылдық және әлеуметтік коммуникация»атты кітабы неғұрлым танымал болды. Дейчтің теориясына сәйкес модернизация әлеуметтік мобилдікпен байланысты. Ол қоғамдағы азшылықтың ассимиляциясына әкеледі. Үлкен халықтар аз халықты жұтып отырады. бірақ та сонымен бірге ол модернизация поли-этникалық елдерде күйзеліске әкелуі мүмкін деді.

Ал конструктивті бағыттың әлеуметтік мәселелерге деген қатынасы 1967 жылы Питер Бергер мен Томас Лукманның «Шынайылықтың әлеуметтік құлылымы» деген кітабынан кейін танымал бола бастады. Бұл кітап А. Шютцтің феноменология қағидасын ұстанды. Сонымен бірге Дж. Мидтің ойларын да пайдаланды. Бұл кітаптің басты идеясы қоғам обьективті шынайылық , адамдардың іс-әрекет нәтижесі яғни әлеуметтік құрылым. Бұл кітапта п. бергшер мен Т. Лукманн екі түсінікті қолданды,-рсификация мен легитимация.

Рсификация адамдық құбылыстарды адамзаттық емес табиғаттың заттары ретінде қарау. Бұл түсінікпен көп жағдайда тұрмыстық деңгейде көп таралған бірақта ғылымда да кеңінен таралған жасанды табиғаттың әлеуметтік шынайылығын атайды. Рсификация түсінігін марксистік теоретик Георг Лукач енгізді. Маркс тауарды адамдар өндірсе де, оның бағасы да адамдар арқылы нарықта анықталса да, капиталистік қоғамда адамдар тауар мен құнды обьекетивті шынайылық , өздерінен тәуелсіз деп қарайды деп есептеген. Адам тауармен қарым қатынасында субьект ретіндегі сапасын жоғалтады. Г. Лукач бұл терминді тек тауаршға ғана емес, бүкіл қоғамға қатысты қолданды. Жәнек бқұл процесті рсификация деп атады.

Легитимация әлеуметтік тәртәпті оған нормативті құндылықтарды беру арқылы ақтауды білдіреді. Бұл түсінік те марксистік бағытта өз тамырын салған. Бұл концепцияға сәйкес пролетариат өзінің шынайы мүдделерін және капиталистік қоғамның әділетсіздігін бірден ұғынбайды. Оған жалған сана әсер етеді. Бірақ бір мезгілде қоғамды бұрынғыдай сақтап қалғысы келетіндер мен қоғамның шынайы бет-пердесін ашқысы келетіндердің арасында идеологиялық күрес басталады.


    1. Марксистік әдіс.

Бенедикт Андерсонның «Елестетілген қауымдастық» атты кітабы ұлттық мәселелерге арналған Ұлт дегеніміз жасанды құрылым болып табылады.

Д. андерсон ұлтшылдық Европада емес, ал Латын Америкасында пайда болған дейді. 1776 жылғы АҚШтағы болған революциялар ұлт атынан емес, халық атынан жүрсе, ал 1791 жылғы Гаитидегі қозғалыстар мен 1811 жылғы Венесуэлде өткен революциялар ұлт атын пайдаланды дейді.

Латын америкасының ғажаптылығы сол, онда көпшілік халық бір тілде сөйлейді. Латын америкасы 18 елге бөлінген. Латын Америкасындағы ұлтшылдық креольдік элиталар арасында пайда болған. Ол испандықтар мен жергілікті тұрғын халықтың арасындағы некеден пайда болған. Бұл элиталар Испанияның қол астынан шыққысы келді. Бірақта Испания қол астындағы колонияларда өз артықшылықтарын сақтап қалғысы келді. Сондықтанда олардың ұрандары әлеуметтік революцияларсыз ұлттық тәелсідік болды.
Мақсаты: Студенттерге ұлт жөніндегі әртүрлі пікір талас төңірегіндегі басты критериилерді анықтап алуға үйрету, ұлт теориясын зерттеудегі басты ғылыми әдістерді айқындау, оларды бір-бірінен ажырату.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Ұлт дегеніміз кімдер?

  2. Ұлт пен ұлтшылдық теориясының басты өлшемдері?

