Құрылым өзіне жүктелген міндеттерді орындағаннан кейін не таратылып жіберіледі, не жаңа жоба алады. Жоба бойынша басқару сызықты басшылықты нақтылап, дәлдей түседі және толықтырады. Өнім бойнша басқару ұйымдағы өндіріс және өткізу салаларының бірқатар бұйымғы мамандандырылған жағдайында тиімді болады. Бұл құрылымда нақтылы бұйымды өндіру мен өткізудегі өкілеттілік пен жауапкершілік толықтай бір басшыға беріліп, басқа функционалдық бөлімдер сол өнім бойынша басшылыққа толықтай жауапты болады. Өнімнің маңыздылығы мен дара басшылық оны өндіру мен өткізудегі қатаң бақылауды орнатып, үлкен нәтижеге қол жеткізеді. Бәсеке жағдайы, технологиямен тұтынушылар талабына тез арада бейімделуге мүмкіндік туындайды. Дегенмен, оның да кемшілігі: әртүрлі өнімді өндірудегі қызметтердің қайталануына байланысты шығындар санының өсуіне және құрал-жабдықтар мен шикізатты барынша пайдалануға мұршаның болмауы болып табылады. Жаңалықтар тасқыны көп және үнемі болып жататын ұйымдарды жаңалықтар енгізу қызметі құрылады. Мұнда ағымдағы өндіріс сызықтық және функционалдық қызметтердің қарауына қалады да, бастамаларды жетістіктерді іздестіру барысы арнайы құрылған жаңалықтар енгізу бөліміне беріледі. Матрицалық құрылым Ұйымдастырудағы мақсаттық басқару мен мамандандырылған бөлімшелерді басқарудың тиімді үйлесімін беретін бірден-бір құрал болып матрицалық құрылым. Матрицалық құрылым екі құрылымды, сызықтық-функционалдық және бағдарламалық-мақсаттық құрылымдарды ұштастыруды, яғни ұйымдағы жекелеген қызмет салаларымен қатар, нақтылы мақсатты орындайтын бағдарламалық бөлімдер мен олардың бас-шылары орын алады. Мұның өзі бағдарлама басшыларының міндеттерді жүзеге асыруда орындалу мерзімін және мүмкіндіктерді тура бағалап, іздестіру, жаңалықтар енгізу мен еркін әрекет етуіне жағдай жасайды. Матрицалық құрылым Сонымен қатар, көлбеу басшылықтың арқасында бөлім басшыларының мамандарды еркін ауыстыруы, тиімді пайдалануы және тиісті жұмыстармен толық қамтамасыз етуі. арқылы барлық қызметтерді мұкият ұйымдастыруға жағдай жасалынады. Бірқатар қындықтар тудыратын жағдай сол, матрицалық құрылымда дара басшылық қағида орындалмайды. Осыдан барып, әртүрлі келіспеушіліктер, үйлесімсіздік туындауы мүмкік. Сондықтан да матрицалық құрылым басқару қызметкерлерінен жоғарға кәсіптілік пен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |