Провинция Округ жанұя саны Жердің бөлінген донумы
Кайсери Девели 104 3326
Конья Конья 72 11664
Сакарья А Пазары 2 -----
Маниса Салихли 160 -----
Ниде Улукышла 226 16995
562 31987
Салихлида 300-ге жуық қазақ отбасы тұрды, бұл топқа тек ресми қоныс аударған мигранттар ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз мигранттар да кірді. Мұнда Әлібек Хәкіш мен Хамза Учар өздерінің жанұяларымен тұрды. Түркияның дәл ортасындағы кішігірім қала-Девелиде 700-800-ге жуық адамдармен қоса қазақтардың басқа тобы қоныстанды. Девелиде Қарамолла, Хусаин Тайджи және т.б. тұрды.
Сұлтаншарлы Тайджи өзінің жанұясымен 1954 жылы қарашада Стамбулға жақын "қонақжайлық орталығында" да тұрды, бұл жерде ол кісімен Годфри лиас сұқбаттасты, 1955 жылы сұлтаншәріп Тайджи Стамбулда алпыс бес жасында қайтыс болып, Зейтинбурну районында (қазлы шешме)бейтінде жерленді. Оның туыстары 1954-1955 жылдары Ниде провинциясына көшіп келіп, сонда Алтай-кей құрылды. И.Сванбергтің меліметі бойынша онда 163 қазақ отбасы тұрды. Барлық алғашқы елді-мекендерде қазақтар ауыл шаруашылығымен және қол өнермен айналысты.
1960 жылдары ауыл шаруашылық аудандардан урбанизацияланған аудандарға миграцияның өсуіне байланысты қазақтар Стамбулға, Измирге, Анкараға және т.б. қалаларға кіре бастады. Ең басты себеп қалаларда жұмыс орнының болуы себеп болды. Үкімет оларға жайылымды жерлерді жеткілікті бөлмегендіктен, шамалы өңделген жерлерде жер өңдеумен айналасу көшпелі қазақтарды қанағаттандырмады. Мұхаммед Қылыштың еске алуы бойынша Коньеде 65 қазақ отбасына жер және оны өңдеуге арналған құрал-саймандар бөлінген. Мұхаммед Қылыш түріктің жергілікті билеушілеріне өтініш жасап 2 трактор алады. Бұны ауылдық жерде 9 жыл пайдаланып, Конью қаласына көшіп келіп, тері заводын ашады.
Сонымен қатар 1960 жылдары қазақтардың арқасында түрік экономикасында жаңа сала-тері өңдеу және тері бұйымдарын тігу дами бастады. Қазақтар Түркияда өңделген қой терілерінің айтарлықтай көп мөлшерде бар екенін ескеріп, ең алдымен оларды үй шеберханаларында өңдеумен айналысып,содан белгілі бір капитал мөлшерін жинап алғаннан кейін тері өндірісін мануфактураға шейін кеңейтті.Жиналған капитал өндіріске салынды, сонымен қатар елдің ірі қалаларында көшуге және орналасуға қажетті заттарға жұмсалды.Осы жылдарда қазақтар Зейтинбурнуға, Сафра Кейге, Кучуп Чекмеджиға көшіп, Стамбулдың Гунешли ауданында Қазақкентті құрады.
1970 жылдар Түркиядағы қазақтар үшін елдің экономикасындағы интеграция және тері бұйымдарын өндірудің арқасында жақсы капитал алуы есебінен табысты болды. Кішігірім мануфактуралар орнына жалдамалы жұмысшылар бар кішігірім фабрикалар келді. Зейтинбурну, Қазақкент аудандарында, сондай-ақ Стамбулдың, Анакараның және басқа қалаларының базарларында қазақтардың тері бұйымдары тігу және фирмалық дүкендер пайда болды. Түркияның ұсақ және орташа кәсіпкерлерінің,саудагерлерінің, қолөнершілерінің сауда-өндірістік әлеміне көптеген қазақтар да кірді. Дәулетті қазақ кәсіпкерлерінің арсынан Зейтинбурнудағы бірнеше дүкендердің иесі Тоқтабай Торлыны пластикалық бұйымдар өндіретін "Turkistanlilar Plastik Suni Keri Fabrikasi" деп атлатын фабрикасы бар Мұхаммед Қылышты,"Deri Diyim Imalat ve Toptan satis"-ты басқаратын Омар жігітті, Зейтинбурнудағы компьютерлер мен қосалқы бөліктер сататын дүкендердің қожайындары Қара ағайындыларды айтуға болады.
Батыс Европа елдеріне жұмыс иммиграциясы барысында қазақтар 1970 жылдардағы өндірістің жаңа жетістіктерімен танысып, олардың дамуы барысында ақша жинала бастады. Дәл осылайша кішігірім фабрикалар"Алтайлилар", "Алтай пластик", "Түркістан Алтай", "Түркістан каучук", "Барколь пластик" және т.б. пайда болды.