  3. Ұлт теориясын зерттеудегі қандай басты қандай ғылыми әдістерді білесін?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Этносоциология. Учеб. Пособие для вузов/Ю. В. Арут, Л. М. Дробижева, А. А. Сусоколов.- М. : Аспект Пресс, 1999

  2. Денисова Г. С. Радовель М. Р. Этносоциология, Ростов на Дону, 2000


Дәріс №5

Тақырыбы: Этнос - әлеуметтік жүйе ретінде.

Дәріс мазмұны:

  1. Этнос дегеніміз не?

  2. Этникалық процесстер




    1. Этнос дегеніміз не?

Ұлт мәселесі біздің елде басқа шетелдік елдерде сияқы бір жақты қаралып келді. Социологтардың басты назарында полиэтникалық елдердегі титульды ұлттар емес, әдетте этникалық топтар табылады.

Кеңес Одағы кезінде көптеген аздаған үстемдік етпейтін халықтар КСРО Конституциясына сәйкес тек қана өзін айқындау ғана емес, сонымен бірге мемлекетен шығу құқығын иеленді. Ресей Федерациясының үстемдік етпейтін халықтары республикаларға атау бере отырып, мемлекет құрамында ғана өзін анықтай алды.

Ғылыми терминология тұрғысынан Бурятиядағы буряттар, Башқұрстандағы татарлар, Сахадағы орыстар мен ханттар өздерін этникалық топ ретінде атауға құқылы болды. Алайда этнологтар Бурятиядағы буряттар мен хантыларды халық деп, татарларды ұлттық азшылық, ал Сахадағы орыстарға қатысты анықтама беруге қиналады.

Ұлттық азшылық мәселесі барлық елде өзекті бола түсті. Посткеңестік елдерде олөте өзекті түрдегі қарама-қайшылықтарға әкелді. Сондықтанда Кеңес Одағының ыдырауымен бірге көптеген елдерде этникалық қақтығыстар пайда болды. Олар өздерін қай ұлтқа, қай мемлекетке жатқызуларын білмеді.




    1. Этникалық процесстер

Этникалық процесттер Этностардың дамуымен, олардың этносаяси демографиялық дамуымен түсіндіріледі.

Алдымен этносаяси дамуын қарастырайық. Ол алдымен мемледкеттің пайда болуымен этностардың дамуы да жүзеге асады. Ресей мемлкеттілігі алғашқыда көпұлтты мемлекет ретінде пайда болды. Сонымен қатар ол бірнеше өркениеттердің қақтығысында пайда болды.

Шығыс елдерінің Ресей Федерациясына қарай жаппай миграциясы барысында бұл жерге ерте оналасып қалған ру-тацпалармен күресі басталды. Бұл тайпалар әртүрлі тілдік отбасына жатты. Тарихи деректер көрсеткендей жергілікті тұрғындармен араласу өте күрделі және қақтығысқа толы болды. Ресей Империясында ұлттық белгі басты шешуші роль ойнамады. Барлық патшалық үкіметтің саясаты жергілікті халыққа қатысты лояльды түрде жүзеге асты. Алайда этникалық халықтар жаппай этносқа қарсы шыққан емес.
Мақсаты: Этностың анықтамасын анықтау. Этнос пен ұлт, халық анықтамаларын бір-бірінен ажырата білу. ҚР этникалық процесстерге сараптама жасауға үйрету. Басты факторларды айқындау.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Этнос дегеніміз кімдер?

  2. Этностың ұлтттан айырмашылығы барма?

  3. Этникалық процестерге қандай факторлар әсер етеді?

  4. ҚР қандай және қанша этнос өкілдері тұрады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Денисова Г. С. Радовель М. Р. Этносоциология, Ростов на Дону, 2000

  2. Абдулатипова Р. Г., Болтенкова Л. Ф.., Яров Ю. Ф. Федерализм в стории России. н. 1992

  3. Бабаков В. Г. Кризисные этносы. М., 1993


Дәріс №6

Тақырыбы: Этностардың әлеуметтік-демографиялық және этносаяси дамуы.

Дәріс мазмұны:

    1. Этностардың әлеуметтік-демографиялық дамуы.

    2. Этностардың этносаяси дамуы.




    1. Этностардың әлеуметтік-демографиялық дамуы.

Этностың дамуына мынадай негізгі факторлар әсер етеді:

  • этносаяси даму деңгейі;

  • демографиялық жұрыс-тұрыс ерекшелігі;

  • урбанизация процесінің сипаты.

