|
8-сынып. С.Әбілмәжінова, К. Каймулдинова. 1-БӨлім. Географиялық зерттеу әдістері география ғылымының салаларыГеографиялық зерттеу әдістерінің түрлері
|
бет | 2/9 | Дата | 16.03.2022 | өлшемі | 32,79 Kb. | | #37839 |
| 8-СЫНЫП, ГЕО ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ.КАРТОГРАФИЯ БАЗА2.Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері
Белгілі бір маршруттар бойымен жүріп өту және сипаттаулар жасау, өлшеу жұмыстарын жүргізу барысында зерттеу нысаны туралы деректер жинақтау және өңдеу әдістері: Далалық әдістер
Ұйымдастырылуы бойынша далалық зерттеу әдістері бөлінеді: экспедициялық және станционарлық
Экспедициялық және станционарлық зерттеу әдістерінің айырмашылығы: экспедиция мерзімдік сипатта, ал станционарлар тұрақты сипатта зерттеулер жүргізеді
Зерттеу пәнін жан-жақты және шынайы бейнелеуге, оның мәнін ашып көрсетуге, заңдылықтарын танып білуге жетудің жалпы тәсілі: ғылыми әдіс
Зерттеу ауданында жүргізілетін тәжірибе, эксперимент: далалық эксперимент
Қазіргі кезде Қазақстанда географиялық ғылыми зерттеу экспедицияларын ұйымдастырады: География институты, Қазақстандық Ұлттық географиялық қоғамы және басқа мекемелер
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қазақстандық географтар нешінші жылы алғаш автокөлікпен оңтүстік полюске барып қайтты: 2011 жылы
Экспедицияның нәтижелерін көруге болатын деректі фильм: 108 сағат
Зерттеу ауданында тұрақты жұмыс істейтін бақылау стансылары, ғылыми лабораториялар, орталықтар негізінде жүргізіледі: станционарлық жұмыстар
Белгілі зерттеу аумағын түгел қамту үшін құрылатын станционарлар: желілік станционарлар
Қазгидромет мекемесінің станционарлар жүйесі Қазақстан бойынша метеостансы, гидрологиялық бекет саны: 328 метеостансы, 307 гидрологиялық бекет
Картаны дереккөз ретінде, яғни онда бейнеленген нысандар, құбылыстар мен үдерістерді жаңа білім алу үшін пайдалану әдісі: картографиялық әдіс
Картографиялық әдістер қатарына жатқызуға болады: графикалық, картометриялық, статистикалық, математикалық талдау әдістері
Ежелгі және кең тараған әдістің бірі: картографиялық әдіс
Кеңістіктің ақпараттық моделі, математикалық негіздегі масштаб арқылы бейнеледі: карта
Зерттелетін нысанды танып білу мақсатында ой әрекетіне негізделетін әдістер жиынтығы: теориялық әдістер
Ғылыми зерттеулерде ең кең қолданылатын әдіс: жүйелеу
Зерттелетін географиялық нысанның немесе құбылыстың құрамдас бөліктерін, олардың қасиеттерін, байланыстарын ойша біріктіру арқылы осы нысанды біртұтас түрде танып білу: жалпылау
Географиялық зерттеулерде ерте кезден бастап қолданылып келе жатқан, ең көп тараған әдістің бірі: салыстырмалы-географиялық әдіс
Салыстырмалы-географиялық әдіс кімнің еңбектерінде қолданылды: Геродот, Страбон, Аристотель
Ғылыми тұрғыда салыстырмалы-географиялық әдістің негізін қалаған неміс ғалымы, әйгілі саяхатшы: А.Гумбольдт
Қоршаған ортаны танып білу әдістерінің бірі, зерттеу нысаны оның моделімен алмастырылатын әдіс: модельдеу әдісі
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|