Түркияда өздерінің екінші отанын тапқан және түрік қоғамының толық құқылы мүшелеріне айналған бұрынғы қазақ қашқындарының әлуметтік-экономикалық және мәдени өмір талаптарын біртіндеп реттеле бастады. И.Сванбергтің көрсеткеніндей қазақтар 1970 жылдары Анатолия ауылынан басқа миграттармен салыстырғанда жоғарғы өмір деңгейіне қол жеткізді. Бұны олардың жақсы аудандарда және Стамбул қалашықтарында және басқа қалалардан орналасқан үлкен үйлерде тұруынан, соған сәйкес балаларына жоғары білім беруі мүмкіндігінің болуынан көре аламыз.
Көшіп келуді қаржыландыру мәселесі.
Түркия үкіметі қазақтарды қабылдауға келіскеннен кейін, көшу мәселесін қабылдаушы ел қаржыландыру қажет еді. Бірақ Годфри Лиастың монографиясында «Казахский исход» атты, қазақтар Түркия үкіметінен тек тұрақты өмір сүретін мекенге шақыру алды, ал «...и БҰҰ құрлықтағы да, теңіз арқылы Стамбулға жеткізу үшін транспорттық шығындар үшін қаржы қорын қарастырды». БҰҰ-ның Пакистаннан қашқан қазақтарды 1952-1954 жж. Түркияға көшіру мәселесіне араласуы авторды танқалдырған болатын, демек бұл жайт құжатпен дәлелденбеген.
Сосын Жак Фернанттың «Беженство послевоенном мире» атты монографиясында келесі бір ақпарат жазылған. 1945ж. 1-шілдеде БҰҰ-ның Арнайы дайындалған Халықаралық қашқындар ұйымы (МОБ) Стамбулда өз офисін ашып, сол арқылы Түркия, Ирландия, Италия, Франция және Швейцария елдерінен келген мигранттар мен мұсылман қашқындарының қоныстандыруына қаржыны алып отырған. 1948ж. 24-шілдеде түркия үкіметі мен Арнайы дайындалған комиссиясы Халықаралық қашқындар ұйымы мен жоғарыда аталған елдерден мұсылмандарды иммиграциялауға МОБ қаржыландыруына қол қойды.
Иммиграциялау әрине Түркия үкіметінің жете таңдаумен жүзеге асып, сол үшін Батыс Европа елдеріне түрік комиссиясы бірнеше рет шығып отырды. 3384 адамды олардың жанұясымен қоса таңдап, бұл адамдарды Түркияға көшіру үшін транспорттық шығындарын Халықаралық қашқындар ұйымы БҰҰ-ның өз штатына алды. Олардың 1947-1951 жж. бұл іс үшін шығындары 1 миллионнан астам фунт стерлинг болды.
Халықаралық ұйым арқасында Түркияға көшу мен қоныстану ауқымын кеңейту туралы өтініштерін білдірген құжаттар және өкілдер Австралия, Жаңа Зеландия, Бразилия және т.б. елдерден келе бастады. Мүмкін сонда саяси қазақ қашқындарының Түркияға келу өтініштері түскен болар.
1951ж. сәуірде Түркияда қашқындарды қоныстандыру комитеті өз жұмысын бастады. Ол Халықаралық қашқындар ұйымының демеушілігімен ашылып, олар Түркияда өз жұмыстарын аяқтап, барлық істі аталмыс комитетке берді. Олар Стамбул маңынан қақындарға лагерь ашып, және келген мигранттар үшін белгілі бір мөлшерде құн төледі.
Былайша ойлайтын болсақ яғни Түркия үкіметі өз еліне келген саяси қазақ қашқындарының қоныстандыру шығынын енді өз қолына алды. Сонымен қатар мигранттардың ішінде Пакистан мен Үндістаннан келген мұсылман қашқындары да болды. Бірақ транспорттық шығындарын қазақтардың БҰҰ-ның Халықаралық қашқындар ұйымы төледі. Бұл ақпаратты БҰҰ-ның Нью-Йорктегі (АҚШ) орналасқан мұрағатынан немесе Женевадағы БҰҰ-ның Жоғары Комиссар Басқармасындағы мұрағаттан тексеру қажет.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
«Қашқындар» дегеніміз кімдер?
Қашқындар мәселесіне арналған «Беженство послевоенном мире» атты еңбектің авторы?
Қашан Түркияда қашқындарды қоныстандыру комитеті өз жұмысын бастады?
Түркияда Пакистаннан келген қазақтарда дифференцияланған қашқындардың неше категориясы болды?
1960 жылдары ауыл шаруашылық аудандардан урбанизацияланған аудандарға миграцияның өсуіне байланысты қазақтар қандай қалаларды қоныстана бастады?
Әдебиет: Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. Алматы:Ғылым, 1997.