КСРО үлкен территорияда Евразиялық материктің барлық өркениеттері тоғысқан жерінде ұлттық мемлкеттердің барлық жүйесін қамтыды.

КО 1991 жылдың аяғында 15 ұлттық мпемлекеттен тұрды. КСРО-ң құрылуы мен Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРОГ халықтарының әлеуметтік-демографиялық дамуы әртүрлі еді. КСРО-ның батысындағы халықтар, әсіресе орытар батыстық өркениетті ұстанса, Закавказья елдері дәстүрлі өмір сүру үлгісін ұстанып, ал Орта Азия мен Қазақстан халықтары тек күнделікті тұрмыс тіршілікте дәстүрлі құндылықтарды ұстанды.

20ғ. Балтика жағалауы халықтары демографиялық көрсеткіштер жағынан Орталық және Батыстық Европа халықтарына сәйкес келді. Яғни туу аз, өлім көп болды.

Урбанизациялық процесстер де әртүрлі жүрді. Орыстардың қала халқы арасындағы үлес салмағы 50ж 50, 80 жылдары 80 құрады. Европалық ұлттардың салмағы азиаттықтарға қарағанда басым болды.

Ал Закавказья мен Орта Азияда урбанизация процесі басқаша жүрді. Кеңестік көрсеткіш бойынша соғыстан кейінгі жылдары қала халқының орташа үлес салмағын иеленген жер өндіруші халықтар 60-70ж. мал шаруашылығымен айналысатын халықтардан қалыса бастады.
2. Этносаяси даму.


      1. этностардың Ресей Империясына дейінгі әлеуметтік-демографиялық дамуы, тарихы, қақтығыс табиғаты, шеғу тегі;

    1. мемлекет тарихын, оларда мемлекет болдыма соны айқындау;

Жалпы Ресей Империясындағы этнос аралық қақтығыстар екі жақты сипат алды: жер және табиғи байлықтарды игеру үшін және саяси билік үшін.

Ұлттық мемлекет құрылымы бірнеше фактілерден тұрды:



    1. тұрғылықты халық деп сол территорияда тұратын басым емес халық аталды.

    2. тұрғылықты халық деп әртүрлә тілдік жанұяға жататын, бір-бірімен жауласып келген территорияларыбөлінген халықтар аталды.

    3. этносаяси мақсат үшін тілі мен мәдениеті ұқсас келетін халықтарды біріктірді.

    4. бірыңғай этникалық массив шекарамен бөлінді.


Мақсаты: Әлеуметтік құрылмда этностар басты роль атқарады. Сондықтан да әрбір этностың қалыптасуын, ұлт болып дамуын, оны сипаттайтын басты белгілерін, мемлекетінің бар екендігін білдіретін фактілерді білу әрбір студент үшін, әсіресе, болашақ әлеуметтанушы мамандарға өте қажет деп ойлаймын.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

    1. Этностардың қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлар.

    2. Этностың КСРО уақындағы басты белгілерін сипаттайтын негізгі факторлар қандай болды?

    3. КСРО кезінде қанша одақтас республикалар болды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Денисова Г. С. Радовель М. Р. Этносоциология, Ростов на Дону, 2000

  2. Абдулатипова Р. Г., Болтенкова Л. Ф.., Яров Ю. Ф. Федерализм в стории России. н. 1992

  3. Бабаков В. Г. Кризисные этносы. М., 1993


Дәріс №7

Тақырыбы: Әлеуметтік құрылым: ұлттық аспектілер.

Дәріс мазмұны:

  1. Этносоциологиядағы әлеуметтік құрылым мәселесі.

  2. Әлеуметтік құрылымның мәдени аспектілері.

Мақсаты: Әлеуметтік құрылым туралы түсінік беру. Әлеуметтік құрылымның басты құрамдас бөліктерін анықтау. Әлеуметтік құрылымның мәдени аспектілерін қарастыру.


    1. Этносоциологиядағы әлеуметтік құрылым мәселесі.

Этносоциялогиядағы әлеуметтік құрылым мәселесі қазіргі уақыттағы ұлттардың дамуын түсіну үшін басты мағынаға ие. Ұлттардың әлеуметтік құрылымы олардың әлеуметтік процестерімен күрделене түседі. Себебі әлеуметтік топтардағы ұлттық қатынастар бір текті емес. Олар әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктері мен ұлт аралық түсіністікті ала білуімен анықталады.

Этносоциология 60 жылдардан бастап бұрынғы кеңестік Одақтың халықтарының әлеуметтік құрылымын зерттеуден басталды. Бұл қөұрылымда қалалық және ауылдық тұрғын халық ішінде әлеуметтік топтар бөлініп шықты. Олар бір-бірінен әлеуметтік ролдерімен, мүліктік жағдайымен ажыратылды.

«Әлеуметтік құрылым» түсінігі қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінгенін көрсетті. Сол кездегі қоғамның әлеуметтік құрылымы бастапқы ұлт орыстарды басқа ұлт өкілдерімен салыстыру арқылы жүзеге асты. Орыстардың КСРО республикаларындағы үлесі әртүрлі болды. Мысалы Эстония мен Грузияда жергілікті ұлттар орыстардан басым болды.

Сонымен бірге қоғамның әлеуметік құрылымына тұрғын жалықтың жалақы мөлшері де әсер етті. Мәскеуде 1992 жылы ең жоғарғы жалақыны кәсіпкерлер алса, одан кейінгі орында жетекшілер, одан кейін мамандар мен басқа да жұмысшылар алды. Бұл басқа аймақтарға да тән болды.

Еңбек саласындағы негативті баға мен оның ішінде жалақының төмен болуы, жасалынып жатқан жұмыстың құндылығын да түсірді.

Біліктілігі жоғары еңбек адамдары үшін әсіресе, ықпалды қызметкерлер үшін өздеріне ылайықты жұмыс табу әрдайым қиын болды. болып жатқан процесстер әлеуметік құрылым да үлкен өзгерістерге әкелді.




    1. Әлеуметтік құрылымның мәдени аспектілері.

Адамдардың әлеуметтік ролдері мен белсенділігі әрине мәдениетпен байланысты. Мәдени нормалар әртүрлі әлеуметтік топтардың саяси санасын және шынайы мінез-құлқын анықтайды. қазіргі уақытта көптеген ұлттарда шағындаған қзгерістер жүруде.

Шын мәніде әртүрлі этникалық орта мен титульды ұлттарда , және орыстарда біріне ұқсас ағымдар байқалады. Мәдени өмірге деген бейімдеушілік барлық әлеуметік топтарда құлдырауда: адамдар өте сирек кинотеатрға, театрға барады, әдеби кітаптарды оқудан қалды.

90 жылдарда 70-80 жылдармен салыстырғанда астана – қалаларда адамдардың кино мен театрға баруы 1.5 -2 есе төмендеді. 90 жылдардың ортасында адамдар мүлдем кино мен театрға барудан қалды. Ал қазіргі уақытта адамдардың кино мен театрға баруы қайтадан жиіледі. Бұл халықтардың әлеуметтік жағдайларының жоғарлауымен, мәдениеті мен білімінің жоғарлауымен түсіндіріледі.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Әлеуметтік құрылым дегеніміз не?

  2. Әлеуметтік құрылымның басты элементтері қандай?

  3. Әлеуметтік құрылымның басты аспектілерін ашып көрсет?

  4. Әлеуметтік құрылымның негізгі мәдени, экономикалық, саяси аспектілері туралы не білесін?


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Денисова Г. С. Радовель М. Р. Этносоциология, Ростов на Дону, 2000

    2. Абдулатипова Р. Г., Болтенкова Л. Ф.., Яров Ю. Ф. Федерализм в стории России. н. 1992

    3. Бабаков В. Г. Кризисные этносы. М., 1993

4. Арутюнов С. А. Народы и культуры. Развитие и взаимодействие. М., 1989

5. Арутюнян Ю. В. Социальная структура сельского населения М., 1971

6. Радаев В. В., Шкаратан О. И. Социальная стратификация, М., 1996

7. Тишков В. А. Очерки теории и политики этничности в России М., 1997

8. Накипбеков Т. Общество как социальная система // Мысль,1996, 11
Дәріс №8

Тақырыбы: Мәдениет – этностың пайда болу формасы ретінде.

Дәріс мазмұны:


    1. Мәдениет – этносоциологиялық анализдің пәні ретінде.