Дәріс №21
Дәріс №22
Дәріс №23
Тақырып: Ресейдегі қазақ диаспорасы
Дәрістің мақсаты:
Тірек сөздер:
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны: 1. Ресей қазақтары:атамекені мен ата рухы қасіреті. 2. Орынбор қазақтары.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Әдебиет: Егемен Қазақстан 2005, 25 мамыр; Ескекбаев Д. Орынбор қазақтары (Тарихи этнографиялық зерттеу) Әл-Фараби ҚҰҰ- А: 2004.
Дәріс №24
Дәріс №25
Тақырып: Шетелдегі қазақтар
Дәрістің мақсаты:Студенттерге құжаттар мен бұл мәселеге арналған еңбектер негізінде қазақтардың тарихи отанын тастап шет елдерге кетуінің саяси, экономикалық себептері, шет елдердегі қазақ диаспорасының саны жөнінде мәліметтер беру.
Тірек сөздер: ОГПУ, тарихнама, «Қызыл» тарихнама т.б.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны: 1. Қазақтар туралы шетелде шыққан кітаптар. 2. Шетелдегі қазақ мәселесі
ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАСАҚТАРЫ
1928 жылғы 27-тамыздағы қазақ байларын кәмпескелеу туралы Қазақстан өкіметінің шешімінің елде жаппай дүрлігу туғызғаны белгілі. Осындай заңның қабылданатыны туралы алдын ала ел арасында сыбыс таралған бетте-ақ шекараға жақын аймақтардағы ауқаттылардың арасында шет елге қоныс аудару қозғалысы басталды. Алғаш бұл жекелеген ірі байлардың ауа көшулері түрінде көрініс берсе, көп кешікпей-ақ 1928-29-шы жылдардағы астық және ет дайындау науқандары басталған бетте және 1930 жылы қаңтардан бастап, байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары нақты қолға алынысымен жаппай бұқаралық босуларға ұласты.
Мәскеудің және Қазақстан Республикасы архивтерінің осы уақытқа дейін құпия болып келген қорлардағы ресми құжаттарда қазақтардың Қытай асуы туралы мәліметтер 1929 жылдан бастап қана көрсетілген. Осы алғашқы жылғы Қытайға өткен қазақтар қожалықтарының адам және мал сандарының есепке алынған мөлшерлері төмендегідей:
|
Байлар
|
Орташалар
|
Кедейлер
|
Барлығы
|
Қожалықтар саны 123 128 165 416
Олардағы адамдар саны 739 474 632 1845
Олардағы малдар саны (бас) 11607 6969 1132 19708
Әрине, бұл мәліметтер толық емес. Шекарадан көзге түспей жасырып өтіп кеткендер де аз емес қой.
Дегенмен де жоғарыдағы мәлімет ресми мемлекеттік органның – ОГПУ-дің шекара басқармасының деректері болғандықтан және біздің қолымызда бұдан басқа құпия материалдар жоқ болғандықтан біз кестеде келтірілген сандардан тарихқа қажетті мағлұматтар алуға міндеттіміз. Кестеде бейнеленгендей, ауа көшушілер арасында байлардан гөрі орташалар мен кедейлер едәуір көп, яғни аа көшулерді бастаушылар және ұйымдастырушылар тек байлар болды деген сол жылдардағы мемлекеттік деңгейдегі кейбір пікірлер сын көтермейді.
Орташалар мен кедейлер 1929 жылы қытайға неге көшті деген сұрауға біз: астық және ет дайындау науқандарындағы зорлық-зомбылыққа байланысты деп сеніммен жауап бере аламыз. Біздің бұл пікірімізді ОГПУ-дің шекаралық бақармасының деректері де дәлелдейді. Олар бойынша 1929 жылы жоғарыдағы кестеде көрсетілген амалсыз Қытай асқан қазақ шаруалары қожалықтарының астық жне ет дайындау науқандарында көшіп кеткендері төмендегідей болып шығады:
|
Байлар
|
Орташалар
|
Кедейлер
|
Барлығы
|
Қожалықтар саны 117 127 153 397
Олардағы адамдар саны 414 472 591 14
Олардағы малдар саны (бас) 11427 6964 1095 19708
Кестеден көріп отырмыз, қытайға кеткендер ішінде байлар қожалықтарының 95 проценті, ал айдалып кеткен мал басының 98 проценті астық және ет дайындау науқандарына байланысты қоныс аударған.
Иә, жаңадан күш алып, қалыптасып келе жатқан сталиндік тоталитарлық жүйенің шаруаларды қанауға бағытталған әрбір жаңа күштеу науқаны ел ішінде үлкен дүрбелең туғызып, қазақ шаруаларының көрші елдерге жаппай ауа көшулерін үдете түсті. Мұны біз байлар мен кулактарды жаппай тап ретінде жою науқанында және жоспарлы түрде зорлап отырықшыландыру кеңінен өрістеген 1930 және 1931-шы жылдарда Қытай асып кеткен қазақстандық шаруалардың сандарының жылдан-жылға өсе түсуінен де байқай алар едік:
Жалдар
|
Кулактар, байлар
|
орташалар
|
кедейлер
|
колхозшылар
|
Барлығы
|
Достарыңызбен бөлісу: |