    2. Этномәдениет: құндылықтық аспект.




    1. Мәдениет – этносоциологиялық анализдің пәні ретінде.

18 ғасырда еуропалықтар үшін мәдениет рухани, ақсүйектік белгіге ие болды. Бұл сөз адам сапасының жетілуін көрсетті. Мәдениетті деп оқыған, мінез-қлқы инабатты адамды атады. Осы дәуірдің өзінде ақ мәдениетті бір сөз сөйлей білуімен картина галериясымен. Опера театрымен, жақсы тәрбиемен байланыстырамыз.

20 ғ. Жабайы халықтарды зерттеген антропологтар бұл түсініке жаңа мән берді. Мәдениет екі түрге бөлінеді: рухани және материалдық. Рухани түріне: нормалар, ережелер,үлгілер, этолондар, мінез-құлық ережелері, моделдер, заңдар, құндылықтар, символдар, ритуалдар жатады. Олар адам іс-әрекетінің қорытындысы, тек олар сана-сезімі арқылы істелінген. Олар біздің санамызда өмір сүреді.

Екіншіге: кітап, храм, еңбек құралы, тұрғын үй, галстук, сән бұйымдары. Бұлар адам қолымен жасалынған заттар.

Мәдени мұра өткен ұрпақ қалдырған келесі ұрпаққа құнды, қасиетті нәрсе ретінде өткен рухани немесе материалдық мәдениеттің бір бөлігі. Адам қолымен жасылынған кез-келген нәрсе мәдени мұра болып қала бермейді.




    1. Этномәдениет: құндылықтық аспект.

Мәдениеттің қазіргі өмірге қатысты жағын даралықтың, топтың, қоғамның өмір үлгісі мінездейді. Өмір үлгісіне жататын бірнеше элементтер жатады:

Әдет. Өмір үлгісі негізінен адамдардың күнделікті әрекеттерден тұрады. Олар өте көп және санасыз, автоматты түрде сақталынады. Әдеттердің топтық, ұжымдық түрлері бар.

Мәнер. Қоршаған адамдардың не оң, не теріс бағасына ие болатын адам мінез-құлқының сыртқы нысаны. Мәнер ақмүйекті қарапайым адамнан айырып тұрады.

Салт. Мәнерге қарағанда салт адамдардың ширек тобына тән. Салт дәстүрі қалыптасқан мінез-құлық тәртібі ұжымдық, топтық әдет болып табылады.

Этикет. Жақсы мәнер, әдеттер этикетті құрайды.Этикет ерекше бір әлеуметтік шеңберде қабылдаған мінез-құлық ережелерінің жүйесі.

Мәдениет адамдардың бүкіл өміріне ықпал жасайды. Мәдени норма көп жағдайда адамдарды бір – бірінен ажыратып, олардың саяси санасы мен шынайы іс-әрекетін анықтайды. Қазіргі уақытта мәдениет пен қоғам арасында тығыз байланыс орнаған. Әлеуметтік ролдер мен адамдардың өзара байланысы да осы мәдениетке келіп тіреледі.

Этностардың мәдениеті. Этнос аралық қарым-қатынастағы мәдениеттің ролі. Дін бостандығы ұлттарды араластыру факторы ретінде. Ұлттық мінез-құлық. Әртүрлі әлеуметтік топтардың мәдениеті. Этникалық мәдениет рәміздік орта ретінде.
Мақсаты: Студенттерге мәдениет түсінігін ашып түсіндіріп беру, мәдениеттің этноәлеуметтанудағы алатын басты ролін айқындау. Мәдениет түрлерін, этнос аралық мәдениет байланысын, әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетінің негізгі айырмашылықтарын қарастыру.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Мәдениет дегеніміз не?

  2. Мәдениеттің қандай түрлері бар?

  3. Әрбір этносттың басты негізгі мәдени белгілері қандай?

  4. Этностың басты мәдени белгілері қандай


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Денисова Г. С. Радовель М. Р. Этносоциология, Ростов на Дону, 2000

    2. Абдулатипова Р. Г., Болтенкова Л. Ф.., Яров Ю. Ф. Федерализм в стории России. н. 1992

    3. Бабаков В. Г. Кризисные этносы. М., 1993

    4. Арутюнов С. А. Народы и культуры. Развитие и взаимодействие. М., 1989

    5. Арутюнян Ю. В. Социальная структура сельского населения М., 1971

    6. Радаев В. В., Шкаратан О. И. Социальная стратификация, М., 1996

    7. Тишков В. А. Очерки теории и политики этничности в России М., 1997

    8. Накипбеков Т. Общество как социальная система // Мысль,1996, 11

    9. Бромлей Ю. Квопросу о выделении этносов среди других человеческих общности / Этнос и политика: Хрестоматия. М. : Изд УРАО, 2000

    10. Ионин Л. Г. Социология культуры. М.1996

    11. Ионин Л. Г. Социально-культурный облик советских наций. М., 1986


Дәріс №9

Тақырыбы: Халықтардың этномәдени айырмашылықтарының әлеуметтік маңызды мәселелері.

Дәріс мазмұны:

    1. Мәдени шекара мәселесі. С. Хантингтон концепциясы.

    2. Тіл идентификация және этникалық рәміз ретінде.




  1. Мәдени шекара мәселесі. С. Хантингтон концепциясы.

Шетелдік этнология мен әлеуметтануда 60 жылдардың аяғында Ф. Барттың концепциясы кеңінен танымал болды. Бұл концепцияға сәйкес, «этникалық - бұл мәдени айырмашылықтың әлеуметік ұйымдарының формасы» Бұнда басты орында этникалық шекара алады. Бірінші орында мәдени сипат алса, олар этностарды бір-бірінен ажыратады. Ф. Барттың екінші назар аударған мәселесі ол бұндай мәдени сипаттарды іздеу кезінде басты рольге этникалық топ ие.

С. Хантингтон бұндай айырмашылықты немесе мәдени дистанцияны геосаяси салдармен-қақтығыстармен және соғыстармен байланыстырды. Адамзатты бөлетін маңызды шекараларғ мәдениетпен анықталады. Неғұрлым маңызды қақтығыстар әртүрлі өркениетке жататын ұлттар мен топтар арасында болады.

Өркениет деп С. Хантингтон өркениет деп мәдениеттің жоғарғы рангы. Ол тіл, тарих, дін, дәстүр, институт арқылы анықталады. Өркениет бірнеше ұлттық мемлекеттерді қамтуы мүмкін. батыстық өркениет екі түрлі вариатта: европалық және солтүстікамерикалық, ал исламдықты ол арабтық, түрікиік және малайлық деп бөледі.

Әлемнің бейнесі жеті-сегіз ірі өркениеттің өзара байланысынан қалыптасатын болады: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, индустік, православтық-славияндық, латын америкалық, және африкалық. Хантингтон бойынша ең басты өркениеттерді бөлетін нәрсе ол дін.




  1. Тіл идентификация және этникалық рәміз ретінде.

Кез – келген феномен мәдениетте этникалық рәміз сипатын алуы мүмкін. Орыстарда ұлттық образ- Георгий Победоносец, армяндарда Арарат, солтүстік ирландықтарда сенім. Алайда ұлттық идеология және сезім ең бірінше тілде көрінеді. тіл басты этонс аралық айырмашылықт және этникалық құндылық болып табылады. КСРО ның одақтық республикаларында өткізілегн этноәлеуметтанулық зерттеулердің мақсаты тілдің маңызын білу еді. 70-80 жылдардағы зертеулерде эстндықтар, грузиндер, өзбектер, молдавандар өздерін тіл арқылы біріктіреді.

Орыстар басқа халықтармен салыстырғанда тілді олардың белгілерін біріктіретін басты рәміз етінде көрсетті. «Туған тілдің» барлық функцияларынсақтау туралы Эстония, Литва, Латвия, Украйнада, Өзбекстан, Молдавия, Татарстан, Белоруссия, Қырғыстан, Якутиядағы барлық қозғалыс өкілдері айтты.

Тілді мемлекеттік ретінде мойындау бұл ықпалдылық қана емес, сонымен бірге барлық халықтың оны білуі.

Қазіргі уақытта қазақ тілінің мәртебесі өсіп, ол мемлекетік тілге айналды. Енді он Қазақстан Республикасында тұратын барлық ұлт өкілдері білуі қажет. Және жоғарғы мемлекетік қызметке көтерілуі үшін де мемлекеттік тілді білу міндетті.



жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау